325
қызметін жоспарлауды үйрету керек. Бұл оларды үнемді, тиімді
орындауға,қажет әрекеттерді алдын
ала болжап білу дағдысын
қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ересектердің рөлі түрлі
сатыларда әрқилы: алдымен ол балалардың еңбегін өзі
жоспарлайды, сосын балаларды бірге жоспарлауға баурайды
және соңында балаларға өз бетінше жоспарлауды үйретеді.
Әрекет үдерісі. Еңбек қызметінің бұл компоненті ерекше
өтеді. Мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды қызмет үдерісі
қызықтырады. Сондай-ақ мектепке
дейінгі ересек жастағы
балаларды да үдеріс еліктіреді. Қызмет үдерісінде еңбек
дағдылары жетілдіреді, табандылыққа, әдемі, ұқыпты, дұрыс
әрекеттіістеуге ұмтылуға тәрбиеленді. Қызмет үдерісінің өзі
балаларға ләззат сыйлайды. Еңбек үдерісіне
ересектің қатысуы
мектепке дейінгі балалар үшін оны қызықты етеді.
Еңбек
нәтижесіне балалардың өзіндік қатынасы. Мектепке
дейінгі жасы кіші балалар үшін еңбек нәтижесі көбінесе
материалды
емес,
жиірек
ересектің
оң
бағасында
айтылғанморальдық нәтиже болып табылады. Ал мектепке
дейінгі ересек жастағы балаларда тәжірибелік материалдық
ұсынылған нәтиже қызығушылық тудырады, бірақ ересектердің
бағасы да олар үшін де өте маңызды болады.
Мектепке дейінгі
ересек жастағы балаларда еңбекте өз бетімен қол жеткізген
нәтижемен мақтанады, ләззат алады.
Сонымен барлық компоненттердің бар болуы балаларда
еңбек қызметі туралы тек шартты,
өзіндік ерекшелікке ие деп
айтуға болатынын дәледейді.
Тапсырма
1.
«Бала
тұлғасын
әлеуметтендіруде
еңбек
рөлі»
тақырыбында реферат дайындаңыздар.
2.
Балада қызмет алмастыру логикасын түсіндіріңіздер:
неліктен ол алдымен заттық қызметті меңгереді, мысалы, сосын
ойын қызметі пайда болады?
3.
Заттық қызмет ойындық қызмет және еңбектен немен
ерекшеленеді?
4.
Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды еңбек
қызметін жоспарлауға үйрету әдістемесін ұсыныңыз.