248
ақыл, ойда да болмайды». Толық
оқыту баланың сезімдік
тәжірибесіне, оның қоршаған болмыстың тікелей бақылауына
сүйену қажет. «Бала табиғаты көрнекілікті айқын талап етеді»
деп бекітіп айтып Коменскийді К.Д.Ушинский қайталады. Бұл
қағиданың мағынасы қазіргі зерттеулермен сенімді дәлеледенді:
адам ақпаратты негізінен көру және есту арқылы қабылдайды
екен. Көру ақпараты лезде қабылданады екен, ал есту ақпараты
бірізді жетіп көптеу уақыт алады екен.
Көрнекілік қағидасы мектепке дейінгі баланың ойлаудың
негізгі нысандарына (көрнекілік-әрекеттік, көрнекілік-бейнелік)
сәйкес келеді екен. Нақты заттар
мен көрнекілік бейнелер
баланың ойлау қызметінің дұрыс ұйымдастырылуына ықпал
етеді. Көрнекілік түсінуді, берік еске сақтауды қамтамасыз етеді.
Оқытуды көрнекті ету балада көрі бейнелерін қалыптастыру,
айналадағыны көруді қамтамасыз ету,
тікелей тәжірибелік
(практикалық) қызметке қосу, оқытуды өмірмен байланыстыру
деген сөз.
Бірақ бәрінде мөлшерден аспаған жөн. Оқытудағы
көрнекілікті
асыра
бағалау
тілдік-логиалық
ойлау
алғышарттарының дамуын тежеуі әбден мүмкін.
Жүйелілік пен біріздік қағидасы материалының игерілуі
белгілі тәртіпте, жүйеде жүріп жатқанын бағымдайды. Бұл
оқытудың барысын да, мазмұнын да
логикалық құрылымын
талап етеді. Мектеп жасына дейінгі мекемелеріне арналған
жалпы беретін бағдарламаларда оқытудың бірізділігі қойылған.
Оқытуды жоспарлаған кезде педагог оқу материалдарында
тақырыптарды бөледі (еңбек және мамандық,
табиғаттағы
өзгерісте, және т.б.); әр сабақтарда тақырыптың ашылуының
бірізділігін қояды және жұмыс әдістемесін белгілейді, жаңа
материалдың алдыңғы игерілген,
басқалардың тәжірибелерімен
байланысты ойластырылады.
Сонымен бірге игерілген білім мен мамандықтарды түрлі
нысандарға, сиаты түрлі қызметтерде (бөбектер суреттегі үй
қоянын көрді, ол туралы тақпақ жаттады, содан кейін
249
аппликациялық жұмыс жасады) қайталау қарастырылады.
Бұндай қайталау кезінде обьект-жаңа мағынада шығады, бұл
балалардың білімін
байытады және тереңдетеді, бекітеді,
талдауға, жинақтауға, жүйелендіруге келтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: