С. А. Козлова, Т. А. Куликова



Pdf көрінісі
бет210/278
Дата14.02.2023
өлшемі4.62 Mb.
#469553
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   278
Кітап мектепке дейінгі тәрбие

талпынысы. 
Тапсырма 
1. 
Ерте жастағы сюжетті-рөлдік ойынның алғышарттарының 
қалыптасу кезеңдерін сызба түрінде көрсетіңіздер. 
2. 
Ойланып көріңіз, балабақша учаскесінде түскі асты 
дйындау ойынын ойнап жатқан екі жастағы балаларға қандай 
зат-орынбасарларды ұсынар едіңіз? 
3. 
Екі жастағы балаларға арналған көрсетілім-сахналаулар 
мен үйрететін ойындардың конспектісін жасаңыз. Балалар сіздің 
сабақтарыңызда танысатын ойын іскерліктері мен ойын 
құралдарын белгілеп қойыңыз. Балалармен осы іскерліктерді 
бекіту және ойын құралдарын пайдалануға арналған келесі 
жұмыс жоспарын жасаңыз.
Сюжеттік-рөлдік 
ойындарда 
өзара 
қарым-қатынастарды қалыптастыру 
Сюжеттік-рөлдік ойындарда балалардың өзара қарым-
қатынастарын 
қалыптастыру 
үшін 
қолайлы 
жағдайлар 
жасалады. А.П.Усова және оның қатысушыларымен жүргізілген 
зерттеулер мектеп жасына дейінгі балалық шақ бойына осындай 
өзара қарым-қатынастардың қалыптасуының келесі деңгейлерін 
(кезеңдерін) айқындады: 
1. 
Ұйымдастырылмаған мінез-құлық деңгейі, ол басқа 
балалардың ойынын бұзуға әкеледі (бала ойыншықтарды алып 
қояды, құрылыстарды бұзады, ойнап жатқан балаларға кедергі 
жасайды). Көбінесе мұндай мінез-құлық өзін алданта алмайтын, 
өз әрекеттерінің басқалар үшін салдарларын түсінбейтін кіші 
мектеп жасына дейінгі балаларда кездеседі. Алайда соңғы 
жылдары агрессиялық мінез-құлық, бұзу үрдісі белгілері бар 
балалар саны өсті. Сондықтан ересек мектеп жасына дейінгі 
балалар арасында бірінші деңгейдегі балалар кездеседі. 
2. 
Жеке ойындар деңгейі. Ол баланың басқа балалармен өзара 


376 
әрекетке түспеуімен, алайда олар басқаларына ойнауға кедергі 
жасамайды, сипатталады. Баланың өз ойына еніп кетуі, оны 
ұйымдастыра білуі бірлескен ойындарға көшуіне алғышарт 
болып табылады. 
3. 
Қасында ойнау деңгейі екі-үш баланың бір үстел басында, 
кілемде, қуыршақ бұрышында ойнауынан көрінеді, бірақ 
әрқайсысы өз ойын іске асыра отырып, өз ойын мақсатына сай 
әрекет етеді. Осы деңгейдің құндылығы балада басқаның 
ойынына қалай қарау керектігі түсінігінің қалыптасуында: 
кедергі жасауға болмайды, қажет болған жағдайда басқамның 
ойымен есептесу керек (сыйысу, ойыншықтарымен алмасу 
немесе өзінікін беру). Осы деңгейде ойыншылардың табиғи 
бірігуіне жағдай жасалады. Мысалы, жол салып жатқан Коляға 
педагог Сережаға сол жолмен өз кішкентай машинасын айдауды 
ұсыну кеңесін береді. 
4. 
Қысқа мерзімді қатынасқа түсу, өзара әрекет ету деңгейі 
баланың өз әрекеттерін жалпы түпкі ойға бағындырып, оларды 
басқалардың іс-қимылдарымен сәйкестендіруімен сипатталады. 
Ол алдында күтіп тұрған ойын туралы келісіп алуға тырысады, 
өз ұсыныстарын енгізеді, серіктестерінің сөздерін тыңдап, әділ 
талапқа бағынуға дайын болады. Ойынның жаңа кезеңі түпкі 
ойдың пайда болуымен және балалардың тиісті ойыншықтарды, 
заттарды іріктеп алуға талпынысымен ерекшеленеді. Алайда 
түпкі ой әлі тұрақты емес, ойын барысында балалар оны өзгертуі 
немесе мүлдем ұмытып кету мүмкін. Біреуі ойыннан шығуы 
мүмкін, ол болса, оның бұзылуына, шиеленістерге әкеледі. 
Осындай мінез-құлық ойынды ұйымдастыру, оны жоспарлау 
іскерлігінің жоқтығын дәлелдейді. Алайда ең бастысы, мектеп 
жасына дейінгі балалардың ортақ әрекетте әзірше өзінің 
байланысын, тәуелділігін сезінбеуінде. 
5. 
Ұзақ қарым-қатынас жасау деңгейі - ойын мазмұнына, ол 
талап ететін іс-қимылдарға қызығушылығы негізіндегі өзара 
әрекет. Осы кезеңдегі бала ортақ ойындағы өзінің рөліне 
жауапкершілік қатынастарының алғашқы формаларына ие 
болады. Ол өзінің жеке әрекеттері мен құрдастары әрекеттерінің 
сапасы мен нәтижесін бірлескен ойын міндеттері тұрғысынан 
бағалай бастайды. Өзара әрекет ету ұзақтығы ойын мазмұнына 
қызығушылығымен байланысты. Осы кезеңде балалар біршама 
дербес болады, қызықты сюжеттік-рөлдік ойынды ойдан шығара 
алады, оны ұйымдастырып, ұзақ ойнауы мүмкін. 


377 
6. 
Ортақ мүдделер, таңдамалы сүйіспеншілік негізінде үнемі 
өзара әрекет ету деңгейі. Достық мүдделермен біріккен балалар 
сюжетті таңдауда, рөлдерді бөлуде бір-біріне жол беруге, өз 
әрекеттерімен келісіп алуға қабілетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   278




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет