С айтқа ақпарат 2023 жылғы 10 қарашада



Дата05.11.2023
өлшемі29.96 Kb.
#482378
сайт қазақша Конкурс России


С айтқа ақпарат
2023 жылғы 10 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасының Үлкен залында Ресей кітап бұрышының жұмыс форматында үш кезеңде өткен «Поэтикалық дуэльдер» жобасының үздік оқырмандарының финалдық кездесуі өтті. Іс-шара Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының Бас консулдығымен және Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастық өкілдігімен бірлесіп өткізілді.
Толығырақ…
2023 жылғы 10 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасының Үлкен залында Ресей кітап бұрышының жұмыс форматында үш кезеңде өткен «Поэтикалық дуэльдер» жобасының үздік оқырмандарының финалдық кездесуі өтті. Іс-шара Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының Бас консулдығымен және Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастық өкілдігімен бірлесіп өткізілді.
Поэтикалық дуэльдер белгілі жазушылардың мерейтойларына арналды. Бірінші кезең 30 шілдеде Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының Бас консулдығы өкілдігінің алаңында өтті және ресейлік ақын, драматург және киносценарист Владимир Маяковскийдің 130 жылдығына және ресейлік прозашы, режиссер және сценарист Евгений Евтушенконың 90 жылдығына орайластырылды.
Екінші кезең 8 қыркүйекте ҚР Ұлттық кітапханасында өтті және орыс ақыны және прозашы Эдуард Асадов пен дағыстандық ақын, прозашы және публицист Расул Гамзатовтың 100 жылдығына арналды. Аталмыш байқауға ҚР Ұлттық кітапханасы Әлем әдебиеті қызметінің жас маманы Лукпанова Аяулым қатысып, Расул Гамзатовтың «Ана тілі» өлеңін қазақ тілінде оқыды.
Үздік оқырмандардың соңғы кездесуі бірнеше авторлардың шығармашылығына арналды: ХХ ғасырдың ірі орыс ақындарының бірі Борис Пастернак; қазақ қоғам қайраткері, ақын, жазушы, дипломат және әдебиеттанушы Олжас Селейменов; орыс ақыны және жазушысы, Күміс ғасырдың өкілі (XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басына жататын орыс поэзиясы тарихындағы кезең) Сергей Есенин.
Қазылар алқасының мүшелері: Ксения Рон – ТеатРон мәдени кеңістігінің директоры, режиссер, актриса, актерлік шеберлік бойынша педагог, арт-терапевт; Мария Макарова – «Махаббат құқығы» балалар қайырымдылық қорының президенті, Қазақстандағы SectorX бірінші әлеуметтік радиосындағы балалар бағдарламаларының продюсері, театр шеберханасының жетекшісі, бес кітаптың авторы; Мария Симакова – Алматы қаласындағы Орыс үйінің басшысы, филология ғылымдарының кандидаты, мәдениетаралық коммуникациялар саласындағы сарапшы; Ботагөз Алдонгарова – Kazakstan Fashion Week Ұлттық сән апталығының атқарушы директоры, «Sabon&K» коммуникациялар агенттігінің директоры, kfw.kz редакциясының басшысы, TURAN университетінің оқытушысы.
Мария Макарованың Театр шеберханасының тәрбиеленушілері байқау қонақтарына өздерінің дебюттік шығармашылық нөмірлерін ұсынды.
Жобаның қорытындысы барлық қатысушыларды дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапаттау болды. Байқау жеңімпаздары ақшалай сыйлықтарға ие болды.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет