С. Д. Атабаева биология ғылымдарының кандидаты



Pdf көрінісі
бет12/80
Дата03.03.2023
өлшемі0.78 Mb.
#470354
түріПрактикум
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   80
 
Клеткадан су буланғанда көлемі кішірейіп, осмостық қысымы 
жоғарылайды. Бұл жағдайда осмостық қысым тургорлық қы-
сымнан жоғары болады:
 
П=Т+S, 
мұндағы S – судың вакуольға енуін жүзеге асыратын қысым 
жəне клетканың сорғыштық күші (су потенциалы) деп аталады. 
Төменгі сатыдағы өсімдіктер суды бүкіл денесімен сіңіреді. 
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің суды сіңіретін мүшесі – тамырдың 
өте жіңішке ұштары. Онда клетка қабықтары жұқа жəне түкшелері 
болады. Тамыр түкшелері жəне эпидермистің басқа клеткалары 
арқылы сіңген су қабық элементтері, эндодерма, перицикл, орта-
лық түтік паренхимасы арқылы тамыр құбырына (орталық 
цилиндр) дейін жылжиды. Топырақ бөлшектерімен, ондағы сумен 
тамыр түкшелері жəне эпидермис клеткалары жанасады. 
Орталық цилиндрдегі ксилема түтіктеріне судың енуі осмостық 
механизмге байланысты. Ксилема түтіктеріндегі жəне клеткалар 


20 
қабығындағы осмостық ырықты заттарға минералды заттар мен 
метаболиттер жатады. Олар түтіктерді қоршаған паренхималық 
клеткалардың плазмалеммасында болатын 
ырықты иондық 
насостардың əсерінен бөлінеді. Осы заттардың түтіктерінде 
жиналуынан ксилемаға судың осмостық тасымалдануын қамта-
масыз ететін сорғыштық күш пайда болады. 
Судың өсімдік бойымен тамыр қысымының ықпалымен кө-
терілу механизмін
төменгі шеттік қозғағыш күш деп атайды. 
Төменгі қозғаушы күш жұмысын, яғни тамыр жүйесінің суды 
ырықты соруын өсімдіктің жылауы жəне гуттация құбылыстары-
нан байқауға болады. Өткізгіш шоқтар арқылы судың төменнен 
жоғары қарай жылжуын 
тамыр қысымы деп атайды. Оның 
мөлшері шамамен 50-150 кПа тең болады. Өсімдіктердің жер 
астынан өніп-өсуі жəне көктем айларында өсімдіктердің өркен 
жайып, жапырақтарының өсуі кезінде тамыр қысымының маңызы 
зор. Сондай-ақ ксилемадағы өткізгіш шоқтар бойымен үздіксіз 
судың жылжуына тамыр қысымы ерекше рөл атқарады.
 
Топырақтың негізгі құрылысы: минералды заттар – қарашірік 
(гумус), топырақ ерітіндісі, топырақ ауасынан тұрады. Топырақ-
тардағы бос қуыстарды су мен ауа толтырады. Топырақтағы судың 
өзіндік белгілі сорғыштық күші бар ерітінді күйінде болады. 
Топырақтағы ірірек қуыстарды толтыратын су жылжымалы 
жəне гравитациялық деп аталады. Судың бұл түрі жаңбырмен, 
еріген қармен, суарумен енеді жəне жоғарыдан төмен бағытта 
жылжиды.
Топырақтың жіңішке қылтүтіктерін толтырып, беттік кернеу 
күшімен ұсталып, судың жоғары бағытталған жылжуын 
қылтү-
тіктік (капиллярлы) деп атайды. Судың бұл түрлерін өсімдік 
өзіне оңай, диффузиялық жолмен сіңіре алады. Топырақ бөл-
шектерін қаптап, олардың бетінде адсорбциялық-молекулалық 
тарту күшімен ұсталып тұратын суды 
қабыршақтық (пленка-
лық) деп атайды. Бұл су өсімдіктерге қиындықпен сіңеді. Құрғақ 
топырақтың құрамында 0,5% (құм), 14% (саз балшық) дейін су 
болады. Оны 
гигроскопиялық деп атайды. Бұл суды өсімдіктер 
сіңіре алмайды. 
Өсімдіктегі жоғарғы қозғаушы күш жұмысы жапырақ бетінен 
судың булануы (транспирация) арқылы жүзеге асады. Транспира-


21 
цияның сору əрекеті тамырға гидродинамикалық керілу түрінде 
беріліп, қозғаушы күштерді өзара байланыстырады. Энергия көзі 
ретінде күн сəулесін қолдануға негізделген жоғарғы қозғаушы 
күштің жұмысы автоматты түрде реттеледі (ылғал тапшылығының 
жоғарылауы буландырушы клеткалардың су потенциалын төмен-
детіп, клеткаларға судың енуін күшейтеді). Қалың жапырақты 
өсімдіктерде транспирацияның сору күші тамыр қысымынан 
анағұрлым жоғары болады. 
Судың булануы, негізінен устьица арқылы жүреді. Булану 
нəтижесінде жапырақ клеткаларындағы су азайып, олардың су 
потенциалы төмендеп, сорғыштық күші жоғарылайды. Сонымен, 
өсімдік бойымен судың жоғары жылжуын қамтамасыз ететін 
жоғары қозғаушы күш жапырақ паренхимасының клеткаларында 
сорғыштық күштің ұлғаюына байланысты болады. Транспира-
цияның интенсивтілігі устьицалардың ашылу дəрежесіне байла-
нысты болады. Сондай-ақ клетка бетіндегі судың клетка аралық-
тарға булануы нəтижесінде ондағы протоплазмалар мен клетка 
қабықтарының суды ұстау қабілеттері артып, өсімдіктердегі 
транспирация төмендейді. 
Су жоғары өрлеу (жылжуы) үшін буландырушы клеткалар-
дың сорғыштық күші жеткілікті болуы керек. Бұл жапырақтағы 
үздіксіз транспирация арқылы іс жүзіне асады. Түктер арқылы 
судың жоғары жылжуы транспирацияның сорғыштық күші жəне 
тамыр қысымының бірлескен əсеріне байланысты болады. 
Ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру кезінде өсімдіктердің 
суды тиімді пайдалану көрсеткіші транспирациялық коэффи-
циент болып табылады. Көптеген ауыл шаруашылық дақылдары 
үшін транспирациялық коэффициент 300-500-ге тең. Транспира-
циялық коэффициент мөлшері минералды қоректену, сумен қам-
тамасыз ету жағдайлары, жарық жəне т.б. факторларға тəуелді. 
Өсімдіктерді сумен оптималды қамтамасыздандыру жəне қорек-
тену жағдайларын жасау арқылы олардың суды тиімді пайдала-
нуын жоғарылатуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет