С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ
АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
|
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
|
ТЕРАПИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ МОДУЛІ
|
Глоссалгияны емдеудің патогенездік негізі.
Абдикаримов С.Ж.
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина Университеті.
Глоссалгияның дамуының күрделі патогенездік механизмі, онымен ауырған науқас адамдарды емдеу және нақтылау шараларының нәтижесіздігі, глоссалгиямен ауырған науқастарды емдеуде стоматологиядағы шешімін табуды қажет ететін өзекті мәселелер қатарына жатады. Осы жағдайдың бірден бір себебі аурудың диагнозын нақтылау және емдеу хаттамасын құру кезінде дәрігерлер екі факторға - науқастың бойындағы ілеспелі ауруларға (соматикалық патологияны) және стоматологиялық денсаулық деңгейін ескермейді.(1).
Біздің зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, глоссалгиямен ауырған науқастардың негізін 50 және одан да жоғарылау жастағы адамдар құрайды (67,4 %). Тексерілгендердің басым көпшілігін әйелдер (84,7%) құрады. Мұның өзін олардың эндокриндік және вегетативтік жүйке жүйелерінің, психоэмоциональдық жағдайларының өзіндік ерекшеліктерімен және ауыру симптомдарына жоғары сезімталдықтың болуымен байланыстыруға болады. (3).
Бұған дәлелдеме ретінде аурудың жалпылай белгілері (ұйқының бузылуы, жылауға бейімділік , ашуланшақтық ) глоссалгияға тән жергілікті белгілермен (тілдің ысып- күюі, шаншуы, құрт-құмырсқаның жүгіріп жүруі сезімі, қышуы, ауыруы, шымшылау сезімі, тілдің қозғалғыштығының азаюы) бірлесе болатынын дәлел терінде келтіруге болады. Тіліндегі ауру сезімінің орналасу аймағын анықтай алмаған науқастар саны басым (14%) болды және патологиялық үрдістің неврогендік сипатын көрсетсе, ал тексерілгендердің 10% тілінің ұйып тұратынына шағымданған.(2).
Ал біраз науқастар тілінің ауырлану сезіміне, қозғалғыштығының немесе жан жаққа бұрылғыштығының төмендегенін (сенсорлық бұзылыстар) байқаған. Біраз науқастар тілдеріндегі әрқилы күрделі сезімдерге (тілінің ащы бұрыш түскендей ашуы, бөгде денені сезіну, қатты қышу) шағымданды. Сонымен қатар науқастардың біраз бөлігі тілдерінің ұлғаюын, сөйлеудің, жұтынудың қиындағанын, ауыз ішіндегі темір дәмінің пайда болуын, дәм сезудің бұзылғанын байқаған . Тексеруден өткен науқастардың барлығында ағзаларында әр түрлі ілеспелі аурулар бар екені анықталды. Анамнез жинау барысында анықталған соматикалық аурулардың ішінде жиі кездесетіні асқазан -ішек жолы аурулары(42,7%), жүрек-қантамыр аурулары (22,7 %), эндокриндік жүйе аурулары(19,3%) ал жүйке жүйесі аурулары (15,3%) құрады. Ең күшті ауыру белгісі (Хоссли Бергман шкаласы бойынша күйіп және шыдатпайтын қатты ауыру) жүйке жүйесі патологиясы бар науқастарда 86,8 % жағдайда байқалды. Барлық тексерілген науқастарда шеткейлік жүйке құрылымдарындағы функциональдық бұзылыстардың күәсі бола алатын тактильдік сезімталдықтың дәлелді төмендегені анықталды. Тактильдік сезімталдықтың айқын төмендеуі жүйке жүйесі патологиясы бар науқастарда байқалды.Фондық патологияның сипаттық ерекшелігіне байланыссыз, глоссалгия ауруы адамдарда қалыпты жұтқыншақ рефлексінің санының азаюына себеп болды. Бұл көрсеткіштің ең жоғарғы төмендеуі (2,5 есе) жүйке жүйесі ауруы бар науқастарда (30,4 % ) және асқорыту жүйесі аурулары бар науқастарда (43,7 %) анықталды. Жұтқыншақ рефлексі жоғарлауы эндокриндік жүйе ауруы бар науқастарда 17,2 % кездесті. Эндокриндік жүйе қызметі бұзылған глоссалгиямен ауырған науқастарда 14,9 % да дәм сезуідің (тәттіні , қышқылды, тұздыны сезудің ) өзгергендігі байқалды.
Глоссалгияның клиникалық белгілерінің ерекшеліктері науқастардың жеке психологиялық деңгейіне өзіндік әсерін тигізді. Өте жоғары және жоғары қауіптілікті сезіну деңгейі тексерілген науқастар арасында аса сақтық, күнәмшілдік, үрей сияқты психологиялық өзгерістердің пайда балуына себепкер болды.(4).
Көпшілік жағдайда оларда тұйықтық, оңай жылағыштық байқалды. Жоғары деңгейлі қорқыныштық сезімді науқастар саны (52,7 %) ең жиі анықталды. Қауіп сезу деңгейінің ауырлық көрсеткіштерін ілеспелі патологиялар сипаттамасымен салыстырып байқағанда, психоэмоциональдық ахуалдың ауытқулары жүйке жүйесінің аурулары бар науқастарда жиірек орын алды. Олардың ішінде өте жоғары деңгейлі қауіп сезу 75,9% жағдайда орын алды. Ал қалған 26,1% жағдайда науқастарда жоғарылау қауіп сезу деңгейі байқалды. Мүмкін, глоссалгиямен ауырған осы топтағы науқастарда ауру сезімі айқын ағымды болуына байланысты болса, көпшілігінде (56,5%) ұзақ төзе алмайтындай ауру сезімі мазалаған.
Глоссалгиямен сырқат науқастардың стоматологиялық денсаулық деңгейі оларда тісжегінің таралуы және асқыну деңгейі көрсеткіштерінің жоғарылығын (87,3%), пародонт ауруларының жиілігін (76,7%) көрсетті. Олардың көпшілігінде (72,7%) тістерінің жартылай жоқтығы, ал біраз бөлігінде (41,3 %) ортопедиялық құрылғыларды жаңалауды қажет ететі анықталды. Стоматологиялық денсаулық деңгейін төмендететін басқалай аурулар сирек кездесті. Тістердің орындарынан ауытқу жағдайы 22,7% , ал тісжегіден басқа жарақаттары 18,7% жағдайда орын алды. Егер шағыммен келген науқастардың көпшілігіне ауыз ішін сауықтыру қажеттілігін ескерсек, оларда анықталған стоматологиялық аурулар белгілі бір жағдайда жарақаттаушы фактор қызметін атқаруы күмән тудырмайды.
Тісжегі және оның асқынуларының жоғары жиілігі асқазан-ішек жолы сырқаты бар науқастарда (90,6%) орын алды. Жүрек- қантамыр жүйесі бар науқастарда бұл көрсеткіштер 88,2 % , ал жүйке жүйесі сырқаты бар науқастарда 82,6% құрады.
Эндокриндік жүйе қызметі бұзылыстары бар науқастарда керісінше пародонт тіндерінің аурулары (96,6%) тісжегінінің таралуынан жиірек (82,8%) байқалды.
Тісжегі-пломбыланған –жұлынған тістер индексінің (ТПЖ-КПУ индексі) жоғары көрсеткіші (8,1+0,32) эндокриндік ауытқулары бар науқастарда анықталды және негізінде жұлынған тістер көрсеткішінің жоғарылығымен (5,9+0,18) сипатталды. Асқазан-ішек жолы ағзаларының жарақаттары бар глоссалгиямен сырқат науқастарда ТПЖ индексі 7,3+ 0,36 тең болса, оның ішінде тісжегі ошақтары бар тістердің орта саны жоғары болды (3,7+ 0,34) , ал жұлынған тістердің орта саны аздау (2,7+ 0,28) болды. Тісжегінің қарқындылық көрсеткіші жүрек-қантамыр аурулары бар топтағы науқастарда аздап төмендеу (6,9+0,28) болды. Тісжегімен жарақатталған тістер (3,4+0,32) мен жұлынған тістер (2,2+0,31) үлесі де басқа топтарға қарағанда төмен. Жүйке жүйесінің қызметі ауытқыған глоссалгиямен сырқат науқастарда ТПЖ индексі ең төмен (6,7+ 0,26) болды.
Бұл көрсеткіштің ішінде тісжегімен жарақаттанған және жұлынған тістердің орта көрсеткіштері бір-біріне жақын келеді және 2,8+0,26; 2,6+0,38 тең. Пломбыланған тістер үлесі ілеспелі жүрек-қантамыр аурулары бар науқастардағы көрсеткіштердей болып, 1,3+0,19 теңелсе, пломбыланған тістер көрсеткіші жоғарылау және 1,3+0,28 көрсеткішке тең болды. Пародонт ауруларының құрылымдық көрсеткіштері қызылиек қабынуларымен және пародонттың созылмалы жайыла қабынуымен сипатталды. Пародонт аурулары фондық эндокриндік ауытқулары бар науқастарда жиі (96,6%) анықталса, қызылиектің қабынуы сирегірек (10,7%) кездеседі. Пародонттың жайыла қабынбалы-деструктивті өзгерістері жиі (89,3%) орын алды. Басқалай фондық аурулар кезінде қызыиек қабынуы жиі кездесті: асқазан-ішек жолы аурулары кезінде 23,4%, жүрек-қантамыр аурулары кезінде 20,8%, жүйке жүйесі аурулары кезінде-18,7% құрады.
Пародонттың созылмалы жайыла қабынунының жиілілігі АІЖА патологиясы кезінде – 76,6%, ЖҚТЖ аурулары кезінде-79,2%, ЖЖ аурулары кезінде- 81,3% құрады.
Қорыта келгенде, ауруға бейім адамдарда, оның ішінде қорқақтанушы-күмәнді мінезді адамдарда, соматикалық және стоматологиялық сырқаттары бар адамдар арасында өзгерістер әсерінен біраз нейрофизиологиялық ауыткулар орын алып белсенділік көрсету үрдістері тұрақты басымдылыққа ие болуы мүмкін. Сондықтан глоссалгиямен сырқат науқастарды емдеу осы бағытта жүргізілуі тиіс. Жүргізілген зерттеулер мен байқаулар, олардың нәтижесін талдау осы топтағы аурулармен жұмыс жүргізу тәсілін қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Глоссалгияның көп факторлары патогенезін ескере отырып, барлық топтағы науқастарға кешенді сауықтандыру шаралары тағайындалды.
Олар төменгендегідей:
ауыз ішін сауықтыру, парестезиялық симптомдарды туындататын немесе күшейтетін факторларды жою, солардың қатарында тек тісжегі мен оның асқынуларын, пародонт пен ауыз кілегейлі қабығы ауруларын емдеу, әртүрлі металлдардан жасалған ортопедиялық қурылғыларды жаңарту, ауыз қуысы гигиенасын дұрыс сақтауға, ортопедиялық құрылғыларды дұрыс күтуге машықтандыру.
этиотропты бағыттағы емдеу шаралары арнайы мамандардың ілеспелі фондық ауруларға емдеу жүргізуін және тамақтанудың, емді қабылдаудың тиімді ережесін ұстану туралы ұсыныстар беруін қарастырды.
Патогенездік емдеу шаралары гомеостазды және вегетативтік жүйке жүйесінің қызметінің қалыпқа келуін қамтамасыз етуі керек. Сол үшін фондық патологияларға тәуелсіз нейропротективті поливитаминді кешен «Нейромультивит» биологиялық белсенді нүктелерге лазерлік рефлексотерапия тағайындалды. Оларды тағайындау терінің анықталған электрқарсыластығы көрсеткішінің деңгейіне, нейромультивит пен лазерлік рефлексотерапияны қосарландыра пайдалану нәтижесіне негізделді.
1 беттің 1 беті
Достарыңызбен бөлісу: |