47
Ресей Федерациясының сыйлығы сапа облысында 1997 жылдан
бастап жыл сайын байқау негізінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз
ету, сонымен қатар сапаны басқарудың тиімді әдістерін мекемеде
енгізу, қызмет көрсету және өнімнің сапа облысында мекеменің нақты
нәтижесіне жетуіне беріледі.
3.3 Сапаны жалпы басқару (TQM)
Отандық жөне шетелдік тәжірибеден
кейін болып жатқан
процестің мәнін толық және терең көрсететін "Сапаны жалпы басқару"
термині ағылшынның синонимі "Тоtal quality Маnаgement" (ТQМ).
Сапаны жалпы басқару - техникалық мүмкіндіктерді пайдалану
және барлық деңгейдегі қызметкерлер мен басшылардың қатысуымен
жан-жақты бағытталған және жақсы үйлестірілген жүйені қолдану және
барлық деңгейде қызметкерлер мен басшылардың қатысуымен
қызметтің барлық сферасында зерттеуден және сатудан кейін қызмет
көрсетуді жасау, сапаны басқару әдістерін қарастыратын концепция.
ТQМ мыналар кіреді:
• Жаңа өнім жасау процесін бағалау;
• Тәжірибелі үлгінің сапасын бақылау, өндірістік процесте өнімнің
сапасын
жоспарлау, бақылау, бағалау және тасымалданатын
материалдың сапасын жоспарлау;
• Кіріс материалдарын бақылау;
• Өнімнің сапасын бақылау;
• Өндірістік процестің сапасын бақылау;
• Арнайы процестің (сапа облысында арнайы зерттеулер)
талдануы;
• Өнімнің сапасы туралы ақпаратты қолдану;
• Өнімнің сапасы туралы ақпаратты
беретін ақпаратты бақылау;
• Персоналдардың біліктілігін жоғарылату, сапамен қамтамасыз
ету әдістерін үйрету;
• Кепілдіқ қызмет көрсету;
• Сапа облысында жұмыс үйлестірілуі;
• Сапада тасымалдаушылармен бірге жұмысты жүргізу;
• PDCA циклын қолдану;
• Сапаның үйірме жұмыстары;
• Тұтынушы акционерлерде, тұрмыстық және қызмет көрсететін
мекемелерде, тасымалдаушыр фирмаларда, фирманың
жетістіктері мен
гүлденуі, қолайлы атмосфераны құру жолында адамдық факторды
басқару;
• Функция аралық басқару әдісі бойынша сапа облысындағы
жұмыс;
48
• Сапа бойынша ұлттық компанияларға қатысу;
• Сапа облысында саясатты жасау;
• Қаржы қызметте қызметкерлердің қатысуы (пайдада,
акционерлік капиталда);
• Сапа мәдениетін қалыптастыру бойынша шаралар өткізу;
• Сапа облысында қызметті басқару үшін басқарушы кадрларды
дайындау;
•
Сапа
облысында
жоғарғы
басшылықтың
қызметіне
жауаптылығын қою.
Сапаны жалпы басқару ТQМ - бұл теориялық пән емес, сапаны
арттыру процесінің басқару технологиясы, ол үш негізгі жүйеден
құралады:
1. Негізді, белгілі жүйе - бұл зерттеу мен талдау үшін
қолданылатын, құралдар мен әдістер. Олар бақылаудың статистикалық
әдістеріне, жалпы қолданылған математикалық аппаратына негізделген.
Сондықтан барлық фирмаларда қолданылады. Олар барлық елдерге
импортталуы мүмкін.
2. Техникамен қамтамасыз ету жүйесі - осы құралдармен
персоналдарды оқыту және оларды дұрыс қолдауға жол беретін
қабылдау мен бағдарламалар. Бұл жүйе әрбір кәсіпорын мен елдің
өзгешелігін
көрсетеді, яғни ол ұлттық мәдениет пен елдің саясатына
байланысты. Оны өзіміз жасауымыз керек.
3. Принциптерді үздіксіз дамыту жүйесі мен ТQМ мағынасы. Онда
ұлттық ерекшеліктері, елдің ішіндегі экономикалық тәртіптер, қазіргі
заң шығарушылар байқалады.
Сапаны жалпы басқарудың тиімділігі үш негізгі шартына
байланысты:
- Кәсіпорында жоғарғы өкілетті
тұлғасы сапаны арттыруға
белсенді түрде шығады;
- Инвестициялар жабдықтарға емес, ол адамдарға салынады;
- Ұйымдық құрылымдар сапаны жалпы басқаруда арнайы
жасалады және құралады.
Сапаны жалпы басқару фирмаларда нақты қабылдау мен
құралдарды қолданудың арқасында жасалынады. 3 кестеде басқарудың
төрт сферасы бойынша осындай қабылдау көрсетілген: сапамен,
процеспен, персоналмен, ресурстармен.
Достарыңызбен бөлісу: