Мынадай ретпен жүзеге асырылады:
☺ оқытушы топты үш
командаға бөледі;
☺ мәтінді оқып үйренуге уақыт береді;
☺ нөмірленген үш парақ әр командаға беріледі. Белгі бойынша олар
оқиғаларды, фактілерді, олардың мерзімдерін жазып, үндеместен
бір-біріне
жылжытып отырады (бір-бірін қайталамауы тиіс). Бұған белгілі уақыт бөлінеді;
☺ қорытындысы шығарылады. Қай команда неғұрлым көп фактілерді,
оқиғаларды, олардың мерзімдерін көрсеткенін; қай команда неғұрлым толық,
нақты, анық жауап бергенін оқытушы анықтайды.
Дауыстап оқытып талдауға
да болады.
Білім биржасы (М. Жанпейісоdоs)ва)
Тақтаға конверттер ілінген панно бекітіледі, оларда әртүрлі деңгейдегі
тапсырмалар („5” –ке, „4”-ке, „3” –ке) бар. Әрбір
қатысушы конверттен мүмкіндіктері мен қабілетіне қарай
тапсырма алып,
дайындалып, жауап береді. Жауаптары
„ақциялармен” бағаланады. „Ақционер” – қатысушы
жауабының толықтығына қарай әртүрлі түстегі
„ақциялар” алады: толық емес жауап – қызыл түсті
„акция”; дұрыс, бірақ кеңінен ашылмаған жауап сары түсті „акция”; дұрыс
негізделген жауап – жасыл түсті „акция”. Әр „акцияның” бастапқы құны бар,
оны „банк” бекітеді. Баллдардың ең жоғарғы мөлшері түстердің
санымен
анықталады (мысалы, егер қатысушыда қызыл түсті „акция” болса, онда
„түсімге” тек 2 балл қатысады, егер әр түсті болса, онда жоғары балл – 4).
Оқытушы- „банкир” әрбір студенттің „түсімін” есептейді. Егер қызыл
„акциялар” көп болса, бұл „акциялардың” „құны” төмендейді, ал егер жасыл
және сары көп болса, онда олардың „құны” артады. Мысалы, сарылар – 10, ал
жасылдар - 5-еу болса, онда жасыл „акциялар” сарыдан қымбат. Осы негізде
оқытушы – „банкир” баға қояды.
Достарыңызбен бөлісу: