С. Т. Иксатова криминалистік қҰжаттарды тану



бет4/4
Дата07.07.2016
өлшемі443.5 Kb.
#183215
1   2   3   4

Мәйітті фотоға түсіру

Оқиға болған жерде мәйітті түсіргенде бірінші суретті көріністі суретке түсіру ережесі бойынша түсіреді. Бұл мәйіттің оны қоршаған объектілерге қатысты орналасуын анықтауға мүмкіндік береді. Содан соң мәйітті тораптық суретке түсіреді. Үшінші суретте мәйіттің үстінен түсіреді. Егер мәйітті аяқ жағынан түсірсе, бейне бұрмалануы мүмкін. Мәйітті аяқ немесе бас жағынан түсіру кей жағдайларда ғана қолданылады. Мәйітті жіңішке пленкалы фотоаппаратпен түсіргенде фотографиялық кішірейту коэффициенті 60 градусқа тең болады Мұндай суретте киімнің бұзылғанына, қанның іздері анық көрінбейді. Сондықтан мәйітті суретке түсіргенде сызықтық панорама тәсілі қолданады: бірінші мәйіттің өліктің жоғарғы бөлігін суретке түсіреді. Мәйіттің табылған күйін бекіткен соң, оны орнынан қозғауға болады. Суретке түсіру кезінде денедегі зақымдарға ерекше көңіл бөлінеді. Олардың бөлшектік түсіру әдісі арқылы түсіріледі.


5.2 Тергеу әрекетін жүргізуде бейне жазуды қолдану және фото-кино-бейне құжаттарды криминалистік зерттеу

Бейнежазу криминалистикада қылмысты ашу мен тергеу мақсатында қолданылады.

Бейнетаспаға жазу-киноға түсіру мен суретке түсірудің алдында беделі басым. Ол ыңғайлы, технологиялы және ұтымды. Алынатын материалдар лабораториялық жөндеуді талап етпейді, ал олардың сапасы бейнежазудың орындалу шарасы бойынша қадағаланады. Бейнежазу бейне мен дыбысты теңдей тіркеп түсіруге мүмкіндік туғызады.

Бейнежазу тергелуші әрекеттің процесі мен қорытындысын тіркеуші қосымша құрал ретінде қолданылады. Ол динамикадағы, оны жүргізудегі қатысушылардың ерекшеліктерін, не ауыр және құрастырылған жағдайдың көлемін көрнекі құрал ретінде ұсынуға қажетті әрекеттерді тіркеуді талап етеді.

Тергеу әрекеттерінің тактикалық ерекшеліктері және жағдайдағы мәселелерді шешуде суреттегі қалатын негіз бейнежазу түрлері мен әдістерін анықтайды.

Бейнежазудың басында тергеуші өзін таныстырып (атағын, қызметін, фамилиясын атайды) өтеді, содан кейін бейнежазуды пайдаланып қылмыстық іс бойынша тергеу әрекетінің жүруін түсіндіреді. Соңынан ол тергеу әректіне қатысушыларды жеке атап өтеді (ірі жобамен түсіріледі), түсірілген күнді, мерзімді, орынды және түсіруші тұлғаны атайды.

Мына істерді жүргізгенде бейнежазуды қолданудың қажеті өте көп:

а) өрт, көліктік апаттар болған жайында оқиға туралы барынша ақпаратты жедел бекітуге қажетті жерлерді қарауда;

ә) бағалы заттар мен құрылыс құралдарын алу, оларды тыққан жерлерін тінту әдістерін бекіткенде;

б) тергеуші тәжірибе-сапалы әрекеттер мен олардың салдарын бекіткенде;

в) сұрақ-жауап алу, аудармашылардың қатысуымен жүргізілетін беттестіруде.

Фото-кино-бейне құжаттарды криминалистік зерттеу

Фото-кино-бейнетехника, дыбысжазу аппаратураларының кең таралуына байланысты оларды пайдалану нәтижелері (аппаратураның өзі де) қылмысты тергеу барысында жиі заттай дәлелдеме ретінде қарастырылады.

Фотосуреттер, бейнеленталар және бейнепленкалар: әр түрлі объектілердің материалдық бекітілген бейнелері болып табылады. Сезіктілерден алынған тергеу кезінде жасалған бұл құжаттар қылмыс оқиғасына байланысты немесе тергеу процесіне қатысты (тергеу әрекетінің барысы мен нәтижелерін жазу) мәліметтерді қамтиды. Аталған құжаттарды көп жағдайда оқиғаға қатысушыларды анықтау үшін оның сипаты мен даму сатыларын (қоғамдық тәртіпсіздік, өрт кезінде құжаттық немесе жедел түсіру) анықтау үшін зерттейді. Кейде құжат, кино-пленка, бейнепленка мазмұнының өзгеріске түскенін, мәселен, фотосуретті қайта түсіріп монтаждағанын анықтау қажеттілігі туындайды.

Фотомонтаж белгілеріне бейненің жеке бөліктерінің-бас дене, киім шеттерінің аса боялуы жатады.

Жалған бейнепленкалар мен киноленталарды жасау кезінде олардың бөліктерін қиып алып тастайды немесе қосымша желімдейді. Мұндай әрекеттердің белгілері бейнелердің, жапсырылған орындардың кенет өзгеруінен көрінеді. Жасалған қылмыстың мән-жайын анықтауға фонограмма қамтитын ақпараттың маңызы зор. Фонограммалар қылмыс жасау құралы (мәселен, қорқыту және шошыту үшін, қорқытып алу мақсатында пайдаланылған), оларды жалған жасау кезіндегі қылмыстық қолсұғушылық заттары және тергеу әрекетінің барысын немесе қылмысты ашу процесінде жүзеге асырылатын жедел-іздестіру шараларын бекіту нәтижелері болуы мүмкін.

Аталған жағдайларда зерттеу объектілері ретінде магнитті ленталар, сымдар, дискілер және басқа ақпарат тасушылар болады. Олар іздердің екі тобын, механикалық және электроакустикалық әсер ету іздерін қамтиды. Механикалық іздер лента-созу тетігі мен дыбысжазу құралынан пайда болады. Ол іздер лентаның дыбыс жазылатын жағында шағын және ірі жолдар түрінде қалады. Оларды сәйкестендіру мақсатында пайдалануға болады.

Лентаның магниттік қабаты мен жазатын басының өзара әрекеттестігі нәтижесінде электроакустикалық іздер пайда болады. Олар ғана емес, сонымен бірге магнитофонның да белгілерін: дыбыс жолдары саны мен олардың көлемін, лентаның жылжу жылдамдығын, лентасозу тетігінің шуын, жазуды қосумен, тоқтауын, т.б. сипаттайды. Аталған объектілер мен іздер тобын зерттеу арқылы магниттік лентаны монтаждау белгілерін, яғни жазудың сүйемелдеуге сәйкессіздігін, электрлік соғу сипатының әр түрлілігін, магниттік лента бөлшектері сапасының әр түрлілігін, желімдеген жерлерінің болуын және т.б. анықтауға болады.

Фото-кино-бейнеқұжаттарды криминалистік зерттеу барысында түсіретін және зертханалық аппаратура, позитивтер бойынша негативтер, фотосуреттерде бейнеленген заттар, құрылыстар, жергілікті учаскелер, сәулесезгіш материалдар мен химиялық реактивтер, бейне және аудиожазба, құралдары, фонограммада жазылған адам дауыстары және басқа объектілер сәйкестендірілуі мүмкін.

Ішкі істер органдарында қылмысты тергеу және ашу міндеттерін орындау үшін құрамына бір қатар құжаттар енетін белгілі объектілердің криминалистік есебі ұйымдастырылған. Құжаттарды криминалистік есепке алудың негізгі міндеті жалған құжаттарды табу және оларды пайдаланушы тұлғалардың қылмыстық әрекетін тоқтатудан, кейбір жалған құжаттарды жасаумен айналасушы тұлғаларды анықтаудан және қылмысты тергеумен байланысты басқа да міндеттерді орындаудан тұрады.



КРИМИНАЛИСТИКА МІНДЕТТЕРІ

ЖАЛПЫ




Қылмыстарды тергеп-ашудың толымдығы мен шапшаңдылығын қамтамасыз ету, қылмыстық қастандылықтың алдын алу және ондай іс-әрекеттерге жол бермеу





Криминалистика пәнін құрастырушы объективтік заңдылықтарды талдау және оның жалпы әдістемелік негіздерін қылмыспен күрес тәжірибесіне тарту

Қылмыстарды тергеу, ашу және алдын алу мақсатында дәлелдемелерді жинау, зерттеу, баға беру, сондай-ақ пайдаланудағы криминалистикалық әдіс-құралдарды әзірлеу

Шетел криминалистерінің тәжірибесін талдаудан өткізу және пайдалану

Тергеу, соттық зерттеу, криминалистикалық және басқа да сот сараптамаларының техникалық,тактикалық, ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздерін жетілдіру




Криминалистика ғылымына кіріспе (криминалистиканың әдістемелік негіздері)

Криминалистикалық техника

Криминалистика жүйесі

Криминалистикалық тактика

Криминалистикалық әдістеме (нақты қылмыс түрлерін тергеу әдістемесі)







Бекітіп алушылық



Зерттеулік

Оптиканың негізгі түсініктері



Жарық көмегімен жазудың негізгі түсініктері

Композиция негіздері

Фотографиялық процесс химиясының негізгі түсініктері

Күміс қолданбайтын фотографиялық процестің негізгі түсініктері



Криминалистикалық фотография және бейне таспаға жазуды қолданатын субъектілер

Суретке түсіру құралдары

Киноматографиялық эффект түсінігі

Суретке түсірудің киноматографиялық эффект түсінігі


Бейне мен дыбысты жазу негіздері (бейне таспаға жазу)

Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы бейне таспаға жазудың негіздері




Жалпы қағидалар

БЕКІТІП АЛУШЫЛЫҚ

ЗЕРТТЕУЛІК





Тергеу әрекеттерін және жедел іздестіру шараларын жүргізуге қатысу барысында

Құқық қорғау органдарының басқа да қызметкерлері

Қылмыстық іс-әрекетті анықтап-әшкерелеу процесінде

Маман

Адамдар


Мәйіттер

Заттық дәлелдемелер

СУРЕТКЕ ТҮСІРУ ОБЪЕКТІЛЕРІ

Тергеу әрекеттерін жүргізу барысы мен нәтижелері

Тергеу әрекеттерін жүргізу орны

Тергеу үшін маңызы болуы мүмкін объектілер, оқиғалар, шаралар

Жалпы мақсаттағы фотографиялық аппараттар

Компьютерлік фотоаппараттар

Арнайы фоторграфиялық аппараттар мен аспаптар

Қосымша құрылғылар

Фотоматериалдар, лабораториялық құрылғылар

Киноға түсіруші аппараттар мен құрылғылар

Бейнеаппаратура және тұрмыстағы немесе жартылай кәсіби мақсаттағы аспаптар

Арнайы мақсаттағы бейнеаппаратура

Компьютерлік техниканы пайдалануға жол беретін бейнеаппаратураның арнайы кешені


Кәдімгі сурет



Өлшемдік сурет

Панаромалық сурет

Макросурет

Телесурет

Стереосурет



Контраст бере отырып суретке түсіру

Ультракүлгін сәуле бере отырып суретке түсіру

Салыстыра отырып суретке түсіру

Жоғары жылдамдықтағы суретке түсіру



Бағдарлап түсіру

Оқиға болған жерді суретке түсіру (тергеулік қарау, тінту, эксперимент, көрсетулерді тексеру, мәйітті қарау және эксгумация барысында)

Жеке тұлғаны суретке түсіру (тану үшін ұсыну және тіркеуге орнату кезінде куәландыру және жедел іздестіру шараларын іске асыру барысында)

Бөлек іздер мен заттарды суретке түсіру (қарау, тіркеу және тану үшін ұсыну барысында)



Торап-

тап


түсіру

Бөлшек-

теп түсіру



Тану мақсатындағы (сигналетика-

лық сурет)



Көлеңкесіз сурет

Рефлекстік объектілерді түсіру

Кәдімгі сурет


КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ СУРЕТКЕ ТҮСІРУ ПРОЦЕСІ



  1. Түсіруге дайындық.

Суретке түсіру құралдарын әзірлеу

2. Түсіру нүктесі мен түсіру тәсілдерін анықтау

3. Түсіру шарттарын анықтау

4. Суретке түсіру

5. Криминалистикалық суретті қолдану нәтижесін процессуальдық тұрғыдан рәсімдеу


Арадағы жуып-шаю



Айқындау

Бекіту

Біржолата шаю

Негативті кептіру






Сәуле әсерін

тигізу (экспонир)






Бекітілген объектілер тізімі

Жарық беру шарттары

Техникалық құралдар мен жағдайлар жайлы мәліметтер (камера типі, объектив және пленка маркасы, қосымша шартар

Суретке түсіруші тұлға туралы мағлұмат

Суретке түсіру процесі жүретіндігі жайлы тергеу әрекетіне қатысушы тұлғалар ескертілгендігін көрсететін сілтеме

Тергеу әрекетінің хаттамасында көрсетілетін мәселелер:

Криминалистикалық суретке түсіруді және тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде алынған нәтижелерді процессуалдық тұрғыдан рәсімдеу

Фото кесте құрастыру

Фото кесте бланкілерін құрастыру

Іске қатысты бейнелердегі тетіктерді әріп, стрелка, сан және т.б. мәселелермен белгілеу

Сурет астындағы көрсетулер: не түсірілген, қай жағынан, стрелкамен не белгіленген, түсіру барысында қандай фотографиялық құралдар қолданылды

Суретке түсірген, оны дайындаған және кестені құрастырған тұлғаның фото кестені өз қолымен растауы



КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ФОТОГРАФИЯ ЖӘНЕ БЕЙНЕ ТАСПАҒА ЖАЗУ МІНДЕТТЕРІ

Фото, кино және бейне таспаға түсіру көмегімен дәлелдемелерді бекітіп алу, әдіс-құралдарын дайындау және жетілдіру

Фото, кино және бейне таспаға түсіру көмегімен дәлелдемелерді зертеудегі әдіс -құралдарын дайындау және жетілдіру


Фото, кино және бейне таспаға түсіру көмегімен дәлелдемелерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін әдіс -құралдарын дайындау және жетілдіру


Конструктивтік тип

Фокустік аралық

Кескінделу алаңының бұрышы

Жарықтың күші

Салыстырмалы тесік

ФОТОГРАФИЯЛЫҚ ОБЪЕКТИВТЕР МІНЕЗДЕМЕСІ

Жұмыстық алаң

Жиілік-контрастық мінездеме

Ажыратушылық мүмкіндігі

Айқындылық аралығы


Құжаттардың криминалистикалық зерттеуі



Жазу тілінің белгілері

Қолтаңба белгілері

Тілдік дағдыларды сипаттайтын




Статистикалық:

-қолданылатын тіл;

баяндау мәнері;

- қолжазба құру




Лексикалық:

-жалпы сөз байлығы;

- сөз байлығының ерекшеліктері

Грамматикалық:

-сауаттылықтың жалпы деңгейі;

- жіберілген қателіктер сипаты

Тілдік дағдыларды сипаттайтын



ЖАЗУ ТІЛІНІҢ БЕЛГІЛЕРІ



Интеллектуалдық (ойлау қабілеті) дағдыларды сипаттайтын


Шындықты көзбен көру



Көзбен қабылданғанды көрсетіп беру

Ойлау құралдарын пайдалана білу деңгейі


Жалпы

Формасы

Бағыты

Созылмалылығы

Үздіксіздігі




Жұмсалған күштің таралуы

Кеңістіктегі орналасу мәселесі







МӨР ЖӘНЕ ШТАМП КӨШІРМЕЛЕРІН, ҚҰЖАТ БЛАНКІЛЕРІН ҚОЛДАН ЖАСАУ ТӘСІЛДЕРІ


Қазіргі ЭЕМ және көбейткіш техникасы көмегімен әзірлеу

Дұрыс көшірмеден дымқыл көшірулер

жүргізу


Қиып істелінген

Қашалған



Құжат үстіндегі көшірменің салынған кескіні

Көшірмелерді жасанды формалар көмегімен әзірлеу

Салынған

Вулканизация көмегімен жасалған






Әдебиеттер

1 Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. − Алматы: Баспа, 2001.

2 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік. − Алматы, 2001. − 693 б.

3 Белкин Р.С. Криминалистическая энциклопедия. − М. : Издательство БЕК, 1997. − 250 с.

4 Жәкішев Е. Криминалистік тактика. − Алматы: Жеті жарғы, 1997. − 250 б.

5 Мәжитов.Ш., Мұқашев.Б. Криминалистикалық техника. − Алматы, 1959. − 100 б.

6 Жәкішев.Е. Криминалистиканың пәндік сипаттамасы және

методологиялық негізі. Алматы, Қазақ университеті, 1991. − 120 б.

7 Порубов.Н.И. Курс криминалистики. − Минск: Выш.шк.,2000. − 130 с.

8 Энциклопедия судебной экспертизы / под. ред. Аверьяновой. Т.В., Россинской. Е.Р. − М. : Юрист, 1999. − 700 с.

9 Крылов И.Ф. Криминалистика. − Ленинград, 1976. − 300 с.

10 Исаев А.А. Теоретические и правовые проблемы применения специальных познаний для квалификации преступлений. − Алматы: «Жеті Жарғы», 1999. − 200 с.

11 Криминалистика / под ред. д-ра юрид. наук, проф. Образцова.В.А. − М. : Юрист, 1997. − 270 с.

12 Возгрин И.А. О структуре методик расследования отдельных видов преступлений (Вопросы теории и практики борьбы с преступностью. − Л., 1974. − 120 с.

13 Колесниченко А.Н. Общие положения методики расследования отдельных видов преступлений. − Харьков, 1976. − 220 с.

14 Тілеубергенов. Е. Криминалистика. − Алматы: «Дәнекер», 2002. − 146 б.

15 Абуов А.Ғ. Криминалистика негіздері. – Алматы: «Жеті Жарғы», 2004. − 256 б.

16 Яблоков Н.П. Криминалистика: учебник. − М. : «Лекс Эст», 2003. − 376 с.

17 Васильев А.Н. Следственная тактика. − М., 1976. −160 с.

18 Белкин Р.С. Курс криминалистики. − М., 1997. − Т.2. − 180 с.

19 Саханова Т.В. Судебная экспертиза. − М. : Городец, 2000. − 230 с.

20 Образцов В.А. Криминалистика: курс лекций. − М., 1996. −

208 с.

21 Буринский.Е.Ф. Құжаттардың сот сараптамасы, онқолдану мен жүзеге асыру. − СПб., 1903. − 2005 б.



22 Трегубов С.Н. Қылмыстық техниканың негізі. − СПб., 1915. − 260 б.

23 Бразоль Б.Л. Тергеу бөлімі бойынша очерктер. Тарих. Тәжірибе. − СПб., 1916. − 354 б.

24 Потапов С. М. Сот фотографиясы: оқу құралы. − Ресей, 1926. − 200 б.

25 Якимов. И.Н. Қылмыстық құралдармен тәсілдерді қолдану:

Оқулық. − Ресей, 1925. − 300 б.

26 Арыстанбеков М.А., Шакенов А.О. Криминалистика: оқу-

әдістемелік құрал. − Қарағанды, 2003. − 228 б.

27 Гинзбург А.Я., Белкин Р.С. Криминалистическая тактика.

− Алматы, 1998. − 170 с.

28 Дулова А.В. Судебная фотография. − Минск, 1978. − 108 с.




Мазмұны

Алғы сөз................................................................................…3

1 Криминалистикаға кіріспе............................................……..4

1.1 Криминалистиканың ұғымы, пәні, объектілері және

мақсаттары мен міндеттері, қайнар көздері

және қағидалары...................……………………………….6

1.2 Кримналистиканың дамуының қысқаша тарихы...........11

2 Криминалистік құжаттарды тану ұғымы,

мазмұны, міндеттері.……………………………………….13

2.1 Құжаттар, криминалистік маңызды ақпараттардың

түпнұсқалары....................................................……………13

2.2 Тергеу барысында құжаттарды қарау...............................15

3 Құжаттарды және жазуды криминалистикалық

зерттеу....……………………………………………………...17

3.1 Құжаттарды өзгерту фактісін анықтау және құжат

мазмұнының өзгеру түрі……………………………….. 27

3.2 Қойылған қолдың жалғандылығын анықтау……….30

4 Жалған таңбалар, мөрлер, мөртабандар жасау

фактілерін анықтау …………………………………………31


    1. Зақымдалған жазбақұжат мазмұнын

қалпына келтіру.......…………………………………………32

4.2 Полиграфиялық тәсілмен жасалынған жалған

құжаттарды зертеу........……………………………………..35

5 Криминалистік фотографияның қысқаша

даму тарихы........…………………………………………….36

5.1 Криминалистік объектілерді фотоға түсіру

ережелері.……………………………………………………...39


    1. Тергеу әрекетін жүргізуде бейне жазуды қолдану

және фото-кино-бейне құжаттарды крииналистік

зерттеу ...........................……………………………………...41



Әдебиеттер......................................................................……..63






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет