2.4 Бұзылған қажеттілікті қанағаттандырудағы мейірбикелік әрекеттер Науқас адам жеке гигиенасын жүзеге асыру кезінде көмекке мұқтаж болады: жуыну, қырыну, ауыз қуысының күтімі, шаш, тырнақ күтімі, дәрет алу, ванна қабылдау және тамақтану. Бұл кезде мейірбике қолдары науқас қолдарының қызметін атқарады. Бірақ көмектесе отырып, науқас дербестігінде талап ету керек, сол үшін оның тілегін мадақтаған да жөн.
Медициналық қызметкер науқастың дербестігін сақтау мақсатында науқасты және оның отбасы мүшелерін «өзін-өзі күту» әдістеріне белсене қатысуына шақыруы керек (кесте 7-10).
Кесте 7.
Науқастың физиологиялық қажеттіліктерін
қанағаттандыру кезіндегі көмек
Кереует бас жағын көтеру, науқасқа Фаулер қалпын беру.
Науқасты үйрету:
- жөтелу, тыныс алу жаттығулар техникасын;
- тұншығу ұстамасында өзіне-өзі көмек көрсету әдістерін;
- ингаляторды өзбетінше қолдануды.
Тағамда
Науқас тамақтануында көмектесу.
Науқасты адекватты тамақтануға үйрету.
Диетаны сақтауға науқасқа және оның туыстарына кеңес беру
Науқасқа ішуіне көмектесу.
Қажетті сұйықтық мөлшерімен қамтамасыз ету
Өмір қажеттіліктерінің өнімдерін бөліп шығару
Науқастың судномен және зәр қабылдағышпен қамтамасыз ету. Науқасты және туыстарын памперсті, судноны, зәр қабылдағышты қолдануды үйрету.
Үлкен және кіші дәретке отырған кезде науқас қауіпсіздігін жіне жекеленуін қамтамасыз ету
Ұйқыда
Жайлы ұйқыға жағдай жасау.
Ұйқы бұзылысының себебін анықтау.
Ұйқыны реттейтін дағдыға науқасты үйрету (ұйқы алдында серуендеу)
Науқасты күн тәртібін құрастыруға, дем алуға үйрету.
Қозғалыста
Адам жағдайына қозғалыс шектелуінің әсерін анықтау.
Науқас және туыстарын төсектегі қозғалыс және ЕДШ әдістеріне үйрету.
Төсектен тұру, балдақпен немесе таяқпен жүру әдістерін үйрету (қозғалуға рұқсат бар кезде).
Жанасуда
Науқаспен сөйлесе отырып оны қолынан ұстау, жастығын және көрпесін түзеу. Науқас жақындарына оны жиі құшақтауына кеңес беру
Кесте 8.
Науқастың қауіпсіздік қажеттіліктерін қанағаттандыру кезіндегі көмек