С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


Физиологиялық қажеттіліктерді орындау кезінде көмек



бет128/142
Дата19.04.2024
өлшемі5.86 Mb.
#499222
түріОқулық
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   142
Кабиева С.Н. Клиникаға кіріспе оқулық, том I. С. М. Кабиева, А.Т. Туймебаева, Г.Л. Алишева. - Алматы Эверо, 2015. – 287 б.

2.14 Физиологиялық қажеттіліктерді орындау кезінде көмек
Өзін күте алатын науқастар жылы сабынды сумен таңертең және кешке өздері дәрет алады. Жағдай ауыр және ұзақ уақыт төсекте жатқан гигеналық тазалық жүргізе алмайтын науқастарды тәулігіне 2 рет жуындыру керек. Зәрін және үлкен дәретін ұстай алмайтын науқастарды тері ойылуларының және теріге инфекцияның түсуін алдын-алу мақсатында кіші және үлкен дәретке отырған сайын жуындыру керек. Семіз адамдардың тері қатпарлары қажалғанда теріге сеппе себеді, ал құрғаған жағдайда ылғалдандыратын жақпалар жағады [6, 7].
Шат аралығын және жыныс мүшелерін күту емшарасын науқас палатасында ыңғайлы жағдайда жүргізіледі, ол үшін емшараны орындау кезінде палатадағы басқа науқастардың шығып тұруын өтінеді немесе ширма қойылады. Медициналық құрылғылардан Эсмарх түтігі қолданылады (сурет 78).



kruzhku.besaba.com

Сурет 78
Эсмарх түтігі


Эсмарх түтігі бірден екі литр көлемде сұйықтық құйылатын жұмсақ түтікшесі және қысқышы бар резеңкелі түтік. Оның құрамына ұштықтар (жұмсақ және қатты) және реттеуге қажетті бұрғы кіреді. Бір рет қолданатын Эсмарх түтікшесінде салынатын ұштықтар болмайды, оның қызметін силиконмен майланған түтікшенің дөңгеленген дистальды ұшы атқарады, ол қажетті тереңдікке ауырсынусыз және жеңіл енуді қамтамасыз етеді.
Судно және зәр қабылдағышты қолдану
Жағдайы ауыр және операциядан кейінгі пациенттер физиологиялық қажеттіліктерді жатқан қалпында жүзеге асырады. Ішекті босату мақсатында төсекте судно, ал зәр шығару кезінде зәр қабылдағыш беріледі. Әйелдерге зәр шығару кезінде судно, ал ер адамдарға үйрек тәрізді шыны ыдыс беріледі.
Зәр қабылдағыш және судно науқасқа жылы күйінде беріледі, дәретке отырғаннан кейін оларды босатып тазартады.
Медициналық судно әртүрлі материалдардан жасалынады: эмальмен қапталған металлдан, фаянстан, резеңкеден, пластикадан. Пішіні бойынша барлық судналар бір-біріне ұқсас- тегістелген домалақ пішінді, биіктігі шамалы, ортасында сопақ тесігі бар, қақпағы жабылатын, бүйірінде ішіндегісін төгуге арналған ойығы бар [6, 29].
Металлды суднаның көлемі үлкен, ұзақ мерзімге қолдануға жарамды және залалсыздандыруға қолайлы (сур. 79 а).
Үрлемелі резеңкелі судноның сипаты: көлемі кішірек, көп қолданғанда өзінің беріктік қасиетін жоғалтады, пациенттің астынан алып шыққанда ішіндегі зәр төгіліп қалуы мүмкін. Дегенмен ұзақ жылдар бойы жағдайы ауыр науқастарда тері ойылуының алдын-алу мақсатында қолданылды (сур. 79 б).
Соңғы жылдары пластикті судна қолданылады, олар өте жеңіл, залалсыздандыруға ыңғайлы және «жылы материал» әсері бар, яғни пациенттің терісіне тигенде тез жылынады (сур. 79 в).



sidelka.spb.ru

medlegion.ru

semeinii-doktor.ru

а б в
Сурет 79.


Науқастарға арналған судналар
а – металлды, б – резеңкелі, в – пластикті

Зәр қабылдағыштар сопақ пішінді, созыңқы тесігі бар металл және шыныдан жасалған түтік тәрізді ыдыс. Түтіктің пішіні арқылы әйелдерге және еркектерге арналған болып ерекшеленеді (сур. 80 а, б). Соңғы жылдары бір рет қолданатын зәр қабылдағыштар жиі қолданылады (сур. 80 в).




www.lifestoma.ru

www.jsap.ru

goods.marketgid.com

а б в
Сурет 80.


Зәр қабылдағыштар
а – еркектерге арналған, б – әйелдерге арналған,
в – бір рет қолданылатын


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет