С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


ТАРАУ VI НАУҚАСТАРДЫ ТАМАҚТАНДЫРУ



бет130/142
Дата19.04.2024
өлшемі5.86 Mb.
#499222
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   142
Кабиева С.Н. Клиникаға кіріспе оқулық, том I. С. М. Кабиева, А.Т. Туймебаева, Г.Л. Алишева. - Алматы Эверо, 2015. – 287 б.

ТАРАУ VI


НАУҚАСТАРДЫ ТАМАҚТАНДЫРУ

Тамақтану – адам ағзасына қажетті физиологиялыық қажеттіліктердің бірі. Тамақтану рациональды болғаны маңызды. Тамақтың негізгі ингредиенттері; ақуыз, май, көмірсулар, минеральды заттар, дәрумендер және су. Ақуыз, май және көмірсулар тіндер мен жасушалардың жұмыс істеуіне қажетті «құрылыс материалдары» болып табылады.Теңдестірілген тамақтану формуласы – бұл ақуыз, май және көмірсулардың науқас рационындағы қатынасы 1:1:4 [6, 7, 32].




Ақуыз – тірі жасуша және жасуша аралық заттардың негізі, жасушалардың, тіндер мен мүшелердің, ферменттердің, гормондар мен гемоглобиннің, иммунды денелердің түзілуіне қажетті материал. Ақуыз зат алмасудың дамуын, өсуін қамтамасыз етеді, генетикалық ақпарат беруге қатысады, жасушаның тыныс алуын, бұлшық еттердің жиырылуын, тіндерге оттегіні тасымалдауды, иммундық жауапты қамтамасыз етеді. Ағзада ақуыз қоры болмайды, сондықтан ақуыз тамақпен қажетті мөлшерде түсіп тұруы қажет. Ересек адамдарда ақуызды қолдану мөлшері 1 кг дене салмағына тәулігіне 0,7-1,5 г құрайды, сондықтан оның 1/3 бөлігі толық жануар текті ақуыз болу керек, ал 2/3 бөлігі – өсімдік текті.
Ақуызға жануар текті тағамдар (ет, балық, сүт, ірімшік, йогурт), және өсімдің текті тағамдар бай (нан, жармалар, жұмыртқа, жаңғақ).
Ақуыздың ағзадағы жеткіліксіздігі жалпы жағдайдың нашарлауына әкеледі: иммунитеттің төмендеуіне, бауыр, ұйқы безі, бүйрек, жүрек, қан жүйесі және жүйке жүйесінің қызметін төмендетеді. Ақуыз мөлшерінің жоғарлауынан бауырда артық майдың жиналуы, ішекте тағамның шіруі байқалып, дәрумен алмасу бұзылады.
Майлар организмдегі негізгі энергия көзі болып табылады. Майлар ағзада пластикалық үдерістерге қатысады (жасуша мембранасының құрамына кіреді), майда еритін дәрумендердің көзі болып табылады (A, D, E, K) және май алмасуды және қандағы холестерин мөлшерін реттейтін және орын толтырмайтын полиқанықпаған май қышқылдары (арахидон, линоль, линолен) болып табылады.
Майлар шығу тегіне байланысты жануар және өсімдік текті болып бөлінеді, олардың тамақ рационындағы оптимальды қатынасы 2:1 құрайды. Май көзі болып табылатын майлар (өсімдік, сары және тұшытылған майлар), маргариндер, кулинарлы майлар, шпик, шошқа майы, грек жаңғағы, ыспен ысталған шұжық. Қаймақ, ірімшік массасы, голланд ірімшігі, шошқа етінде, үйрек, қаз еттерінде шұжықтарда, шпротта (консерві), шоколадта, халвада майдың құрамы өте көп. Рационда тәулігіне жануар текті май 70% , ал өсімдік текті майлар 30% болу қажет.
Тамақтануда майдың шамадан тыс мөлшері - бауыр, ұйқы безінің зақымдалу қаупін, семіздік, атеросклероз, өт тас ауруын, онкологиялық аурулардың дамуын туғызады.
Тамақ құрамында майдың жеткіліксіз болуы ағзаның дамуын және өсуін тежейді, репродуктивті қызметті тежейді, холестерин алмасуды тежейді, жүйке жұмысының жұмысына және миға негативті әсер тигізеді. Сондықтан майды қажетті мөлшерде қолданған маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет