Сабақтың өту барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-
Тапсырмаларды орындау.
-
Сабақты бекіту.
-
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Қиғашбұрышты фронталь диметриялық проекцияны шыға-қрып алу үшін проекциялар жазықтығын xOz жазықтығына параллель орналастырады (53, а-сурет). Проекциялау бағыты проекциялар жазықтығымен қиғаш бұрыш жасайды. х' және z' осьтері өзара перпендикуляр, ал олардың бағыттарындағы бұрмалану көрсеткіштері 1-ге тең болады. u = w= 1. Үшінші у' осінің бағыты және бұрмалану көрсеткіші v проекциялау бағыты мен проекциялар жазықтығы арасындағы бұрышқа байланысты болады. у' осін горизонталь сызықпен 45° бұрыш жасайтындай етіп орналастыру (53, ә-сурет), ал бұрмалану көрсеткішін v = 0,5 деп алу қабылданған.
Сонымен қиғашбұрышты фронталь диметрияда z' осі вертикаль, х' осі горизонталь және у' осі х' және z' түзулері арасындағы бұрыштың биссектрисасы болады. Нәрсе х және z осьтері бағытында бұрмаланбай, өздерінің нақты шамаларын сақтап кескінделеді, ал у осі бағытында екі есе кішірейіп проекцияланады. xOz жазықтығында немесе оған параллель жазықтықта орналасқан шеңбер де бұрмаланбай кескінделеді. хОу және уОz жазықтықтарына параллель шеңберлер эллипстерге проекцияланады. М ы с а л . Ұзындығы 6-ға, қалыңдығы 2-ге және биіктігі 8-ге тең параллелепипед ортасынан тесілген, оның диаметрі 4-ке
тең. Нәрсенің қиғашбұрышты фронталь диметриясын салуды қарастырайық. Аксонометриялық осьтерді саламыз. z' осін вертикаль, х' осін оған перпендикуляр орналастырамыз. у' осін тұрғызу үшін бұрыштары 45°, 45° және 90° болатын бұрыштықты пайдаланған дұрыс (54, а-сурет). х' және z' осьтеріне 6-ға және 8-ге тең кесінділер салып, тіктөртбұрыш тұрғызамыз. Осы тіктөртбұрыштың центрін тауып, радиусы 2-ге тең шеңбер жүргіземіз. Содан кейін бас нүктені у' осі бойымен 1 кесіндіге ығыстырып, салуды қайталаймыз (54, ә-сурет). Көрінетін сызықтарды жұмсақ қарындашпен бастыра жүргіземіз де, көмекші сызықтарды өшіргішпен өшіріп тастаймыз (54, б-сурет).
Үйге тапсырма беру: Биіктігі 10-ға тең, диаметрі 4-ке тең цилиндрдің қиғашбұрышты фронталь диметриясын сал. Натурал координаталар жүйесін цилиндрдің табандары бұрмаланбай шеңберлерге проекцияланатындай етіп орналастыр.
Сабақ: №
Сабақтың тақырыбы:
Координаттар жазықтықтарының біреуін параллель орналасқан шеңбердің тік бұрышты изометриясы және қиғаш бұрышты фронталь диметриясы. Қайталау сабағы.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушылардың сабаққа деген түсінігін қалыптастыру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын,
мәдениеттілігін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-
Тапсырмаларды орындау.
-
Сабақты бекіту.
-
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Алдыңғы өткен тікбұрышты изометрия және қиғаш бұрышты диметрия тақырыптары бойынша екі сабақты үйлестіре отырып, бірден жаттығуларға кірісеміз. Яғни, қайталау сабағын жүргіземіз. Сондай-ақ, жаттығулар орындаймыз. Центрі А(3; 1,5; 4) нүктесінде жататын радиусы 3-ке тең горизонталь жазықтықта орналасқан шеңбердің тікбұрышты изометриясын салу керек. Аксонометриялық осьтерді жүргізіп, А нүктесінің тікбұрышты изометриясын координаталары бойынша тұрғызамыз. Тұрғызылған А' нүктесі
арқылы х' және у' түзулеріне параллель түзулер жүргіземіз. Жүргізілген түзулерге А' нүктесінен бастап шеңбердің радиусына, яғни 3-ке тең кесінділер салып ромб тұрғызамыз (51-сурет). Ромбыға іштей сопақша саламыз. Салынған сопақша берілген шеңбердің изометриядағы кескінін береді.
М ы с а л . Ұзындығы 6-ға, қалыңдығы 2-ге және биіктігі 8-ге тең параллелепипед ортасынан тесілген, оның диаметрі 4-ке
тең. Нәрсенің қиғашбұрышты фронталь диметриясын салуды қарастырайық. Аксонометриялық осьтерді саламыз. z' осін вертикаль, х' осін оған перпендикуляр орналастырамыз. у' осін тұрғызу үшін бұрыштары 45°, 45° және 90° болатын бұрыштықты пайдаланған дұрыс (54, а-сурет). х' және z' осьтеріне 6-ға және 8-ге тең кесінділер салып, тіктөртбұрыш тұрғызамыз. Осы тіктөртбұрыштың центрін тауып, радиусы 2-ге тең шеңбер жүргіземіз. Содан кейін бас нүктені у' осі бойымен 1 кесіндіге ығыстырып, салуды қайталаймыз (54, ә-сурет). Көрінетін сызықтарды жұмсақ қарындашпен бастыра жүргіземіз де, көмекші сызықтарды өшіргішпен өшіріп тастаймыз (54, б-сурет).
Үйге тапсырма беру: Центрі В(4; 5; 5) нүктесінде жататын, радиусы 3-ке тең және хОz жазықтығына параллель орналасқан шеңбердің қиғашбұрышты фронталь диметриясын сал.
Сабақ: №
Сабақтың тақырыбы:
Геометриялық денелердің аксонометриялық проекцияларын салу.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Сызу және техника жөнінде оқушыларға қысқаша
мәлімет беру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың жалпы сызу жөнінде сана-сезімін
дамыту.
б) Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-
Тапсырмаларды орындау.
-
Сабақты бекіту.
-
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ең алдымен геометриялық денелер жайлы оқушыларға түсіндіріп, тақтаға сызып көрсетемін. Геометриялық денелер жайлы алдағы сабақтарда өтетінімізді және де олар жайлы атап айтқанда пирамида, призма, цилиндр, конус, шар жайлы қысқаша ғана айтып өтемін. Және де олардың аксонометриялық проекциясын салуға бірнеше жаттығулар орындаймыз.
Оқушыларға бірнеше жаттығу жұмыстарын көрсете отырып, оларға аксонометрилық проекцияларға арналған жаттығу жұмыстарын беремін.
Тікбұрышты аксонометрияның абциссалар және ординаталар осьтері бағытындағы бұрмалану көрсеткіштері и=0,6 және v=0,8 болсын. Аппликата осі бағытындағы бұрмалану көрсеткішін анықта.
Аксонометриялық перспективалық сурет бір және екі нүктеден
Аксонометриялық проекция изометриялы
диметрия
Үйге тапсырма беру: Геометриялық денелердің аксонометриялық проекцияларына бірнеше жаттығулар орындау.
Сабақ: №
Сабақтың тақырыбы:
Геометриялық денелердің аксонометриялық проекцияларын салу. Жаттығу.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Сызу және техника жөнінде оқушыларға қысқаша
мәлімет беру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың жалпы сызу жөнінде сана-сезімін
дамыту.
б) Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-
Тапсырмаларды орындау.
-
Сабақты бекіту.
-
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ең алдымен геометриялық денелер жайлы оқушыларға түсіндіріп, тақтаға сызып көрсетемін. Геометриялық денелер жайлы алдағы сабақтарда өтетінімізді және де олар жайлы атап айтқанда пирамида, призма, цилиндр, конус, шар жайлы қысқаша ғана айтып өтемін. Және де олардың аксонометриялық проекциясын салуға бірнеше жаттығулар орындаймыз.
-
Аксонометриялық проекцияны өлшемдерімен түсір.
-
Өлшемдерімен түсір.
Үйге тапсырма беру: Геометриялық денелердің аксонометриялық проекцияларына бірнеше жаттығулар орындау.
Сабақ: №
Сабақтың тақырыбы:
Геометриялық денелердің аксонометриялық проекцияларын салу. Қайталау.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Сызу және техника жөнінде оқушыларға қысқаша
мәлімет беру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың жалпы сызу жөнінде сана-сезімін
дамыту.
б) тәрбиелілік: Сызбаларды салауатты сызып, топпен жұмыс жасап
бір-бірін тыңдай білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-
Тапсырмаларды орындау.
-
Сабақты бекіту.
-
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ең алдымен геометриялық денелер жайлы оқушыларға түсіндіріп, тақтаға сызып көрсетемін. Геометриялық денелер жайлы алдағы сабақтарда өтетінімізді және де олар жайлы атап айтқанда пирамида, призма, цилиндр, конус, шар жайлы қысқаша ғана айтып өтемін. Және де олардың аксонометриялық проекциясын салуға бірнеше жаттығулар орындаймыз.
-
Аксонометриялық проекцияны түсір.
-
Өлшемдерімен түсір.
Үйге тапсырма беру: Геометриялық денелердің аксонометриялық проекцияларына бірнеше жаттығулар орындау.
Сабақ: №
Сабақтың тақырыбы:
Өзара перпендикуляр екі жазықтыққа тік бұрыштап проекциялау. (Монж эпюрі)
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Детальдың күрделілігіне қарай сызбаларын сызу,
қажетті өлшемдерін түсіруге үйрету.
ә) Дамытушылық: Өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру,
ой қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп, ойлау
қабілетін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Сызбаларды салауатты сызып, топпен жұмыс
жасап, бір-бірін тыңдай білуге үйрету, мәдениетті
болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-
Тапсырмаларды орындау.
-
Сабақты бекіту.
-
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Алдыңғы сабақтарда бір жазықтықтағы бір проекциядан тұратын кескін қайтымды бола алмайды дегенбіз. Сондықтан өзара перпендикуляр екі жазықтық алып, нәрсені оларға тік бұрыштап проекциялайық. Бұл екі жазықтықтың біреуін (π1 жазықтығын) вертикаль және көлденең орналастырамыз, ал екіншісін (π2 жазықтығын) горизонталь орналастырамыз (55, а-сурет). Берілген А нүктесін осы жазықтықтарға тік бұрыштап проекциялаймыз. А нүктесінен π1 жазықтығына түсірілген перпендикулярдың табаны А1 нүктесі, ал π1 жазықтығына түсірілген перпендикулярдың табаны А2 нүктесі болсын. А1 нүктесінен π2 жазықтығына түсірілген перпендикуляр А2 нүктесінен π1 жазықтығына түсірілген перпендикулярмен Ах нүктесінде қиылысады. Сонда жазықтығын фронталь проекциялар жазықтығы, π1 жазықтығын горизонталь проекциялар жазықтыгы деп атайды. А1 нүктесі А нүктесінің фронталь проекциясы, А2 нүктесі А нүктесінің горизонталь проекциясы деп аталады. Горизонталь және фронталь проекциялар жазықтықтарының қиылысу сызығын проекция осі деп атайды. Екі жазықтық түзу сызық бойынша қиылысады. π1 және π2 жазықтықтарының біреуін олардың қиылысу сызығынан айналдырып, екіншісімен беттестіреміз. Сонда беттескен π1 және π2 жазықтықты сызба салынатын қағаз ретінде қарастыруға болады.
55, ә-суретте көрсетілген нәрсенің горизонталь және фронталь проекцияларынан тұратын кескінді Монж эпюрі деп атайды. Біз эпюр деудің орнына сызба дейтін боламыз. Алдыңғы тарауда қарастырылған аксонометриямен байланыстыру және қолайлырақ болу үшін фронталь проекциялар жазықтығын xOz жазықтығымен, ал горизонталь проекциялар жазықтығын хОу жазықтығымен беттескен деп қарастырайық. Жалпы жағдайда π1 = xOz және π2 = хОу болуы міндетті емес. Сонымен π1 ∩ π2= х, яғни фронталь және горизонталь проекциялар жазықтықтарының қиылысу сызығын абсциссалар осімен біріккен деп қарастырайық. АА1АхА2 — тіктөртбұрыш. Сондықтан сызбада бір нүктенің горизонталь жөне фронталь проекциялары х осіне перпендикуляр түзудің бойында жатады. Нүктенің фронталь және горизонталь проекцияларынан тұратын кескіні қайтымды болатынын көрсетейік. Ол үшін A нүктесінің сызбасы, яғни оның проекциялары А1 және А2 берілген делік (55, ә-сурет). Біз А нүктесінің кеңістіктегі орнын анықтауымыз керек. Қағазды х түзуі бойымен бүктеп, оның жоғарғы және төменгі бөліктерін өзара перпендикуляр орналастырамыз. Енді жоғарғы бөліктің А1 нүктесінде және төменгі бөліктің А2 нүктесінде перпендикуляр тұрғызсақ, онда бұл екі перпендикуляр кеңістікте А нүктесінде киылысар еді. Сонымен сызбадағы A1 және А2 нүктелеріне сәйкес кеңістікте тек бір ғана А нүктесі табылды. Олай болса, Монж эпюрі қайтымды кескін екендігін дәлелдедік. Координаталары берілген нүктенің сызбасын салуға болады. Бұған керісінше нүктенің сызбасы берілсе, оның координаталарын анықтауға болады. Мысалдар қарастырайық.
1 - м ы с а л . Ұштарының координаталары бойынша АВ кесіндісінің сызбасын салуды көрсетейік. А( 7; 5; 2) және В(2; 2; 4) болсын. Горизонталь түзу жүргізіп, оны абсциссалар осі деп қарастырамыз. Осы х осінің О нүктесі арқылы оған перпендикуляр түзу жүргізейік. Осы түзудің О нүктесінен жоғарғы бөлігін аппликаталар осі, ал төменгі бөлігін ординаталар осі ретінде қарастыруға болады. Абсциссалар осіне бас нүктеден бастап 7 және 2 бірлік кесінділер салып, Ах және Вх нүктелерін аламыз (56-сурет). Ах нүктесі арқылы х осіне перпендикуляр түзу жүргізіп, оның бойына жоғары қарай 2 кесінді салып, A нүктесінің фронталь проекциясын (A1), ал төмен қарай 5 кесінді салып, А нүктесінің горизонталь проекциясын (А2) аламыз. Вх нүктесін бастыра абсциссалар осіне перпендикуляр түзу жүргізіп, оған жоғары қарай Вх нүктесінен бастап 4 кесінді салсақ, В1 нүктесін, ал төмен карай Вх нүктесінен бастап 2 кесінді салсақ, В2 нүктесін аламыз. В1 нүктесі — В нүктесінің фронталь проекциясы, ал В2 оның горизонталь проекциясы. A1 нүктесін В1 нүктесімен қосатын А1В1 кесіндісі — АВ кесіндісінің фронталь проекциясы, ал А және В нүктелерінің горизонталь проекцияларын қосатын А2В2 кесіндісі — оның горизонталь проекциясы. Сонымен біз берілген кесіндінің екі проекциядан тұратын сызбасын (эпюрін) салдық.
2-мысал. Сызбада С нүктесінің фронталь проекциясы C1, горизонталь проекциясы С2, абсциссалар осі х және абсцисса осінің бойындағы бас нүкте О берілген (57-сурет). Берілген С нүктесінің координаталарын анықтау керек болсын. Алдымен C1C2 түзуінің абсциссалар осімен қиылысу нүктесі Сх-ті белгілейік. Өлшем бірлігін тағайындап алып, ОСх кесіндісін өлшесек, С нүктесінің абсциссасын, С1Сх кесіндісін өлшесек, С нүктесінің аппликатасын және С2Сх кесіндісін өлшесек, С нүктесінің ординатасын аламыз. Сонда хс = |OCх|; ус = |C2Cх|; zc = |C1Cx|. Нүктенің горизонталь проекциясы х осінде жатса, онда нүкте фронталь проекциялар жазықтығында жатады. Мұндай нүктелердің ординатасы нөлге
тең болады. Егер нүктенің фронталь проекциясы абсциссалар осінде жатса, онда нүкте горизонталь проекциялар жазықтығында жатады. Мұндай нүктелердің аппликаталары нөлге тең болады.
Үйге тапсырма беру: А(5; 6; 8), В(0; 2; 3) жөне С(2; 0; 5) нүктелерінің сызбасын сал. Олардың фронталь және горизонталь проекцияларын көрсет. Берілген нүктелердің қайсысы π1 жазықтығында жатыр?
Сабақ: №
Сабақтың тақырыбы:
Өзара перпендикуляр үш жазықтыққа тік бұрыштап проекциялау.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Сызбаны сызуда негізгі және көмекші сызықтарды түсіруге,
қажетті өлшемдерін түсіруге үйрету.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, өздігінен білім алып,
ізденімпаздық жүйелілеу қасиеттерін, жұмыс істей
алу дағдыларын дамыту.
б) Тәрбиелілік: Оқушыларды тез ойлауға, ойын жүйелей білуге,
ізденуге, нақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-
Тапсырмаларды орындау.
-
Сабақты бекіту.
-
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Нүктенің горизонталь және фронталь проекцияларынан тұратын сызбасы қайтымды болатындығын көрдік. Бірақ нәрсенің өзара перпендикуляр екі жазықтықтағы тікбұрышты проекцияларынан тұратын кескін, оның кеңістік бейнесін әрқашан дәл анықтай бермейді. Оның үстіне, іс жүзінде өте күрделі нәрселердің сызбасын сызуда олардың тек екі проекциясы жеткіліксіз болатын жағдайлар көп кездеседі. Сондықтан өзара перпендикуляр үш жазықтық алып, нәрсені оларға тік бұрыштап проекциялайық (58, а-сурет).
Бұл жазықтықтардың екеуімен таныспыз: олар 1 - фронталь проекциялар жазықтығы да, ал 2 — горизонталь проекциялар жазықтығы. Үшінші жазықтық 3 профиль проекциялар жазықтығы деп, ал онда алынған проекция нәрсенің профиль проекциясы деп аталады. Профиль - француз сөзі — қазақша "бүйірінен қарағандағы түрі" дегенді білдіреді. А3 нүктесі — А нүктесінің профиль проекциясы.
3 1; 3 2; 3 х. Горизонталь және профиль проекциялар жазықтықтарының қиылысу сызығын ординаталар осі, фронталь және профиль проекциялар жазықтықтарының қиылысу сызығын аппликаталар осі ретінде қарастыратын боламыз. 2 3 = y; 1 3 = z; y 1; z 2; Сызба салғанда 1 жазықтығын қағаз бетімен беттескен деп қарастырады, ал 2 және 3 жазықтықтарын оларға сәйкес абсцисса және аппликата осьтерінен айналдырып, оларды 1 жазықтығымен беттестіреді. Сонда алынған жазық фигураны (58, ә-сурет) с ы з б а деп атайды. Сызбада х осін горизонталь, z осін вертикаль орналастырады, ал у осі екіге бөлінеді. Ординаталар осінің бір жартысы z осінің, ал екінші жартысы х осінің жалғасы болады. Бір нүктенің фронталь жөне горизонталь проекциялары х осіне перпендикуляр түзудің бойында орналасады. Бұл түзуді вертикаль байланыс сызығы деп атайтын боламыз. Бір нүктенің фронталь және профиль проекциялары горизонталь байланыс сызығы деп аталатын, z осіне перпендикуляр түзудің бойында орналасулары керек. (А1А2) - вертикаль байланыс сызығы; (А1А3) — горизонталь байланыс сызығы. Нүктенің горизонталь проекциясынан абсциссалар осіне дейінгі қашықтық оның профиль проекциясынан аппликаталар осіне дейінгі қашықтыққа тең: |А2Аx| = |А3Аz|. Сондықтан сызбада нүктенің екі проекциясы берілсе, оның үшінші проекциясын табуға болады. Мысалы, А нүктесінің фронталь және горизонталь проекциялары берілсе, оның профиль проекциясын оңай тұрғызуға болады. Ол үшін нүктенің фронталь проекциясы арқылы горизонталь байланыс сызығы жүргізіледі. Осы сызықтың бойына z осінен бастап оның горизонталь проекциясынан х осіне дейінгі қашықтыққа тең кесіндіні салса болғаны. Егер А1 және А3 нүктелері беріліп, А2-ні тұрғызу керек болса жоғарыда айтылғанға керісінше орындаймыз. Нүктенің фронталь проекциясы арқылы вертикаль байланыс сызығын жүргіземіз. Осы сызықтың бойына х осінен бастап төмен қарай А3 нүктесінен z осіне дейінгі қашықтықты өлшеп саламыз. Енді А2 және А3 нүктелері беріліп, А1 нүктесін салу керек болса, А2 нүктесі арқылы жүргізілген вертикаль байланыс сызығы мен А3 нүктесі арқылы жүргізілген горизонталь байланыс сызығының қиылысу нүктесін табу жеткілікті. АВ кесіндісінің фронталь және горизонталь проекциялары А1В1 және А2В2 беріліп, оның профиль проекциясын салу керек болсын (59, а-сурет). А1 және В1 нүктелері арқылы горизонталь байланыс сызықтары жүргізіледі. Бұлар z осін Аz және Вz нүктелерінде қияды. Вертикаль байланыс сызықтарының х осімен қиылысу нүктелері Аx және Вх болсын. Горизонталь байланыс сызықтарының бойына |АxА2| және |BxВ2|-ге тең АzА3 және ВzВ3 кесінділерін салып, А3 және В3 нүктелерін аламыз. А және В нүктелерінің табылған профиль проекцияларын қосатын А3В3 кесіндісі берілген АВ кесіндісінің профиль проекциясы болады (59, ә-сурет). АВС үшбұрышының фронталь және профиль проекциялары – А1В1С1 және А3В3С3 үшбұрыштары беріліп, оның горизонталь проекциясы - А2В2С2 үшбұрышын салу керек болсын (60, а-сурет). А1, В1 және С1 нүктелері арқылы вертикаль байланыс сызықтарын жүргізіп, олардың бойына х осінен бастап нүктелердің сәйкес профиль проекцияларынан z осіне дейінгі қашықтықтарға тең кесінділер саламыз. Сонда А2, В2 және С2 нүктелерін аламыз. С3 нүктесі аппликаталар осінде жатыр, сондықтан С2 нүктесі абсциссалар осінде жатады. Енді А2, В2 және С2 нүктелерін кесінділермен қосу жеткілікті (60, ә-сурет).
Үйге тапсырма беру: 60-суретті А4 пішімге өлшемдерімен түсір.
Сабақ: №
Сабақтың тақырыбы:
Өзара перпендикуляр үш жазықтыққа тік бұрыштап проекциялау. Жаттығу.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Сызбаны сызуда негізгі және көмекші сызықтарды түсіруге,
қажетті өлшемдерін түсіруге үйрету.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, өздігінен білім алып,
ізденімпаздық жүйелілеу қасиеттерін, жұмыс істей
алу дағдыларын дамыту.
б) Тәрбиелілік: Оқушыларды тез ойлауға, ойын жүйелей білуге,
ізденуге, нақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-
Тапсырмаларды орындау.
-
Сабақты бекіту.
-
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Жаттығу.
1. АВ кесіндісінің горизонталь және профиль проекциялары – А2B2 және А3B3
кесінділері берілген (61, а-сурет). АВ кесіндісінің фронталь проекциясы – А1B1 кесіндісін сал.
2. АВС үшбұрышының А төбесінің фронталь және горизонталь проекциялары
(А1 және А2), В төбесінің фронталь және профиль проекциялары (B1 және B3), С төбесінің горизонталь және профиль проекциялары (С1 және С3) берілген
(61, ә-сурет). АВС үшбұрышының проекцияларын сал.
Үйге тапсырма беру: Өткенді қайталау.
Сабақ: №
Сабақтың тақырыбы:
Жеке жағдайда орналақан кесінділер мен жазық фигуралардың проекциялары.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға жеке жағдайда орналасқан кесінділер мен
жазық фигуралардың проекциялары жайлы мағлұмат беру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың белсенділігі мен біліктілігін, ізденімпаздық
дағдыларын қалыптастыру.
б) Тәрбиелілік: Жауапкершілікті сезінетін өнегелі жеке тұлғаны
тәрбиелеу, өзара жолдастық көмек көрсете білуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-
Тапсырмаларды орындау.
-
Сабақты бекіту.
-
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Фронталь, горизонталь және профиль проекциялар жазықтықтарының біреуіне де параллель болмайтын кесіндіні жалпы жағдайда орналасқан дейді. Жалпы жағдайда орналасқан кесінді проекцияларының ішінде оське параллель орналасқаны болмайды. 59-суретте кескінделген АВ кесіндісінің проекциялары ішінде оське параллель орналасқаны жоқ. Олай болса, АВ - жалпы жағдайда орналасқан кесінді. Проекциялар жазықтықтарының біріне параллель кесінді деңгейлік кесінді деп аталады. Фронталь проекция жазықтығына параллель кесіндіні фронталь орналасқан кесінді дейді. Фронталь орналасқан кесінді нүктелері 1 жазықтығынан бірдей қашықтықта орналасады. Сызбада фронталь кесіндінің горизонталь проекциясы х осіне, профиль проекциясы z осіне параллель орналасады, ал фронталь проекциясының ұзындығы кесіндінің өзіне тең. Горизонталь проекциялар жазықтығына параллель орналасқан кесіндіні горизонталь орналасқан кесінді дейді. Горизонталь кесінді нүктелері горизонталь проекциялар жазықтығынан бірдей қашықтықта орналасады. Сызбада горизонталь кесіндінің фронталь проекциясы х осіне, профиль проекциясы у осіне параллель орналасады, ал оның горизонталь проекциясының ұзындығы өзінің ұзындығына тең болады. 3 жазықтығына параллель кесінді профиль орналасқан кесінді деп аталады. Профиль кесіндінің горизонталь проекциясы у осіне, фронталь проекциясы z осіне параллель орналасады, ал оның ұзындығы профиль проекцияда сақталады. 62-суретте АВС үшбұрышының проекциялары кескінделген, АВС үшбұрышының қабырғалары ішінде проекциялар жазықтықтарына параллель орналасқандары бар ма? А2В2 || х жөне А3В3 || z екенін көреміз. Олай болса, АВ||1. АВ кесіндісі фронталь орналасқан және |АВ| = | А1В1|. B1C1 || х және В3С3 || у, сондықтан ВС || 2 ВС кесіндісі горизонталь орналасқан және |ВС| = |В2С2|. А1С1 || z және А2С2 || у, сондықтан
АС || 3. АС кесіндісі профиль орналасқан және |АС| = A3C3|. Деңгейлік кесінділердің қасиеттері сызбада кең түрде пайдаланылады. Проекциялар жазықтықтарының біреуіне перпендикуляр кесіндіні проекциялаушы кесінді деп атайды. Проекциялаушы кесінді проекциялар жазықтықтарының қалған екеуіне параллель болады. Фронталь проекциялар жазықтығына перпендикуляр кесінді фронталь проекциялаушы кесінді деп аталады. Фронталь проекциялаушы кесінді фронталь проекциялар жазықтығында - нүктеге, горизонталь проекциялар жазықтығында - өзіне тең вертикаль кесіндіге және профиль проекциялар жазықтығында оның өзіне тең горизонталь кесіндіге проекцияланады. Горизонталь проекциялар жазықтығына перпендикуляр кесінді горизонталь проекциялаушы кесінді деп аталады. Оның горизонталь проекциясы - нүкте, ал фронталь және профиль проекциялары кесіндінің өзіне тең вертикаль кесінділер болады. 3 жазықтығына перпендикуляр кесінді профиль проекциялаушы кесінді деп аталады. Профиль проекциялаушы кесінді 3 жазықтығында - нүктеге, 1 және 2 жазықтықтарында ұзындықтары кесіндінің ұзындығына тең горизонталь кесінділерге кескінделеді. 63-суретте параллелепипедтің үш проекциядан тұратын сызбасы берілген. Параллелепипедтің қырлары қалай орналасқан? Параллелепипедтің 12 қыры бар. Олардың төртеуі АD, ВС, ЕМ және ҒN - фронталь проекциялаушы кесінділер, келесі төртеуі АN, ВМ, СЕ және DҒ - горизонталь проекциялаушы кесінділер, қалған төртеуі АВ, СD, ЕҒ және МN - профиль проекциялаушы кесінділер. Проекциялар жазықтықтарының ешбіреуіне де перпендикуляр болмайтын жазық фигураны жалпы жағдайда орналасқан жазық фигура деп атайды. Жалпы жағдайда орналасқан жазық фигураның проекцияларының ішінде кесіндіге проекцияланатыны болмайды. 60-суретте кескінделген АВС үшбұрышының проекциялары ішінде кесіндіге проекцияланғаны жоқ. Олай болса, АВС үшбұрышы жалпы жағдайда орналасқан. Жеке жағдайда орналасқан жазық фигураларды проекциялаушы фигуралар және деңгейлік фигуралар деп екі топқа бөледі. Проекциялаушы жазық фигуралар проекциялар жазықтықтарының біреуіне перпендикуляр орналасады және өзіне перпендикуляр проекциялар жазықтығында кесіндіге проекцияланады. Фронталь проекциялар жазықтығына перпендикуляр жазық фигура фронталь проекциялаушы, горизонталь проекциялар жазықтығына перпендикуляр жазық фигура горизонталь проекциялаушы және профиль проекциялар жазықтығына перпендикуляр жазық фигура профиль проекциялаушы фигуралар деп аталады. 64, а-суреттегі АВС үшбұрышының проекцияларын қарастырайық. Оның фронталь проекциясы кесіндіге проекцияланған. АВС үшбұрышы фронталь проекциялаушы жазық фигураның мысалы бола алады. АВСD тіктөртбұрышының горизонталь проекциясына қарап, оның 2, жазықтығына перпендикуляр екенін көреміз.
АВСD - тіктөртбұрышты горизонталь проекциялаушы жазық фигура (64, ә-сурет). 64, б-суретте кескінделген ЕҒМN тіктөртбұрышы 3 жазықтығына перпендикуляр профиль проекциялаушы жазықтықта жатыр.
Үйге тапсырма беру: Фронталь орналасқан АВ кесіндісінің фронталь проекциясы А1В1 және А нүктесінің горизонталь проекциясы А2 берілген (66, а-сурет). АВ кесіндісінің горизонталь және профиль проекцияларын сал.
Сабақ: №
Сабақтың тақырыбы:
Жеке жағдайда орналақан кесінділер мен жазық фигуралардың проекциялары. Жаттығу.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға жеке жағдайда орналасқан кесінділер мен
жазық фигуралардың проекциялары жайлы мағлұмат беру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың белсенділігі мен біліктілігін, ізденімпаздық
дағдыларын қалыптастыру.
б) Тәрбиелілік: Жауапкершілікті сезінетін өнегелі жеке тұлғаны
тәрбиелеу, өзара жолдастық көмек көрсете білуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-
Тапсырмаларды орындау.
-
Сабақты бекіту.
-
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Проекциялар жазықтықтарының біреуіне параллель орналасқан жазық фигураны деңгейлік жазық фигура деп атайды. Жазық фигура фронталь проекциялар жазықтығына параллель орналасса, оны фронталь орналасқан фигура дейді. Фронталь орналасқан жазық фигура фронталь проекциялар жазықтығына бұрмаланбай, өзінің нақты шамасын сақтап кескінделеді. Мысалы, центрі О нүктесінде жататын фронталь орналасқан шеңбер 1 жазықтығында - өзіне тең шеңберге, 2 жазықтығында - горизонталь кесіндіге және 3 жазықтығында - вертикаль кесіндіге проекцияланады (65-сурет). Горизонталь орналасқан жазық фигура 1 және 3 жазықтықтарында горизонталь кесінділерге, ал 2 жазықтығына бұрмаланбай, нақты шамасын сақтап кескінделеді. Профиль проекциялар жазықтығына параллель орналасқан жазық фигура 1 және 2 жазықтықтарында вертикаль кесінділерге, ал 3 жазықтығына бұрмаланбай, нақты шамасын сақтап кескінделеді. 63-суретте кескінделген параллелепипедтің жақтары қалай орналасқан? Параллелепипедтің 6 жағы бар, олар екі-екіден өзара параллель. Параллелепипедтің алдыңғы және артқы жақтары (АВМN және СDЕҒ) фронталь проекциялар жазықтығына, үстіңгі және астыңғы жақтары (АВСD және ЕҒМN) горизонталь проекциялар жазықтығына, сол жақтағы және оң жақтағы жақтары (АDҒN және ВСЕМ) профиль проекциялар жазықтығына параллель орналасқан.
Жаттығу
1. Горизонталь орналасқан СD кесіндісінің фронталь проекциясы C1D1 және D нүктесінің горизонталь проекциясы D2 берілген (66, ә-сурет). СD кесіндісінің горизонталь және профиль проекцияларын сал (|СD| = 50 мм).
2. Профиль проекциялаушы ЕҒ кесіндісінің ұзындығы 40 мм. Оның профиль проекциясы Е нүктесінің фронталь проекциясы Е1, берілген (66, б-сурет). ЕҒ кесіндісінің фронталь және горизонталь проекцияларын сал.
Үйге тапсырма беру: Горизонталь проекциялар жазықтығына перпендикуляр орналасқан АВС үшбұрышының профиль проекциясын сал (66, в-сурет).
Сабақ: №
Сабақтың тақырыбы:
Геометриялық денелердің проекциялары.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушылардың таным қабілетін, логикалық ойлау
қабілетін дамыту, оқушыларды детальдарды кескіндеп,
бейнелеуге үйрету.
ә) Дамытушылық: Детальдардың күрделілігіне қарай сызбаларын сызу,
қажетті өлшемдерін түсіруге үйрету.
б) Тәрбиелілік: Сызбаларды салауатты сызып, топпен жұмыс
жасап, бір-бірін тыңдай білуге үйрету, мәдениетті
болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-
Тапсырмаларды орындау.
-
Сабақты бекіту.
-
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Достарыңызбен бөлісу: |