Сабақ: №1 Тақырыбы: «Кіріспе. Биохимиялық зертхананы ұйымдастыру» Сабақ түрі: Теориялық



бет2/3
Дата25.02.2023
өлшемі58.49 Kb.
#470030
түріСабақ
1   2   3
1 аудиториялық сабақ

Вирусология Цитология


Бактериология Аанатомия


Микология Физиология


Зоология Медицина

Жаңа кезеңдегі биохимия – көп салалы ғылым, ол бір-бірімен байланысқан, бірақ соның өзінде биохимияның тарихи дамуы кезеңінде қалыптасқан жеке бөлімдерден тұрады. Бұл бөлімдердің ішіндегі ең маңыздылары ағзаның химиялық құрамын зерттейтін статикалық биохимия, метаболизмді зерттейтін динамикалық биохимия, метаболитикалық процестердің ағзаның тіндері мен мүшелерінің физиологиялық (биологиялық) қызметтерімен байланысын зерттейтін функционалды биохимия болып табылады.


ХХ ғасырдың 70-жылдарында академик Ю.В.Овчинниковтың қолдауымен органикалық химия мен биохимияның шектесуіне ағзаның биологиялық қызметтерін қамтамасыз ететін органикалық заттардың құрылысы мен қасиеттерін зерттейтін «биоорганикалық химия» бағыты пайда болды. Биохимиядағы бұл бағыт статикалық биохимиямен тығыз байланысты.
ХХ ғасырдың екінші жартысында жалпы биологиялық құбылыстардың, атап айтқанда тұқым қуалаушылық, өзгергіштік және биологиялық эволюцияның молекулярлық негізін түсінуге мүмкіндік беретін ДНҚ құрылымы белгілі болғаннан кейін биохимияда молекулярлық биология деп белгіленген жаңа бағыт пайда болды және қазіргі кезеңде «биохимия» және «молекулярлы биология» терминдері синонимдер болып табылады.
Соңғы жылдардағы зерттеулер клеткалардың, тіндердің, мүшелердің қызметі метаболитикалық үдерістер кезіндегі заттардың тек коваленттік өзгерісіне ғана байланысты емес екендігін көрсетіп отыр. Сонымен қатар, ағзаның зат алмасуы мен қызметтерінде бір заттың екінші бір затқа айналуы және қозғалыстардың коваленттік құрылымының өзгерісімен байланысты емес физикалық-химиялық үдерістердің де үлкен маңызы бар екендігі белгілі болды. Сондықтан өмірдің физикалық-химиялық және молекулярлы-физикалық негізін зерттеуші биохимияның бір бөлімі – физикалық-химиялық биология пайда болды.
ХХ ғасырдың ортасына дейін медицинаның негізін морфологиялық және физиологиялық пәндер құрып, ал биохимия физиология мен медицинадағы бағыт қана болып келсе, қазіргі кезеңде биохимия – негізгі медициналық-биологиялық ғылым болып табылады және клиникалық биохимия түрінде жаңа бағытта қалыптасып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет