Сабақ №4. 8 Жұмыстың атауы: Жүрек-өкпе реанимациясы



бет1/2
Дата03.07.2023
өлшемі55 Kb.
#475516
түріСабақ
  1   2
Әдістемелік құрал Арайлым


Симуляциялық сабақ №4.8
Жұмыстың атауы: Жүрек-өкпе реанимациясы
Жұмыстың мақсаты: Жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу алгоритмі, жүрекке тікелей массаж жүргізу және дұрыс дем беру техникасын көрсету. Жүрек қызметін, қан айналымын қалпына келтіру.
Қажетті құрал-жабдықтар: Амбу қапшығы, дәкелер, тонометр,дефибриллятор, ЭКГ,дәрілік препараттар
Жұмыстың мазмұны:
Қарапайым өкпе – жүрек реанимациясы.
Терминал жағдайда медбикенің іс –әрекет алгоритмі.
Өлім жағдайы ОЖЖ қызметінің төмендеуі,қанайналым мен тыныс жүйесінднгі бұзылуларға байланысты ажыратылады.
Терминал жағдай: организмнің тіршілік етуінің критикалық деңгейде бұзылуымен сипатталады: Қ/Қ төмендейді, ағза тіндерінде газ алмасуы мен зат алмасу терең бұзылады.
Жанталасу алды, жанталасу және клиникалық өлім: терминал жағдай , яғни науқас өлім мен өмір арасында болады . осы жағдайда алғашқы реанимациялық жәрдем көрсету адам өмірін сақтап қалудың жалғыз әдісі болып табылады.
Жанталасу алды жағдайының ( белгілер жиынтығы):
- Есеңгіреу
- Ес санасы анық емес
- Қ/Қ бірден төмендеуі 60 мм. с.б.
- Шеткері артерияларда тамыр соғуы әлсіз, толымдылығы төмен(жіп тәрізді )
- Тынысы жиі ,үстіртін
- Ентігу(тынысы жиі- тахипноэ )
- Тері және шырышты қабықтардың көгеруі немесе ағаруы.
Терминалдық үзіліс- жанталасу алды жағдайының жанталасу жағдайына өтуі арасындағы өтпелі жағдай.Терминал үзіліс тыныс жиілеуінің бірден тоқтауымен сипатталады. Терминал үзілістің ұзақтығы 5-10 секундтан 3-4 минутқа дейін созылады.
Жанталасу жағдайы – бұл өлім алдында организмнің реактивтілік және бейімделу реакциясының соңғы көріністері.
Жанталасу жағдайының белгілер жиынтығы:
Тыныс алудың бұзылуы ( Чейн- Стокс, Биот, Куссмауль,гаспинг )әрбір тыныс алған кезде жаны шыққалы жатқан адамның басы артқа қарай шалқақтайды, ауаны жұтқандай болады ( гаспинг)
Есі жоқ, барлық рефлекстері жойылған, көз қарашықтары кеңійген
Жүрек соғуы жиілейді
Қ/Қ 20-40 мм.с.б. дейін төмендейді.
Шеткері артерияларда тамыр соғысы жоғалады және ірі артериялары
Жалпы тонустық құрысу
Дене қызуы төмендейді
Еріксіз кіші және үлкен дәретке отыру
Клиникалық өлім – бұл қайтарымды жағдай, организмнің бірнеше минут бойы (5-6 мин.) өткізетін халі, қан айналымының және тыныс алуының толық тоқтау жағдайында, бас миының үлкен жарты шарысы қыртысының өткізетін уақыты болып анықталады.
Зат алмасу процесінің сөнуі анықталған тізбектілікпен болады.
Тұп-тұра жүрек және өкпенің жұмысы тоқтаған соң, зат алмасу процесі қатты төмендейді, бірақта анаэробты гликолиз нәтижесінде толық тоқталмайды.
Клиникалық өлімнің ұзақтығы – қан айналымы жоқ жағдайда толық оттегі жетіспеушілігінде бас миы жасушаларының қабілеттілігімен анықталады. Жүрек тоқтаған соң 5-6 минут аралығында бұл жасушалар өледі де. Кенеттен есінен айырылады.
Клиникалық өлімнің белгілері :
Есі болмайды
Тыныс алуы тоқтайды
Терісі бозарады, сұрланады және көгереді
Ірі артерияларда ұйқы және сан артерияларында тамыр соғуы болмайды.
Көздің қарашығы ең үлкен кеңейеді, жарыққа рекциясы болмайды.
Рефлекстері толық болмайды
Реанимация – бұл организмді тірілту, тіршілік маңызды қызметін қалпына келтіруге алдымен тыныс алу және қан айналуын, ұлпаларды жеткілікті мөлшерде оттегімен қамтамасыз етуге бағытталған.
1. Тірілту бойынша шаралар кешіктірілмей басталуы қажет.
2. Оқиға болған жерге қарамай бастапқы іс әрекет аман алып қалу бойынша бірдей жүргізіледі, бұл жерде маңызды 2 міндетті әдісті орындау :
- Зардап шегушіні көлденең қатты жерге жатқызыңыз. Осы әдісті жұмсақ бетке орындау күткен әсерді бермейді, өйткені жұмсақ бет құтқарушының қимылдауымен серпіліп, жүректі қажетті қысуға мүмкіндік бермейді;
- Кеуде торының алдыңғы берін жалаңаштаңыз, белдігін босатыңыз.
3. Әрі қарай Питер Сафардың басшылығына сәйкес тірілту келесі кезеңдерден тұрады :
А ережесі. Жоғарғы тыныс жолдарының ерікті өткізгіштігін қамтамасыз ету.
В ережесі. «ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға » әдістері өкпенің жасанды вентиляциясы арқылы тыныс алуды жасанды қолдау.
С ережесі. Жүрекке массаж жасау арқылы қан айналымын жасанды қолдау.

А ЕРЕЖЕСІ. Науқасқа тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету


Бұл алғашқы реанимациялық шара, көбінесе барлық жүрек-өкпе жетістігін қамтамасыз етеді.
Тілдің артқа қарай түсіп кетуі, бөгде заттармен бітелуі – тыныс алу өткізгіштігінің бұзылу себептері болады. Ең жиі себеп – науқастың ес түссіз жағдайына жұтқыншақтың артқы қабырғасына қарай тіл түсіп кетеді. Осы жағдайда төменгі жақ сүйек пен мойын бұлшық еттерінің жиырылу қабілеті жоғалып, жұтқыншақтың артқы қабырғасына тілдің түбірін көтереді. Тіл өзінің ауырлығымен жұтқыншақтың артқы қабырғасына түседі және дем алған уақытында қақпаша сияқты ауаны өткізбеуі мүмкін.
Зардап шегушінің ауыз қуысын қарау.
Ауыз қуысында бөгде заттар (қан, шырын, құсық қоспасы, тамақ қалдықтары және т.б.) болса, онда ауыз қуысын және жұтқыншақты тазарту (босату) қажет:
- Зардап шегушінің басын оң жақ қырына бұрыңыз, сол қолдың үлкен саусақпен төменгі алдыңғы тістерді, ал 2(сұқ) саусақпен жоғары тістерді басыңыз;
- Аузын ашыңыз;
- Алмалы салмалы тістерін алыңыз;
- Оң қолдың 2 (сұқ) және 3 (ортаңғы) саусақтарын алдын ала орамалмен, сүткілермен немесе басқа матамен орап алып (бұл жоғарғы тыныс жолдарының толық ашылуына себепкер болады) немесе электросорғыш көмегімен ауыз қуысын мұқият түрде тазартыңыз;
- Зардап шегушінің өкпесіне 3-5 дем беруді жасап, кеуде торы экскурсиясы бойынша тыныс жолдарының өткізгіштігіне көзіңізді жеткізіңіз.
ІІ. САФАРДЫҢ ҮШ ҚҰРАМДЫ ӘДІСІ
Іс-әрекет алгоритмі :
1. Басты шалқайту : тыныс жолдарын түзету үшін – реаниматор бір қолын зардап шегушінің маңдайына қойып, басын толық артына қарай шалқайғанша алақанымен басады, ал екінші қолымен мойнын артынан көтереді.
2. Төменгі жақ сүйегін алға қарай жылжыту: тілдің артқа қарай түспеуін алдын алу үшін – саусақтардың ұштарын иек астына орналастырып, көтеріңіз, жоғарғы және төменгі тістер сәйкестендірілулері керек. 1-ші саусақты алдыңғы тістердің негізінен төмен ұстаңыз, 2-ші саусақ иек асты аймағынан, 3-5 саусақтармен төменгі жақ сүйегін бекітіңіз. Төменгі жақты төмен ығыстырып алдына қарай жылжытыңыз. Екінші қолдың алақаны зардап шегушінің маңдайында тұрады.
3. Ауызды ашыңыз: зардап шегушінің тыныс жолдарына ауаны үрлеу үшін.
Барлық бұл әдістер ауыз қуысының түбіндегі бұлшық еттің тартылуын қамтамасыз етеді, соның есебінен тіл бекітіліп, артқа қарай кетпейді.
В ЕРЕЖЕСІ. Өкпенің жасанды вентиляциясы
Өкпеге жасанды вентиляцияны жүргізгенде келесі ережелерді сақтайды:
1. Зардап шегушінің өкпесі мен реаниматордың өкпесі жүйелеріне саңылаусыздықты қамтамасыз ету қажет.
2. Вентиляцияның адекваттылығын тұрақты бақылау, кеуде торының дем алуда көтерілуін және дем шығаруды түсуін бақылау, немесе өкпеден дем шығарғандағы ауаның қозғалуын қабілетті естушілікпен қабылдау.
3. Есіңізде болсын, вентиляция тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз еткенде болады
Өкпенің жасанды вентиляциясын «ауыздан-ауызға» жасау әдісі.
Мақсаты: құтқарушыдан (реаниматордан) деммен шығатын ауаны зардап шегушінің өкпесіне енгізу.
Қолдану көрсетілімдері : клиникалық өлім (П. Сафардың үш құрамды әдісін қараңыз).
Іс – әрекет алгоритмі:
- Бір қолдың алақыны қырымен маңдайын баса отырып, зардап шегушінің басын шалқайтылған қалыпта ұстаңыз;
- Осы қолдың үлкен (І)және сұқ (ІІ) саусақтарымен зардап шегушінің мұрнын қысыңыз;
- Екінші қолыңызбен иекті басыңыз, зардап шегушінің аузы ашылады, аузына орамалды немесе салфетканы жабыңыз;
- Терең демді ішке алыңыз, өзіңіздің ерініңізбен зардап шегушінің еріндерін тығыз және саңылаусыз қамтып алыңыз, салфетка арқылы өз өкпеңіздегі барлық ауаны зардап шегушінің тыныс жолдарына жігерлі үрлеңіз, сонан соң өзінің басын қырына бұрады, аузынан алғанда пассивті дем шығарылуы болады. Кеуде торы көтерілуі қажет. Келесі демді ішке алуды зардап шегушіге кеуде торы түскенде және алғашқы қалыпқа келгенде жасайды

Өкпенің жасанды вентиляциясын «ауыздан-мұрынға»


жасау әдісі
- Зардап шегушінің маңдайындағы қолыңызбен, басты артқа қарай шалқайтыңыз, ал екінші қолмен төменгі жақ сүйегін алға қарай жылжытып иекті тартыңыз зардап шегушінің аузы жабылады;
- Терең демді ішке алып, зардап шегушінің мұрнын еріндермен қамтып, демді шығарыңыз.
Ересек адамдарға өкпенің жасанды вентиляциясы минутына 12 рет дем алу жиілігімен жасалады, ерікті дем алу пайда болғанша немесе «жедел жәрдем беру машинасы» келгенше немесе биологиялық өлімнің белгілері көрінгенше зардап шегушінің өкпесіне әрбір 5 секунд сайын үрлеу жасау керек.
С ЕРЕЖЕСІ. Ересек адамдардың жүрегіне сырттай массаж жасау
Жүрекке массаж жасау жұмыс жасамайтын жүрек жағдайында қан айналымын қалпына келтіруге бағытталған. Төс пен омыртқа арасындағы жүректі дұрыс қысу нәтижесінде, оның қуысындағы қан қан жүретін тамырларға итеріліп шығарылады. Төске қысуды тоқтатқаннан кейін, кеуде торы иілмелі күшімен қайта жазылып және қан қайтадан жүректі толтырады.
Мақсаты : жүрек қызметін, қан айналымын қалпына келтіру.
Қолдану көрсетілімдері : клиникалық өлім.
Іс – әрекет алгоритмі :
1. Зардап шегушіні шалқасынан қатты жерге жатқызыңыз.
2. Оның қысып тұрғанкиімін (көйлегін) шешіңіз, жүрек аймағын жалаңаштаңыз, белдікті босатыңыз.
3. Реаниматор зардап шегушіден қырына тұрады.
4. Зардап шегушінің кеуде торы жағынан тізелеп тұрып, төс сүйегінің төменгі үштен бір бөлігіне тіке ұстаған қолыңызды пенпендикулярлы қойыңыз.
5. Өзіңіздің иығыңызды оның төс сүйегіне паралельді орналастырыңыз.
6. Төстің төменгі үштен бір бөлігіне бір алақанға екінші алақанды, саусақтарды сәл жоғары көтере отырып қойыңыз. Зардап шегушінің кеуде торына саусақтарыңыз жанаспау керек – қолдарыңыз «ұшып бара жатқан құстың қанатындай» қалыпта болады.
7. Шынтақ буынынан қолыңызды толық түзетіңіз.
8. Төс сүйегінің төменгі үшінші бөлігін дене салмағының күшін пайдалана отырып, 5-6 см омыртқаға қарай ығыстырып 0,5 секунд үзіліспен жігерлі, итеріп, қатты басыңыз.
9. Үзілісте қолды төстен алмайды, саусақтары көтеріңуі қалады, шынтақ буынынан қолдары толық түзетіледі.
Есте сақтаңыз ! кеуде торын қысу, оның толық тоқтауымен алмасуы қажет, жүрек қанмен толуы қажет. Ересек адамдарда қысу жиілігі минутына 60-80 соққы құрастырады.
Кеуде торын қысқаннан соң ауа жіберілуі қажет.
Егер де реанимацияны 1 адам жүргізсе, онда өкпеге 2 рет үрлеу және төске 15 компрессия (басу) жасайды. Екі манипуляцияны бір және сол жағынан жүргізеді.
Егер де реанимацияны 2 адам жүргізсе, онда өкпеге 1 рет үрлеу және төске 5 компрессия (басу) жасалады.
Жүрекке массаж жасау әсерлілігінің көрсетілімдері:
Егер де тірілту әдісі дұрыс орындалса, онда құтқарушыда :
- Ұйқы және шеткері артерияларында тамыр соғу пайда болады.
- Көздің қарашығы бірте-бірте кішірейеді
- Тыныс алу қалпына келеді
- Терісінің түсі жақсарады.
Әрбір 2 минут сайын – ұйқы артериясында тамыр соғуды және көз қарашығының реакциясын бақылайды.
Реанимация жүргізген уақытында бас миының гипоксия әсерін азайту қажет: басына мұзды мұйықты мұзбен немесе салқын сумен қояды; оның қанмен қамтамасыз етуін азайту : құтқарушының аяғын көтеру, олардың астына көрпені, киімді, чемоданды немесе басқа да қасындағы заттарды салу.
Сәтті кезде тыныс алу және жүрек қызметін еркін қалпына келтіргенде, барлық жағдайларда ес қайта келмейді. Зардап шегушіні орнықты қыр қалпына жатқызу керек, тілдің түсінуінен болатын асфиксияны және құсқандағы құсықпен қақалмауынан сақтау. Басын салқындатып, жалпы немесе бөтелкедегі жылы сумен айнала қоршаңыз.
Егер де барлық әдіс дұрыс орындалса, онда қан айналымының жақсару белгілері жоқ болса : көз қарашығы кең болып қалады, көгеруі кетеді, ерікті тыныс алу және жүрек қызметі қалпына келмейді, онда осы мезгілде барлық шараларды 30 минут жалғастырады, осы уақытта әсерін жеткіздірмей, реанимацияны тоқтатады. Реанимациялық шараларды тоқтатқан кезең биологиялық өлімнің болу уақыты болып есептеледі, құтқару әсерсіз болады, бірнеше себептермен : әдістерді дұрыс орындалмаған, не кешіккен реанимацияның басы немесе зақымдалу өмірмен үйлесімсіз.
Биологиялық өлім – бұл организмнің тіршілік қызметінің қайтарылмайтын тоқтауы.
Бас миының қыртысының жасушаларында қайтарылмайтын өзгерістер басталған кезде шын немесе биологиялық өлім басталады:
- Тыныс алуы толық тоқталады (апноэ);
- Қан айналымы тоқталады (асистолия);
- Ес-түсі жоқ (кома);
- Көздің мүйізгек қабығы бұлдырайды және құрғайды;
- «мысық көз» белгісі;
- Дене қызуы төмендейді;
- Өлік дағы пайда болады;
- Өлік сіресіп қатып қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет