Сабақ №6 Сабақ тақырыбы: Орташа мәндерді бағалау әдістері



Дата19.10.2022
өлшемі1.53 Mb.
#462950
түріСабақ
ММОК214 4-топ пр4 Педагогикалық тәжірибе нәтижелерін өңдеудің математикалық әдістері (1)




Практикалық сабақ №6
Сабақ тақырыбы: Орташа мәндерді бағалау әдістері.

Топтық жұмыс: Сабақ тақырыбына байланысты бір диссертациялық жұмысты алып талдау жүргізу


ММОК214
4-топ
Орындағандар:
Сәрсенбай Есқат
Тұрап Гүлзат
Телқожа Элдана
Әшір Гүлбаршын
Халықберген Болат

Алматы 2022


Таңдап алынған диссертациялық жұмыстың тақырыбы:


«THE EFFECT OF USING GAME-BASED LEARNING ACTIVITIES IN ALGEBRA ON SEVENTH-GRADE STUDENTS’ ALGEBRA ACHIEVEMENT, ATTITUDE TOWARDS MATHEMATICS AND OPINIONS ABOUT GAME-BASED LEARNING ACTIVITIES»
Zeynep Işılay Başkahya
William Paterson University
(September 2021)

  1. Диссертацияның құрылымы

Диссертацияның жалпы құрылымы мына бөлімдерден тұрады:

  1. бөлім(кіріспе)

  2. бөлім(әдебиеттерге шолу)

  3. бөлім(әдістемелік бөлім)

  4. бөлім(зерттеу нәтижелері)

  5. бөлім(талқы)

Біздің негізгі қарастырып отырған диссертациялық жұмыстарда жүргізілетін педагогикалық эксперимент мәліметтеріне математикалық өңдеулер жасауға байланысты жұмыстар 3-4 бөлімдерде жүзеге асады.

2. зерттеу сұрағы
Педагогикалық эксперименттің мақсаты 7 сынып оқушыларына мектеп алгебра курсын оқытуда цифрлық ойындарды қолданып сабақ жүргізудің оқушылардың алгебра пәніне деген көзқарасын зерттеу және ойынға негізделген оқу әрекеттерін пайдалану туралы пікірлерін зерттеу болды. Нәтижесінде, осы зерттеудің негізін құрайтын зерттеу сұрақтары келесідей:
1. Алгебра бойынша жетінші сынып оқушыларының үлгеріміне ойын оқу әрекетін қолданудың әсері қандай?
2. Жетінші сынып оқушыларының математикаға деген көзқарасына ойын оқу әрекетін қолданудың әсері қандай?
3. Жетінші сынып оқушыларының алгебра сабақтарында ойын жаттығуларын қолдану туралы пікірі қандай?

  1. педагогикалық эксперименттің құрылуы

Педагогикалық экспериментті жүргізуге 7 сынып оқушылары қатысты.
Эксперимент жүргізілген уақыт: 5 апта.
Кіріктірілген материялдар : тест, жұмыс парағы, тыйым салынған ойын карталары, алгебра тақтайшалары, жұмыс парақтары, белсенділік парағы, карталар, шығу картасы, алгебра тақтайшалары, бинго карталары және жауап карталары, планшеттер, Uno, домино ойын карталары, үлгерім тесті және математикаға қатынас шкаласы.

Бағалау әдістер: тест, сауалнама, сабақ барысындағы оқушының іс-әрекеттері, оқушының өзін көрсетуі, сырттай бақылау.

  1. апта: оқушылар "тыйым салу(Taboo)"ойыны арқылы 6-сыныпта үйренген алгебраға қатысты алгебралық өрнек, айнымалы, коэффициент және тұрақты термин сияқты маңызды терминдерді анықтай алды.

  2. апта: оқушыларға алдыңғы сабақта өткен оқу материалдарын еске түсіру үшін әр оқушыға сұрақтар берілді және оқушыларға сұрақтардың жауаптары тұрған партаны тауып отыруға нұсқау айтылды.

  3. апта: оқушылар Бинго ойыны арқылы алгебралық сұрақтарды жауаптарымен сәйкестендіреді.

  4. апта: оқушылар Uno ойын карталары арқылы алгебралық өрнектерді құрастыруды үйренеді.

  5. апта: 5 апта бойы талқыланған тақырыптарды Домино ойыны арқыл қысқаша қорытындыланды. Осы уақытқа дейін қарастырылған тақырыптармен байланысты "алгебра жолы" ойыны ойнатылды.


Оқушылардың алгебра пәні бойынша оқу ілгерімінің және олардың математикаға деген көзқарасының өзгерісін анықтауға бағытталған бақылау іс-қимылдары:
Оқу үлгерімінің өзгерісін анықтау үшін 30 минуттық тест, көзқарастын білу үшін 10 минуттық тест жұмысы жүргізілген.


  1. Алынған мәліметтерге математикалық өңдеулер жасалу жағдайы

Алгебра жетістіктері сынағы және математикаға деген көзқарас шкаласы арқылы жиналған талданды(Уилкоксон сынағы). Алынған мәліметтерге сандық әдістермен өңдеулер жасау арқылы цифрлық ойындардың оқушылардың оқу үлгеріміне әсері бар екені көрсетілген.Алынған мәліметтер төменде көрсетілген.

1-ші сұрақ бойынша нәтиже
2-ші сұрақ бойынша нәтиже

3-ші сұрақ бойынша нәтиже

4-ші сұрақ бойынша нәтиже

5-ші сұрақ бойынша нәтиже

6-ші сұрақ бойынша нәтиже

Алгебра жетістіктері сынағы және математикаға деген көзқарас шкаласы арқылы жиналған мәліметтердің нәтижесі келесідей:

Уилкоксонның дәрежелік сынағы цифрлық ойындарды алгебра сабағында қолдану 7- сынып оқушыларының оқу үлгерімінің статистикалық өсуін көрсетті (Z =-3,426, p = 0,001 үлкен өлшемді r = әсерімен .56).

Оқушылардан бірінші рет алынған тестің орташа баллы 55,84 болды, стандартты ауытқу 20,79 болды. Минималды және максималды ұпайлар сәйкесінше 23 және 95 деп есептелді. Соңғы тест бойынша оқушылардың орташа баллы 63,79 болды, стандартты ауытқу 18,63 болды. Минималды және максималды ұпайлар сәйкесінше 26 және 94 деп есептелді.
Кестеде бойынша, кейінгі және дейінгі орташа балл өсті.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет