Сабақтың тақырыбы: Автобуста және троллейбуста жүру
Мақсаты:Оқушыларды қоғамдық көлікте (автобус пен троллейбуста) мініп- түсу, өзін дұрыс ұстауға үйрету. Әдептілікке, үлкенді сыйлауға, сыпайылыққа тәрбиелеу. Жолда жүру ережесін есте ұстауға дағдыландыру. Танымдық қабілетін арттыру.
Сабақ барыс
І. Сабаққа зейіндерін аудару. Күн ретін жазу. «Бағдаршам » ойыны
Жұмбақ шешу Жауабы автобус, троллейбус болатын жұмбақтар шешу.
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Дәптерге жазу
Көлік құралдарының түрлері
Адамдарды немесе жүктерді тасуға арналған қондырғы көлік құралдары деп аталады. Адамдарды тасуға қызмет ететін көлік жалпы пайдаланылатын көлік. Оған: автобус, троллейбус, трамвай, маршрутты таксилер, бұлар берілген маршрут бойынша жүреді.
Жүк тасуға қызмет ететін көлік жүк көлігі деп аталады
ІІІ.Арнайы көлік – бұл арнайы дабылдармен жабдықталған көлік (дабыл, гудок, пуыспалы жарық). Бұған жататындар : полиция, өрт және санитарлық автомобильдер.
Бұлармен қатар көліктің қызметтік және жеке түрлері бар.Қызметтік көлік- бұл кәсіпорынның мұқтажы үшін қызмет ететін кәсіпорынның меншігі.Жеке көлік – бұл азаматтардың жеке меншігіндегі көлігі.
Автобусты, троллейбусты тек аялдамада ғана күтуге рұқсат етіледі.Көлкке міну құны қанша?
Жүргіншілерді түсіру мен мінгізу тек көлік құралы толық тоқтағаннан кейін рұқсат етіледі. Қоғамдық көлікке артқы есіктен кіру, ал шығу үшін алдыңғы есікті пайдалану көзделген; балалар мен қарт адамдар алдыңғы есіктен міне алады. Жас балаларға ата- аналарынсыз көлікте жүруге болмайды. Көптеген қоғамдық көлік құралдарының баспалдақтары балалар мен қарт адамадар үшін, әсіресе қолайсыз ауа райында қиындық туғызады, сол үшін арнайы тұтқалардан ұстауға тура келеді.
Автобусқа мінген кезде автобус пен оны күтуші адамдардың арасында қалмауға тырысыңыз.Бұл әсіресе көктайғақта қауіпті. Өйткені сізді олардың қағып кетуі және таптауы, келген көлікке қысуы мүмкін, ең қаіптісі дөңгелектің астына түсіп қалуыңыз мүмкін. Аяқ астынан тежегіш басылған жағдайда қолшатыр, трос және өткір ұшы бар басқа заттар қауіпті.
Автобуста басқаларға кедергі жасамау үшін дауысы қатты шығармай әңгімелескен жөн.
Қалалық көлікте есік автоматты түрде ашылады, сондықтан жүргіншілердің мініп- түсуіне кедергі жасамауы үшін есік табалдырығында тұруға болмайды. Ашық терезеден мойынды шығаруға және қолмен ұстауға болмайды.
Қарт адамдарға орын беру қажет. Автобус ішінде тежегіш күрт басылған жағдайда құлап қалмау үшін бойыңыз жетсе жоғарыдағы тұтқадан ұстаған жөн. Қауіпті алдын ала байқау мүмкіндігі болуы және одан жалтаруға үлгеру үшін қозғалыс жаққа қарай қарап тұрған жақсы. Жүріп келе жатқан көлікке қозғала беру де қауіпті.
Кез келегн қоғамдық көлікте өрт шығуы мүмкін екендігін есіңде ұста. Осы себептен болған жол көлігі оқиғасында мүмкіндігінше оның ішінен жылдам шығып кеткен жөн. Ток өтетін өткізгіш зақымдалуынан болған авария жағдайында троллейбустағы ең қауіпсіз орын- орындық.Бұл жағдайда аяқты еденнен көтеріп, қабырға мен тұтқаға сүйенбеген жөн.
І\/.Бекіту. Топтармен жұмыс.Эссе жазу. Мен толлейбуспын. Мен автобуспын
Жұмбақ құрастыр. Өлең құрастыр
\/. Қортындылау: Адамдарды тасуға қызмет ететін көлік қалай аталады? Жүктерді тасуға арналған көлік қалай аталады? Қандай көлік түрлерін білесіздер? Көлікте ата- анасыз жүруге бола ма? Қоғамдық көлік ішінде өзіңді қалай ұстау керек? Көлік терезесінен неге қарауға болмайды?
Бағалау
Үйге:автобус пен троллейбустың суретін салу
Достарыңызбен бөлісу: |