5Б сыныптың «1 наурыз – Азаматтық қорғаныстың дүниежүзілік күні» сынып сағаты
Оқу және тәрбиелік мақсаттары:
Әр азамат нені білу немесе тіпті болмаса Азаматтық қорғаныс жүйесі туралы ұғымы болуы, соғыс жағдайында өз өмірін қалай сақтау керек екені туралы оқушыларға ұғым беру.
Сабақ барысы.
-
Жұмысқа психологиялық дайындалу.
-
Сынып сағатының тақырыбын және мақсатын хабарлау.
-
Сынып жетекшінің сөзі.
Жыл сайын 1 наурыз күні Азаматтық қорғаныстың дүниежүзілік күні өткізіледі (World Civil Defence Day). 1931 жылы бірнеше мемлекеттердің бастамасы бойынша медициналық қызметтің француз генералы Жорж Сен-Поль Парижде «Женева аймақтарының қауымдастығын» – екі тараптық және көп тараптық келісімдер арқылы бүкіл елдерде қауіпсіз болатын жергілікті аймақтарды құру үшін «қауіпсіздік аймақтарын» негіздеді.
Кейін Қауымдастық Азаматтық қорғаныстың халықаралық ұйымына ауыстырылды (International Civil Defence Organisation, ICDO; орысша - МОГО). 1972 жылы АҚХҰ үкіметаралық ұйым мәртебесін алды. Қазіргі кезде АҚХҰ-на 50 ел кіреді, тағы да 16 елде байқаушылардың мәртебесі бар.
Азаматтық қорғаныс туралы білімді насихаттау және құтқарудың ұлттық қызметтерінің дәрежесін көтеру мақсатымен 1990 жылы белгіленген Азаматтық қорғаныстың дүниежүзілік күні АҚХҰ мүшесі болып табылатын елдерде өткізіледі. 1 наурыз күні кездейсоқ таңдалған жоқ. Дәл осы күні АҚХҰ жарғысы күшіне енді, оны 18 мемлекет мақұлдады.
АҚХҰ қызметінің бағыттары арасында келесіні бөлу қажет: төтенше жағдайлар кезінде басқару саласында ұлттық кадрларды дайындау; төтенше жағдайлардың алдын алу және халықты қорғау жүйелерін құру және жетілдіруде мемлекеттерге техникалық көмек көрсету; азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар кезінде басқару мәселелері бойынша тәжірибені және білімді насихаттау.
Мамандарды дайындау Швейцариядағы Азаматтық қорғаныстың оқу орталығында жүргізіледі.
«Бейбітшілікте өмір сүргің келсе, соғысқа дайындал»
Қазіргі кезгі күрделі халықаралық жағдайда терроризм қауіпі өсуі жағдайында әр азамат Азаматтық қорғаныс жүйесі туралы білу немесе ұғымы болу, соғыс жағдайында өз өмірін қалай сақтап қалуды білу керек. Біздің халқымызға соғыс қажет емес және ол оны дайындап тұрған жоқ. Жаппай қырып-жоятын қарудан және жаудың шабуыл жасаудың басқа құралдарынан халықты қорғау азаматтық қорғаныстың басты міндеті болып табылады. Азаматтық қорғаныс бойынша оқыту барлық азаматтарға міндетті болып табылады. Әр адам өзін қорғай білу керек, керек кезде өзіне көмектесу және зақымданғандарға көмектесу дағдыларын қолдану керек. Ал бұл үшін бейбітшілік кезінде жаппай қырып-жоятын қарудан қорғалудың негізгі тәсілдерін және құралдарын зерттеп, іс жүзінде қолдануды білу қажет. Азаматтық қорғаныс бойынша міндеттерді белсенді және адал ниетті орындау - әр адамның борышы.
«Азаматтық қорғаныстың дүниежүзілік күні» плакаттар конкурсы өткізіледі.
Конкурс жеңімпаздарын және қатысушыларын марапаттау.
Сынып жетекшісі : Терейковская Л.С.
Достарыңызбен бөлісу: |