Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау; оқытушының кеңесін негізге ала отырып, өз бетінше дайындалу



бет11/12
Дата17.06.2016
өлшемі1.34 Mb.
#141958
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

ресурстарының тартылган көздердің тұріне қарамастан біріктірілетінін және активтерге бөлінетіндігін білдіреді?

А) қор көздерін тұрлендіру әдісі;

В) активтерді бөлу әдісі;

С) жалпы қор әдісі;

Д) қор көздерін бөлу әдісі;

182. Банк ұсынатын реттеу есеп-қисабын жүйелі түрде талдаудағы қадағалау әдісі:

А) дистанциялық;

Б) инспекторлық;

В) BOSS;

Г) CAMEL;

183. Өзіндік банк капиталының пайдалылық көрсеткіші қалай белгіленеді?:

А) CAMEL;

В) BOSS;

С) ROA;


Д) ROE;

184. Банк құпиясы депозиттердің банкте шотының болуы, иесі және нөмірі туралы мәліметтерден тұратыны белгі, сондай-ақ банк құпиясы тағы босқа қандай мәліметтерден тұрады?

А) банк клиенттері, осы шоттағы және банк шотындағы ақша қалдығы мен қозғалысы жөніндегі мәліметтерден; сейфтік сақтаудағы мүліктің болуы, иесі, сипаты және құны туралы мәліметтерден;

Б) банк клиенттері мен корреспонденттері, осы шоттағы ақша қалдығы мен қозғалысы туралы мәліметтерден; сейфтік сақтаудағы мүліктің болуы, иесі, сипаты және құны туралы мәліметтерден;

В) банк клиенттері мен корреспонденттері, осы шоттағы және банк шотындағы ақша қалдығы туралы мәліметтерден; сейфтік сақтаудағы мүліктің болуы, иесі, сипаты және құны туралы мәліметтерден;

Г) банк клиенттері мен корреспонденттері, осы шоттағы және банк шотындағы ақша қалдығы мен қозғалысы туралы мәліметтерден;

185. Өзге заңды тұлганың жарғылық капиталында банктің ең көп шамада ұйғарылатын қатысу мәні өзіндік банк капиталының қанша мөлшерінде белгіленеді:

А) 50%;


Б) 10%;

В) 30%;


Г) 25%;

186. БВУ үшін Пруденциалдық нормативтер жөніндегі ережеге сәйкес ҚР-дағы өзіндік капитал жеткіліктілігінің коэф­фициент мәні (Кі):

А) 0 ,12-ден кем емес

Б) 0,06-дан кем болмайды;

В) 0,04-тен кем емес;

Г) 0,08-ден кем болмайды;

187. ҚР-дағы қаржылық лизингке мына мерзімдегі мәмілелердің
қайсысы қатысты:

А) амортизацияда құрал-жабдық құнының 80%-інен кем болмайтын мәміле.

Б) 5 жылдан кем болмайтын мәміле;

В) 3 жылдан кем болмайтын мәміле;

Г) 5 жылдан көпке созылмайтын мәміле;

188. Таза лизинг мыналардың қайсысының есебінен лизиг объектісіне қызмет көрсетуді қарастырады:

А) келіскен жағдайда лизингке қатысушы барлық тұлғалардың есебінен.

Б) лизинг алушының; '

В) лизинг алушы мен лизинг берушінің;

Г) жеткізушінің;

189. Коммерциялық банк мәжбүрлі түрде таратылғанда тарату комиссиясын мыналардың қайсысы тағайындайды?

А) ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі.

Б) сот;

В) ҚР Ұлттық банкісі;



Г) банк несиегерлері;

190. Базелъдік комитеттің талабы бойынша катер деңгейіне қарай өлшемделген капиталдың активке қатысы мыналардың қайсысынан кем болмауы тиіс:

А) 2%-тен.

Б) 12%-тен;

В) 8%-тен;

Г) 6%-тен;

191. Қайтадан құрылған екінші деңгейдегі банк үшін жарғылық капиталдың ең аз шамадағы мөлшері мыналардың қайсысына тең болуы керек:

А) 1,5 млрд теңгеге;

Б) 1 млрдтеңгеге;

В) 2 млрд теңгеге;

Г) 500 млн теңгеге;

192. Несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету - бұл:

А) борышты өтеудің нақты көзі;

Б) борышты өтеудің кепілдігі;

В) несие өтеу қабілеттілігінің нормативі;

Г) мүлік пен мүліктік құқықтың жиынтығы;

193. Жалпы цессия талапты кемітуді білдіреді:

А) белгілі бір сомаға;

Б) нақты клиентке;

В) белгілі бір уақыт аралығындағы нақты клиентке;

Г) нақты клиент үшін белгілі бір сомаға;

194. Контокоррент - бұл:

А) дебет бойынша клиенттің барлық төлемін, ал, кредит бойынша клиент пайдасына тұскен барлық тұсімді көрсететін бірыңғай активті-пассивтік шот.

Б) клиенттің ағымдағы шоты;

В) банктің клиентке көрсеткен жоғары сенімділігін білдіретін ссудалық шот;

Г) дебет бойынша несиеленген жоба шотына төленетін төлемді, ал, кредит

бойынша өткізуден тұскен төлемді көрсететін бірыңғай активті-пассивтік шот;

195. Коммерциялық банктердің экономикалық тұрғыдан дербес болуы мыналардың қайсысын ұшырады?

А) банктің операциялық қызметіне Ұлттық банктің араласпауын;

Б) қолда бар ресурстар шегінде жұмыс істеуді, банктік операциялық қызметіне Ұлттық банктің араласпауын.

В) қолда бар ресурстар шегінде жұмыс істеуді;

Г) табысқа дербес иелік етуді және клиенттердің таңдау құқығын;

196. Кепіл заты болып табылатын мерзімді депозит бойынша процент, егер кепілдік келісімшартында басқаша айтылмайтын болса кімге тиесілі?

А) несие берушіге

Б) кепілдік берушіге;

В) банкке;

Г) кепілдік ұстаушыға;

196. Кепілгердің алдын ала келісімінсіз несие бойынша борышты
үшінші тұлғаға аударғанда:

А) кепілдік күшінде қалады

Б) несие келісімшарты қайта бекітілетін болады;

В) кепілдік тоқтатылады;

Г) кепілдіктің әрекет етуі тоқтатылатын болады;

197. Есептелген сыйақы төлемі 30 күннен артық кешіктірілген


жағдайда банк:

А) төленбеген сыйақыны дебиторлық берешек ретінде жіктейді;

Б) сыйақыны балансқа есептеуді тоқтатады;

В) төленбеген проценттер сомасында мәжбүрлі шығынды қалыптастырады;

Г) несиені ең төменгі сапада ауыстырады және сыйақыны балансқа есептеуді тоқтатады.

198. Қарыз алушының капитал пайдалылығы мыналардың қайсысының қайсысына қатынасы ретінде есептеледі?

А) таза пайданың баланс валютасына.

Б) жалпы пайданың өзіндік капиталға;

В) өткізуден түскен түсімнің өзіндік капиталға;

Г) таза пайданың өзіндік капиталға;

199. Банкаралық несие бойынша провизия құрылғанда әрі жіктелгенде несие қалайша жіктеледі?

А) шартты міндеттеме.

Б) банкаралық несие;

В) басқа банкке орналастырылған несие;

Г) корреспондент - банктің дебиторлық берешегі.

200. Салым ақша болып табылмайтын банктің қамтамасыз етілмеген міндеттемесі, ұсынушы міндеттемесі, таратылған жағдайда акционерлерге мүлікті бөліп беруден бұрын қанагаттандырылатын, мерзімінен бұрын өтелмеген банк талабы бойынша кепілдіктік камтамасыз ету нені білдіреді?

А) бағынышты облигацияны.

Б) жарғылық капиталды;

В) акционерлік капиталды;

Г) 1 -ші деңгейдегі капиталды;

201. ҚИК-тің банктен сатып алған ипотекалық тұрғын үй несиесі бойынша талап құқығы мыналардың қайсысын қамтиды?

А) ипотеканы өткізу құқығын.

Б) негізгі борышты, процентті, ипотеканы сату құқығын;

В) негізгі борышты, процентті, өсімақыны, айыппұлды, тұрақсыздық төлемін, ипотеканы өткізу құқығын;

Г) негізгі борыш пен процентті, өсімақыны, айыппұлды, тұрақсыздық төлемін;

202. Салымшы ҚР-дағы тұрғын үй-құрылыс жинақ банкісінде қанша шотқа дейін ие бола алады немесе аша алады?

А) тұрғын үй-құрылыс жинақ банкісінің қалауы бойынша,

Б) шектеусіз;

В) бір отбосыға біреу;

Г) тұрғын үйдің қамтамасыз етілуіне қарай;

203. ҚР-дағы банк кандай облгациялармен өз қызметін жүзеге
асыруға құқылы?

А) ең жоғары «листинг» категориясы бойынша тізімге енгізілген облигациялармен.

Б) халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларымен;

В) дұрысы - а және е;

Г) ҚР резиденттері шығарған облигациялармен;

204. Кез келген сәтте талап етілуі мүмкін депозит қалайша аталады?

А) талап етілмелі депозит

Б) корреспонденттік шот;

В) заңды тұлғаның депозиті;

Г) мерзімді депозит;

205. Оның қаржылық жағдайын сауықтыру және жұмыс сапасын жақсарту мақсаттарында өкілетті органдар мәжбүрлеп жүргізетін әкімшілік, заңдық, ңаржылық және өзге де шаралар кешені - бұл:

А) уақытша тоқтатып қою (консервация).

Б) сауықтыру (реабилитация);

В) тарату (ликвидация);

Г) қалпына келтіру (санация).

206. Жеткізу (жабдықтау) бойынша пайда болған борыш жөніндегі құқъқтық мирасқор ретінде белгілі бір факторингілік компанияның алға шығатыны, төлем оның бұйрығымен және оның пайдасына төленетіні фактура-шотында жазылатын факторинг қалайша аталады?

А) ашық.

Б) көтерме;

В) халықаралық;

Г) ішкі.


207. Банк активтерінің сапасы мыналар секілді көрсеткіштердің
қайсысымен сипатталады:

А) өтімділік, табыстылық, тәуекелділік;

Б) өтімділік, орналастыру бойынша шығын, тәуекелділік;

В) өтімділік, табыстылық, мерзім бойынша теңгерімділігі;

Г) проблемалық, табыстылық, тәуекелділік.

208. Банк өзінің активтерін қыска мерзімді ссудаға орналастырган уақытта ғана өтімділігін сақтай алады дейтін ұйғарым қандай теорияға қатысты:

А) теңгерілген өтімділік теориясына;

Б) пассивтерді босқару теориясына;

В) болжалды табыс теориясына;

Г) коммерциялық ссуда теориясына.

209. Елеусіз өтімділік - бұл:

А) қажет болған жағдайда қаражатты босқа банктер арқылы қарызға беру жөнінде қол жеткен келісім;

Б) банк тартуы мүмкін депозиттердің әлеуетті сомасы;

В) банк несиесі бойынша негізгі борышты өтеудің болжалды сомасы:

Г) құнды қағаздың болжалды эмиссия сомасы.

210. Мекемеге инспектордың өзі барып тексеруін, іріктеп тексеруді және ұдайы тексеріп отыруды ұйғаратын мамандандырылған тексерулердің бекітілген жоспарына сәйкес жүргізілетін қадағалаудың жүздестіру әдісі (очный метод):

А) инспекторлық;

Б) CAMELS;

В) BOSS;

Г) дистанциондық;

211. Банк қызметінің ҚРҰБ және АФН нормативтік кұжаттарының, заңның талаптарына сәйкестігіне мыналардың қайсысы жатады?

А) баламалылық.

Б) легитимділік (сайланбалы өкілеттің өкілеттілігі);

В) өтімділік;

Г) сенімділік;

212. Банкпен айрықша қарым-қатынасқа тұспеген бір қарыз алушыға қатысты банк тәуекелділігі мөлшерінің өзіндік банк капиталына қатынасы мыналардың қайсысынан аспауы керек?

А) 0,25-тен;

Б) 0,3-тен;

В) 0,1 -ден;

Г) 0,5-тен.

213. Пруденциалдық нормативтер ecen-қисабында қатер деңгейлеріне қарай өлшемделген активтер мен актив мөлшерінен банк кастодиандық келісімшарттың негізінде сақтауға алған инвестициялық қаражат қалдығы:

А) есептен шығарылмайды.

Б) есептен шығарылады;

В) өкілетті органдар аныктаған үлесте қосылады;

Г) қатердің нөлдік деңгейі бойынша есептеледі;

214. Жабық факторинг - бұл мынадай факторинг:

А) борышқорға факторингілік компанияға қатысуы жөнінде хабарланбайтын

Б) барлық қатысушылары эр тұрлі елдерде болатын;

В) кері талап ету кұқығы бар;

Г) борышқорға факторингілік компанияға қатысуы хабар-ланатын;

215. Айналымсыз негізде (кері талап құқығынсыз) несиегердегі
айналым құжатында (аудармалы векселъде) көрінетін бо­рышты сатып алу нені білдіреді?

А) факторингті;

Б) форфейтингті;

В) цессияны;

Г) құқық кепілдігін;

216. Егер лизинг бойынша төлемдер осы құрал-жабдық түріндегі


тауарларды жеткізу формасында жүзеге асырылатын болса, онда бұл лизинг мыналардың қайсысы болып табылады?

А) өтемақылық төлемі болатын лизинг.

Б) жалған лизинг;

В) аралас төлемді лизинг;

Г) ақшалай төлемді лизинг;

217. Жеке немесе отбасылық тұтынуға арналған заттарды сату-сатып алу келісім шартынан пайда болатын талап ету құқығы факторинг заты бола алады ма?

А) факторинг келісімшартына сәйкес.

Б) иэ;


В) жоқ;

Г) жекелеген жағдайларда;

218. Еншілес банк - бұл:

А) 50%-тен астам жарғылық капиталы бос банкке тиесілі болатын дербес занды тұлға.

Б) 50%-тен астам жарғылық капиталы бас банкке тиесілі болатын, занды тұлға болып табылмайтын банк бөлімшесі;

В) 50%-тен астам жарғылық капиталы бос банкке тиесілі болатын, бос банк берген өкілеттіліктің шегінде әрекет ететін банк бөлімшесі;

Г) 50%-тен астам жарғылық капиталы бос банкке тиесілі болатын, банк операцияларын жүзеге асырмайтын банк бөлімшесі;

219. Банктің бағынышты борышы - бұл мыналардың қайсысына жатпайтын банктің қамтамасыз етілмеген міндеттемесі?

А) ұсынушы міндеттемесі, банк пен оның үлестес тұлғасының талаптары бойынша кепілдіктік қамтамасыз ету, мерзімінен бұрын (толықтай немесе біртіндеп) өтеуге жатқызылмайды және банк таратылған жағдайда соңғы кезекте қанағаттандырылады.

Б) салым ақша, ұсынушы міндеттемесі, банк пен оның үлестес тұлғасының талаптары бойынша кепілдіктік қамтамасыз ету және банк таратылған жағдайда соңғы кезекте қанағаттандырылады;

В) салым ақша, банк пен оның үлестес тұлғасының та­лаптары бойынша кепілдік қамтамасыз ету, мерзімінен бұрын (толықтай немесе біртіндеп) өтеуге жатқызылмайды және банк таратылған жағдайда соңғы кезекте қанағатандырылады;

Г) салым ақша, ұсынушы міндеттемесі, мерзімінен бұрын (толықтай немесе біртіндеп) өтеуге жатқызылмайды және банк таратылған жағдайда соңғы кезекте қанағаттандырылады;

220. Пассивтерді басқару бұл банк менеджментінің бағыты. Бұл процесте мынадай міндеттемелер шешімін табады:

А) банкте табыс әкелмейтін қаражаттың шектен тыс көбеюіне жол бермеу, клиент алдындағы міндеттемені орындауға және активтік операцияларды дамытуға қажетті ресурстарды іздестіру, «арзан» ресурстарды тартудың есебінен банктің пайда алуын қамтамасыз ету және тиісті ресурстар комбинациясын анықтау;

Б) кіріс пен шығысты, тартылған ресурстар бойынша шекті шығынды және несиелеу мен инвестициядан тұскен шекті табысты бақылау, қаржылық нәтижелердің тұрақтылығын қамтамасыз ету, активтік операцияларды дамытуға қажетті ресурстарды іздестіру;

В) пассивтік операциялардың ықтимал қатерлерінің пайда болу жағдайлары анықталады, болжалды зиянның ауқымы бағаланады, оның (зиянның) орнын толтыратын көздер табылады немесе оны (зиянды) алдынала ескур-тудің тәсілдері қарастырылады;

Г) несие ресурстарын іздеп табу, банкаралық несиені және халықтың арзан салым акшасын тартудың есебінен ең көп шамада пайда алу.

221. Бланк несиесі — бұл:

А) тауарлы-материалдық құндылықтармен қамтамасыз етілмеген несие.

Б) тратта акцептісі формасындағы несие;

В) жаңғыртылмалы несие;

Г) сыйақы төлемі үшін жеңілдікті кезең белгіленетін несие;

222. Банктің акционерлік капиталы мыналардың қайсысын камтиды:

А) жарғылық капиталды, қосымша капиталды, өткен жылдың бөлінбеген пайдасын арнайы провизиялайтын қорды;

Б) жарғылық капиталды, қосымша капиталды, өткен жылдың табысынан қалыптасқан қорлар мен резервтерді;

В) 1-ші және 2-ші деңгейдегі капиталды;

Г) жарғылық капиталды, қосымша капиталды, өткен жылдың табысынан қалыптасқан қорлар мен резервтерді, өткен жылдың бөлінбеген пайдасын.

223. Қарыз алушының несиені өтеуге жарамдылығы - бұл:

А) қарыз алушының сұралған ссуданы несиелеудің шартына сәйкес қайтаруға дайын болуы;

Б) қарыз алушының қандай да бір шаруашылық қызметінің дұрыстығы;

В) қарыз алушының активтерін жылдам өткізудің есебінен міндеттеменің уақтылы өтелуі;

Г) қарыз алушының іскерлік құзыреттілігін және адалдығын бағалау.

224. Қамтамасыз етілген кепілдік - бұл мынадай кепілдік:

А) қарыз алушының мүлкімен қамтамасыз етілген;

Б) банктік;

В) кепілгердің мүлкімен қамтамасыз етілген;

Г) қаржылық жағдайы тұрақты кәсіпорын берген;

225. Кепілдік мынадай болуы мүмкін:

А) қамтамасыз етілген, расталған, шектеусіз, қамтамасыз етілмеген, шектеулі, расталмаған, банктік, жеке;

Б) қамтамасыз етілген, қамтамасыз етілмеген, банктік, шектеулі, шектеусіз, қаржылық, қаржылық емес;

В) жеке, корпорациялық, банктік, банктік емес, расталған, расталмаған, шектеулі, шектеусіз;

Г) қамтамасыз етілген, қамтамасыз етілмеген, шектеусіз, шектеулі, банктік, жеке, корпорациялық.

226. Сот банкрот деп таныған, заңды тұлғаның мүлкімен қамтамасыз етілген несиегер - банктің талаптары конкурстық жиын таратылған кезде қаншасыншы кезекте қанағаттандырылады?

А) бірінші кезекте;

Б) екінші кезекте;

В) үшінші кезекте;

Г) соңында.

227. Несие қамтамасыз етудің сапасына, қарыз алушының қаржылық жағдайына, бұрын алынған несиенің категориясына қарай жіктеледі және несие бойынша мерзіміне қарай, несиенің мақсатсыз пайдалануына қарай, өзге де мерзімі өтіп кеткен міндеттемелердің болуына қарай жіктеледі, сондай-ақ::

А) қарыз алушының рейтингісіне, несиенің пайдаланылу мерзіміне, пролонгацияга қарай;

Б) пролонгацияға қарай;

В) қарыз алушының рейтингісіне және пролонгацияға қарай;

Г) қарыз алушының рейтингісіне, несие мақсаттарына, пролонгацияга қарай;

228. Цессия - бұл:

А) қарыз алушы өзінің талабын несие берушіге несиені қамтамасыз етуші ретінде кемітетін қарыз алушының құжаты;

Б) белгілі бір сомаға тауарларды жеткізу немесе қызмет көрсету бойынша талапты ұдайы кемітіп отыруды ұйғаратын қарыз алушының міндеттемесі;

В) несиегерге қойылатын талаптың кемітілгені жөнінде борышқорға хабарлау;

Г) ақша алу үшін банктің құжаттарды табыс етуі;

229. Провизия - бұл:

А) активті топтаудың белгісі

Б) активтің нарықтық құны;

В) активтің қатер деңгейі;

Г) активтің құнсыздануын мойындау;

230. Ипотекалық тұғын үй несиесін мыналардың қайсысын қамтитын баға бойынша кері сатып алуга болады?

А) негізгі борыштың өтелмеген қалдығын, сатып алу күніне есептелген сыйақыны, өсімақыны, айыппұлды.

Б) негізгі борышты, есептелген процентті, айыппұлды, өсім,акыны;

В) өтелмеген негізгі борышты, сатып алу күніне есептелген процентті;

Г) негізгі борышты, сатып алу күніне есептелген айыппұл мен өсімақыны;

231. Қаржылық актив - бұл әлеуетті пайдалы жағдайда өзге компаниямен қаржылық құралдарды айырбастаудың құқығы болып табылатын кез келген актив, сондай-ақ:

А) ақшалай, ақшаны талап етудің құқығымен немесе басқа қаржылық активпен.

Б) ақшалай, ақшаны талап ету құқығымен немесе басқа қаржылық активпен, өзге компанияның үлестік құралымен;

В) материалдық емес активтермен, ақшаны талап ету құқығымен немесе өзге қаржылық активпен, өзге ком­панияның үлестік құралымен;

Г) ақшалай, ақшаны талап етудің құқығымен өзге компанияның үлестік құралымен;

232. Трансакциялық депозит - бұл мынадай депозит:

А) үшінші тұлғаның пайдасына есеп айырысу құралы жазылуы мүмкін;

Б) қаражатты тартудың стандартты шарты белгіленетін;

В) банк белгілі бір мерзімге тартатын;

Г) талап етілмелі;

233. Банктің жағымсыз капиталы - бұл:

А) оның жарғылық капиталының пруденциалдық талаптарға сәйкеспеуі;

Б) провизия құнының міндеттеме сомасына тең болуы;

В) оның активтер құнының міндеттемелерден асып түсуі;

Г) банк міндеттемесінің оның активтер құнынан асып түсуі;

234. Кепілге салынған мүліктің құнынан түзетуші коэффициент мыналардың қайсысының коэффициенті болып табылады?

А) кепілдік өтімділігінің.

Б) кепілдікті өткізудің;

В) кепілдік қатерінің;

Г) кепілдікті өтеудің;

235. Шетел мемлекетінің валютасындағы шартты банк талабы мен активтердің жиынтық сомасының осы валютадағы шартты банк міндеттемесі мен жиынтық міндеттемелерден асып түсуі қандай валюталық позиция болып табылады?

А) ұзын

Б) ашық;


В) нетто-позиция

Г) қысқа.

236. Егер несие бойынша төлем графигінің негізіне қарыз алушының алдағы кезеңдегі табысын жатқызып, өтелетін мерзімі әр тұрлі құнды қағаздарды портфелъде ұстайтын болса ғана банк өзінің өтімділігін жоспарлай алады дейтін ұйгарым қандай теорияға қатысты?

А) балансталған өтімділікке;

Б) пассивтерді босқару теориясына;

В) болжалды табысқа;

Г) коммерциялық ссуда теориясына;

237. Ақшаны банкке облигация түрінде тарту депозитке қа­рағанда банктің тұрақты қаржы көзі ретінде саналады, өйткені:

А) облигацияның нарықтық құны оның атаулы құнынан төмен болуы мүмкін, сондықтан да оны өтеу мерзіміне дейін облигация төлемін талап ету сирек кездесетін жағдай.

Б) облигацияның табыстылығы қайта қарастырылуы мүмкін;

В) ең жоғары процент мөлшерлемесі бойынша депозиттің мерзімі ұзартылуы мүмкін;

Г) өтеу мерзімі белгіленген көптеген депозиттер өз иелеріне депозит мерзімі аяқталғанға дейін атаулы құнды алуына мүмкіндік береді;

238. Банк капиталы қанша деңгейден тұрады?

А) екі деңгейден;

Б) бір деңгейден;

В) үш деңгейден;

Г) деңгейлерге бөлінбейді;

239. Қайтадан құрылған екінші деңгейдегі банктер үшін жарғылық капиталдың ең аз шамадағы мөлшері:

А) 1,5 млрд. теңге;

Б) 1 млрд. тенге;

В) 500 млн. тенге;

Г) 2 млрд. тенге;

240. Лизинг берушінің жазбаша келісімімен үшінші тұлғаға ли­зинг затын берудегі лизинг алушының құқығы қалайша аталады?

А) оперативтік лизинг;

Б) жалған лизинг;

В) жаңғыртылмалы лизинг;

Г) қосалқы лизинг;

241. Факторға мынадай функциялар жүктеледі:

А) жеткізушіні (жабдықтаушыны) қаржыландыру, дебиторлық берешекті алу, дебиторлық берешекпен байланысты бухгалтерлік есеп, дебиторлардың борыш сомасын төлемей кетуінен қорғау;

Б) сатып алушыны қаржыландыру, дебиторлық берешекті алу, дебиторлық берешекті алумен байланысты бухгалтерлік есеп, дебиторлардың борыш сомасын төлемей кетуінен қорғау;

В) жеткізушіні (жабдықгаушыны) қаржыландыру, дебиторлық берешекті алумен байланысты бухгалтерлік есеп, дебиторлардың борыш сомасын төлемей кетуінен қорғау;

Г) жеткізушіні (жабдықтаушыны) қаржыландыру, дебиторлық берешекті алу, дебитор қызметінің бухгалтерлік есебі, дебиторлардың борыш сомасын төлемей кетуінен қорғау;

242. Қазақстан Республикасында банктің аса ірі қатысушылары ретінде танылатындар:

А) жеке немесе заңды тұлга - 10% және одан да көп дауыс беру акциясына тікелей немесе жанама ие не болмаса олармен дауыс беруге мүмкіндігі бар ҚР резиденттері немесе резидент еместері

Б) заңды тұлға - 10% және одан да көп дауыс беру акциясына тікелей немесе жанама ие не болмаса олармен дауыс беруге мүмкіндігі бар ҚР резиденттері немесе резидент еместері;

В) жеке және заңды тұлға - 10% және одан да көп дауыс беру акциясына тікелей немесе жанама ие не болмаса олармен дауыс беруге мүмкіндігі бар ҚР резиденттері;

Г) жеке немесе заңды тұлға - 10% және одан да көп дауыс беру акциясына тікелей ие немесе олармен дауыс беруге құқығы бар ҚР резиденттері немесе резидент еместері.

243. ҚР-дағы екінші деңгеилі банктер үшін Пруденциалдық нормативтер туралы ережеге сәйкес өзіндік капитал жетекшілігінің коэффициент мәні (Кі) мыналардың қайсысынан кем болмауы керек?

А) 0,12-ден;

Б) 0,06-дан;

В) 0,04-тен;

Г) 0,08-деп;

244. Нау-шот бұл

А) чекке ұқсас есеп айырысу құралын жазуға болатын денозиттік шот;

Б) атаулы құны 100 мың долларға дейін болатын депозиттік сертификат;

В) куәландырылған чек шоттарының алуан түрлері;

Г) чек ары кеікенде үш рет жазылуы мүмкін депозиттік шот;

245. Несиеге банк қарызы, форфейтинг, қаржылық лизинг қатысты, сондай-ақ :

А) факторинг, инвестициялық құнды қағаздар, несие картасы бойынша шот.

Б) ескерілген немесе наразылық білдірілген вексель, несие картасы бойынша шот, факторинг;

В) несие картасы бойынша шот, факторинг, құнды қағаздар;

Г) несие картасы бойынша шот, факторинг, корреспонденттік шот;

246. Банк ресурстарын қалыптастырушы депозиттік емес көздер мыналардың қайсысын қамтиды?

А) репо операциясы, вексельдерді қайта есептеу, банкаралық несие, еуровалюта нарығындағы қарыз, коммерциялық қағаздар мен облигация эмиссиялары, банк несиесі.

Б) репо операциясы, банктік акцептілер есебі, вексельдерді қайта есептеу, банкаралық несие, еуровалюта нарығындағы қарыз, акция және облигация эмиссиялары, банк несиесі;

В) репо операциясы, банктік акцептілер есебі, вексельдерді қайта есептеу, банкаралық несие, еуровалюта нарығындағы қарыз, коммерциялық қағаздар мен облигация эмиссиялары, банк несиесі;

Г) банктік акцептілер есебі, вексельдерді қайта есептеу



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет