10-тақырып. Банктің меншікті капиталын бағалау әдістемесі
Жоспар:
1.Капиталдың жеткіліктілігі
2.Меншікті капиталды бағалау әдістемесі.
Теориялық мәліметтер
Нарықтық қатынастарға өту барысында банктік ресурстарының құрылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден, коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры , сол сияқты қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық банктен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің , корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облтгацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынған тауарлы – матерниалды құндылықтар жатады.
Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануы , әмбебаптығы және қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.
Банк ресурстарының құрамына мыналар жатады:
банктің меншікті капиталы;
банктің займдық және тартылған қаражаттары.
Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал немесе тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10% -ға жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.
Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие.
Меншікті және тартылған коммерциялық банк ресурстары Ұлттық банкте ашылатын корреспондеттік шотта көрсетіледі. Бұл активтік шот, сондай-ақ дебеті бойынша ресурстар ал кредиті бойынша несиелік жұмсалымдар беріледі. Демек дебеттің қалдықтын шамасы банктің бос резервінің мөлшерін көрсетеді. Банктің бос резервінің мөлшері активтік операциялар жұмсалмаған оның ресурстар шамасын білдіреді. Осы бос резервтер сомасы қаншалықты жоғары болса, банктің тұрақтылығы соғұрлым жоғары, бірақ пайдасы төмен болады. Керісінше, егер бос жаьқан қаражаттарының шамасы аз болса, онда тұрақтылығы төмен, пайдасы жоғары келеді. Сондықтан да, әрбір коммерциялық банк өзінің корреспонденттік шоттағы қалдығын үнемі ықшамдауға ұмтылады.
Банктің меншікті капиталы – банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктік әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.
Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ, активтер сапасына, меншікті пайданың пайдаланылуына, капиталдың бағасын нығайту мақсатына және банк саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.
Сонымен, қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптар құрайды:
Жарғылық капитал;
Резервтік капитал;
Қосымша капиталдар;
Банк операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар (резервтер);
Бөлінбеген банк пайдасы.
Банктің жарғылық капиталы банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің пруденциялық нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның құрылтайшыларының қосқан жарналар немесе пайлары сомасынан тұрады.
Қазақстанда екінші деңгейлі банктер төмендегідей екі ұйымдық формаларда құрыла алады:
акционерлік банк формасында;
пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында.
Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі ұзақ уақыт бойы ғылыми – зерттеу затына және банктер мен оны реттеуші ұйымдар арасындағы пікірталасқа айналып келеді.
Банктер өздерінің активтерін арттыру үшін капиталдың төменгі мөлшерде болғаның қалайды. Ал банкті бақылаушылар, банктердің банкроттықтан аулақ болуы үшін капиталдың жеткілікті мөлшерде болуын талап етеді. Банктердің банкроттығы оңдағы басқарудың нашарлығынан болуы мүмкін , себебі банкті жақсы басқараса, ол төменгі капитал нормасында жұмыс жасай алады деген пікірлер бар. “Капиталдың жеткіліктілігі” термині банктің жалпы тұрақтылығын және оның тәуекелге бару дәрежесін көрсетеді. Капиталдың жеткіліктілігі – бұл банк капиталының мөлшерінің тәуекел дәрежелері ескерілген банк активтеріне сәйкес болуға тиісті. Сондай – ақ , коммерциялық банктер өз жұмыстарында банк капиталын шамадан ты ұлғайтуды теріс санайды. Өйткені, ол банктің қызметіне кері әсер етуі мүмкін. Банктердің көбі акция шығара отырып, қаражат тартуға ынтасыз болып келеді. Сондықтан банк жетекшілері бір жағынан, қадағалау және бақылау ұйымдары екінші жағынан, банк капиталы мен коммерциялық банктердің басқа да қызметіндегі параметрлер арасындағы қолайлы қатынасты табуға тырысады.
Банктің ресурсындағы меншікті капиталдың өте төменгі үлесінде болуы да дұрыс емес. Себебі, ол банктің салым иелері алдындағы жауап беру мөлшеріне сәйкес келмейтіндігін сипаттайды.
Банк меншікті капиталын ұлғайтуға негіз болатын төмендегідей факторларды ескеру қажет:
банктердің дивиденттері өнеркәсіптік кәсіпорын активтеріне қарағанда, пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне, қарыз алушының несиелік қабілетінің нашарлауына байланысты, олардың нарықтық құндары өзгеріп отырады;
банк көбіне тұрақсыз қысқа мерзімді қарыз көздеріне көңіл бөледі, бірақ олардың көбі талап етуге байланысты қайтарылып алынуы мүмкін.
Сондықтан, кез кеген саяси немесе экономикалық өмірдегі жағдайлар банктердегі ресурстардың сыртқа ағылуына себеп болуға тиіс. Бастапқыда банк капиталының активтерге қатысты шекті қатынасы 20% шамасында болса, ал қазіргі оның шамасы 12% - ды (пруденциялық нормативтердегі к2 – нің мәні) құрайды. бұл дегеніміз банк жүйесіндегі төлем қабілетінсіздік тәуекелдің уақыт өте келе арта түсетіндігін көрсетеді. Себебі, банк жүйесіндегі банктердің активтерінің сапасы әлі де болса өз деңгейіндегі еместігін ескерсек, онда болашақты оның орнын жабатын меншікті капитал үлесі жеткіліксіздігі байқалады.
Демек, банк капиталының жиынтық деңгейінің жеткіліктігі банк жүйесін қолдайтын басты шарттардың біріне жатады.
Банктердегі немесе жалпы банктік жүйедегі капитал көлемін тура анықтау қиын, бірақ жоғарыда қарастырылған қызметтердің орындалуы үшін, салым иелері мен бақылаушы ұйымдардың сенуі үшін капитал жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Қажетті капиталдың сомасы банктің тәуекел деңгейіне байланысты болуға тиіс. Мысалы, егер банктің берген ссудаларының тәуекел дәрежесі өте жоғары болса, онда банкке көп мөлшерде қорлар құруға тура келеді. Қажетті меншікті капитал мөлшерін анықтай отырып, банк алдында келесідей міндеттер тұрады: тәуекелдің артуына байланысты өз капитал мөлшерін ұлғайту қажет пе немесе тәуекел деңгейі төмен болып келетін активтерге өз қаражаттарын орналастырыған тиімді ме? Осындай жағдайда банк капиталы , оның активтер сапасына, басқару сапасына, қызметіндегі саясатқа және банктің басынан кешетін тәуекуелдерге тәуелді ме жоқ па ? деген балама сауал туындайды.
Банк меншікті капиталының жеткіліктілігі жоғарғы деңгейде сақталған. Оның ішінде: К1 – дің мәні 2002 жыл бойына 0,11 – ден 00,9 – ға дейін к2 – нің мәні 0,19 дан 0,17 – ге төмендеген. Мұндай төмендеу, банк жүйесіндегі жиынтыќ активтердіњ өсуі банктердің капиталдану қарқынының өсуінен жоғары болып келуімен сипатталады.
Бақылау сұрақтары.
Банк меншікті капиталының жеткілікті дәрежесі
Банк меншікті капиталының баптары
Студенттердің үй тапсырмалары.
Банктің жарғылық капиталы
11- таќырып: Банктің депозиттік операциялары жiктелуi
Жоспар:
1.Депозиттік операциялар
2.Мерзімді депозиттер
Теориялық мәліметтер
Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражатармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай – ақ ескі банктік жүйе үшін уаќытша бос аќшалай ќаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы, тартылѓан ќаражаттар құрылымын толығымен өзгертті деседе болады.
Банктік тєжірибеде барлыќ тартылатын ќаражаттарды жинаќтау тєсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:
депозиттік ќаражаттар;
депозиттік емес тартылѓан ќаражаттар.
Тартылѓан ќаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер ќұрайды. Депозиттер, банк үшін бірден – бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит – бұл клиенттердіњ (жеке жєне зањды т±лѓалардыњ) банктегі белгілі бір шотќа салѓан және өздері пайлалана алатын ќаражаттары.
Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар – банктің уақыт ша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент – банктегі шоттарда орналастырумен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде , яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады.
Пассивті депозиттік операциялар – бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын бегіліт уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстардың қалыптастырудың негізгі көзі.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әртүрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттарымен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынандай топтарға бөледі:
Талап етуіне дейінгі депозиттер;
Мерзімді депозиттер;
Жинақ салымдары;
Бағалы қағаздар.
Сондай-ақ, олардың төмендегідей белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
Мерзімдеріне қарай;
Салым иелерінің категорияларына қарай;
Қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай;
Пайыз төлеу тәсіліне қарай;
Банктің активтік операциялары бойынша жеңілдіктер алуына қарай;
Басқа.
Салым иелерінің категорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай түрлерге бөледі:
Жеке тұлғалардың шотарына;
Кәсіпорындар жеке акционерлер қоғамдардың шоттарына
Жергілікті билік ұйымдарының шоттарына;
Қаржылық мекемелердің шоттарына;
Шетелдік азаматтардың шоттарына.
Талап етуіне дейінгі депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әртүрлі төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әртүрлі шоттардағы қаражаттар.
Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар жатады:
Мемлекеттік акционерлер кәсіпорындардың, сондай-ақ әртүрлі шағын коммерциялық құрлымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттар
әртүрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары
есеп айырысудағы қаражаттар
жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар
басқа банктердің корреспондентік шоттарындағы қаражат қалдықтары.
Бақылау сұрақтары.
Банк қызметіндегі депозиттiң түрлерi
Банктердің депозиттiк операциялары
Депозиттік жіктелім
Депозиттiк портфель туралы түсiнiк
Студенттердің үй тапсырмалары.
Тартылған қаражаттардың бөлiнуi
Депозиттiң пайыздық дәрежесi
Жинақ салымдарының түрлерi
Жазбаша бақылау
7 апта 2 балл
-
Халық салымдары
-
Жинақ салымдарының ерекшеліктері
-
Қазақстанда депозиттердi сақтандыру жүйесi
-
Жинақ салымдарының түрлері
-
Депозиттер жіктелімі
-
Тартылған қаражаттардың бөлінуі
-
Ағымдық жинақ салымдары
8.Жинақ салымдарының ерекшеліктері
Екінші аралық бақылау
р/с
|
Тақырыптар
|
Апта
|
Ұпай саны
|
Бақылау түрі
|
1
|
Банк активтерінің шартты мiндеттемелерi
|
8
|
1
|
Тест
|
2
|
Банктің есеп айырысу құрылымы
|
8
|
2
|
Жазбаша бақылау
|
3
|
Банктің есеп айырысу формаларын реттеу
|
9
|
4
|
Реферат
|
4
|
Банкаралық есеп айырысу құжаттары
|
10
|
2
|
Глоссарий
|
5
|
Банк және сақтандыру ќызметіндегі маркетинг ролі
|
10
|
2
|
Жазбаша бақылау
|
6
|
Банк және сақтандыру ќызметіндегі маркетинг ролі
|
10
|
2
|
Тест
|
7
|
Несиелік механизмнің экономикадағы ролi
|
11
|
2
|
Реферат
|
8
|
Несиелеу механизміндегi несиелік процесс,тәуекел
|
11
|
2
|
Тест
|
9
|
Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау көрсеткіштерінiң сипаты
|
12
|
3
|
Глоссарий
|
10
|
Несиелік қабілетті бағалаудағы шетел
тәжірибесінiң қажеттiгi
|
13
|
3
|
Жазбаша бақылау
|
11
|
Несиелік қабілетті бағалаудағы шетел
тәжірибесінiң қажеттiгi
|
13
|
3
|
Реферат
|
12
|
Қаржылық операциядағы факторингтiң ролi
|
14
|
2
|
Глоссарий
|
13
|
Қаржылық операциядағы факторингтiң ролi
|
14
|
2
|
Тест
|
12-тақырып. Банк активтері және оның шетелдiк тәжiрибесi
Жоспар:
1.Банк активтерінің сипаты
2. Шетелдік тәжірибедегі банк активтері
Теориялық мәліметтер
Коммерциялық банктің активтерін төмендегідей төрт топқа бөлуге болады:
1. касса және оған теңесетін ақшалай қаражаттар;
2. займдар;
3. бағалы қагаздарға жұмсалынған инвестциялар;
4. банктің ғимараты мен жабдықтары.
Активтердің сапасы, олардың өтімділігіне, тәуекел активтердің көлеміне, толық бағалы емес активтердің үлес салмағына, активтердің көлеміне, табыс әкелуіне қарай анықталады. Банк активтері — пайда табу мақсатында банктік ресурстарды түрлі активтер бойынша орналастырылған қаражаттары.
Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында көрсетілетін сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын сипаттайды. Активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне, тәуекелді активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады.
Банк өзінің міндеттемелерін күнделікті орындап отыруын қамтамасыз етуі үшін активтердің құрылымы өтімділіктің қоятын талаптарына сәйкес келуге тиіс. Осы мақсатта банк өзінің активтерін, олардың өтелу мерзімдеріне байланысты және өтімділік дәрежесіне қарай жіктейді. Өтімділігіне қарай банк активтері төмендегідей топтарға бөлінеді:
1. жоғары өтімді активтер;
2. өтімді активтер;
3. ұзақ мерзімді өтімді активтер.
Жогары өтімді активтерге мыналар жатады:
• Кассадағы қолма-қол акшалар;
• Орталық банктегі корршоттағы қаражаттар;
• Мемлекеттің қарыздық міндеттемелері;
• ЭЫДҰ-на (экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) мүше елдер, яғни бейрезиденттердің банктеріндегі тұрақты валютада салынған корршоттағы қаражаттар;
• Ішкі валюталық облигациялық заемдарға салынған қаражаттар.
Банктің бұл қаражаттары банктің айналымынан қажет уақытында алуға мүмкіндік беретін активтерге жатады.
Банктің өтімді қаражатгарының құрылымына жоғарыда аталғандарынан басқалары, яғни қайтару мерзімі 30 күнді құрайтын, шетел валютасында берген барлық несиелер, алдағы 30 күн ішінде аталған банкке келіп түсуге тиісті басқа да төлемдср жатады.
Ұзақ мерзімді өтімді активтерге бір жылдан жоғары уақытқа берілген несиелердің бәрі, сондай-ақ 50% кепіл хат және кепілдікпен 1 жылдан жоғары уақытқа берілген несиелер, Үкіметтің кепіл хатымен, бағалы қағаздарды және бағалы металдарды кепілге алып берілген ссудаларды шегеріп тастағандағы мерзімі өткен несиелер.
Активтердің тиімді кұрылымын жасай отырып, банктер (өтімділікке қойылатын талаптарды орындауға тиіс, демек,олардың жоғары өтімді, өтімді және ұзақ мерзімді етімді активтері міндеттемелердің мерзімдеріне, сомаларына және типтеріне сәйкес келуі керек.
Бақылау сұрақтары.
1.Банк активтерінің сипаты
2. Шетелдік тәжірибедегі банк активтері
3.Активтердің бөлінуі
4.Шартты міндеттемелердің жіктелуі
Студенттердің үй тапсырмалары.
Активтердiң түрлерi
Банк активтерінің шартты мiндеттемелерi
Тест
8 апта 1 балл
1. Банктiң активтi операциялары ненi бiлдiредi:
А) Банк ресурсын тарту және орналастырумен;
В) пайда табу мақстында банктiк ресурстарды орналастырумен;
С) банктiң ссудалық және инвестициялық портфелiн дивесификациялаумен;
D) банктiк ресурстарды қалыптастырумен;
Е) банк кленттерiне қызмет көрсетумен.
2. Вексель-бұл:
А) төлем құралы;
В) бағалы қағаз;
С) үлестiк бағалы қағаз;
D) Мерзiмсiз мiндеттеме;
Е) қамтамасыз ету түрi.
3.Вексель түрiн атаңыз:
А) жай және кездейсоқ;
В) жай және аудармалы;
C) қамтамасыз етiлген және қамтамасыз етiлмеген;
D) жай және ерекше;
Е) халықаралық және ұлттық.
4. Қолма-қолсыз есеп айырысу түрлерi:
А)банкнота,монета,чек,вексель;
В)депозиттер,чектер,аударымдар;
C)төлем тапсырмасы,чек,вексель;
D)банкнота,чек,несиелiк карточкалар;
Е)аккредетив,вексель, банкнота,монета
5. Вексель дегеніміз не:
А) табыс алуға құқық беретін бағалы қағаз;
В) пайыыз алуға құқық беретін және үкіметтің займ туралы куәландыратын бағалы қағаз;
С) мерзімі келген кезде онң иесіне қарызды төлеуді талап етуге құқық беретін бағалы қағаз;
D) жарғылық қорға пай қосқандығын куәландыратын бағалы қағаз;
Е) шаруашылық ұйымдарының қарыздар үшін төлем кезінде пайдаланатын есеп-айырысу құжаты.
6. ҚР-да қолма-қол ақша айналысы ненiң көмегiмен iске асырылады:
А) Қазыналық вексльдер,қағаз ақшалар,чектер;
В) банкнота және монета;
С) банк шотына жазумен;
D) пластикалық карточкалармен;
Е) бағалы қағаздармен
7.Эмиссия дегеніміз не:
А) бағалы қағаздарды сату;
В) коммерциялық банктерге ақша сату;
С) айналыстағы ақша белгілерінің жиынтығы;
D) айналысқа банкнота және монета шығару;
Е) Ұлттық Баннктің ақша айналысн ұйымдастыруы.
8. Қазақстанда екі деңгейлі банк жүйесі қашан құрылды:
А) 1988ж;
В) 1921ж;
С) 1932ж;
D) 1991ж;
Е) 1993ж.
9. Қайсысы банктiң активтi операциясына жатады:
А) несие беру;
В) бағалы қағаздарды инвестициялау;
С) депазиттердi тарту;
D) факторинг;
Е) форфейтинг.
10. Банктiк операцияларды жүргiзуге қандай құзырлы мекеме рұқсат бередi:
А) Ұлттық банк;
В) әдiлет минстрлiгi;
С) қаржы минстрлiгi;
D) коммерциялық банктер;
Е) арнайы несиелiк мекемелер
11.Актив бұл :
А) Ұзақ мерзімді материалды қаражат;
Б) Қысқа мерзімді материолды қаражат;
В) Ұзақ мерзімді материалды емес және ағымдағы қаражат
Г) Орта мерзімді материалды қаражат
12. Өтімділігіне қарай банк активтері қандай топтарға бөлінеді ?
А) жоғары, өтімді, ұзақ мерзімді
Б) жоғары, төмен, қысқа мерзімді
В) жоғары, орта, қысқа мерзімді
Г) ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді, орта мерзімді
13. Жоғары өтімді активтерге жататындар ?
А) қалма-қол ақшалар, мемлекеттің бағалы қағаздары, құйма қымбат бағалы метелдар
Б)қолма-қолсыз ақшалар, депозиттер, ақшалар
В) банкаралық несиелер, монеталар, қолма – қол ақшалар
Г) қолма-қол ақшалар, заемдар, депозиттер
14. Активтермен шартты міндеттемелердің бөлінуі
А) стандартты, жіктелінген
Б) күмәнді, үмітсіз
В) санатты, санатсыз
Г) жоғары, өтімді
15. Несиелік тәуекелдің шамасына қарай барлық несиелер қандай санаттарға бөлінеді?
А) стандартты, күмәнді, үмітсіз
Б) санатты, санатсыз, үмітсіз
В) жоғары, ұзақ, өтімді
Г) барлық жауап дұрыс
16. Өтімділікті босқарудың қандай әдісінің мәні барлық банк
ресурстарының тартылган көздердің тұріне қарамастан біріктірілетінін және активтерге бөлінетіндігін білдіреді?
А) қор көздерін тұрлендіру әдісі;
В) активтерді бөлу әдісі;
С) жалпы қор әдісі;
Д) қор көздерін бөлу әдісі;
17. Қаржылық актив - бұл әлеуетті пайдалы жағдайда өзге компаниямен қаржылық құралдарды айырбастаудың құқығы болып табылатын кез келген актив, сондай-ақ:
А) ақшалай, ақшаны талап етудің құқығымен немесе басқа қаржылық активпен.
Б) ақшалай, ақшаны талап ету құқығымен немесе басқа қаржылық активпен, өзге компанияның үлестік құралымен;
В) материалдық емес активтермен, ақшаны талап ету құқығымен немесе өзге қаржылық активпен, өзге компанияның үлестік құралымен;
Г) ақшалай, ақшаны талап етудің құқығымен өзге компанияның үлестік құралымен;
18. Банктiң активтi операциялары ненi бiлдiредi:
А) пайда табу мақсатында банктiк ресурстарды орналастырумен;
Б)Банк ресурсын тарту және орналастырумен;
В) банктiң ссудалық және инвестициялық портфелiн дивесификациялаумен;
Г) банктiк ресурстарды қалыптастырумен;
19. Қайсысы банктiң активтi операциясына жатады:
А) депозиттердi тарту;
Б) несие беру;
В) бағалы қағаздарды инвестициялау;
Г) факторинг;
20. Банктiк операцияларды жүргiзуге қандай құзырлы мекеме рұқсат бередi:
А) Ұлттық банк;
Б) әдiлет минстрлiгi;
В) қаржы минстрлiгi;
Г) коммерциялық банктер;
21.Актив бұл :
А) Ұзақ мерзімді материалды қаражат;
Б) Қысқа мерзімді материолды қаражат;
В) Ұзақ мерзімді материалды емес және ағымдағы қаражат
Г) Орта мерзімді материалды қаражат
22.Банк табысы- бұл:
А) пайыз ставкасының айырмашылығының несиемен депозиттің;
Б) банктің кірісімен шығысының айырмашылығы;
В) банктің несие беру арқылы пайызы;
Г) банктің депозит арқылы пайызы.
23.Қарыз алушының міндеттемелерді өтеу немесе осы активті сату арқылы олардың қолма-қол ақшаларға айналу қабілеті не деп аталады?
А)активтердің өтімділігі
Б)активтер тәуекелі
В)ішкі факторлар
24. Өтімділігі жоғары активтер
А) қолма – қол ақшалар, бағалы қағаздар, құйма қымбат бағалы құндылықтар
Б)қолма-қолсыз ақшалар, депозиттер, ақшалар
В) банкаралық несиелер, монеталар, қолма – қол ақшалар
Г) қолма-қол ақшалар, заемдар, депозиттер
Г)активтердің табыстылығы
25.Кепілге салынатын мүлікке мынадай талап қойылады:қарыз алушының өз меншігінде болуы керек әрі өзге несие берушінің тарапынан оған (кепілге салынған мүлікке қатысты ешқандай шағым болмауы тиіс, сонымен бірге :
А) шаруашылығын жүргізуі үшін оны қарыз алушы пайдаланады ,өтімді болуы тиіс, ең жоғары сапа стандартына сәйкесуі қажет, несие берушінің тарапынан бақыланатындай болуы керек, несие міндеттемесін өтеуге жеткілікті болуы тиіс;
Б) шаруашылыгын жүргізуі үшін оны қарыз алушы пайдаланады, өтімді болуы тиіс, сапа стандартына сәйкесуі қажет, несие берушінің тарапынан және реттеуші органның тарапынан бақыланатындай болуы керек, несие міндеттемесін өтеуге жеткілікті болуы тиіс;
В) өтімділігі жоғары болуы қажет ,сапа стандартына сәйкес келуі қажет ,несие берушінің тарапынан бақыланатындай болуы тиіс , несие міндеттемесін өтеуге жеткілікті болуы қажет;
Г) қарыз алушы оны өз шаруашылығында пайдаланады ,өтімді болуы керек, сапа стандартына сәйкесуі тиіс ,несиегердің тарапынан бақыланатындай болуы қажет,несие міндеттемесін өтеуге жеткілікті болуы керек;
Достарыңызбен бөлісу: |