Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау



бет6/7
Дата24.02.2016
өлшемі0.85 Mb.
#12785
1   2   3   4   5   6   7

19 - ОБСӨЖ



ТАҚЫРЫБЫ : Ақтамберді жырау (1675 – 1768 ж).
Жоспары :

  1. Ақтамберді – қазақтың белгілі жорықшы жырауы.

  2. Ол – қалмақтармен күресте қол бастаған батыр.

  3. Жырау толғауларының әлеуметтік мәні.

Ақтамберді қазақтың көне жыраулық эпосының белді өкілдерінің бірі, аты әр жерде айтылғанымен, арнайы зерттелмеген авторлар санатында. Қолдағы қазынасына қарағанда, жырау жорық-жортуылдардың бел ортасында жүргенде ұқсайды. Егер ол “он екіде аттанып, қылыш ілдім білекке” десе, өмірінің тең жарымының көбісі басқыншылармен күресте өткен кісі.

Ақтамберді жарлылық пен жалғыздықтың тауқыметін көп көріп, адамдыққа, адалдыққа, әділетке жүгінеді. Ауыз толтырып айтар байлығы болмағанын өзі жасырмайды. Тұрмыстың қыр-сырын, отбасы, елдік, жерлік мәселелерін жырларында жақсы көрсетеді. Жырау ақиқатты айтудан тайсалмайды, шындық туралы шымыр шешендік сөздерді түйдек-түйдегімен тастайды. Бәрі де сол түстың ауыр тұрмысынан, күрес шындығынан алынған тартымды туындылар. Жырау баққа да, таққа да таласпайды, көкірек көзі халық даналығымен суарылған. Ақтамберді, асылы, қысқа нақлият сөздерінің шебері болса керек. Көңіліне түйгенін, піскен ойын шашыратпай, шиыршық атқан күйінде айтып кете берген. Эпикалық кең тынысты туындылары да болуы мүмкін. Бірақ қолымызға әлі қомақты дүниелер түсе қойған жоқ.

“Ақтамберді жырау (1675-1768) эпикалық жанрдың ақыны болған. Өзінің жырларында ол батырлардың ересен ерліктерін асқақ береді.

Күмбір - күмбір кісінетіп,

Күреңді мінер ме екенбіз.

Күрек тісін ақситып,

Сұлуды сүйер ме екенбіз.

Күдеріден бау тағып,

Кіреуке тон киер ме екенбіз.

Жағасы алтын, жеңі жез,

Шығыршығы торғай көз

Сауыт киер ме екенбіз.

Сырттан сауыт киген соң,

Қоңыраулы найза қолға алып,

Қоңыр салқын төске алып,

Қол қашырар ма екенбіз.
Ақын өзінің замандас жас ұрпағын табандылыққа, ерлікке шақырады. Ақтамбердінің бүкіл шығармасынан жауынгерлікке, ерлікке үндеу, жауға батыл аттану және оның алдында тізе бүкпеуге үндеу сарыны ерекше естіледі.

Жырау жырлары қарапайым қауымның ой-арманын, мінезін, өрісін айқындайды. Әзілмен, айтыспен, сынау–мінеумен, келелі кеңеспен жыраулар ел, жер, құн дауын шешуде зор рол атқарған.

Жырау - өз уақытының көрегені. Тарихи деректердің ар жағында не нәрселер жатқанын біз кейде бажайлап біле бермейміз. Хандардың ішіндегі қаныпезер, ел тонағыш, өз пайдасы үшін қарапайым халық өкілдерін құрбандыққа шалатын, әділетсіздерін жыраулар аяусыз мінеп - шенеген. Олар таққа отырған хандардан тайсалмаған. Еңсегей бойлы Ер Есімге тап берген Жиембет Бортоғашұлының жүрегінің түгі бар шығар деп ойлап қаласыз. Ал Жиембет пен Марғасқада болған батылдық Ақтамбердіде болмады деп айта алмаймыз.

Ақтамбердіден қалған мұра әзірше 300 жолдан аспайды. Ерліктің қалың ортасында жүрсе де, жырау қарапайым халық тұрмысын бейнелеуге көбірек бұрылған , тіршілікке көңілі толмай, мол армандағаны, жалғыздықтан, қолдың қысқалығынан жапа-зәбір шеккенін шығармаларынан танимыз Түр, тақырып, обьект жағынан Ақтамбердінің басқа жырауларға ұқсайтын да, ұқсамайтын да жақтары бар.

Ақтамберді жырау табиғатқа, адамдарға бір табан жақын. Шарықтап аспанға да шығып кетпейді, жерден, елден қуат алады, мұңын да, сырын да тыңдаушысынан жасырмайды, бастан кешкен ғұмырлық тәжірибиесін қорытады, қиындық пен ауыртпалықтың момын халықтың иығына түскеніне күйінеді, ерлік пен өжеттігін және жасырмайды.

Тақырыптың ішіне кірместен бұрын бес-алты ауыз, не одан да көп кіріспе жасайды, не табиғатты суреттеуден, не жыр-арнаға адам өмірбаянын баяндаудан бастап кетеді. Мұндай әдіс, әдетте, жырауға желпініп, қанатын қомдап, қияға сілтерге қажет. Одан кейін мүдірместен жүйріктей сілтеп кетеді. Діттеген жеріне жетіп тоқтағанша жырау көркем сөзін барынша төгіп салады. Ақтамбердінің “Күмбір-күмбір кісінетіп” дейтін атақты толғауы сондай бір көркем шабыттың келісті көрінісі сияқты.

Жырау көрген, білгеннің бәрін тізе бермейді, көкірегіне түйгенін салмақтап, саралап қана шығарады. Жыраудың халық үшін қадірі сонда жатса керек. Суырып салмаға да (имровизация) іштей дайындық қажет, ондай әзірлікті жырау ауыз әдебиетінен алады, халық шешендігінен үйренеді. Осындай жақсы үйренудің нышандарын Ақтамберді поэзиясынан көреміз.

Ақтамберді өз ғасырындағы қарама-қайшылықтың бірі – бай мен кедей, бар мен жоқ арасындағы алшақтықты білді, көрді, айтты да.

Ақтамберді жырларында жекеше көрініп тұратын бір желі бар. Ол – мал туралы жолдар. Қазақ халқының ерте замандарындағы күнкөріс тіршілігі мал бағумен байланысты болғаны белгілі. Қазақ уақытты да “сүт пісірім”, “ет пісірім”, “қозы көш жер” деп бөледі. “Жігіттің нары”, “Құлын-тайдай тебіскен”, “Қошақаным”, “Ботақаным” деп халық өзінің кісіге көзқарасын, көңіл - күйін білдірген. Түліктер туралы жарасымды сөздер тудырған.

Жорықта көп болғандықтан да болар, төрт түліктің ішінде жылқы заты жырау жанына жақын келеді.

“Түйе мойнын тұз кесер, жігіт мойнын қыз кесер, Сартылдаған сары аяз, жылқының мойнын сол кесер” дегенде, жылқы жануардың жырау шабытына қанат бергеніне шек келтірмейміз.

Ақтамберді жырау ағынан жарылып айтқан ажарлы шумақтарында үлкен-кішінің алдына қойған мақсаттарын да тізе кетеді. Ең ірісі – туған халқын сыртқы басқыншы жаудан қорғау, от басында көңірсіп отырған елінің көзінен егілген жас көрмей, қуанышына ғана куә болу.

Жыраудың от басы жөніндегі қанатты пікірлері өзінің маңызын әлі күнге дейін жойған жоқ деуге болады. “Қатын, бала қамы үшін” ерлердің атқа мінетінін, “Баласы өсіп жетпесе, сөзі көпке өтпесе, жал-құйрықсыз олай-бұлай боп кетсе, әкесі сорлы қор болар”, “Қазір жас бала болсам да, Үмітім бар ақырдан” деген сөзінде жас кезінде көп бейнет көргендігін, бірақ түбінде мойымайтындығын ескертеді. Нұсқалы сөзін қысқа қайтарады. Әділеті қашқан байды сынап, оларды “Ел қонбаған шөлмен тең” дейді. Әйел мәселесіне де соғады. Азамат басының қадірлі, қадірсіз болуы жұбайына байланысты шаруа екенін шегелейді.

Енді бір мәселе: Ақтамберді Сарыұлы мен Махамбет Өтемісұлының бірқатар өлеңдерінің мазмұндас, ұқсастығы. Ақтамберді Махамбеттен шамамен алғанда жүз жылдай бұрын болған адам. Бірі Шығыста, бірі Батыста өмір сүрді. Соған қарамастан, екі ақынның арасынан ішкі мазмұн ұқсастығы байқалады. Тек соның кейбіреулеріне тоқтап өтелік. Екі автор жырының да мазмұны бір, екеуі де әділдікті, көпшіліктің береке, бақытын аңсайды. Жалғыздық қасіретіне шомыла отырып, екеуі де түбінде әділдіктің жеңеріне сеніммен қарайды.

Ақтамберді “Күмбір-кімбір кісінетіп” толғауында жүйрік ат мінуді, сұлуды сүюді, кіреуке тон, сауыт киіп, “қоңыр салқын төске алып” қол қашыруды, жауын бытыратып атуды, жеңіспен оралғаннан кейін “Тобылғы сапты қамшы алып, Тұмар мойын ат мініп”, қоныс қарауды, жайлауда жазылып отырып кеңес құруды армандайды. Жеті кейде тоғыз буынға баратын толғау жолдарында жауынгер жыраудың негізгі мақсаттары сараланап берілген.

29 жолдан тұратын “Күн қайда” өлеңінде Махамбет өзінің ел, келешек алдындағы ұлы армандарын желіге тартқандай тізіп береді. “Толарсақтан саз кешіп” жүрген күндерінде қайратқа шақырады. Оптимистік үнінен жаңылмайды. Сол аңсаған күндердің келеріне сенеді.

“Күмбір-кімбір кісінетіп” пен “Күн қайда” толғауларынан іштей де, сырттай да ұқсастықты байқау қиын емес. Өйткені, екеуі де халық ауыз әдебиетінің шәкірті, екеуі де өмірін жортуылда өткізген, екеуі де әрі жауынгер, әрі ақын, қол бастаған, қылыштай өткір сөздерімен жұртын сүйсінткен. Түр жағынан бір-бірінен алшақ кетпейді.

Салыстырып, жіті көз жібертсек, әлгіндей үндестік, тәсіл, шеңберлік деңгейлестігін “Көк көгершін, көгершін” (Ақтамберді), “Пыр-пырлай ұшқан қасқалдақ” (Махамбет), “Айғайдан басқа жыр бар ма” (Ақтамберді), “Орай да борай қар жауса” (Махамбет) ұзынды-қысқалы өлең нұсқаларын көреміз

Ақтамбердінің ақырғы өлеңдерінің бірі “Балаларыма өсиет” деген жолмен басталады. Жас ұрпақтың ақылды, бірауыз болуы елді мақсатына жеткізерін ескертеді. Халықты алауыздыққа апаратын мінездерден сақтандырады. Тоқсан жасаған қарт жыраудың артына қалдырған мұрасы бұдан да көп болуы керек. Біз қолда бар толғау, өдеңдеріне талдау жасадық.



  1. Бақылау сұрақтары

  1. Ақтамберді Сарыұлының туған жері, елі.

  2. Ақтамберді жырларының негізгі сарыны қандай.

  3. Ел қорғау, батырлық деген өлеңдерін ата.

  4. Ақынның алдына қойған мақсатын анық айқындайтын, патриоттық шығармасы.

  5. Ақтамберді туралы қысқа мәліметтер кездесетін, 1911 жылы қазан баспасынан шыққан Құрбанғали Қалидовтың кітабы қалай аталады.

  6. “Балпаң – балпаң барарсың” өлеңінің мазмұны қандай.


2. Студенттің үй тапсырмасы.
1. Реферат

2. Сұрақ – жауап.

3. Конспект.
3. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

1. Сұрақ – жауап.

2. Сөз жұмбақ шешу.

3. Хронологиялық кесте

4. Ақтамберді – қазақтың белгілі жорықшы жырауы.

5. Ол – қалмақтармен күресте қол бастаған батыр.

6. Жырау толғауларының әлеуметтік мәні.
21 - ОБСӨЖ (Сабақтан тыс)
ТАҚЫРЫБЫ : Ақтамберді жырау толғауларындағы басты сарын.
Жоспары :
1. Ақтанберді толғауларының негізгі сарыны:

2. Ерлікке батылдыққа шақыру;

3.Бостандық бейбіт өмірді аңсау.

4. Ақтамберді толғауларының көркемдік ерекшеліктері


Ақтамбердінің “Жағалбай деген ел болар”, “Жағама қолдың тигенін”, “Жел, жел өсер, жел өсер” сияқты шағын өлеңдерінің негізгі сарыны – жалғыздың мұңы, жетімдік зары, мен де ер жетіп ат тізгінін ұстар шақ туар деген көксеу, үміт.

Атадан тудым жалқы боп,

Жақыннан көрдім талды көп,

Жалғыздық сені қайтейін!

Жырау жырларындағы келесі бір сарын – үлкен толғаныстар өмірдің тірліктің мәні, күнкөріс қамы, жан иесі жасар әрекеттің апарып жеткізер мұраты жайлы.

Көк көгершін, көгершін,

Көк құтан ұшар жем үшін.

Көк шекпенін көтеріп,

Ерлер жортар мал үшін,

Тұтам емшек би үшін,

Қатын бала қамы үшін.

Әркім өзі талпынбақ,

Басына бітер бағы үшін.

Ақын өмір ағысында бір мұратқа жетем деген жан әрекет, қозғалыста болмақтығын; тірліктің бітпес күрес, рахаты мен мехнаты алма-кезек ауыс-түйіс, жатқан арпалыс әлем екенін бар шығармасында құлаққағыс етіп отырады. Ақтамбердінің түйіндеуінде адам тірлігінің мұраты – жатқа жақыныңды талатпай, ағайын-туған арасында береке-бірлікте ғұмыр кешу.

“Балпаң, балпаң кім баспас”, “Жауға шаптым ту байлап”, “От басар орны отаудай“, “Ей азаматтар, шоралар”, “Салпаң да, салпаң жортамын” толғаулары сияқты.

Жырау шығармаларының аса басым бөлігі, негізгі сарын – жорық, жортуыл жырлары. Соғыс суреті. Жорық сәтінде өзіңді былай да, былай ұста деген кеңес.

Ақтамберді ауыр жеңілістерді көзімен көріп, жанын көп жылатты. Жеңістің ұлы қуанышын да бастан кешкен жоқ.

Қынаптан қылыш суырмай,

Қырысқан жау бүлк етпес,

Жуылмай қыстың қанымен,

Намысқа тиген кір кетпес!

дейді жаужүрек ақын.

Ақтамберді әр рухтың ақыны “Намысы ел намысы” “Мені – елдің мені”. Қазақта бағынышты болғанша, басым кетсін дейтін батыр ұл көп. Жырау солардың атынан сөйлейді.

Салпаң да салпаң жортармын,

Сары азбанға қосымды артармын.

Торлаусыз өскен құланмын,


Айтқанға көніп, айдағанға жүрмеймін деген өр рух! Ол Ақтамберді өрлігі ғана емес – елінің ерлік рухы.

Ақтамберді толғауларының ең негізгі сарындарының бірі – бостандықты, бейбіт өмірді аңсау. Ұлт-азаттық сарын. Жырау еліме, құт, жеріме береке орнаған сәтті көзбен көрсем дейді. Өзі сол жолда жан берген күресте. Уақиғалы жыр, ұзақ дастанның мәнін сыйғызып жатқан “Күлдір, күлдір кісінетіп, күреңді мінер күн қайда!” жырында ақын өз жырларындағы бар мұратын, барша қасиетті түйіндей, топтастыра толғаған. Опасыз жалған иірімдерінен, мұң мен уайымнан үміт пен сенімді, күрескер бостандық сүйгіш рухты дін аман алып шыққан. Ұлы арманның шуағына шомылып отырып толғаған. Ақтамбердінің “Күмбір-күмбір кісінетіп...” толғауы барша жаугершілік заман, жауынгерлік мұрат поэзияның түйіні, тұтас түскен поэтикалық жыр тұлғасы!

Ақтамберді толғауларының көркемдік ерекшеліктері жайына келсек, жырау өзіне дейінгі дәстүрлі жыр үлгісінде сөйлейді. Сөйлегенде өзгеде жоқ, өзіндік қана қайталанбас сурет, теңеу, қанатты тіркестер туғызды. Жырау аттың сынын келістіре келтіреді:

От басар орны отаудай,

Омырауы есіктей,

Ойынды еті бесіктей.

... Ор қояндай жүгінтіп

Аш күзендей бүгілтіп

Тұмар мойын тұлпар, қиған қамыс құлақты, т.б.

Көшке ілескен боз інгеннің кейпі: “жаралы қудай ыңырантып, жазылған мұздай күңірентіп”. Дәстүрлі троптар:

Жағасы алтын, жеңі жез,

Шығыршығы торғай көз.

... Бұлттан шыққан ай бетті.

Мұнардан шыққан күн бетті.

Ақтамберді поэзиясында жыраулар өнернамасына тән терме, тақпақ түрінде келетін афоризм, нақыл сөз айшықтары да аз емес.

Кәрі ақсайды ақылдан,

Ер ақсайды жақыннан

... Бұлаңдап жүрген жігіттің,

Жомарт қолын жоқ кесер.

... Білімді туған жақсылар

Аз да болса көппен тең.

Сары аязда қатар ма

Қайнардың аққан тұнығы

Қап түбінде жата ма,

Болаттың асыл сынығы.

Жырау поэзиясы соғыс сәттің жанды қимыл-қозғалыс, суретін де көп түсірген. Салпаң да, салпаң жорту, балпаң, балпаң басқан жауынгер батыр, ту байлап жауға шапқан, айғайлап шеп бұзған сәттер. Ақтамберді туындыларында ілгерідегі Асан, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет жыраулардан келе жатқан дәстүрлі қолданыстар, тіркес оралымдар аз емес: жел, жел есер, балпаң, балпаң басқан күн, ару құшу, арғымақ міну; күмбір, күмбір кісінетіп, күреңді мінер күн; Еділ, Жайық, т.б.


1. Бақылау сұрақтары

1. Ақтамберді Сарыұлының туған жері, елі.



  1. Ақтамберді жырларының негізгі сарыны қандай.

  2. Ел қорғау, батырлық деген өлеңдерін ата.

  3. Ақынның алдына қойған мақсатын анық айқындайтын, патриоттық шығармасы.

  4. Ақтамберді туралы қысқа мәліметтер кездесетін, 1911 жылы қазан баспасынан шыққан Құрбанғали Қалидовтың кітабы қалай аталады.

  5. “Балпаң – балпаң барарсың” өлеңінің мазмұны қандай.

2. Студенттің үй тапсырмасы.

1. Хронологиялық кесте.

2. Реферат

3. Сұрақ – жауап.

4. Конспект.

3. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

1. Сұрақ – жауап.

2. Хронологиялық кесте

3. Қазақ хандығының құрылуы.

4.ХІV-ХVғасырларда қазақ жерінде болған ірі тарихи оқиғалар.

5.Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы қоғамдық әлеуметтік саяси жағдай.



  1. Қазақ хандығының негізін салушылар.

Әдебиеттер
1.Ìà¹àóèí Ì. ²àçຠõàíäû¹û ä¸óiðiíäåãi ¸äåáèåò (XV – XVIII ¹àñûð). Áiðiíøi êiòàï. κóëûº. – À., 1992

2.²àçຠõàíäû¹û ä¸óiðiíäåãi ¸äåáèåò. Åêiíøi êiòàï. Õðåñòîìàòèÿ (²½ð : Ì. Ìà¹àóèí). – À.,, 1993

3.Ѿéiíø¸ëèåâ Õ. VIII – XVIII ¹àñûðëàðäà¹û ºàçຠ¸äåáèåòi. κóëûº. – À., 1991

4.Ѿéiíø¸ëèåâ Õ. ²àçຠ¸äåáèåòi òàðèõû. – À., 1997

5.Ѿéiíø¸ëèåâ Õ. ²àçຠ¸äåáèåòi (XVIII – XIX ¹). κóëûº. – À., 1991

6. Ай, заман-ай, заман-ай.-А.,1991.


22 - ОБСӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ : Тәттіқара ақын (XVIII ғасыр).
Жоспары :

  1. Тәттіқара – қазақ елін сыртқы жауға қарсы күреске үндеуші жауынгер ақын.

  2. Ол - әскери жорықтарда Абылай ханның қасында жүретін жортуыл жыршысы.

  3. Тәттіқара – қазақ батырларының ерлігін жырлаған ақын.

Тәттіқара – XVIII ғасырдағы қазақ ақын – жырауларының көрнектілерінің бірі. Абылай бастаған сарбаздардың айтулы жырауы. Жалаң қылыштай өткір мінезімен, табан астында суырып салма шапшаң айтқыштығымен жорықтастары алдында үлкен беделге ие болған. Аспаннан бұрқыраған қара дауылдай, жерден шыққан қара бәледей жау төнгенде, яғни жасақтардың барар жер, басар тауы қалмай тығырыққа тірелгенде көптің көш бастайтын серкесі іспеттес. Сол себепті де ол :

Алдыңнан – су, артыңнан жау қысқанда,

Ер жігіттің ерлігі осындайда ! –

деп, тосылып тұрған сарбаздарға ұран тастайды. Кескілескен бір ұрыста жыраудың осы ұлағатты сөзінен кейін қара түнек бұлттың ішінен күн жарқ ете түскендей, жасақтар арындап тасып жатқан судан аман өтіпті деседі. Жырау – халықтың қорғаны, ол, ең алдымен, өзін емес, өзгені ойлаған. Екінші сөзбен айтсақ :

Алдаспан ауыр қылыш суырған.

Ажалға қарсы жүгірген, -
дегендей ел-жұртының қылышы, семсері.

Ел аузындағы деректерге сүйенсек, оның ішінде шежіре қарттардың айтқанына құлақ ассақ, Тәтіқара Сарыкөл маңайындағы Уақ руынан шыққан, Уақ ішінде Қалмақ деген атадан, Ақынның туып-өскен жері – қазіргі Қостанай облысының Урицкий ауданы.

Тәтіқараның саналы өмірінің бәрі дерліктей Абылай ханның төңірегінде өткен. Оның себебі, жұрттың бәріне билігін мол жүргізу үшін Абылай өз маңына ақын, жырау, шешен, батырларды топ-топ ұстаған.

Тәтіқара жыраудың “Қамыстың басы майда” атты толғауы мен “Ер Шобан” толғауы сырттай бір – біріне ұқсас. Екеуінде де көптеген батырлардың аттары аталып дәріптеледі. Оқиғаның шығу төркіні де екеуінде бір негіздес. Екеуі де жан қысылғанда айтылған мадақ.

Тәтіқара жырында аталатын батырлардың өмірде болған адамдар екені тарихтан белгілі. Айталық :

Қамыстың басы майда, түбі сайда,

Жәнібек Шақшақұлы болат найза, -

дегендегі арғын ішіндегі Шақшақ деген кіші атадан шыққан Жәнібек батыр Абылай ханға асқан ержүректілігімен, қара қылды қақ жарып кесіп айтатын әділдігімен, ұсақ-түйекке мән бермейтін еркек мінезді тәкәппарлығымен ұнаған.

Тәтіқара толғауындағы бір топ сарбазды өз басшылығына алған Жәнібек батыр тек ерлігімен ғана емес, өзінің үлкен адамдығымен, зор беделімен де ірі тұлға. Біз төменде тағы алғыр батырлармен жүздесеміз, олар мыналар :

Бөкейді айт Сағыр менен Дулаттағы,

Деріпсәлі, Маңдайды айт Қыпшақтағы.

Өзге батыр қайтса да, бір қайтпайтын

Сары менен Баянды айт Уақтағы.

Тәтіқара жыраудың тағы бір өлеңі Қытай мен Абылай сарбаздарының арасында болған шабуылды сипаттайды. Бұл жырды кезінде Ш. Уалиханов орысшаға қара сөзбен аударған. Осы толғаудан бізге жеткен шағын үзінді Шоқан аудармасының дәлдігін көрсетумен бірге, екеуінің негізінде шындық оқиғаға болғанын анықтай, айқындай түседі.

Тәтіқара Абылаймен бірге жаугершілікте жүріп, оның әрі ақыны, әрі батыры болған. Бұл турасында М. Мағауин : “XVIII ғасыр әдебиеті жайында сөз болса, Тәтіқара ақынның аты аталмай қалмайды. Жұртшылық санасындағы Тәтіқара қазақ халқының тарихындағы қиын кезеңдердің біріндегі сырт жауларға қарсы күрестің ұраншысы, өз отандастарын қайтпай ұрысуға шақырушы жауынгер ақын, жортуыл кернейшісі”,-деп, Тәтіқараның тарихи рөлін байыпты бағалаған.
Бақылау сұрақтары

1. Абылай бастаған сарбаздардың айтулы жырауы

2. Тәттіқара –қазақ батырларының ерлігін жырлаған ақын.

3.Тәттіқара туралы аңыз

4. Тәттіқара сурып салма ақын.

2. Студенттің үй тапсырмасы.

1. Хронологиялық кесте.

2. Реферат

3. Сұрақ – жауап.

4. Конспект.
3. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

1. Тәттіқара – қазақ елін сыртқы жауға қарсы күреске үндеуші жауынгер ақын.

2. Ол - әскери жорықтарда Абылай ханның қасында жүретін жортуыл жыршысы.

3.Тәттіқара – қазақ батырларының ерлігін жырлаған ақын

4. Сұрақ – жауап.

5. Сөз жұмбақ шешу.

6. Хронологиялық кесте

- 23 ОБСӨЖ (Сабақтан тыс)


ТАҚЫРЫБЫ : Үмбетей жырау Тілеуұлы (1706 – 1778 ж).

Жоспары :

1. Ол -өз дәуірінің аса маңызды мәселелерін дидактикалық-

философиялық сарында жырлаған кең тынысты жырау.

2. Үмбетей-қазақ поэзиясында Бөгенбай батырдың өшпес образын

жасаған жырау.
Тілеуұлы Үмбетейдің жырау ретінде артына қалдырған мұрасы аса көп емес. Не бары жеті – сегіз толғау. Бар қазынасына байыптап қарағанда батыр жыраулығы ерекше көзге түсіп тұрады.

XVIII ғасыр перзенттері Тәтіқара, Үмбетей, Бұқар жыраулар да фолкьлордың кең қолтығынан шыққан. Хан мен қараны ауыздарына қаратқан жортуыл жырларында ерекше қасиет бар еді. Ол сергелдеңге түсемін – ау деп сескенбей, шындықтың жүзіне тура қарау еді. Сен хансың, сен қарасың деген жоқ, қара қылды қақ жарғандай әділетін айтты. Қалың бұқара намысын қорғай отырып айтты. Сол кезеңнің жыршыларында даралық сезіммен жалпылық сезім басымдау еді. Уақыты солай болатын. Әсте елдің тілі болу оңай қызмет емес – ті. Жыраулық шығармалардың дені ауызша тарап, біраз өзгерістерге, қосымшаларға, жаңғыртуларға ұшырап жеткен. Бұл Үмбетейге де ортақ.

Осы XV - XVIII ғасырлар поэзиясының қазіргі қолда барының бәрі де қағазға түсіп, әр түрлі жинақтарға ене бастады. Көбінесе біз сол жинақтарға сүйенеміз.

XVIII ғасырда өмір сүрген дуалы ауыздың бірі – Үмбетей Тілеуұлы - әскери жорықтарға қатысқан, батырлығы да, ақындығы да қатар жүрген кісі. Шығармасының дені арнаудан тұрады. Әдебиет зерттеушісі М. Мағауиннің айтуынша : “...өз тұсындағы дабыралы ерлер жайы, тарихи поэмалар жасау ісіне белсене араласқан”. Әзір қолда бар шығармалары шағын. Академик Қажым Жұмалиев Үмбетейді Бұқардан кейін атапты. Бұнда бір мәніс жатыр.

“Шығармалары өз аттарымен біздің дәуірімізге дейін сақталып келген әдебиет өкілдері : Бұқар, Үмбетей, (XVIII ғ.), Дулат, Жанкісі, Байтоқ, Жанұзақ, Шернияз, Алмашты, т. б. (XIX ғ.) алсақ, бәрі бір дәуір, бір кезеңде өмір сүрсе де, олардың дүние тану, өмірге көзқарастары әр басқа. Өйткені, бұлардың бәрі бір таптың ақындары емес. Әркім өмір кұбылысын өз ортасы арқылы, өз табының көз қарасынан танымақ”. Үмбетей – беріде өмір сүрген ақын. Оған белгілі дәстүрді жалғастырушы ретінде қараймыз. Үмбетей есімі Бөгембей батырмен қатар аталады. Арнау, жырларымен аты шыққан. Жалпы, XV – XVIII ғасырлар арасындағы қазақ поэзиясының дені арнау, толғаулар десек қателеспейміз. Үмбетей шығармалары халық поэзиясының қасиетін бойына жақсы сіңірген. Өлеңдері шешендік сөздерге жақын тұрады.

Үмбетейдің поэзиясында жеке – даралық творчествоның белгілері айқындау көріне бастаған, оның анық обьектісі бар арнау өлеңдерінен аңғаруға болады. Бұған “Бәкеге”, “Бұқарға” дейтін бір қатар толғаулары куә. Бөгембай өлімін Абылай ханға естірткен жыраудан үлкен эпикалық сарынға икемі барлығын байқаймыз.

Үмбетей жырларында фәлсапа айтып келіп, мәселені әйел жайындағы түйінмен тәмәмдайды. Өзіне сауал қояды да, жауабын өзі береді. Түйенің, биенің, адамның, жаманның қандай болатындығын нақты сөздермен келтіріп, тұрмыс философиясын тартымды бейнелейді.

Үйіңдегі ұлың жаман болса,

Есіктегі құлмен тең.

Қойныңдағы қатының жаман болса,

Қаңтардағы мұзбен тең, -

дейді жырау “Бұқарға” атты арнауында. Мұнда да ұлдың жақсы, жаманы сын таразысына түседі. Әйелдің нашарын “Арқаңа артқан тұзбен тең” дейді. Өзі жорықта жүрсе де от басының тірлігін, бірлігін тілеген кісінің келбетін елестетеді жырау.

....Бәйбішең аю болса аса алмассың,

Қырау болса әй деуге бата алмассың.

Мейманға отын басы болса суық,

Еліңе жақсы жігіт атанбассың...

Үмбетейдің “Ей, Ақтамберді” деп басталатын он үш жол өлеңі де өмірге өздігінен келмегенге ұқсайды. Құн дауы ма, жесір дауы ма, әйтеуір ар жағында бір жәйттің бар екені анық.

Үмбетейдің эпикалық күшінің барлығын байқататын өлеңінің бірі – “Бекболат биге” арнағаны.

Үмбетей - Сыпыра жыраудан, Асан қайғыдан, Қазтуғаннан, т. б қалған асыл сөз мұрасын үлгері апарушылардың бірі. Насихат сөздерінде “Бөгембай өліміне”, “Бөгембей батырдың өлімін Абылай ханға естіртуі” атты шығармаларында ханнан гөрі қауым мен батырдың бейнесі молырақ сипатталады. Үмбетей аты аталғанда, әсіресе, осы туындылар алдымен ауызға ілінеді. Соңғы толғаудың айтушылардан түгел жеткені сезіледі. Толғау еркін, төкпелі сарыннан туған, таудан құлаған сарқырама су үніндей әсерлі естіледі.

Бөгембай образы жыраулар творчествосынан көрнекті орын алады, мұнды , шын мәнінде, батырға өлеңмен берік ескерткіш жасалған. Бұқар мен Үмбетейдің Бөгембайға арнаған жоқтауы – дәл мағынасындағы жоқтау емес, одан да биігірек тұрған көркем поэтикалық ескерткіш.

Бөгембайдың ерлігін жырау өзінің алдындағы сарқылмас сөз өнері – ауыз әдебиеті дәстүрлері негізінде суреттейді. Батырдың батырлық қимылын тануда да, бейнелеуде де батырлар жырында қалыптасқан негізгі өлшемдер мен көркемдік тәсілдерге сүйенеді.

Үмбетейдің “Бөгембай батыр өлімін Абылай ханға естіртуі” де осы деңгейдегі толғау. Жырау Бөгембай сияқты батырлардың Абылай тұсында өмір сүруін Абылайға “Тәңірім берген үлкен сый” деп бағалайды, суреттейді. Бөгембай ел қорғаны – батыр ретінде көрінеді. Сөйте тұра осы екі толғауға тән, ортақ сипат – адамдық жылылық пен сыршылдық. Бұл кейіпкер басынан емес автордың кейіпкерге қатысынан көрінеді.

Басқа еңбектерін былай қойғанда, Үмбетейдің Бөгембайға арнаған толғауының орны бөлек, жауынгер, патриот ақынның халық қамын ойлағандығын, ердің ерін ел үмытпайтындығын, батырлықты кемеліне келтіре жырлағандығын сеземіз. Шабытының шылбырын босатпаған, елдің жай-күйін ойлаған, адамдық жасауға шақырған жырау бейнесі алыстаған сайын ұрпағы үшін тұлғалана түспек.
Бақылау сұрақтары


  1. Үмбетей жырау Үтолғаулары.

  2. Үмбетейдің арнау өлеңдер.

  3. Үмбетей қазақ поэзиясында Бөгенбай батырдың өшпес образын жасаған жырау.

2. Студенттің үй тапсырмасы.

1. Хронологиялық кесте.

2. Реферат

3. Сұрақ – жауап.

4. Конспект.
3. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

1. Ол -өз дәуірінің аса маңызды мәселелерін дидактикалық-

философиялық сарында жырлаған кең тынысты жырау.

2. Үмбетей-қазақ поэзиясында Бөгенбай батырдың өшпес образын

жасаған жырау.

3.Үмбетей жырау Үтолғаулары.

4.Үмбетейдің арнау өлеңдер.

5.Үмбетей қазақ поэзиясында Бөгенбай батырдың өшпес образын жасаған жырау.

24- ОБСӨЖ

ТАҚЫРЫБЫ : Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668 - 1781 ж).

Жоспары :


  1. Бұқар- XVIII ғасыр әдебиетіндегі ең көрнекті тұлға.

  2. Бұқар жырау -өз дәуірінің данышпан ойшылы.

  3. Ол- Абылай ханның кеңесшісі, белгілі қоғам қайраткері.

Әдебиет тарихынан елеулі орын алып, артына өшпес мұра қалдырған көрнекті жыраулардың бірі – Бұқар Қалқаманұлы. Халық өмірінің алмағайып – аласапыран, тарихта қалу-қалмауы екіталай кезеңінде тұрмыс кешкен жырау өз толғауларында сол тұстағы көкейтесті, күрделі мәселелерге жауап іздеп, соның бірден-бір жоқшы – жыршысы бола білді. Оның жыр – толғауларының үнемі әлеуметтік мазмұнға құрылып отыруының басты себебі де осыдан.

Тарихта “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” атанған аумалы – төкпелі заманға душар болған ел – жұртқа “бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып”, басқыншы жаудың бетін қайтарып, өз тәуелсіздігін қорғап қалу, немесе жау табанында біржола жаншылып құрып біту мәселесі көлденең тұрды. Жырау, ең алдымен, осындай жауапты сәтте шоғырланбай шашырап жатқан халықтың басын тас түйін біріктіру арқылы қанқұйлы жауға тойтарыс беру ісін ұйымдастыра алатын аса алғыр қолбасшы – көсемнің қажеттігін ерте түсінді, сүйтіп, ұлы мақсатқа орай ол әйгілі Орта жүз ханы Абылайға зор сеніммен қарады. Абылай да тәуелсіздік үшін жан сала күрескен, халық мүддесін терең түсініп, өзін бірыңғай сол күрес жолына арнады. Мұндай ақылы мен айласы астасқан кемеңгер басшының үлгілі істері мен оның төңірегіндегі белгілі батырларының жанқиярлық ерліктерін жырау үнемі асқақ жырлап, солардың өшпес әдеби бейнесін жасауға күш салды. Осының бәрі, түптеп келгенде, жыраудың туған халқының бірлігі мен болашағын ойлау мақсатындағы ерлікке барабар іс - әрекеттерін аңғартады.

Бұқар жырау қазіргі Қарағанды облысына қарайтын (бұрынғы Баянауыл) Ульянов ауданының Далба тауы бойында дүниеге келіп, сол мекенде қайтыс болады. 1993 жылы жыраудың туғанына 325 жыл толған мерекелі тойында оның басына үлкен күмбез орнатылып, Қарағанды қаласында осы мерекеге арнап ғылыми – теориялық конференция өткізілді. Бұқар жыраудың өмірі мен шығармаларын қалың көпшілікке насихаттау мақсатында бір топ мерекелі мақалалар мен бір кіші-гірім зерттеу кітіпша жарық көрді. Сондай-ақ, сол жылы тұңғыш рет жырау жырларының жеке жинағы екі рет басылды (бірі – “Жалын” баспасынан шыққан ”Әй, Абылай, Абылай”.

Бұқар шығармалары XX ғасырдың 20 – 30 жылдарынан бастап жиналып, зерттеліп келеді. Алғашқы жариялануы дегенде, біз, ең алдымен, “Таң” журналында басылған жырларды айта аламыз. Мұнда жыраудың “Бірінші тілек тілеңіз”, “Ай не болар күннен соң”, “Айналасын жер тұтқан”, “Ақсаңнан биік тау болмас”, “Абылай ханның қасында”, “Ал, тілімді алмасаң”, “Ей, Абылай, Абылай”, “Керей қайда барасың ?”, “Ханға жауап айтпасам” атты бір топ өлеңдері жарық көрді.

Бұқар шығармаларын жариялауда С. Сейфуллин үлкен еңбек етіп, “Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары” атты жинағына жыраудың “Ай не болар күннен соң”, “Керей қайда барасың ?”, “Жал, құйрығы қаба деп”, “Асқар таудың өлгені”, “Қалданменен ұрысып”, “Атан болған жиырма бес”, “Құбылып шыққан бәйшешек”, “Әй, Абылай, сен он бір жасыңда” атты толғауларын бастырғаны мәлім. Бұдан соң жыраудың бір алуан жырлары әр түрлі хрестоматиялар мен жинақтарда, мерзімді баспасөз беттерінде жарияланып келеді.

Бұқар туындылары алғаш рет толыққа жуық көлемде “Алдаспан” жинағында басылды. Бұған оның үлкенді – кішілі 49 толғауы енді.

М. Көпеев жырау туындыларын ертеректе көнекөз қариялардан қағаз бетіне түсірумен қатар, солардың ғылым үшін қажетті туу, айтылу тарихын да қызықты етіп жазып қалдырған болатын – ды. Сол себепті Бұқар шығармаларын сөз еткенде, біз сол М. Көпеев жазбаларын түпнұсқа ретінде негізге алуға тиіспіз.

Ал, енді Бұқар жырларының ең бастапқы жариялану мәселесіне келсек, оны Ш. Уәлиханов, Г. Н. Потанин, И. Н. Березин қорында сақталып, кейбір үлгілерінің солардың жариялануымен басылғанын, сондай – ақ, бір-екі толғауының Құрбанғали Қалидұғлының “Тауарих хамса Шархи” атты кітабында жарық көргенін айта аламыз.

Бұқар жырау туындыларының дұрыс бағаланып, оның әдебиет тарихындағы орнын ашып белгілеу ісі М. Әуезов зерттеулерінен басталады.

С. Мұқанов Бұқар шығармаларының көпшілігі Абылай ханға арналып айтылғандықтан, өзі сырттай Орда ақынына ұқсағанымен, жырлары сол кездегі саяси - әлеуметтік тұрмыстың нақты көрінісінен туған деп атап көрсетеді.

Қ. Жұмалиев қазақ әдебиетінің орта мектептерге арналған оқулықтарынан бастап, қазақ әдебиетінің алты томдық тарихына жазған Бұқар туралы монографиялық тарауларында да, оны XVIII ғасырдағы авторлығы сақталған тарихи әдебиеттің басы деп бағалайды.

Ал Ә. Марғұлан Бұқар жырауды Абылай ханның белгілі жыршысы, кейінгі қазақ ақындарының бірден – бір көшбасшысы, ұстазы деп бағалайды. Осындай бағаны Е. Ысмайылов, Б. Кенжебаев еңбектерінен де ұшыратамыз.

60 – жылдардың соңында жазылған Х. Сүйіншәлиев пен М. Мағауин зерттеулерінде Бұқар шығармалары әдебиетіміздің даму жолында елеулі бір белес болғаны баса әңгімеленеді.

Бұқар жырау дәуір алшақтығына қарамай, жыраулардың әлеуметтік – саяси мазмұны мен тақырыбы жағынан да, бейнелеу тәсілдері мен көркемдік құралдары жағынан да өзінен бұрынғы жыраулармен терең үндесіп отырады.

Бұқар жыраудың “Ханға жауап айтпасам” атты толғауын халық тағдыры мен оның болашағын жырлаған әлеуметтік – қоғамдық мәні мен де, айтар ойдың бас – аяғы тұтас табиғи бірлігімен де, сипаттаудағы көркемдік – бейнелеуімен де, шеберлік тәсілдерімен де өзге жырларынан жеке дара тұр дей аламыз.



Бақылау сұрақтары

1.Бұқар жырау өз дәуірінің данышпан ойшылы.

2.Бұқар жырау жырларының негізгі тақырыбы.

3.Бұқар шығармаларын әдебиет тарихына енгізгендер.

4.Бұқар 18 ғасыр әдебиетіндегі көрнекті тұлға.

2. Студенттің үй тапсырмасы.

1. Хронологиялық кесте.

2. Реферат

3. Сұрақ – жауап.

4. Конспект.
3. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

1.Бұқар- XVIII ғасыр әдебиетіндегі ең көрнекті тұлға.

2.Бұқар жырау -өз дәуірінің данышпан ойшылы.

3.Ол- Абылай ханның кеңесшісі, белгілі қоғам қайраткері.

4.Бұқар жырау өз дәуірінің данышпан ойшылы.

5.Бұқар жырау жырларының негізгі тақырыбы.

6.Бұқар шығармаларын әдебиет тарихына енгізгендер.

7.Бұқар 18 ғасыр әдебиетіндегі көрнекті тұлға.



25 - ОБСӨЖ (Сабақтан тыс)
ТАҚЫРЫБЫ : Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668 - 1781 ж).
Жоспары :


  1. Бұқар – қазақ мемлекетінің дербес өмір сүру қажеттігін ту етіп көтерген кемеңгер жырау.

  2. Толғауларының әлеуметтік мәні, тарихи сипаты.

  3. Бұқар толғауларындағы Абылай хан бейнесі.

Бұқар жыраудың ақындық қуаты мен дарын – күшін айқын танытатын келесі бір жыры “Әлемді түгел көрсе де” деп аталады. Мұнда ол адам баласы өмірінің сыр – сипаты мен қызық қуанышының шексіздігін, аспанға шарқ ұрып, Ай мен Жұлдызды аралаған арман – үмітінің жарқындығын шебер бейнелейді. Осы ерекшеліктерімен бұл жырды тұрмыстың әр алуан қуаныш – қызығын шалқыта, асқақ жырлайтын оптимистік гимні деуге де болар еді.

Жыраудың жыраулық поэзияда адам өмірі мен табиғат құбылыстарын астастыра сипаттау, сондағы көркемдік ізденістерге, тіпті бейне жасаудың тұрақты тәсіліне жол салған. Осы жәйт Бұқарға да тән. Жыраудың “Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек” атты екі бөлімнен тұратын жырынан бізде бұрын кездеспеген жаңа бір үлгісін көреміз.

Жыраудың дүниеге көзқарас танымын белгілейтін шығармаларынан оның “Бірінші тілек тілеңіз” атты толғауын бөліп атауға болады. Бас аяғы он бір тілектен ғана тұратын бұл жырда Бұқар өз дәуіріндегі адамдардың ой – тілегі мен арман – мұратын жинақтап беруге талаптанады. Бұлары құдайға құлшылық пен бес уақыт намаз, тыныштық пен адамгершілік, адалдық, тазалық болып келеді.

Бұқардың “Ақсаңнан биік тау болмас”, “Айналасын жер тұтқан”, “Ай не болар күннен соң”, “Бағаналы орда, басты орда” атты толғаулары өз дәуірінің өмір көріністерін: көшпелі тұрмыс тұсындағы адамдардың өзара қарам – қатынастары мен қалыпты салт – сана, ұғым – түсініктерін, жалпы өмірдің құбылмалы екендігін баяндау тұрғысында келеді.

Бұқар жыраудың бір топ жырлары (“Ежелгі дос жау болмас”, “Шашырап шыққан хандар көп”, “Рулының оғы жоғалса табылар”, “Он екі айда жаз келер”, “Мырзалық қонаққа пайда, малға қас”, “Асқар таудың өлгені”, “Жар басына қонбаңыз”, “Биік тауға жарасар”, “Жал құйрығы қаба деп”) ел бірлігі, жақсы мен жаман, білімділік пен надандық, жалпы ізгілік мәселелерін қамтиды. Тағы бір алуанында (“Атан болған жиырма бес”, “Құбылып тұрған бәйшешек”, “Садыр, қайда барасың ?”) жыраудың әлеуметтік ортаға көзқарасы мен ішкі сезім күйлері басым болып келеді.

Асан қайғы жырларының көрініс тапқан жұмбақ үлгісінде келетін орағыта астарлау, пернелеу тәсілдері де Бұқарда өз көріністерін тапты.

Бұқар жырларының дидактикалық мазмұнының сипатына келсек, бұлар да өзіне дейінгі өмірді пәлсапалық тұрғыда тану, бағалау арқылы соны адам санасына сіңіріп тәрбиелеу мақсатына құрылады. Жырау осыған орай кейде дайын үлгіні өзгертпей алуға да, не соны сөз орамы мен ұйқас үшін аз – кем түрлентіп қолдануға да, тіпті, тыңнан жол салып өзінше кестелеуге де бейім.

Бұқар жырау сол тұстағы әр алуан өмір көріністері мен адамдар арасындағы қарым – қатынас жайларын да өз назарынан тыс қалдырмаған. Жырау мұнда жалпы өмірді үнемі жаңғырып жаңару, түрлене құлпырып, өзгеру барысында бағалауға мән береді. Соған орай жыраудың “құрсағы құшақ байлар” мен “қу таяқты кедейдің” тағдыры туралы түйген ойлары да көңіл аударуға тұрарлықтай. Ол бұлардың арасындағы аспан мен жердей айырмашылықты (байлық пен жоқтықты) тұрақсыз ауыспалы құбылыс ретінде түсіндірмек болады (“Айналасын жер тұтқан, Айды батпас демеңіз, Айнала ішсе азайып, Көл су алмас демеңіз, Құрсағы құшқ байлардан, Дәулет таймас демеңіз, Жарлы байға теңеліп, Жайлауға жарыса көшпес демеңіз”,т. б).

Жыраудың бізге жеткен азды – көпті мұрасын табиғи сипаты жағынан насихат толғау, арнау толғау, болжау толғау деп үш топқа бөлуге болар еді. Шығармаларының басым көпшілігін құрайтын насихат толғауларында, жоғарыда аталғандай, адамды игілікке тәрбиелеу, бауырмалдық, адалдық, әділдік мәселелері сөз болады. Осыған орай жыраудың топшылаулары мен ой – болжамдары да сезім күйлері арқылы беріліп отырады. Осы талапқа сай бұл жырлардың көңіл – күй, лирикалық сипаты басым болып келеді.

Жыраудың қолда бар арнау – толғауларының көпшілігі (“Абылай ханның қасында”, “Ал, тілімді алмасаң”, “Ей, Абылай, Абылай”, “Қазақтың ханы Абылай”, “Ханға жауап айтпасам”, “Басыңа біткен күніңіз”, “Ай, Абылай , сен он бір жасыңда”, “Ал, айтамын, айтамын”) Абылай ханның сол тұстағы ұстанған саясаты мен жалпы ел басқару ісіне арналса, енді бір топ жырларының (“Садыр, қайда барасың ?”, “Бұқарекең – біз келдік Ақан, Төбет байларға”) әр кезеңде әр қилы тілек – талаптарға орай белгілі бір кісілерге арнау түрінде айтылғанын көреміз.

Бұқар тарихта “Ақтабан шұбырынды, Алкакөл сұлама” атанған қатерлі заманда қазақ елінің басын құрап, қалмақ басқыншыларына қарсы күресті ұйымдастыра білген Абылай ханды халық тәуелсіздігін қорғап қалған көсемі, даңқты қолбасшысы ретінде сипаттайды. Сол тұста ерекше ерліктері мен көзге түскен Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгембай, Шақшақұлы Жәнібек, Сіргелі Тілеуке, қарақалпақ Құлашбек, т. б. батырларды ханның сенімді серіктері, оның бұйрық – жарлықтарын бұлжытпай орындаушы сарбаздары ретінде асқақ жырлайды.

Бұл – қалың жұртшылықтың жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күреске шығып, елдікті сақтап қалуға бел байлаған кезі еді. Абылай хан дәл осындай ауыр кезең, қиын сәтте бөлек – бөлек шашырап жатқан үш жүздің басын біріктіріп, жауға үзілді – кесілді тойтарыс бере алатындай бір орталыққа бағынған күшті мемлекет құруға талаптанды. Сол себепті Бұқар өз жырларында Абылайдың сол тұстағы орасан зор еңбегін жоғары бағалай отырып, халық арманын ақтаған батыр – қолбасшының мақтантұтарлық әдеби бейнесін жасауға зер салды. Айталық, Абылай хан науқастанған тұста айтқан мына бір бес жолдан тұратын жырға ол Абылайдың сол кездегі бүкіл жұрт ұмытпастай тарихи еңбегін сыйғызып, нақты бейнелей алған дер едік. Сондай – ақ, бұдан жыраудың тапқырлығы мен шешендігін, хас шеберлігін де анық көреміз :

Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан ханым – ай,

Қайырусыз жылқы бақтырған ханым – ай.

Қалыңсыз қатын құштырған ханым – ай,

Үш жүзден үш кісіні құрбан қылсам,

Сонда қалар ма екен қайран жаның – ай !


Ел берекесінің ұйтқысы татулық – бірлікте, бейбіт өмірде деп санаған қарт жырау ханға “өлетұғын тай үшін, қалатүғын сай үшін” ерегіс – жанжалдың, қажетсіз қантөгістің орынсыз екенін де батыл ескертіп отырады. Абылай бірде ашу шақырып, көрші отырған орыс мемлекетімен соғысамын деп қаһар төккенде, Бұқар бұған үзілді – кесілді қарсы шығып, ел тағдыры үшін мұның үлкен қателік екенін айтады.

Бұқар жырау Абылай бейнесіне әр қырынан келіп, оның шындыққа сай тұлғасын өрнектемек болады. Бұл бағытта туған жырларының бәрі дерлік Абылай ханның сол бір жауапты кезеңдегі әралуан саяси қызметі мен саналы өмірін оның басқару мерзіміне орай кезең – кезеңге бөліп, ой таразысымен екшеп саралау, жинақтап қорыту үлгісінде келеді. Мұның бәрі бір ғана талап – ертеңгі ел болашағы, тәуелсіз, бақытты өмірді орнату мақсатымен терең ұштасып жатады. Осыған орай жыраудың өзге жырларынан оның “Ал,. айтамын, айтамын” атты толғауын бөліп атауға болар еді. Бұл шағын ғана туынды (бас- аяғы 31 жол) ішкі логикалық бірлікпен жалғасқан үш бөліктен тұрады. Біріншісінде Абылай мінген жүйрік сайгүліктің түр-тұлға, сын-сипаты сөз болса, екіншісінде сол атқа лайық оның иесі де елдің биік талап тұрғысынан сипатталады. Ал, үшінші бөлімі Абылай бейнесін бірыңғай бөліп алып, жеке сомдауға арналған.

Бұқар өзіне дейінгі қалыпты жырдың сыртқы түзілім – құрылысына айтарлықтай жаңалық енгізе қоймаса да, оның дәуір талабына сай мазмұндық, көркемдік жағынан жетіліп, кемелденуіне үлкен үлес қосты. Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, т. б толғауларында орныққан тақырып пен мазмұнды жырау өз туындыларында жаңа бір қырынан ашып сипаттайды. Бұдан Бұқар тұсындағы жыраулық толғаулардың әлеуметтік мәні мен көркемдік сапасының ұшталып, өмір құбылыстарын даралау, адам бейнелерін жасауы жағынан толыса кемелденгенін көреміз.

Бұқар толғауларының өзіндік белгілеріне келгенде, біз ең алдымен, олардың түрі мен мазмұнының терең астасып отыратынын айтуға тиіспіз. Жырау ырғақ пен бунақ, тұрақты ұйқастың бірлік – шарттылығын көбінесе айтылар ойдың мазмұнына бағындырап отырады. Осыған орай бұлардағы ішкі логикалық байланыс – тұтастықты Бұқар шығармаларының басты сипат – ерекшеліктері деп айта аламыз.

Бұқар - өзі өмір сүрген дәуірдің болмыс – шындығын көркем бейнелеп, артына елеулі әдеби мұра қалдырған жырау. Ең алғаш ол ауыз әдебиеті үлгілерінен бастау алып, дәуір талабына орай әлеуметтік мазмұн мен көркемдік сапаларды игерген жыраулық поэзия Бұқар шығармалары арқылы жаңа белеске көтеріліп, әдебиетіміздің байып, марқая түсуіне жол салды.

Бақылау сұрақтары

1.Бұқар жырау өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі.

2.Бұқар жырларының құрылысы.

3.Бұқар жырау өз дәуірінің ойшылы.

4. Бұқар жырау Абылай ханның кеңесшісі.

2. Студенттің үй тапсырмасы.

1. Хронологиялық кесте.

2. Реферат

3. Сұрақ – жауап.

4. Конспект.

3. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

1.Бұқар жырау өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі.

2.Бұқар жырларының құрылысы.

3.Бұқар жырау өз дәуірінің ойшылы.

4. Бұқар жырау Абылай ханның кеңесшісі
5.Бұқар – қазақ мемлекетінің дербес өмір сүру қажеттігін ту етіп көтерген кемеңгер жырау.

6.Толғауларының әлеуметтік мәні, тарихи сипаты.

7.Бұқар толғауларындағы Абылай хан бейнесі.

26 ОБСӨЖ



ТАҚЫРЫБЫ : Бұхар жырау толғауларындағы Абылай хан бейнесі
Жоспары :

1.Бұқардың Абылайға арнаған жыр- толғауларының идеялық тақырыптық мазмұны.

1.Ханға қошемет айту,мақтау,

2.Ақыл кнңес айту.

3. Жаман істен сақтандырып ескнрту.Мін айтып, сын айту.
Жыраудың дүние-жаратылыс жайын қорғаған толғаулары. Мұнда тіршілік заңдары, өмірдің шарттары, адам ғұмыры - өлең нысанасы. “Ай не болар күннен соң”, “Айналасын жер тұтқан”, “Алла деген ар болмас”, “Жақын жерден шөп жесе”, “Жар басына қонабаңыз”, “Көкте бұлт сөгілсе”, “Қара арғымақ арыса”, “Өтермеден кетер ме”, “Асқар таудың өлгені”, “Әлемді түгел көрсе де”, “Биік тауға жарасар”, “Құбылып тұрған бәйшешек”, “Көк көгершін, көгершін”.

Абылайға арналған жыр-толғаулар. Жырау ханға қошемет айтады, мадақтайды, еліңді былай ұста, сырт дұшпанға былай бол дегендей ақыл-кеңес береді; жаман істен сақтандырып, ескерту айтады; туралықтан бұра тартқан тұсында мін айтып, сын айтады, тоқтатады...

Әсіресе, көп айтары: дүние өтпелі, жаулық жолын қума, өлетұғын тай үшін, қалатұғын сай үшін соғыспа; құдайдың бергеніне тоймасаң, бұл қылықты қоймасаң, ағаш үйдегі кәпірден көресің... бөтен елмен үйір боп, іргеңізді қоспаңыз...

“Ал, тілімді алмасаң!” арнауында Абылайға тиісе сөйлейді. Ашынып айтады:

Өкпеңменен қабынба,

Өтіңменен жарылма.

Орыспенен соғысып,

Басына мұнша көтерген

Жұртыңа жаулық сағынба.

Жыраудың Абылайға арнаған толғаулары: “Ей, Абылай, Абылай”, “Ханға жауап айтпасам”, “Қалданменен ұрысып”, “Басыңа біткен күніңіз”, “Ей, Абылай, сен он бір жасыңда”, “Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай”, “Күшпек санды күреңді”, “Ай, айтамын, айтамын”, “Ал, тілімді алмасаң!”, “Бөгембай тілімен естірту”.

Отаршылыққа қарсы жыр-толғаулар. “Шашырап жатқан қандар көп”, “Шүршіт келем деген сөз бар-ды”, “Көкшетаудан салдырған”, ”Кеше қара қалмақ бүлінді”, “Ханға жауап айтпасам”, т.б.

Жырау ұлттың азаттығын, тәуелсіз тұрмысын жоқтайды. Жан-жақтан анталаған жаулықтың беталысынан шошынады. Жақсыңды ауызға ұрып, қаныңды бауыздай ішер жамандық келе жатыр; барыңның есебі енді басқада болмақ аласапыран заманның азалы күйін шертеді.

Көкшетаудан салдырған,

Қара үңгір жолдары...

Өзің қонған Көкшетау,

Кәпір қала салды, ойла!

Жарқайың деген жерлерге,

Шашылып шеті барды, ойла!

Атбасар мен Қалқұтан,

Баянауыл, Қызылтау

Берекелі жерлерден,

Көкорай шалғын көре алмай,

Шұбырып қазақ кетті, ойла!
Бұхар поэзиясының тіл өрнегі өзгеше. Жырау жыраулар өмірнамасындағы дәстүрлі шарттардың бірі – ескіден келе жатқан белгілі қолданыстарды өз өлеңдеріне қоспайды десе де болар. Бұхар толғаулары дүние шартын түгендегенде көркемдіктің, шеберліктің ешбір күш бұзып өте алмас қамалына, афоризмге айналып жүре береді.

Жырау тілінде бұрын-соңды ешкімде кездеспейтін өзіндік ғажап тіркестер, сурет мол.

Арту, арту бел келсе,

Атан тартар бүгіліп,

Алыстан қара көрінсе,

Арғымсақ шабар тігіліп.

Алыстан жанжал сөз келсе,

Азулы сөйлер жүгініп...


Жырау дүние құбылыстарын тіл жетпес, ой жетпес сиқырмен ұстап қалады. Көктегі бұлттың өлгені, ай нұрын ұстап мінсе де, шашырап жатқан қандар көп, қалжырап көңіл қарайып, құрсағы құшақ байлардан, құландар ойнар құр тақыр... жатқа тізгін бермеңіз...

Құбылып тұрған бәйшешек,

Қурай болар солғанда.

Ақ иық бүркіт төмендер,

Екі қанат талғанда...

... Көк көгершін, көгершін

Көл кептер ұшар жем үшін

Көк ала қалқан жамылып...


Жыраулар поэзиясының негізгі арна, басты сарындары жыраудың өз қоғамында қандай орны болғанын айқындай түсетін; жалпы жыраудың әлеуметтік тұлғасы дейтін жайдың таптырмас айғағы.
Бақылау сұрақтары

1.Абылайға арналған жыр -толғаулары.

2.Жыраудың дүние жаратылыс жайлы толғаулары.

3.Бұқар өмір сүрген дәуір.


2. Студенттің үй тапсырмасы.

1. Хронологиялық кесте.

2. Реферат

3. Сұрақ – жауап.

4. Конспект.


  1. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

  1. Бұхардың Абылайға арналған жыр толғаулары.

  2. Бұхар Абылай ханның кеңесшісі

  3. Бұхар 18 ғасыр әдебиеттіндегі ең көрнекті тұлға.

  4. Бұ хар жырау жырларының негізгі тақырыбы.

27 ОБСӨЖ



ТАқЫРЫБЫ : Қожаберген жырау
Жоспары :

  1. Қожаберген Толыбайұлы қазақ елі тарихындағы жырау ақын жауынгер, қолбасшы ретінде танымал тұлға.

  2. Жырау шығармаларының жанрлық ерекшелігі.

  3. “Елімай” дастанының идеялық компози циялық ерекшеліктері.

Қожаберген жырау

Орта жүз Ашамайды Керейдің Бәйбіше Көшебе руының Таузар тайпасынан шыққан атақты батыр, әйгілі суырып салма ақын Қожаберген жыраудың есімі ежелден еліне белгілі болған.

Солтүстік Қазақстан жерінде Гүлтөбе – Маманайда дүниеге келген. Әйгілі Толыбай сыншының кенже ұлы. Бала кезден нағашылары Жалаңтөс батыр ұрпақтарының қолында болып, Үргеніш, Бұқара, Самарқанның медреселеріне оқиды. Имам атағын алады. Он үш жастан өлең шығарады. Аңыз-әңгімелерді қисса-дастанға айналдырып жыр етеді.

Қожаберген араб, парсы тілін жетік білген. Әз Тәукенің сенімді елшілерінің бірі болған. Саяси, қоғамдық, елдің ішкі, сыртқы шаруасына көп араласқан.

Н. Әбуталиевтің, Қ. Биғожиннің айтуынша, толып жатқан дастан-жырлар туғызған Қожабергеннің әдеби мұрасын жинап, сақтаған – Сегіз Сері шежіресінде Қожаберген жырау жайлы едәуір дерек бар.

Қожабергеннің “Ата тек”, “Баба тіл”, “Жеті жарғы”, “Ер Көкше”, “Еңсегей бойлы Ер Есім”, “Қабанбай батыр”, “Асан ата”, “Ер Қосай”, “Ер Жәнібек”, “Қорқыт баба”, “Ер Едіге”, “Орақ батыр”, т.б. төлтума немесе қайталап жырлаған қисса дастандарын болғанын жазушы Н. Әбуталиев атап айтады.

“Елім-ай” өлеңмен жазылған тарихи шежіре.

“Баба тіл”, “Ата тек” дастандарында жырау қазақ шежіресіне, халықтың тарихына бойлайды. “Жеті жарғы” Әз Тәукеге арналған.

Қожабергеннің халыққа кең тараған әйгілі күйлері де болған. Қожабергеннен сақталып жеткен мұраның аса елеулісі, әрине, “Елім-ай”. Оның туу тарихы былай. 1723 жылы көктемде Қожаберген екі баласын алып Сыр бойындағы қайын-жұртына, әйелі Айшаның еліне келеді. Осында жүргенде қалмақтардың үлкен шабуылы басталып, елге қарай шегіне қашуға мәжбүр болады. Шығарма ат үстінде туған. Кейіннен Қожаберген өзі хатқа түсіріпті.

Жырау көз көрген жайды баяндайды. “Елім-ай” дастанында қасіретті ошақтың ұлы зары, шер-мұңы көз көрген, ел үшін, жер үшін халқымен бірге күрескен ұлы жыраудың түйін, тұжырым, таразы бағасымен беріледі. Орыс елі мен қытай мемлекеті қолдап, қолпаштап, қолына қазақ көрмеген дәу мылтықты ұстатып айдап салған қанішер қалмақтың сұмдық соққысынан есеңгіреген ел ата қонысынан ауған, бет-бетімен бас сауға іздеп, ашық күнде аспаннан қан жауғандай күн кешіп есеңгіреген шақтың шежіресі болған бұл дастанда халықтың болашақ күнге сенімі, ызасы мен кегі, қылыщ шапса қырқылмаған ар намысы, жауға кегі, келер күнге сенімі тұтас түскен. “Елім-ай” қазақ тарихындағы айтуы бетбұрыс кезеңнің көңіл-күйі, шындығы. Жырау ата жаудың бел алып, күшейіп кету себебі орыс пен қытайдың қолдауы дегенді баса айтады. Халықты бірлікке шақырады. Бас сауғаламай атқа қон дейді. “Елім-ай” жеті бөлімнен тұратын 3683 шумақ, яғни 14732 жол өлең. Бізге жеткені соны 2 мың жолдайы ғана.

Шығармада сол “ақтабан” өткен тұстағы елдің сыртқы, ішкі жағдайы, соғыстың басталуы, беталысы баяндалады.

Шығармадағы сол тұстағы қазақтың белгілі адамдарының атақты батырлары мен би-шешендерінің, әйгілі жыраулары мен хандарының аты аталады. “Елім-айда” Әз Тәукеге, Әнет биге, Қазыбекке, Әйтекеге, Малайсары биге, Ақсуат биге, Дат палуанға, Бөгембай, Жайнақ, Ақпанбет, Байғазы батырларға, кіші жүз ханы Әбілқайырға арнаған көп шумақ бар.

“Елім-ай” негізгі бөлігі қара өлең үлгісімен келген дастан. Шығармада Қожабергеннің ақындық қуатын айғақтап жатқан әсерлі шумақтар, өзіндік қолданыстар аз емес.

Бастарын қара таудың мұнар жапқан,

Сылдырап Сырдың суы сылаң қаққан...

Атаңа нәлет ит қалмақ ...

Қумалақтай қорғасын ...


Шығармада тарихи жер-су аттары да мол ұшырасады. Қаратау, Сыр, Сарыарқа, Еділ, Жайық, Сарысу, Оралтау, Есіл дастанда “ақтабандағы” соғыс барысы, қай жатқан қанша шығын болғаны, кім қатысты, соғыс қалай жүрді, егжей-тегжейлі айтылады.

“Елім-ай” Қожаберген мұрасы екенін дәлелдейтін дерек аз емес. Шернияз Жабатұлы (1816-1889) 1840 жылы шығарған “Мақпал-Сегіз” атты дастанында “Елім-айды” Қожаберген жырау шығарғанын айтады.

Сегіз Сері 1837 жылы “Қолбасы жырау” атты дастан шығарған. Онда “Елім-ай” әні, “Елім-ай” күйі, “Елім-ай” жыры Қожаберген жыраудікі екенін айтады.

Қожаберген бабамыз,

Әріде өткен данамыз.

“Елім-айдай” қиссасын

Әнмен шырқап саламыз.

... Өз тұсында Қожекең

Тұлпар мініп ту алған.
1881 жылы Мәшһүр Жүсіп Көпеев “даналарға” атты өлеңінде:

Қолбасы, ақын, жырау һәм елші-би,

Шығарған “Елім-айдай” тамаша күй.

“Елім-ай” әніменен жыры тағы

Шығарған Қожаберген бабаңды сүй.

1911 жылы Сұлтанмахмұт былай деп жазады:

Керейде Қожаберген, Сегіз өткен,

Қазақтың шежіресін жырға шерткен.

... Тарихта екеуінің болғаны анық,

Бойына күш пен өнер қалғаны анық,

... Жырлары екеуінің болған артық

Кететін естігенде дене балқып,

Қаншалық білім-ілім жисаң-тағы

Солардан кеткен жоқпыз біз де артып.


Қожабергеннің туған жеріне 1936 жылы Б. Майлин, І. Жансүгіров, Ғ. Мүсірепов Қожаберген жырау, ұрпақтары жайлы материал жинауға барған. Бірақ, 37 жыл ойраны олардың нәтижесін жойды. 1936 жылы Сәкен Сейфуллин Сегіз Сері мен оның бабасы Қожаберген жайлы жазбақ болған. 1927 жылы материал жинастырған.

19 ғасырда Ыбырай Алтынсарин көңіл берген. “Қазақ хрестоматиясы” (“Махтубат”) (1897) еңбегінде керей Қожаберген жыраудың атын атап, өлеңдерінен үзінді береді.

Солтүстік Қазақстандағы Гүлтөбе Маманайға 1994 жылы ізденуші Мәдина Дастанова қазақ ұлттық мемлекеттік университеті қазақ әдебиетінің тарихы мен сыны кафедрасы лабороториясының жолдауымен арнайы ғылыми іссапармен барып қайтты. Қожабергеннің бұрын белгісіз толғауларын, ұрпақтарының дерегін, жалпы жырауға қатысты біршама мәліметі бар.
Бақылау сұрақтары


  1. “Елімай” дастанының негізгі тақырыбы.

  2. Қ.Толыбайұлы халыққа кең тараған күйлері.

  3. Қ.Толыбайұлының жырларын зерттеген ғалымдар.

  4. Қ.Толыбайұлы өмір сүрген дәуір.

2. Студенттің үй тапсырмасы.

1. Хронологиялық кесте.

2. Реферат

3. Сұрақ – жауап.

4. Конспект.


  1. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

1. Қожаберген Толыбайұлы қазақ елі тарихындағы жырау ақын жауынгер,

қолбасшы ретінде танымал тұлға.

2.Жырау шығармаларының жанрлық ерекшелігі.

3.“Елімай” дастанының идеялық компози циялық ерекшеліктері.

4.“Елімай” дастанының негізгі тақырыбы.



  1. Қ.Толыбайұлы халыққа кең тараған күйлері.

  2. Қ.Толыбайұлының жырларын зерттеген ғалымдар.

  3. Қ.Толыбайұлы өмір сүрген дәуір.

28 – ОБСӨЖ

ТАҚЫРЫБЫ : Көтеш ақын (1745 - 1818 ж).
Жоспары :


  1. Көтеш – тарихи тақырып пен ерлік идеяны жырлаған ақын.

  2. Ол тұрмыс пен кедейлік мәселелерін жыр етті.

Көтеш қазіргі Павлодар облысының территориясында туып- өскен. Сүйегі арғыннан, арғын ішіндегі Сүйіндіктен тарайтын Сексен аулынан.

Болашақ ақын бала кезінен –ақ атағы шығып, ауызға іліне бастайды. Оның алғаш көзге түсуі-Абылай хан алдында.

Көтеш өлеңдерін жиыстырған Мәшһүр Жүсіптің айтуынша, бірде Абылай құныкер болып, қарашыларымен арасында үлкен дау шығады. Сонда ешкімге белгісіз бала жігіт Көтеш сөзге көлденеңнен араласып, өз руы атынан ханнан кісісі өлгені үшін құн төлеуді, ал тұтқында отырған адамын босатуды талап етеді:

“Абылай, Ботақанды сен өлтірдің,

Есіл ер жазығы жоқ неге өлтірдің?

Хан басың қарашыңмен даулы болып,

Үстіне ақ орданың қол келтірдің!


Абылай, күйіп кетті салған қалаң,

Мейрамға не еді сенің жапқан жалаң.

Жанайды дәл бүгін күн босатпасаң,

Болады ертең жесір қатын-балаң!”


Арғыннан тараған бес Мейрамнан ру намысын жоқтап үш мыңдай адам атқа қонған екен. Абылай ұрысуға шыдамайды, өлген кісінің құнын, оған қоса көп айып төлейді.

Көтеш ақынды шамамен 1745 жылдар шамасында туған деп айта аламыз. Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда ол 73 жасында дүние салыпты. Халық жадында сақталған әңгімелердің бір алуаны-оның қазасы төңірегінде, ақынның кісі қолынан қайтыс болуы жайында.

Көтеш - импровизатор. Ол-таза қазақ түсінігіндегі ақын және күшті ақын. Көтештің бізге жеткен өлеңдері түгелдей экспромтпен айтылған шығармалар.

Көтеш - кез-келген нәрсені өлеңге айналдыра алатын ақын және күй талғамайтын жүйрік.

Бір жаңа жұртқа қонғанда, азғана қойы түнде қотанда жатпай, өре береді . Сонда Көтеш қойларына арнап былай жырлайды :

“Қойым –ау, кел қойсаңшы өргеніңді,

Мен айтамын көзіммен көргенімді :

Құйрығыңды бір ит-құс алып кетсе,

Сен онан алалмайсың бергеніңді”.
Әйелі қазымыр, келіні шайпау болып, Көтеш қартайған кезінде от басының қызығын көре алмапты. Бірде ел көшкенде жуас атты келін мініп, қарт ақынға асау байтал қалады. Ол заманда көш жөнекей ауылдың ақсақал, қарасақалдары мәслихат құрысып, өз алдына бір бөлек жүріп отырады екен. Бір құрдасы келіп: “Ақын, жүр, көш алдына шығып аяңдай берейік”, - дегенде асаудан именіп келе жатқан Көтеш қорланып былай дейді:

“Қартайғанда қатының дұшпан болды,

Баласымен бірігіп қысқан болды.

Келін деген бір пәле тағы шығып,

Біреуі іштен, біреуі тыстан болды.
Қартайғанда қатының қазба дейді,

Келін менен балаға жазба дейді.

Ат болса, айғыр болса солар мініп,

Шолақ байтал қақпасқа аз ба дейді.


Бала-бала деуменен мазалымыз,

Баладан болар білем ажалымыз.

Баламызға жалынсақ жан сақтар ек.

Келін деген даяр тұр тажалымыз”.


Көтештің шаруасы шағын адам болған. Ел әңгімелеріне қарағанда ақын өмір бойы кедейшіліктің тақсіретін тартып өтіпті. Алайда тұрмыс талқысының қатаңдығына қарамастан ол ешқашан мал үшін жағын жалдап, тілін беземеген, тіленшіленбеген. Бұл-Көтештің арлы ақын болғандығын көрсетеді.

Өлеңге бөгелмейтін тапқыр Көтеш өз заманында талай айтыстарға да түсіп жүрген. Шал мен екеуі бізге белгілі айтыс ақындарының ішіндегі ең көнелері. Алайда ақынның айтыстарының дені сақталмаған. Сақталғандарының өзі-бірер ауыздан тұратын қақпа сөздер немесе оның арсыз қызбен айтысы.

Көтеш -өлеңді кез-келген жерде айтып тастап жүре берген, сондықтан оның шығармаларының дені сақталмаған. Алайда біздің дәуірімізге жеткен жырларынан-ақ Көтештің XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар ақын екендігі көрінеді.

Бақылау сұрақтары


  1. Көтеш ақынның өлеңдерін жинастырған жазушы.

  2. Көтеш импровизатор, ақын.

  3. Көтеш өлеңдерінде кездесетін негізгі сарын.

  4. Көтештің Абылайға арналған толғауы.


2. Студенттің үй тапсырмасы.

1. Хронологиялық кесте.

2. Реферат

3. Сұрақ – жауап.

4. Конспект.


  1. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

  1. Көтеш ақынның өлеңдерін жинастырған жазушы.

  2. Көтеш импровизатор, ақын.

  3. Көтеш өлеңдерінде кездесетін негізгі сарын.

  4. Көтештің Абылайға арналған толғауы.

  1. Көтеш – тарихи тақырып пен ерлік идеяны жырлаған ақын.

  2. Ол тұрмыс пен кедейлік мәселелерін жыр етті.

29 - ОБСӨЖ



ТАҚЫРЫБЫ : Шал ақын
Жоспары :


  1. Шал – жыраулық поэзия үлгісінен өзгешелеу, жаңа типтегі ақын.

  2. Шал өлеңдерінің тақырыбы.

Қазақ әдебиетіне қатысты мақалаларының бірінде Шоқан “Менің бабам Абылай ханның замандасы, арғын атығай ішінде Бәйімбет табынан шыққан Шал ақын қазақ халқының тегі, қазақ халқын құраған рулар жайлы аңыздарды жинақтап, тамаша эпос жасады”, - дейді. Осы азғана сөздерден-ақ шалдың өз дәуірінің даналығын бойына сіңірген кең тынысты, қуатты ақын болғандығы аңғарылады.

Шал ақын –XV-XVIII ғасырлар әдебиетіндегі ең көрнекті тұлға. Ғалым М. Мағауин “Қобыз сарыны” монографиясында Шал поэзиясына арнайы тоқталып талдау жасайды. Ғ. Малдыбаев та Шал творчествосы туралы құнды пікірлер айтқан. Шоқан да Шал жайында пікір білдіре келіп, оның эпикалық дүниелер құрастырғанын ескертеді.

Шал ақын аталып кеткен Тілеуке Құлекеұлы қазіргі Көкшетау облысының териториясындағы Азат темір жол станциясының төңірегінде дүниеге келген.

Төрт әйелді Құлеке батырдан алты ұл туған: Бәбек, Мәңке, Тілеуке (Шал), Қазақбай, Жүсіп. Құлекеден өрбіген ұрпақ қазір 80 үй шамасында, Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев ауданының ”Терең сай”, “Заря” совхоздарында тұрады.

Шал қартайыңқыраған шағында Мәлібай, Мәлике деген екі перзент көріпті. Мәлібайдан қазір ұрпақ жоқ. Мәликені қалың Қыпшақ ішінде Нұрым дегенге ұзатқан екен, Нұрымнан Айтбай, Айтбайдан Наушабай, Наушабайдан белгілі ақын нұржан Наушабаев туған. Бәйімбеттің қарттары Нұржанға Шал атамыздың аруағы қонған деседі.

Шалдың шешесі-“Ұлы жүзде ханнан кем қадірленбеген” атақты Үйсін Төле бидің қызы екен, ал әкесі Құлеке сырт жауларға қарсы күресте көзге түскен сол замандағы атақты батырлардың бірі болған. Құлеке мен оның ағасы Тілекенің ерлігі жайындағы әңгімелер ел арасында күні бүгінге дейін сақталған.

Шалдың бала күнінде Құлеке: “Ұлым батыр болады, жақсылап бақ”,-деген екен, келіншегі күліп: “Батыр болмайды, ақын болады: кішкентай күнінде емгенде мамасын домбыра етіп ойнап жатушы еді”-депті-мыс.

Шалдың алғаш ақындық даңқы шығуы-15 жасында. Оған төмендегі өлең жолдары дәлел :

“Он бесте тартып міндім аттың жалын,

Сол кезде айтқан сөзім от пен жалын”.
Шал ақыннан бізге қалған мұра 1000 жолға жуық . Дені баспа бетінде жаряланды, ең көбі “Алдаспанда”.

Шал - халықтың қарабайыр тұрмысымен етене қайнасқан, ортақол тіршіліктің мұң - зары батқан, шындықтың аулын іздеп шырылдаған сыншыл да сыршыл ақын. Ол қазақтың қарны тоқ болса, биі қайырымды, кәрісі мейірімді болса екен деді. Шаруа жайын, жастық қызуын, жақсы әйел, жігерлі жігіт, шолақ дүниені тілге тиек етсін - баршасында Шал сабырлы қалыптан аумай, құлық тұрақтылығын байсалды көрсетеді.

Шалдың бізге жеткен шығармаларының дені- импровизациямен, экспромтпен айтылған өлеңдер. Оның тапқырлығын, төкпе ақын екендігін көрсететін мысалдар жетерлік. Шалдың біршама көңіл бөлген тақырыптары : адам өмірі, өмірдің мәні, фәни мен бақи, дін мәселелері. Адам өмірінің жас кезеңдеріне байланысты суреттеу тақырыбына Шал бірнеше өлең жазған. Оның ерекше жырлаған кезеңі-қайғысыз, қамсыз,бұ дүниенің күйкі, күйбең тірлігінен аулақ сәби шақ.

“Бір жаста, екі жаста бесіктемін,

Бес жаста тәңірі берген несіптемін,

Алты жаста қайыңның тозындаймын,

Жеті жаста ойпаң жер бозыңдаймын,

Он жасымда сүт емген қозыдаймын...”


Шал-сопы емес, әйткенмен біршама діндар адам. Шығармаларына діни сарынның араласуы Шал өмірінің соңғы кезеңінде болса керек.

“Елу жасқа келген соң,

Пірдің сөзін сақтадым”,-дейді ақынның өзі де.

Шал өз шығармаларында жақсылық қайдан шығады, жақсы адам дегеніміз кімдер, жамандық неден туады, жаман адамдар қандай деген мәселенің төңірегінде біраз сөз қозғайды. Үгіт, насихат түрінде жазылған өлеңдер, таза ақыл беру, үлгі айту тұрғысынан келетін шумақтар ақын творчествосында баршылық.

“Жамандар өзін өзі зорға балар,

Бір өзінен басқаны төмен санар.

Жақсылар ағын судай, асқар таудай,

Жаймалап қайда жақсы орын алар”.


Шал-жаңа типтегі ақын. Кейін исі қазаққа мәшһүр болған, орыс этнографтары мен әдебиетшілерін өзінің төкпе жырымен таңырқатқан Жанақ, Арыстанбай сияқты ақындардың атасы. Абай тұсында аяқталған қазақ әдебиетіндегі зор бетбұрыстың кейбір белгілерін Шал поэзиясынан аңғаруға болады. Ол – ақынның өзіндік “мені” көрінген лирикалық поэзиясының үлгісі.

“...Бұл күнде көңілім ауыр қорғасыннан,

Көп қылдым жігіттікті мен басымнан...

Өткен еске түскенде құлазимын,

Ақ киіктей айрылған ордасынан”.
Шал творчествосы ескі жыраулық поэзияның күні өткендігінің жаршысы болды. Бұл заманның өзгергендегінің, әдебиеттің жаңа өріске шығуының нәтижесі еді.

Бақылау сұрақтары


  1. Шал ақынның өлеңдерінің негізгі тақырыбы.

  2. Шал ақын 15 –18 ғасыр әдебиетіндегі көрнекті тұлға.

  3. Шал ақынның поэзиясының зерттелуі.

  4. Шал ақынның лирикалық поэзиясының үлгісі.

2. Студенттің үй тапсырмасы.

1. Хронологиялық кесте.

2. Реферат

3. Сұрақ – жауап.

4. Конспект.


  1. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

1. Шал ақынның өлеңдерінің негізгі тақырыбы.

2. Шал ақын 15 –18 ғасыр әдебиетіндегі көрнекті тұлға.

3. Шал ақынның поэзиясының зерттелуі.


  1. Шал ақынның лирикалық поэзиясының үлгісі.

5. Шал – жыраулық поэзия үлгісінен өзгешелеу, жаңа типтегі ақын.

6. Шал өлеңдерінің тақырыбы.


30 – ОБСӨЖ (Сабақтан тыс)


ТАҚЫРЫБЫ : XV-XVIII ғасырлардағы хандық дәуір әдебиетін

қорытындылау.
Жоспары :
1.Жыраулық поэзияның әдебиет тарихынан алатын орны.

2.Жыраулар мен ақындар мұрасының көркемдік ерекшеліктері

3.Жыраулар мен ақындар творчествосының эпостық жырларға

қатысы.
Ќазаќ халќының біршама мол саќталѓан єдеби м±расы-поэзиясы, єсіресе, жыраулар мен аќындар жыры. Сан ѓасыр сынынан µтіп, халыќ кµкірегінде жатталып, жыраудан –жыршыѓа ±ласып, біздіњ дєуірімізге жеткен с±њѓыла сµз зергерлері - XV-XVIII ѓасырларда µмір с‰рген Асан, Ќазтуѓан, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марѓасќа , Аќтанберді, Тєтіќара, ‡мбетей, Б±ќар, Кµтеш, Шал сияќты аќын, жыраулар. Олардыњ жыр толѓаулары Ќазан тµњкерісіне дейін де, кењес кезінде де жинаќтар мен баспасµз беттерінде сан рет жарыќ кµрді.

Атадан балаѓа, жыраудан жыршыѓа кµшіп, ертелі – кешті ќағаз бетіне т‰сіп, негізгілері ѓана саќталѓан XV-XVIII ѓасырлардаѓы ќазаќ поэзиясы-оны туѓызатын жыраулар мен аќындардыњ талант-дарынын єйгілеп, олар µмір с‰рген алыс замандар сырын шертетін кµркем шежіре.

XV-XVIII ѓасырлардаѓы жыраулар мен аќындарда жан-жаќты сомдалѓан адам образы болмаѓанмен, шебер бейнеленген порттреттер мен мінездеулер, батырдыњ жан – к‰йін суреттеу эпизодтары, батырлар мінген сєйг‰лік сипаттары біршама кездеседі. Ал, мінез-ќ±лыќ µлшемдерін, жаќсы, жаман єдеттерді ќарама-ќарсы ќойып шендестіре суреттеу адам образын бейнелеуге барар жолдаѓы нышандары еді.

Аќын, жыраулар µз дєуірініњ белгілі батырлары мен хан, билерініњ сыртќы, ішкі сипаттарын бейнелеген. Халыќ єуеліде ж±ртќа танымал тарихи адамдарды ѓана ќ±марта тыњдаса керек. “Бєрін айт та, бірін айт” деп басталатын “Ер Шобан” толѓауында Жаќан батырдыњ портреті, “Б±дырайѓан екі шекелі ” деп басталатын сан алуан эпитеттері мен ±лѓайѓан метафораны ќатар ќолдана бейнелеген шумаќтарында жауынгер жыраудыњ ішкі ћєм сыртќы сипаттары бар. Сондай-аќ, Асан толѓауларындаѓы “Ай, хан, мен айтпасам білмейсіњ” шумаѓында µркµкірек, менмен, тєкєппар ханныњ сыртќы бейнесі кµз алдыњызѓа келеді.

Жыраулар – адам, жан бейнесін аса терењ, жан-жаќты суреттеуден гµрі ќысќа да шола суреттеуді, сол кездегі уаќиѓаѓа байланысты бейнелеуді машыќ еткен :

Арѓымаќќа оќ тиді

Ќылмыќынныњ т‰бінен.

Аймадетке оќ тиді

Отыз екі омыртќаныњ буынынан.


Ақын, жырауларда табиғат бейнесін суреттеуге арналған толғау, өлеңдер кездеспейді. Әйтсе де, қоршаған ортаның жануарлар дүниесі мен өсімдік әлемін, ауа райының кейбір құбылыстарын елестетерлік ойдым-ойдым әсерлі де, әрлі жолдар, образды тіркестер мол табылады.

Ақын, жыраулар поэзиясындағы суреттеу әдісі әр қилы.Өз атынан І жақтан сөйлеу өте сирек ұшырайды (Доспамбет: “Тоғай, тоғай, тоғай су”, Шал : “Пасыл да пасыл,пасылман”). Әсіресе,ақын, жыраулардың көбірек қолданған әдісі – ІІІ жақтағы бейтарап суреттеу.

Ақын,жырулардың бейнелеу әдістерінде юморлық, сатиралық, трагедиялық, геройлық, романтикалық образдарға тән нышан – элементтер де байқалады.

Ойды шашыратпай жүйелі айту, толғау құрылысының мазмұны мен идеясына лайық келуі – ХV – ХVІІІ ғасырлардағы біз қарастырған жыраулар мен ақындарға тән көркемдік әдістердің бірі.

Жыраулар мен ақындар толғауын ой, мазмұн жағынан бірнеше бөлімге жүйелеуге болады. Әдетте, сол кезде өтіп жатқан оқиға, әрекет суреттеледі де, жырау оған өз қатынасын білдіреді, яки қорыта шешім айтады.

ХV- ХVІІІ ғасырларда өмір сүрген жыраулар мен ақындардың көпшілігі эпостық жырларды тудыруға қатысты болған, не сол жырлардан өнеге алған. Сондықтан да ақын, жыраулар толғауларының компазициялық құрылысында эпос әсері айқын аңғарылады.

Жыраулар мен ақындар халық тілі қазынасынан мол сусындап,оның бейнелі де өткір, өрнекті де мағыналы,қанатты түрлерін өз шығармаларында мол пайдалана білген, өздері де халықтың сөз қазынасына елеулі үлестер қосқан.

Жыраулар мен ақындар мұрасы халық ауыз әдебиетімен тақырып, мазмұн, жанрлық жағынан сабақтас, байланысты келеді. Эпостарда да тұрмыс - салт өлеңдеріндегі елдік, ерлік, игілік, ізгілік, адам өмірінің сан алуан мәселелері ақын, жыраулар поэзиясының да тұрақты тақырыбына айналады. Ақын, жыраулар халық ауыз әдебиетіндегі толғау, өлең, ерлік жырлары, айтыс сияқты жанр үлгілерін қолдана білді.

ХV – ХVІІІ ғасырлардағы жыраулар мен ақындар мұрасы – сол дәуірдің ой-сана, әдет-ғұрыптық, тілдік,шаруашылық һәм тарихи көріністерін суреттеген көркем шежіре.

Бақылау сұрақтары


  1. Қазақ жырауларының қазақ сахынасына шығуы.

  2. Жыраулық поэзияның зерттелуі.

3.17-ғасырдағы қазақ халқының саяси экономикалық даму жағдайы.

4.Жырау шығармаларында елдік , ерлік мәселедерін жырлауы.

5. 15-18 ғасырдағы халықтың рухани өмірінде орын алған басты оқиғалар.

2. Студенттің үй тапсырмасы.

1. Хронологиялық кесте.

2. Реферат

3. Сұрақ – жауап.

4. Конспект.


  1. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

1. Сұрақ – жауап.

2. Қазақ жырауларының қазақ сахынасына шығуы.

3.Жыраулық поэзияның зерттелуі.

4.17-ғасырдағы қазақ халқының саяси экономикалық даму жағдайы.

5.Жырау шығармаларында елдік , ерлік мәселедерін жырлауы.

6.15-18 ғасырдағы халықтың рухани өмірінде орын алған басты оқиғалар.

7. Жыраулық поэзияның әдебиет тарихынан алатын орны.

8. Жыраулар мен ақындар мұрасының көркемдік ерекшеліктері

9.Жыраулар мен ақындар творчествосының эпостық жырларға

қатысы.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет