Сабақ жоспар №2 Экономиканы меңгеру не үшін қажет (Сабақтың тақырыбы) Модуль/пән атауы



Дата09.07.2024
өлшемі27.89 Kb.
#502899
түріСабақ
№2 сабақ Экономиканы меңгеру


Ф-ОБ-05/10Б

16 колледж МКҚК

Күні
















«БЕКІТЕМІН»

Курс
















Директордың ОІЖ орынбасары:

Тобы
















________________Е. Билалов


САБАҚ ЖОСПАР №2 
Экономиканы меңгеру не үшін қажет
(Сабақтың тақырыбы)

Модуль/пән атауы Экономика және кәсіпкерлік негіздері туралы базалық білімді қолдану
Дайындаған педагог Г.Дәулетиярова
1.Жалпы мәліметттер
Сабақ түрі__ Жаңа білімді меңгеру сабағы_________
2.Мақсаты, міндеттері
2.1 Экономикалық теория ғылымының зерттеу пәнін, аясын, объектісі мен субъектісін, зерттейтін негізгі мәселелерін, әдістерін, құрылымын, атқаратын қызметтерін және экономикалық теорияның ғылым ретінде қалыптасуын жан-жақты қарастыру.
(Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі)


3.Сабақты жабдықтау
3.1 Кітаптар, дидактикалық материалдар, тест тапсырмалары, видео роликтер, слайдтар (Оқу – әдістемелік құрал-жабдықтар,әдебиеттер)
4.Сабақтың барысы
Бәлкім, сіз өзіңізге «Мен осы экономиканы не үшін оқып жатырмын?» деп сұрақ қоятын шығарсыз. Бұл түсінікті, сіздердегі білім көлемі мен сабақ санына тәуелсіз ресурстарыңыз шектеулі болыпқала береді, ал шектеу – ол сіз шеше алмайтын мәселе. Дегенмен, экономиканың кейбір сұрақтары сізді қызықтырмай қоймайды. Негізінен, сіз тұратын қоғамда оның экономикасынан хабарсыз болсаңыз, өмір сүруіңіз де қиынға соғар. Азық-түлік, киім, баспана, тіпті сіздің бос уақытыңызды қалай өткізетініңіз де – экономикалық күшпен анықталады. Экономиканы меңгеру сізге осы күштерді түсінуге көмектеседі және өміңіріңізді қызықты, әрі толыққанды ете алады.
Сәті келіп сіз кәсіпорынның қожайыны немесе басқарушысы болсаңыз эклнлмикалық біліміңізбен жұмыс істеу сіздің дұрыс таңдау жасап, шешім қабылдауыңызға көмектеседі.
Экономиканың көп тараған анықтамаларының бірі мынадай: «Экономика – адамдардың өз өмірі үшін қалай ақша табатындығы туралы ғылым».
Сіз экономиканы қаншалықты жақсы білсеңіз, соншалықты дұрыс шешім қабылдай аласыз және биік мансапқа қол жеткізесіз.


Өз құрдастарыңыздан тамаққа, киімге және көңіл көтеруге айына қанша қаржы жұмсайтынын сұрап көріңізші?
Олардың қаншасы жұмыс істейді. Сіз өзіңіздің экономикадағы қандай екендігіне таңданатын боласыз.
Адамның армандары мен қажеттіліктері және оларды жүзеге асырушы ресурстар арасында әрқашан да айырмашылық болады. Егер де барлық тауарлар мен қызметтержеткілікті болғанда, онда ешқандай экономикалық жағдай болмас еді.
Бірақ біздің жеріміз шектеулі ресурстардан тұрады. Соған байланысты қоғам қалаған мөлшердегі тауар мен қызмет көрсетулерге қол жеткізе алмайды. Сонымен, адам қажеттіліктері шексіз оны орындайтын ресурстар шектеулі.
5.Сабақ бойынша рефлексия
1. «Ресурстардың шектеулілігі мәселесі дегеніміз не?
2. Экономикалық таңдау мәселесі қалай туындайды?
3. Экономикалық субъектілер экономикалық ұтымдылықққа қалай
ұмтылады?
4. Экономикалық тиімділік дегеніміз не?
Экономика – әлемдегі ең ықпалды саланың бірі. Себебі кез келген елдің ішкі экономикасы бар. Онда халықтың тұрмыс-тіршілігі, материалдық құндылықтары сараланады. Экономикасы мықты елде халық бақытты әрі бақуатты өмір сүреді. Ал осы саланы меңгеру үшін емес, түсінік қалыптастыру үшін том-том кітап ақтармай, фильмдер арқылы да бағалауға болады
6.Үй тапсырмасы
«Ойын нәтижесі» (Игра на понижение)
2008 жылы болған дағдарыс есіңізде болар? Дәл сол дағдардыстың қайдан, қалай басталғаны туралы режиссер қалтықсыз сюжеттермен жеткізіп береді. Тіпті фильмді көріп отырып, экономикадағы кейбір түсініктердің ақылға қонбайтынын да байқайсыз. Себебі бәрінде сұрақ біреу – неге? Жауап – білмейміз. Экономистер мен банк арасындағы дау, жылжымайтын мүліктердің мәселесі, акция деген түсініктер туралы осы жерден біле аласыз.
«Шек» (Предел риска)
2011 жылы түсірілген бұл фильмнен де 2008 жылы болған дағдарыстың тағы бір қырын көруге болады. Бұл фильмде өте қомақты сомадағы ақша салып отырған адамдардың банкке деген сенімі туралы сөз болады, яғни олар ақшаларын шығарып алу керек пе, сену керек пе, арты не болады? Бірге көрейік.
«Ақыл ойыны» (Игры разума)
2001 жылы түсірілген «Ақыл ойыны» фильмі бір емес төрт Оскар сыйлығын алған. Ендеше фильмнің салмағы мен берген ойының кереметі туралы жазудың қажеті жоқ шығар. Бұл фильм арқылы саясатты, экономиканы түсінуге болады.

Оқытушы: _________ Г.Дәулетиярова


(қолы)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет