2-топ:
«Үштік талдау» әдісі
Оқушылар шығармадан алынған үзінділерді оқи отырып, кейіпкер бейнесіне талдау жасайды. Үш оқушыдан тұратын төмендегідей топқа бөлінеді: сөйлеуші, сұрақ қоюшы және жазып алушы. Алдымен біреуі 1-үзіндіні оқиды. Сөйлеуші үзінді бойынша өзінің түсінгенін айтады немесе пікірін білдіреді.
Сұрақ қоюшы сұрақ қояды және түсініктеме беруді сұрайды.
Жазып алушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды жасайды. Қалғандары (сөйлеуші, сұрақ қоюшы) келісетін/келіспейтінін дәлелмен білдіреді. Үшеуі бірлесе отырып, шығармадан тура және жанама мінездеулерді табады. Келесі жолы (2-3-үзінділерде) рөлдер ауысады (2-үзінді бойынша 2-оқушы; 3-үзінді бойынша 3-оқушы сөйлейді).
2-тапсырма
Жұптық жұмыс
Концептуалдық кесте (кейіпкерлерге баға беру)
№
|
Кейіпкер
лер
|
Өмірге қызығу
шы
лығы
|
Адамгерші
лік қасиеті
|
Кейіпкер
лерге баға
Себебі:
|
1
|
Байбөрі
|
|
|
|
2
|
Баяндүр хан
|
|
|
|
3
|
Бәмсі-Байрақ
|
|
|
|
Кері байланыс: Жұптық жұмыс барысында не қиын болды? Жұбыңнан өзіңе қажетті көмек ала алдың ба?
3-тапсырма
Жеке жұмыс
Шығармадан тура және жанама мінездеуге мысалдар келтіріңіз.
КЕЙІПКЕР
|
ШЫҒАРМА
ДАН ҮЗІНДІ
|
МІНЕЗ
ДЕУ ТҮРІ
|
Байбөрі
|
|
|
Баяндүр хан
|
|
|
Бәмсі-Байрақ
|
|
|
Қорытындылау
1. «Синквейн» стратегиясын қолданып, Бамсы Байрақ образына бесжолды өлең құрастырыңдар.
Бірінші жол – тақырып бір сөзбен беріледі (зат есім)
Екінші жол – тақырыпты екі сөзбен сипаттау (сын есім)
Үшінші жол – тақырыпқа қатысты қимыл атауынан үш
сөз жазу (етістік)
Төртінші жол – төрт сөзден тұратын бір сөйлем.
Бесінші жол – тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз
Ойтаразы
Бас бармақ - басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?
Балаң үйрек- бірлесу. Мен топта / жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?
Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?
Шылдыр шүмек- шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?
Достарыңызбен бөлісу: |