Сабақ жоспары Мектеп : фмб нзм астана Мерзімі: 22. 10. 19 Уақыты: 40 мин



Дата22.10.2019
өлшемі69.06 Kb.
#447250
түріСабақ
9-сынып 16-сабак 2019-2020

Тексерілді

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.1В –Астрономия негіздері

Сабақ жоспары

Мектеп : ФМБ НЗМ Астана



Мерзімі: 22.10.19

Уақыты: 40 мин

Мұғалім: Серікбаев Тлебалды

Сынып : 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Күн жүйесі денесіне дейінгі ара қашықтықты параллакс әдісімен анықтау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • 9.7.2.8 Күн жүйесіндегі денелердің ара қашықтығын немесе өлшемдерін анықтау үшін параллакс әдісін қолдануды түсіндіру

Жетістік критерийері

Білу және түсіну:

  • Параллакс және базис анықтамаларын біледі;

  • Күн жүйесіндегі денелерге дейінгі қашықтықтың қалай анықталатынын біледі;

  • Астрономиялық бірлік, Жарық жылы және Парсек деп аталатын астрономияда қолданылатын қашықтық өлшеу бірліктерінің физикалық мағнасын түсінеді және біледі:

  • 1 а.б., 1ж.ж. және 1 пк қашықтық өлшем бірліктерінің сан мәндерін біледі:

  • Параллакстың қандай түрінің жұлдыздарға дейінгі қашықтығының көрсеткіштері болып табылатынын біледі;



Қолдану:

  • 1 а.б., 1ж.ж. және 1 пк қашықтық өлшем бірліктерін есептер шығаруда қолдана алады

  • Затқа дейінгі қашықтықты анықтау үшін сынақтық тапсырмаларды шешеді

Тілдік

мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: Параллакс, параллакстық ығысу, базис, парсек, көкжиектік параллакс,жылдық параллакс


Құндылықтарды

дарыту

Сабақ бойында оқушыларда қалыптасады бір-бірін сыйлау, ашықтық,мектеп мүлкін құрметтеу және бірігіп жұмыс жасай алу.

Пәнаралық

байланыстар

Математика пәнімен байланыс есептер және формулалар қорытып шығару. Графиктер және тригонометрия.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаның қажетті мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануы, интернет желісінен ақпараттар іздегенде тиімді жолдарды таңдауы.

Бастапқы білім


7-8 сынып физика курстарынан астрономия бөлімдерінің тақырыптары.



Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

1-2


1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Сабақ мақсатын анықтау.






3-8



Қайталау сұрақтары:

  1. Параллакс эффектісі және базис ұғымы

  2. Ара қашықтықтарды анықтаудың қандай әдістері бар?

  3. Параллакстық ығысу әдісінің физикалық мағанасы қандай?

  4. Көру бұрышы дегеніміз параллакстық бұрыш па?

  5. Күн жүйесіндегі аспан денелеріне дейінгі ара қашықтықтарды анықтау үшін базис ретінде нені алады

  6. Горизонталь параллакс деген не? Аспан денесінен қарағанда Жер радиусы көрінетін бұрышты горизонталь параллакс деп атайды, түсіндіріңіз, неге?

  7. Жұлдыздарға дейінгі ара қашықтықтарды анықтау үшін базис ретінде нені алады? Күн жүйесінен алыстағы жұлдыздарға дейінгі ара қашықтықты анықтау үшін базис ретінде Жер орбитасының радиусын алуға бола ма?

  8. Параллакс деген не? (Жұлдыздан қарағанда көру сәулесіне перпендикуляр орналасқан Жер орбитасының үлкен жарты осі көрінетін бұрыш.)

  9. Парсек деген не? (Парсек – жылдық параллаксы 1// тең жұлдыздарға дейінгі ара қашықтық. Сонда жұлдызға дейінгі ара қашықтық:R=a/sinр)

1пк =1 а.б/sin1// = 206265 а.б.= 3,086 1013 км.

=3,2616 жарық жылы

1 а.б. =149 597 871 км 150 000 000 км





9-20

Есептер шығару

  1. 8 000 парсек қанша астрономиялық бірлікке тең болады?

  2. Процион жұлдызының параллаксы 0,28″. Бетельгейзе жұлдызына дейінгі қашықтық 652 жарық жылына тең болатын болса, онда Олар бір – біріне қанша есе алыс орналасқан?

  3. Шолпан планетасының диаметрі астрономиялық бірлікпен салыстырғанда минимумда және максимумда орналасқанда өзінің орнын қанша есе өзгертеді? Шолпан планетасының орбитасы - 0,7 а.б тең.

  4. Лира шоқжұлдызындағы тұмандықтың параллакстық бұрышы 83’’ және 660 пк арақашықтықта орналасқан. Тұмандықтың сызықты арақашықтығын астрономиялық бірлік арқылы есептеңдер.

  5. Жер радиусының өлшемі 6378км және Ай параллаксының мәнін біле отырып, Ай радиусын есептеңдер.

ТМ -1

21-35

Қалыптастырушы бағалау жұмысы

Оқу мақсаты:

Парсектің не екенін білу





ТМ -2

35-37

Жұлдыздар туралы жобамен жұмыс:

Дайындау қажет 5 слайд.

(G) оқушылар төмендегі тақырыптар бойынша презентация жасайды және қорғайды.

1. Жұлдыздың магнитудасы тұжырымдамасын зерттеп, Күнді басқа жұлдыздар қатарында көру.

2.Жұлдыздар қандай энергия есебіне жарқырайды?

3. Ең жақын жұлдыз немесе ең жақын жұлдыздық жүйе

4. Жұлдыздар эволюциясы

5. Күн жүйесіндегі денелердің өлшемін анықтау.



Бағалау критериилері:


Ноутбуктер

37-40

Рефлексия
Үй жұмысы




Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет