Сабақ жоспары Пәннің аты: Физика Сабақ өткізілетін күн Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы



Дата23.02.2016
өлшемі98.5 Kb.
#5147
түріСабақ
31 Сабақ жоспары
Пәннің аты:__________________Физика___________________


Сабақ өткізілетін күн

Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы

Өткізілетін орны (аудитория нөмірі)

Сабақ өткізілетін уақыты


















































І. Сабақтың тақырыбы: Радиоактивтілік. Радиоактивтік ыдырау заңы.
ІІ. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларда радиоактивтілік туралы ұғым қалыптастыру, оқушылардың эксперименттік дағдыларын дамытуды жалғастыру.

б) ой-өрісін дамытушылық: Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту, бақылау, салыстыру, оқылған құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу, қорытынды жасай білуге баулу. Жаңа білімді қолдану дағдысын дамыту, ақылға салу дағыдысын қалыптастыру.

в) тәрбиелік: Жауапкершілікті сезіне отырып жұмыс жасауға, өз жолдасының пікірін тыңдауға тәрбиелеу.
ІІІ. Сабақтың типі: құрама сабақ.
ІV. Сабақтың түрі: теориялық.
V.Сабақтың өткізілу әдістері: түсіндіру, жазбаша.
VІ. Сабақтың көрнекілігі: презентация, электрондық кітапша.
Пән аралық және пән ішілік байланыс
Қамтамасыз ететін пән және тақырыбы:
Қамтамасыз етілетін пән және оның тақырыбы:

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару-5 минут.
2. Үй тапсырмасын сұрау өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру-15 минут:

1. Оқушылардың өзіндік ізденіс жұмыстары: «Лазер сәулесінің медицинада қолданылуы»


3. Сабақтың жаңа тақырыбын хабарлау, мақсатын қою: Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып, тақырып тақтаға жазылады.
4. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:

  • Табиғи және жасанды радиоактивтілік.

  • Радиоактивті ыдыраудың негізгі заңы.


5. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтардың қысқаша түсінігі - 35 минут

Ядролардың барлығы бірдей шексіз ұзақ уақыт бойы өмір сүре алмайды. Көптеген атом ядролары өз бетінше басқа ядроларға айнала алады. Осы құбылысты радиоактивтілік деп атайды. Табиғатта кездесетін ядроларда байқалатын радиоактивтілік табиғи, ал ядролық реакциялардың көмегімен алынған ядролардың радиоактивтілігі жасанды радиоактивтілігі деп аталады. Табиғи және жасанды радиоактивтіліктің арасында ешқандай принциптік айырмашылық жоқ.



Альфа-ыдырау. Атом ядросының альфа-бөлшек шығарып басқа ядроға өз бетінше айналу процесі альфа-ыдырау деп аталады. Реттік нөмірлері Z > 82 ауыр элементтердің барлығының дерлік ядролары альфа-радиоактивті ядролар болып табылады. Ыдырау төмендегі сызбанұсқа бойынша жүреді:



Бета-ыдырау. Электрондық бета-ыдырау құбылысы идеп атом ядросының өз бетінше электронды шығару жолымен басқа ядроға түрленуін айтады.

Электрондық бета-ыдырау мына сызбанұсқа бойынша жүреді:




6. Жаңа материалды бекіту – 15 минут

І. Бекіту сұрақтары:

  • Радиоактивтік дегеніміз не?

  • Радиоактивтік құбылысын ашқан ғалым кім?

  • Радийдің α-бөлшекке ыдырау кезінде қандай элемент пайда болады?

  • Радиоактивтік ыдырау кезінде атомның қандай бөлігі өзгеріске ұшырайды-ядро әлде электрондық қабықша ма?

  • Радиактивті ыдырау заңын ашқан кім?

  • Жартылай ыдырау периоды деп қандай уақытты атайды?

  • Жартылай ыдырау периодына тең уақытта радиоактивті элемент ядросының қандай бөлігі ыдырайды?

  • Радиактивті ыдырау заңының формуласын жазып мұндағы физикалық шамаларды атап шық.

  • Табиғи радиоактивтілік дегеніміз не?

  • Радиоактивті ыдырау қалай жүреді?

  • Альфа ыдырау деп .....

  • Бета ыдырау деп .....

ІІ. Есеп шығару: А.П.Рымкевич «Физика есептерінің жинағы» 1160, 1162, 1163-есептер.


7. Сабақты қорытындылау-5 минут:

Оқушылардың жаңа сабақта алған білімдерін пысықтау, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.



8. Оқушылардың білімін және сабаққа белсенділігін бағалау-2 минут


Бағалар

Топтар













5













4













3













2















9. Үй тапсырмасы-5 минут:

1. Есеп шығару: А.П.Рымкевич «Физика есептерінің жинағы» 1165, 1166, 1167-есептер.


10. Әдебиеттер:

  1. Конграт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Н. ФИЗИКА /Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытына арналған оқулық/ -Алматы:Мектеп,2006

  2. Мякишев Г.Я., Буховцев Б.Б. ФИЗИКА / Орта мектептің 10-11 сыныптарына арналған оқулық/ - Алматы: Мектеп: 2001

  3. Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. Алматы: Рауан, 1998г


11. Сабақтың аяқталуын хабарлау: Құрметті оқушылар, осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға және сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!
Оқытушының қолы:___________________ Тексерушінің қолы: ___________________

Радиоактивтілік
Ядролардың барлығы бірдей шексіз ұзақ уақыт бойы өмір сүре алмайды. Көптеген атом ядролары өз бетінше басқа ядроларға айнала алады. Осы құбылысты радиоактивтілік деп атайды. Табиғатта кездесетін ядроларда байқалатын радиоактивтілік табиғи, ал ядролық реакциялардың көмегімен алынған ядролардың радиоактивтілігі жасанды радиоактивтілігі деп аталады. Табиғи және жасанды радиоактивтіліктің арасында ешқандай принциптік айырмашылық жоқ.

Альфа-ыдырау. Атом ядросының альфа-бөлшек шығарып басқа ядроға өз бетінше айналу процесі альфа-ыдырау деп аталады. Реттік нөмірлері Z > 82 ауыр элементтердің барлығының дерлік ядролары альфа-радиоактивті ядролар болып табылады. Ыдырау төмендегі сызбанұсқа бойынша жүреді:

Х- ыдырайтын ядроның, ал У- түзілген ядроның химиялық символы. Альфа-ыдырау нәтижесінде бастапқы ядромен салыстырғанда түзілген ядроның реттік нөмірі 2 бірлікке, ал массалық саны 4 бірлікке кеміді. Мысалы: уран изотопы ыдырағанда торий изотопы түзіледі:



Әдетте ядроның альфа-ыдырауымен қатар түзілетін ядроның гамма сәулелерін шығаруы қабаттаса жүреді.



Бета-ыдырау. Электрондық бета-ыдырау құбылысы идеп атом ядросының өз бетінше электронды шығару жолымен басқа ядроға түрленуін айтады.

Электрондық бета-ыдырау мына сызбанұсқа бойынша жүреді:



Нейтрондардың біреуі протонға айналғанда ядроның заряды қоса артады. Мысалы:



Соңғы ядроның массалық саны бұрынғы күйінде қалады, себебі ядродағы нуклондар саны өзгермейді.

Бета-ыдырауымен қатар гаммаінің шығарылуы қосарлана жүруі мүмкін. Гамма-сәулелерінің пайда болу механизмі альфа-ыдырауы кезіндегі сияқты – соңғы ядро тек негізгі күйде емес, сол сияқты қоздырылған күйлерде де орналаса алады. Кейін энергиясы аз күйге өткенде ядро гамма-сәулелерін шығарады.

Бета-бөлшектердің спектрі тұтас болады.



Жасанды радиоактивтілік. Француз физиктері Ф. Жолио-Кюри және И. Жолио-кюри 1934 жылы альфа-бөлшектерімен атқылағанда алюминий ядросы фосфор ядросына айналатынын және еркін нейтрондардың шығатынын байқаған:

Алынған фосфор ядросы радиоактивтілік байқатып, төмендегі сызбанұсқа бойынша ыдырайды:



Мұндағы е+ - позитрон, - нейтрино.

Радиоактивтік ыдыраудың негізгі заңы. Радиоактивтік ыдырау уақыт өткен сайын ыдырамаған бастапқы ядроларының санын азайтады. Кез-келген радиоактивтік изотоптың ядроларының ыдырауы мына заңға бағынады.

Осы теңдеу радиоактивтік ыдыраудың негізгі заңы деп аталады. Мұндағы N0 t=0 мезетіндегі радиоактивті ядролардың саны, ал N – кез-келген t уақыт мезетіне дейін ыдырамай қалған ядролардың саны Т символы – радиоактивтік изотоптың түріне байланысты болатын тұрақты шама. Осы тұрақтыны жартылай ыдырау периоды деп атайды. Жартылай ыдырау периодына тең уақыт ішінде радиоактивтік ядролардың бастапқы саны екі есе азаяды.



Қазіргі уақытта белгілі радиоактивтік ядролардың жартылай ыдырау периоды жыл аралығында жатыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет