Сабақ жоспары Пәннің аты: Физика Сабақ өткізілетін күн Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы



Дата13.06.2016
өлшемі88.95 Kb.
#132033
түріСабақ
2 Сабақ жоспары
Пәннің аты:__________________Физика___________________


Сабақ өткізілетін күн

Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы

Өткізілетін орны (аудитория нөмірі)

Сабақ өткізілетін уақыты


















































І. Сабақтың тақырыбы: Математикалық маятник. Математикалық маятниктің тербеліс периодының амплитудасы.

ІІ. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Табиғаттағы ең көп тараған қозғалыс бірдей уақыт аралықтарында дәлме-дәл немесе шамамен қайталанып отыратын тербелісін сипаттайтын шамаларды қайталау арқылы жаңа тербелмелі жүйелермен танысу.Маятниктің тұрмыстағы техникадағы, өмірдегі және эволюциялық прцестегі рөлін анықтау.

б) ой-өрісін дамытушылық: Тақырыпқа сәйкес есептер шығарту арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен ой-өрісін дамыту, оқушылардың өз ойын тиянақты жеткізе білу, нақты сұрақ қойып, қойылған сұраққа дәл жауап бере білу қабілеттерін дамыту.

в) тәрбиелік: Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыра отырып, тербелістердің қасиеттері мен өмірде алатын орнын зерттеп білу қажеттілігін өздігінен түсініп, білімді өз күшімен алуға ұмтылысын тәрбиелеу.
ІІІ. Сабақтың типі: құрама сабақ.
ІV. Сабақтың түрі: теориялық.
V.Сабақтың өткізілу әдістері: түсіндіру, жазбаша, сұрақ – жауап, есептер шығарту.
VІ. Сабақтың көрнекілігі: Математикалық маятник (штатив, жіп, шарик), карточка.
Пән аралық және пән ішілік байланыс
Қамтамасыз ететін пән және тақырыбы:
Қамтамасыз етілетін пән және оның тақырыбы:
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару-5 минут.
2. Үй тапсырмасын сұрау өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру-20 минут:

І. Фронтальды сұрау.

1) Қайталанатын қозғалыстарға не жатады?

2) Механикалық тербелістер деп нені айтамыз?

3) Еркін, еріксіз және автотербелістер және оларға мысалдар.

4) Тербеліс жиілігі және периоды дегеніміз не? Оның формуласы.

5) Гармоникалық тербелістер дегеніміз не?

6) Резонанс құбылысы және оған мысал.
ІІ. Үйге берілген есептерді тексеру. Есеп шығару: №409, 411 есептер.
3. Сабақтың жаңа тақырыбын хабарлау, мақсатын қою: Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып, тақырып тақтаға жазылады.
4. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:

1) Математикалық маятник.

2) Математикалық маятниктің тербеліс периоды.
5. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтардың қысқаша түсінігі - 40 минут

Математикалық маятник бұл созылмайтын, салмақсыз жіпке ілінген, тербеліс денесі материалық нүкте болып табылатын, маятниктің физикалық үлгісі.

Егер мына үш шарт орындалса: 1) жүктің өлшемі жіптің ұзындығынан әлдеқайда кіші; 2) жіптің массасы жүктің массасы жүктің массасына әлдеқайда жеңіл; 3) жүктің әсерінен жіптің ұзаруы өте аз болғандықтан, оны ескермеуге болатын жіпке ілінген кез келген жүк математикалық маятник үлгісі бола алады.

Математикалық маятниктің периоды: T=2 формуласымен анықталады.
6. Жаңа материалды бекіту – 10 минут
Жаңа материалды бекіту үшін карточкалар қолдану. №1, №2, №3, №4, №5. Карточкалар сұрақтары жауаптарымен қоса қосымша тіркелді.
7. Сабақты қорытындылау-5 минут:

Оқушылардың жаңа сабақта алған білімдерін пысықтау, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.


8. Оқушылардың білімін және сабаққа белсенділігін бағалау-2 минут


Бағалар

Топтар

9

16

23

25

5













4













3













2















9. Үй тапсырмасы-5 минут:

  1. «Есептер шығару: № 423, 424-åñåïòåð.

  2. Венн диаграммасы «Математикалық және серіппелі маятник»


10. Әдебиеттер:

  1. Конграт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Н. ФИЗИКА /Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытына арналған оқулық/ -Алматы:Мектеп,2006

  2. Мякишев Г.Я., Буховцев Б.Б. ФИЗИКА / Орта мектептің 10-11 сыныптарына арналған оқулық/ - Алматы: Мектеп: 2001

  3. Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. Алматы: Рауан, 1998г


11. Сабақтың аяқталуын хабарлау: Құрметті оқушылар, осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға және сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!

Оқытушының қолы:___________________ Тексерушінің қолы: ____________________
Математикалық маятник.

Математикалық маятниктің тербеліс периодының амплитудасы.
Математикалық маятник бұл созылмайтын, салмақсыз жіпке ілінген, тербеліс денесі материалық нүкте болып табылатын, маятниктің физикалық үлгісі.

Егер мына үш шарт орындалса: 1) жүктің өлшемі жіптің ұзындығынан әлдеқайда кіші; 2) жіптің массасы жүктің массасы жүктің массасына әлдеқайда жеңіл; 3) жүктің әсерінен жіптің ұзаруы өте аз болғандықтан, оны ескермеуге болатын жіпке ілінген кез келген жүк математикалық маятник үлгісі бола алады.

Осы үш шартқа ұзын жіңішке жіпке ілінген кішкентай массалы шарик толық жауап береді.

Маятниктің тепе-теңдік жағдайында ауырлық күші жіптің тартылу күшімен теңеседі. Маятник тепе-теңдік жағдайында қандай да бір φ бұрышына ауытқыса, онда тартылу күшінің құраушы жанамасы Fτ = –mg sin φ пайда боллады. Мұнда «-» таңбасы маятниктің жанама құраушысы оның ауытқуына қарама-қарсы бағытталатынын көрсетеді.



2.3.1. сурет. Математикалық маятник.

φ – маятниктің тепе-теңдік қалпынан ауытқу бұрышы,

x = lφ – маятниктің доға бойымен ауытқуы.

Егер l радиусты шеңбердің доғасынан тепе-теңдіктен маятниктің сызықты ауытқуын x деп белгілесек, онда оның бұрыштық ауытқуы φ = x / l-ге тең болады. Үдеу векторының проекциясы мен жанаманы бағыттайтын күштер үшін жазылған Ньютонның екінші заңы :

Бұл қатынас математикалық маятниктің күрделі сызықты емес жүйесін көрсетеді, өйткені маятникті тепе-теңдік күйге әкелктін күш x ауытқуына пропорционал болады. Тек кіші тербеліс жағдайында жуықтап -ге ауыстырғанда математикалық маятник гармониялық осциллятор болып табылады. Яғни, гармониялық тербеліс жасайтын жүйе. Тәжірибе жүзінде бұндай жуықтау 15–20° бұрыштарға орынды, мұндағы  шамасы  шамасынан 2 % ерекшеленеді. Маятниктің үлкен амплитудалық тербелісі гармониялық емес.

Математикалық маятниктің аз тербелісі үшін Ньютонның екінші заңы төмендегідей түрде жазылыды:





Сонымен, маятниктің aτ  тангенциалды үдеуі кері таңбамен алынған x ауытқуына пропорционал. Бұл жүйеде гармониялық осциллятордың болу жағдайы. Жалпы ереже бойынша барлық еркін гармониялық тербелістер жасай алатын жүйелер үшін үдеу мен тепе-теңдік жағдайынан ауытқу арасындағы пропорционалдық коэффиценттің модулі айналмалы жиілік квадратына тең:

 




Бұл функция аз тербеліс кезіндегі математикалық маятниктің өздік жиілігін көрсетеді.

Осыдан, математикалық маятниктің периоды: T=2 формуласымен анықталады.

Формуладан математикалық маятниктің тербеліс периодының g еркін түсу үдеуі мен маятниктің l ұзындығы тәуелді, ал оның массасы мен тербеліс амплитудасына тәуелсіз екені шығады. Тек қана маятниктің ауытқу бұрышының кішкентай болуы маңызды.

Осындай маятниктің тербеліс периодын өлшей отырып, g еркін түсу үдеуін өте дәл анықтауға болады. Тығыз тау жыныстары орналасқан аудандарда бұл үдеу осы ендікте қалыптағыдан жоғары, ал тығыздығы аз жерлерде ол біршама төмен. Еркін түсу үдеуінің бұл қасиеті геологияда пайдалы қазбаларды іздеуге қолданады.



Карточкалар
1



  • Математикалық маятникті ауадан суға салғанда, оның периоды қалай өзгереді?

Жауабы: Артады.


  • Математикалық маятник 30 π секундта 60 тербеліс жасайды. Жіп ұзындығы қандай?

Жауабы: 62,5 см.

2


  • Математикалық маятниктің тербеліс периодын √2 есе арттыру үшін, жіптің ұзындығы қалай өзгереді?

Жауабы: 2 есе артады.


  • Ұзындығы 160 см математикалық маятниктің 10 тербеліс жасайтын уақытын есептеңіз.

Жауабы: 8 π c.
3


  • Математикалық маятниктің тербеліс периодын анықтайтын формула.

Жауабы: T=2

  • Ұзындығы 2,5 м математикалық маятник 40π секунд уақытта жасайтын тербеліс саны қаншаға тең?

Жауабы: 40.

4


  • Математикалық маятник дегеніміз не?

Жауабы: созылмайтын, салмақсыз жіпке ілінген, тербеліс денесі материалық нүкте болып табылатын, маятниктің физикалық үлгісі.


  • x=0,25 cos 2t қозғалыс теңдеуімен тербелетін математикалық маятник жүгі үдеуінуң амплитудасының модулі неге тең?

Жауабы:1 м/с2
5


  • Математикалық маятник болу шарттары қандай?

Жауабы: 1) жүктің өлшемі жіптің ұзындығынан әлдеқайда кіші; 2) жіптің массасы жүктің массасы жүктің массасына әлдеқайда жеңіл; 3) жүктің әсерінен жіптің ұзаруы өте аз болғандықтан, оны ескермеуге болатын жіпке ілінген кез келген жүк.


  • Жиілігі 5/2*π Гц математикалық маятниктің ұзындығы қандай?

Жауабы: 40 см.


1 Карточка



  • Математикалық маятникті ауадан суға салғанда, оның периоды қалай өзгереді?



  • Математикалық маятник 30 π секундта 60 тербеліс жасайды. Жіп ұзындығы қандай?



2 Карточка


  • Математикалық маятниктің тербеліс периодын √2 есе арттыру үшін, жіптің ұзындығы қалай өзгереді?



  • Ұзындығы 160 см математикалық маятниктің 10 тербеліс жасайтын уақытын есептеңіз.


3 Карточка


  • Математикалық маятниктің тербеліс периодын анықтайтын формула.



  • Ұзындығы 2,5 м математикалық маятник 40π секунд уақытта жасайтын тербеліс саны қаншаға тең?

4 Карточка


  • Математикалық маятник дегеніміз не?

.

  • x=0,25 cos 2t қозғалыс теңдеуімен тербелетін математикалық маятник жүгі үдеуінуң амплитудасының модулі неге тең?


5 Карточка


  • Математикалық маятник болу шарттары қандай?




  • Жиілігі 5/2*π Гц математикалық маятниктің ұзындығы қандай?


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет