Сабақ жоспары: Сабақтың тақырыбы: «Сорғылар»



Дата03.03.2023
өлшемі51.15 Kb.
#470351
түріСабақ
Сорғылар


Сабақ жоспары:
Сабақтың тақырыбы: «Сорғылар»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сорғыларды қалай пайдалану
керек екенін түсіндіру. Сорғылардың
түрлерімен таныстыру. Оқушыларды жаңа технологиялық үлгімен жасалған құралдардың көмегімен оқушылардың қызығушылығын ояту.
Сабақтың түрі: Жаңа технологиялық (интерактивтік тақта) түрде жүрзілетін сабақ.
Құрал жабдықтар: Сорғылар, интерактивтік тақта
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

  • Сәлеметсіздер ме балалар!

  • Отырыңыздар!

  • Сыныпта кім кезекші?

  • Сыныпта кім жоқ?

  • Рахмет отыра ғой!

Өткен сабақты сабақты қайталау: «Манометрлер»

  1. Манометр дегеніміз не?

  2. Манометр не үшін қолданылады?

  3. Бурдон дегеніміз не?

  4. Сфигмаманометр не үшін қолданылады?

  5. Дені сау адамның қанының жоғары қысымы және төменгісі қанша?

  6. Манжет дегеніміз не?

Жауабы:

  1. Табиғат пен техникада қысымы атмосфералық қысымнан жоғары жоғары немесе төмен болатын процестерді қысымды бақылап отыру үшін манометрлер д.а.

  2. Манометрлер қысым айрымын өлшеу үшін қолайсыз аспап.

  3. Техникада көбінесе сұйықтың газдың немесе будың қысымын өлшеу үшін Бурдон манометр д.а.

  4. Адамның қан айналым жүйесіндегі қысым арнайы құрал сфигманометрлермен өлшейді.

  5. Дені сау адамның қанының жоғары қысымы 110-120 мм.сын.бағ төменгісі 70-80 шамасы.

  6. Манжет дегеніміз – жалпақ резеңке камера сыртында матадан істелген қапшығы болады.


Жаңа сабақ: «Сорғылар»
Ал, балалар атмосфералық қысымның әрекетіне негізделген құрылғылардың біріне сорғылар жатады. Сорғылардың кейбір түрін пайдалану арқылы сұйықтар мен газдардың бағытталған қозғалысын тудыруға болады. Шприц поршенін кері қарай ішіндегі қысым кемиді де, атмосфералық қысым әсерінен дәрі оның ішіне енеді. Поршеньді басқан кезде, сұйық үлкен қысыммен тор саңылау арқылы ығысып шығады (133 ә-сурет) 134 – суретте көрсетілген сорғының әрекетіне де атмосефралық қысымның әрекетіне негізделген. Су сорғысы ішінде қабырғалары кептеле жоғары және төмен қарай жылжи алатын поршені (2) бар цилиндармен (1) тұрады. Цилиндрдің төменгі бөлігіне және поршеннің өзіне қарай қозғалғанда, құдықтағы су атмосефралық қысымның әрекетіне құбыр (4) бойымен көтеріліп, төменгі қақпақшаны ашады да, су поршень астындағы цилиндрге енеді. Поршень төмен қарай қозғалғанда, басып қысады.

Сонда бұл қақпақша жабылады. Судың түсіретін қысымның әрекетінен поршенінің ішіндегі қақпақша ашылады да, ең жоғары көтеріліп, шүмек (5) арқылы сыртқа құйылады. Сонымен қатар құбыр (4) бойымен жаңадан су көтеріліп, төменгі қақпақша арқылы поршенб астына енеді. Поршень қайтадан төмен қарай қозғалғанда бұл су жоғары көтеріледі, осылай қайталана береді.


Сорғының тағы да бір кеңінен таралған түрі не доп, велосипед немесе автокөлік камераларына ауа толтыруға арналған сорғылар жатады. 135-суретте допқа, велосипед камерасына ауа толтыруға арналған сорғы көрсетілген. Поршеньді (3) жоғары қарай тартқанда, онда саңылау (2) арқылы сорғының корпусына (1) енеді. Поршеньді басқанда, саңыла жабылады да, ауа қысылып, нипель (4) арқылы амераға енеді. (136-сурет). Ниппель дегеніміз – екі жағы бұрандалы металл түтік. Ол резеңке түтіктің ұшына немесе допқа доңғалаққа қақпақшасы, бар резеңке түтікше арқылы жалғанады. Ауа сорғыдан қысммен келген кезде түтікше созылып, оны камераға жібереді. Онда камера қысым сорғы цилиндріндегі қысымнан едәуір артады. Бұл кезде түтікше ақапақшаны жабады да, онда түтік арқылы кері қарай өте алмайды, сорғы цилиндрі ауамен қайтадан толтырылған болса, барлық процесс қайталануы

Сабақты бекіту: (оқушыларға сұрақ қою)

  1. Сорғылар дегенімз не?

  2. Су сорғысының құрылысы қандай және ол қалай жұмыс істейді?

  3. Допқа, велосипедке ауа толтыруға арналған қарапайым сорғының құрылысы қандай?

  4. Нипель дегеніміз не?


Жауабы:

  1. Атмосфералық қысымның әрекетіне негізделген құрылғылардың біріне сорғылар д.а.

  2. Су сорғысының құрылысы (1) цилиндр (2) поршень (3) қақпақшалар (4) құбыр (5) шүмек.

  3. Допқа велосипедке ауа толтыруға арналған сорғының құрылысы (1) сорғының корпусы (2) саңылау (3) поршень (4) нипель.

  4. Нипель дегеніміз – екі жағы бұрандалы металл түтік.


Баға қою: (балалардың білімін бағалау).

Үй тапсырмасын беру: §54 тақырыпты қайталау 28-жаттығу 1,2.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет