Практикалық сабақ №13-15
Тақырыбы: Оттегісі бар өнімдер өндірісінің теориялық негіздері
Сабақ жоспары:
Теориялық бөлімі
Есептер мысалы
Өз бетінше есептер шығару
Оттекті қосылыстар
Мұнайда оттек мынадай функционалды топтар мен қосылыстарда кездеседі: карьонилді топ (негізінен кетондар), фенолдар, спирттер, қышқылдар, жай эфирлер, шайырлы-асфальтенді заттар.
Мұнайдағы оттек мөлшері көп емес (0,1-2%). Мұнай фракциясының қайнау температурасының жоғарылауымен олардағы оттек мөлшері артады, оттекті қосылыстар көбінесе шайырларда болады. Шайырлар – құрамында С, Н және О-тен басқа N және S болатын қосылыстар. Мұнай құрамындағы оттектің барлық мөлшерінен тек 5-10% оның жеңіл фракцияларының үлесіне келеді.
Бензин фракцияларында оттекті қосылыстар өте аз мөлшерде, керосин дистилляттарында олардың мөлшері артады, бірақ олар май фракциясында көбірек болады:
Мұнайдағы оттектің көп мөлшері фенолдарда (әсіресе фенолдар шайырлы мұнайда көп болады), нафтенді және алифатты қышқылдарда болады:
Мұнай қышқылы термині мұнай құрамына кіретін барлық алифатты, алициклді (нафтенді) ароматты, гибридті (көміртек радикалының аралас құрылысты) қышқылдарды қамтиды. Мұнай қышқылдары мен фенолдар қышқылдық қасиет көрсетеді, олар мұнайдан немесе оның фракцияларынан сілтілермен алынуы мүмкін. Қышқылдық қасиет көрсететін заттардың болуы барлық оттекті қосылыстар сияқты мұнай орындарының жасы мен тереңдігіне байланысты азаяды. Мұнай қышқылдары мұнайдың 250oC-дан жоғары қайнайтын орташа фракциясында болады да алифатты және нафтенді қышқылдары көп болатын органикалық қышқылдар қоспасынан тұрады.
Химиялық және физикалық қасиеттері бойынша бұл қышқылдардың нафтен қышқылдарынан аз айырмашылығы бар. Парафинді мұнайда ғана, яғни парафинді көмірсутектерге бай мұнайда алифатты қышқылдар, ал нафтендіде – нафтен қышқылдары көп болады.
Жалпы формуласы CnH2n-1 нафтен қышқылдары нафтен көмірсутектері – циклопентан мен циклогексанның туындылары болып табылады. Нафтен қышқылдары типіне байланысты негізінен циклопентан немесе циклогексан туындылары болуы мүмкін, мұнда карбоксил тобы әдетте ядродан 1 – 5 көміртек атомына аласталынған.
Нафтен қышқылдары қаныққан, олардың көбі бес мүшелі нафтен сақинасынан тұрады және молекулаларының құрылысы мына формуламен өрнектеледі:
Олар карбон қышқылдарына тән қасиеттердің бәрін көрсетеді. әсіресе олардың сілтілермен, сілтілік металдар карбонаттарымен немесе металл оксидтерімен өңдегенде көмірсутектерде ерімейтін тұз түзу қабілеті өндірісте мұнай фракциясы мен шикі мұнайды нафтен қышқылдарынан тазалау үшін қолданылады. Мұнай өнімдерінің құрамында нафтен қышқылдарының қоспасының болуы металдардың жемірілуге ұшырауына әкеледі.
Ароматты қышқылдар бензол мен полициклді арендердің туындылары болып табылады.
Мұнай қышқылдарының құрамы мұнай типіне сәйкес келеді. Мұнайдың жоғары фракцияларында аралас құрылысты қөмірсутектер туындыларыболып табылатын қышқылдар болуы мүмкін.
Мұнайдан бөлінген шикі мұнай қышқылдары қою және жағымсыз иісі бар сұйықтықтар. Аз мөлшерде мұнай құрамында ароматты спирттер-фенолдар анықталған.
Фенолдар қышөылдар тәрізді сілтілермен әрекеттесіп тұз түзеді:
Осының салдарынан фенолдар мұнайдан немесе мұнай фракцияларынан нафтенді және алифатты қышқылдармен бөлінеді.
Құрамында фенолдардың натрий тұздары болатын нафтен қышқылдарының натрий тұздарының сулы ерітінділері өсімдіктердің өсуін реттеуші ретінде қолданылады.
Нафтен (мұнай) қышқылдары (техникалық атауы «асидол») және олардың сілтілік металдармен тұздарының («сабыннафт») беттік-активті қасиеті жақсы болғандықтан жуғыш және тазартқыш заттар ретінде қолданылады. Нафтен қышқылының натрий және калий тұздары эмульсиялық май алуда эмульгатор, мұнайды сусыздандаруда деэмулгатор болып табылады. Кальций және алюминий нафтенаттары қою жағар заттар алуда қоюландырғыш қызметін атқарады, кальций және мырыш тұздары матор майларын шашыратушы қондырма болып табылады. Қорғасын, кобальт және марганец нафтенаттары лак-бояу өндірісінде сиккативтер (сырмайдың полимерленуін тездетуші) ретінде қолданылады. Мыс тұздары ағаш пен мақта-матаны ыдыраудан сақтайды. Алюминий тұздары скипидар ерітіндісімен бірге лак ретінде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |