Сабақ жоспары Тотығу-тотықсыздану процестері (сабақ тақырыбы) Пән атауы : Химия



Дата28.09.2022
өлшемі72.33 Kb.
#461511
түріСабақ
Саба жоспары Тоты у-тоты сыздану процестері (саба та ырыбы) П


БҚОӘББ «Жоғары аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК


Сабақ жоспары
Тотығу-тотықсыздану процестері
(сабақ тақырыбы)
Пән атауы: Химия
Дайындаған педагог: Истайкина В.М.
"__" ___________20_
1.Жалпы мәліметтер
Курс, оқу жылы, топ : 1-курс. ҚТ-111.1қ
Сабақ типі : ЗПС
2. Оқыту мақсаты: Тотығу-тотықсыздану реакциялар туралы білімді жинақтау
№2 практикалық жұмысты орындау.
Сабақ мақсаты:
1. Электрондық баланс әдісі арқылы тотығу-тотықсыздану реакциясы теңдеулерін құру
2. Жартылай реакция әдісі арқылы тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеуін құру
Бағалау критерийлері:
1. Заттардың формулалары бойынша элементтердің тотығу дәрежесін анықтайды;
2. Электрондық-иондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакциясы теңдеулерін құрастырады;
3. Ерітінді және балқымалар арқылы электр тогын өту кезінде өтетін процестерді түсіндіреді

    1. Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі (Блум таксономиясы) Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау.

3. Сабақты жабдықтау
3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер
1.М. Оспанова, Қ.Аухадиева, Т.Белоусова Химия: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық, 1-2 бөлім, Алматы: «Мектеп», 2019ж.
2. Темирбулатова А., Сагимбекова Н., Алимжанова С., Химия. Есептер мен жаттығулар жинағы Алматы: Мектеп, 2019 г
3.2 Техникалық құралдар, материалдар, сілтемелер, ресурстар
Слайд. https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/zhalpy-ximiya/atomnyng-qurylymy/lesson/izotoptar
4. Сабақтың барысы
Ұйымдастыру сәті. Сәлемдесу. Жағымды атмосфера құру. Сыныпта ынтымақтастық орнату.
Мұғалім оқушыларға тақырыпты, оқу мақсатын және бағалау критериилерін таныстырады. Ары қарай тапсырма береді.
Бейтарап молекулада барлық элементтердің тотығу дәрежелерінің сомасы нөлге тең, ал ионда ион зарядына тең.
1-тапсырма.
Заттардың формулалары бойынша элементтердің тотығу дәрежесін анықтаңдар.
NH3, Жауап: N-3H3+1.
H2SO4, Жауап: H+12S+6O-24.
Al(NO3)3, Жауап: Al+3(N+5O-23)3.
(NH4)2SO4 Жауап: (N-3H4+1)2S+6O4-2.
Zn(NO3)2

2-тапсырма.


Электрондық-иондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакциясы теңдеулерін теңестіріңдер.
Al+H2SO4 → Al2(SO4)3 +H2
KNO2 + HClO3 → KNO3 + HCl
MnO2 +KClO3 +KOH → K2MnO4 +KCl +H2O

3-тапсырма.


Ерітінді және балқымалар арқылы электр тогын өту кезінде өтетін процестерді түсіндіріңдер.
CuCl2 балқымасының электролиз теңдеуін құрастырамыз.
Дескриптор.

  1. Заттардың формулалары бойынша элементтердің тотығу дәрежесін анықтайды.

  2. Электрондық-иондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакциясы теңдеулерін теңестіреді.

  3. Ерітінді және балқымалар арқылы электр тогын өту кезінде өтетін процестерді түсіндіреді.

Үй тапсырмасы


[1] 1 бөлім §43-§51. 171-199 бет
1. Реакцияларды электрондық баланс әдісі арқылы теңестіріңіз:
NH3 + O2 = NO + H2O
Al + V2O5 = Al2O3 + V
H2SO3 +I2 + H2O = H2SO4 +HI
Zn + HNO3 (сұйт) = Zn(NO3)2 + NO + H2O
Zn + HNO3 (өте сұйт) = Zn(NO3)2 + NН3 + H2O
Hg + HNO3 (конц) = Hg(NO3)2 + NO2 + H2O
2. Көрсетілген терминдердің ішінен белгісіздерін табыңыз.



3. Келесі терминдерге анықтама беріңіздер.

  1. Тотығу - ..........................................

  2. Тотықсыздану - ..........................................

  3. Тотықтырғыш - ..........................................

  4. Тотықсыздандырғыш - ..........................................


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет