Сабақ жоспарлары №1 Пәні : әдебиеттік оқу Сабақтың тақырыбы: Ө. Тұрманжанов. Туған өлкем



Дата21.06.2016
өлшемі207.07 Kb.
#151903
Қостанай облысы

Рудный қаласы

19 орта мектептің



бастауыш сынып мұғалімі

Дадыбаева Фатима Бекназарқызы

2 сыныпқа арналған сабақ жоспарлары

1 Пәні: әдебиеттік оқу



Сабақтың тақырыбы: Ө.Тұрманжанов. Туған өлкем.

Сабақтың мақсаты:

1. Отан, туған жер, туған тіл жайлы түсініктерін, оның табиғатының әсемдігі, байлығы жайлы түсініктерін тереңдету. Ө. Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңін оқу, мағынасын түсіндіру.

2. Өз ойларын айта білу дағдыларын дамыту. Тіл байлықтарын дұрыс сөйлеу, қатесіз, түсініп оқу дағдыларын дамыта түсу.

3. Туған жерді, елді, қастерлеу, тілді бағалай білу, ата - ананы сыйлау, халқыңа пайда келтіру сияқты адамгершілік асыл қасиеттерге баулу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Туған тілім» өлеңін жатқа айту,

ІІІ. Жаңа сабақ

- Бүгін сабақта «Неткен сұлу, неткен көркем, осы менің туған өлкем» атты тарауды әрі қарай жалғастырамыз. Және табиғаттың әсем жері таудың биік шыңына шығамыз. Ол үшін түрлі тапсырмаларды орындау керек. Осы тапсырмаларды орындау арқылы тау шыңындағы "Болашақ ұландар" атағына ие боламыз. Тау шыңына жету үшін 7 асудан өтуіміз керек. Ендеше дайынбыз ба?- деп, оқушылар ойы сұралады.



1 - асу. Үй тапсырмасын тексеру

1 - топ: Д. Әбілев «Туған тілім» өлеңін жаттағандарын топта бір - біріне айту.

2 - топ: Қазақ тілі сөзін "Туған тілім " тіркесінің орнына қойып айту көзделеді.

3 - топ: Топтағы оқушылар тіл туралы мақалдар бойынша жұптасып жұмыс істейді. Жаттаған мақалдарын бір - біріне айтады.



2 - асу. Жаңа сабақ

1. Неткен сұлу, неткен көркем – өлең тыңдау

- Балалар, өлең ұнады ма?

- Біздің жеріміз қандай екен?(сұлу, көркем, әсем, әдемі, көркем, тамаша, көз тоймайтын)

М:- Олай болса, бүгін біз Өтебай Тұрманжанов атамыздың «Туған өлкем» өлеңімен танысамыз. Алдымен тақтаға назар аударып, ақын өмірімен танысып алайық. Өлеңмен жұмыс.

1.тыңдау

2. Сөздік жұмыс: Жұпар - өте жақсы, хош иіс; шалқып, тасқан - өркендеген; бақыт тапқан - бақытты.

3. Өз беттерімен дауыстап оқу.

3 - асу. Мәнерлеп оқу. Әр топтан бір оқушыға мәнерлеп оқу үлгісін көрсетуді сұрау және ақын сезімін білдіретін сөздердің астын сызу, түсіндіру.(1 - т. қуаныш, 2 - т. мақтаныш, 3 - т. өкініш, 4 - т. шаттық.)

4 - асу. Сергіту сәті.

Бір,екі,үш

Бойға жинап күш.

Әдемі етіп жазайық,

Біз бақытты баламыз.
5 - асу. Өлеңге сай сурет таңдау

6 - асу. Бекіту: Тыңдалған ән мен ақынның өлеңін салыстырып көр:

ӘН Екеуі де туған жер туралы
Екеуі де қуанышты, көңілді сезімде

Өлең Екеуі де мектеп туралы




7 - асу. Қорытындылау.

ӨЛЕҢ ҰЙҚАСҚА ҚҰРЫЛАДЫ.




Көгінде күн нұрын төккен,




Жерінде гүл жұпар сепкен.




Неткен сұлу, неткен көркем,


Осы менің туған өлкем.

ТАПСЫРМА
ӨЛЕҢНІҢ 2-ШІ, 3-ШІ ШУМАҚТАРЫ ҰЙҚАСЫНЫҢ СЫЗБАСЫН ТАП.
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
Ер еңбегі шалқып, тасқан,
Ел еркіндей бақыт тапқан.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.


1) 2)


















Үйге тапсырма: «Туған өлкем» Өлеңді жаттау

БАҒАЛАУ
2 Пәні: дүниетану



Сабақтың тақырыбы:

Адам және айналадағы дүние. Қоршаған орта және қазіргі тұрғын үй. (ӨҚН)


Сабақтың мақсаты:Адам және айналадағы дүниелер туралы ұғындыру.

Адам табиғат жағдайына бейімделіп қана қоймай,

өздеріне қолайлы етіп қолдана білуді үйренді.

Табиғатты сүюге баулу.



Сабақтың әдіс-тәсілдері: Ақпараттық технология, топтық жұмыс.

Сабақтың құрал-жабдықтары: Интерактивті тақта,суреттер, тапсырмалар, сызба

Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру Адм өз өміріне қажетті жағдайларды қайдан алады?








ауа

су







тамақ

жылу



жарық




ІІІ. ЖАҢА САБАҚ

Адам және айналадағы дүние. Қоршаған орта және қазіргі тұрғын үй. (ӨҚН)

Айналадағы дүниелер:

*табиғат заттары

*табиғат құбылыстары

*адам


*адам қолымен жасалған дүниелер

ТАБИҒАТ ТІЛАШАРЫ


Жел

Аспан

Гүл

Ғарыш

Су

Дән

Ауа

Найзағай

Орман



ЕРЕЖЕЛЕР:
*Өзін-өзі ұстау ережесі: таңғы жаттығу жасап, мектептен кешікпеу

*Күн тәртібі: білім алуға, ата-анаға көмектесуге, ойынға және қыдыруға

уақытты жеткізе мөлшерлеу.



*қауіпсіздік ережесі: өрттен сақ бол!

судан сақ бол!



*жол жүру ережесі:көше қиылысында бағдаршамға қарау

*Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын әңгімелеу

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМА:

Сурет бойынша әңгімелеу

ДӘПТЕРМЕН ЖҰМЫС: 7-бет

Адам айналадағы дүниені қалай танып біледі?







КІТАП + НАН+ ЕСІК+ ҚАРЫНДАШ+

ЖАНУАРЛАР+ ТАУ+
*БАҚЫЛАУ КҮНДЕЛІГІ:

№4—Көлікпен жүруге тыйым салынған

№5---жер асты өткелі

№3---Жаяу жүргінші жүруге тыйым салынған

№2---велосипед жолымен қиылысы

№1--- Жаяу жүргінші өткелі


*КҮН ТӘРТІБІ

Сағ7.00


Сағ 7.35

Сағ 8.00

Сағ 13.00

Сағ 17.00

Сағ 18.00

Сағ 20.00

Сағ 21.00-22.00

Сағ 22.00

*КҮЗ айлары: қыркүйек, қазан, қараша
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
ҮЙГЕ: Адам және айналадағы дүние (оқу)

Бақылау күнделігі 7-бет (№2-5 тапсырма)

3 Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз қ мен ғ 97 -102 жат

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған жаттығулар орындау, сауатты, қатесіз жазуға төселдіру; Оқушылардың білім деңгейін тексеру, алған білімдерін тиянақтау. Оқушылардың ақыл-ойын, ой-өрісін, логикалық ойлауын, есте сақтауын дамыту. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, алғырлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба

Түрі: Қайталау, пысықтау сабақ.

Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ойын сабақ. Біз үй тапсырмасын «Атаға көмектесу» ойынынан бастаймыз.

Мектеп ауласын тазартатын ата бізден көмек сұрай келіпті. Қазір күз мезгілі ғой. Ағаштардың жапырақтары мектеп ауласына түсіп жатыр. Сол жапырақтарды жинауға атамызға көмектесіп жіберейік. Сендер менің мына берілген сөзжұмбақты дұрыс шешсеңдер, маған көмектесесіңдер», - дейді.

Сөзжұмбақ

• Қоқыс жинайтын құрал.

• Ас ішетін құрал.

• Жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға алынған жер.

• Ағаштың діңін қаптап тұратын нәрсе.

• Сүттен жасалатын тағам.

Сөз соңына –ы,-і дыбыстарының тиістісін қосып оқы.

Қалақ- қалағы, қасық- қасығы, қорық- қорығы, қабық- қабығы, қаймақ- қаймағы.


ІІІ.Жаңа сабақ

• Балалар, қазір қай мезгіл?

• Күз

• Күзде ауа райы қандай болады?



• Суық.

• Қыстың күні аяғымызға не киеміз?

• Етік.

• Етігімізді кім жөндейді?



• Етікші.

Оқулықпен жұмыс. 97 – жаттығу.







98-жаттығу (қарамен жазылған сөздерге назар аудару)

Құшағы-құшақ, бағы-бақ

**ЕРЕЖЕ


Ғ әрпі сөздің соңында жазылмайды. Қ-ға аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, қ дыбысы ғ-ға айналады: қабық-қабығы, бұршақ-бұршағы, атақ-атағы

99-жаттығу (сөздерге ы, і дыбыстарының тиістісін қосып, үлгі бойынша өзгертіп жаз. Сөз соңындағы дыбыстың өзгеру себебін түсіндіру)

Сабақ-сабағы, орақ-орағы, ұршық-ұршығы, жолақ-жолағы, парақ-парағы

100-жаттығу (қ дыбысына аяқталатын бірнеше сөз ойла. )

Қонақ, бұтақ, жарық

Біз мереке күні әжемнің қонағы болдық. Ағаштардың бұтағы қоғыр түске айналды. Күннің жарығы қысқарды.

101-жаттығу (мақалды көшіріп жазып, қ дыбысының ғ дыбысына айналу себебін дәлелдеу)
Жаман аттан аяғым артық,

Жаман жолдастан таяғым артық.


Аяғым-аяқ, таяғым-таяқ
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
Үйге: 102-жаттығу Ребусты шешіп, әңгіме құрау
Бағалау

4 Пәні: қазақ тілі



Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз н мен ң 129 – 134 жат

Сабақтың мақсаты:

1. Дауыссыз «н» мен «ң» дыбыстарының айтылуы мен жасалу жолдарымен танысу, сөздердің мағынасына мән беру;

2. Жаттығулар мен тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ойын, қиялын дамыту;

3. Оқушының, өз ойын дәлелдеп сөйлеуге, жануарларды қорғауға тәрбиелеу



Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.



Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

Жарқырап күн де шығады,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,

Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.

Әрбір адам? Досым, сыныптасым

Әрбір сабақ? Үйрену, оқу, іздену.

Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адалдық,

Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық.

Ендеше, балалар, бүгінгі сабағымызға сәттілік тілейміз!



ІІ.Жаңа сабақ Дауыссыз н мен ң 129 – 134 жат

Балалар, біз бүгін дауыссыз «н» мен «ң» дыбыстарының емлесін оқып, танысамыз.

Дыбыстайық: н ң н ң н ң н ң н ң«Н» мен «ң» дыбысты сөздер айтайық.Сөздерді салыстыр. Мағынасын айт.

Он - оң тон - тоң

Шын - шың мен - мең

Күн - күң сен - сең



Ой тұжырымдамасы:

«Н» мен «ң» дыбыстары өзгергенде сөз мағынасы да өзгереді.

«Н» мен «ң» екеуі екі басқа әріп, екі басқа дыбыс.

«Н»- тіл ұшы дыбысы

«Ң» - тіл арты дыбысы

Көркем жазу./Мен бір затты жұмбақтап айтам, сендер жауабын тауып, сол сөзді көркем етіп жазасыңдар./

1. Менің бір жолдасым бар. Жолдас болғанда бір түрлі. Қайда барсам да қасымнан қалмайды. Менсіз ешқайда бармайды. Тұрсам тұрады, жүрсем жүреді. Бірақ үндемейді. Жарықта қасымда жүреді, қараңғы болса ғайып болады. Сендерде сондай жолдас бар ма? Ол не? / Көлеңке/

2. Сені кішкентайдан жарық дүниеге әкеліп, өсіріп баққан еді. Сені еркелеткен еді. Саған тамақ беріп, ұйықтатқан еді. Ол кім? / ана/

3. Олар жабайы. Далада жүреді. Жыртқыш. Өлексемен қоректенеді. Кейбіреуі тамағын өздері табады.

Жүгіреді, секіреді. Ол не? / аң/

4. Ас атасы. Оны жерге тастауға болмайды. Қиқымын шашпаңдар, жерде жатса қастерлеп, торғайларға тастаңдар. / нан/

КӨЛЕҢКЕ, АНА, АҢ, НАН

Шығармашылық тапсырма: Суреттің аттарын қатесіз жаз.

Қоңырау, шаңғы, жаңғақ, қоян, қайың, елтаңба, күн


Ойын: «Жасырынған сөз» Берілген сөздердің кез - келген буынын алып, жаңа сөз құра.

Қайың

Сараң

Шаңғы Қа - раң - ғы
129-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқы.

Қаңбақ, жаңғақ, аң, шың, жең,

Жаңбыр, қайың, таң, тың, сең -

Ң - нан сөз жоқ басталған -

Ң - үлестен бос қалған.


  1. - жаттығу.н, ң дыбыстарды салыстыру

Ң дыбысты сөздерді тауып, мағынасын айт, қатесіз жаз.

Амандық, аңғарғыш, енжарлық, жоңқа, заңғар, қант, перзент, шоңайна, таңдай, жаңқа, жайын, құ - лыншақ, сұңқар.



Өз бетінше жұмыс: Ң дыбысты сөздер жаз.

Не?


. ң /аң/

.. ң /соң/

... ң /қолаң/

.... ң /сараң/

Не істеді?

... /шаңдатты/

... /бұлаңдады/

... / жеңді/

... / тоңды/

Қандай?


Те... біл

Бойша...


Қы... ыр

Күре...


Сергіту сәті. Маң - маң басқан, маң басқан,

Шудаларын шаң басқан.

Төрт аяғын тең басқан,

Екі өркешін қом басқан. (түйе)



Ң дыбысты сөзді ата.

Топтастыру: ТҮЙЕ



Суреттегі заттардың атауын төмендегі сөздермен сәйкестендіріп, бірнеше сөйлем құрастыр.

ҚОЯН - орғыды

ҚОҢЫРАУ - Соғылды

ЖАЙЫН - жүзді

ДӨҢГЕЛЕК - дөңгеледі
Жеке жұмыс: Қате жазылған сөзді ата.

Жәңдік, бәтеңке, үңгір шанғышы кең терең

131-жаттығу (нг, ңғ, ңг әріптерінің тиістісін қойып жазу)
ІІІ. Қорытынды: Біз бүгінгі сабақта не білдік?

ІV. Бағалау.

V. Үйге тапсырма: «Менің досым» тақырыбында әңгіме жазу
5 Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Қайталауға арналған жаттығулар 195-206 жат.

Сабақтың мақсаты:

Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтау. Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлем туралы түсініктерін кеңейту. Ұқыпты жазуға, сөйлем түрлерін бір-бірінен ажырата білуге дағдыландыру.

Еңбекке, мейірімді болуға, көмектесе білуге, бір-бірін сыйлай білуге баулу.

Сабақ түрі: саяхат сабақ


Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, сызба,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.


Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Ертегілер еліне саяхат жасаймыз. «ҮЙШІК» ертегісі

194-жаттығу Сурет бойынша әңгіме құрау


ІІІ. Жаңа сабақ Қайталауға арналған жаттығулар 195-206 жат.
А)Бақаның тапсырмасы: 195-жаттығу (өлеңді мәнерлеп оқып, сұраулы, лепті сөйлемді табу)

-Домалақ үй,

Өзі сондай ұнады.

Кімдер салған,

Кімдер мұнда тұрады?

-Біз салғанбыз,

Біз тұрамыз, балалар!-

Деп шуылдап

Жауап берді аралар.
Сұраулы сөйлем....

Лепті сөйлем...
Тышқанның тапсырмасы: 196-жаттығу (жаңылтпашты оқып, жатқа жаз. Леп белгісінің қойылу себебін түсіндір.)
-Мың мін бойында кімнің?

-Жалқаудың бойында мін мың!


Қоянның тапсырмасы:
СЕРГІТУ СӘТІ «ҚОЯН»

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы - қырлы жерлермен,

Ытқып - ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын салып көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.


Түлкінің тапсырмасы:

197-жаттығу

Таңдануды, қуануды білдіретін лепті сөйлемдер айту

....


.....
Қасқырдың тапсырмасы: ЖЕКЕ ЖҰМЫС:
198-жаттығу (сұраулы сөйлем жазу)

Үйді құрылысшы салады. Үйді кім салады?

Керіктің мойны ұзын. Керіктің мойны қандай?

Дәрігер ауруды емдейді. Ауруды кім емдейді?


АЮға көмектесу
БЕРІЛГЕН СӨЗДЕРДЕН СӨЙЛЕМ ҚҰРА

Тиісті тыныс белгілерін қойып жаз.




  1. Көп, өнерлі, сыныпта, оқушылар

Сыныпта өнерлі оқушылар көп.

  1. Төлі, сиырдың, не

Сиырдың төлі не?

  1. Жасасын, Қазақстан, достығы, халқының

Қазақстан халқының достығы жасасын!
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

АДАМНЫҢ КӨҢІЛ КҮЙІН БЕЙНЕЛЕЙТІН СУРЕТТЕР МЕН СОЛАРҒА СӘЙКЕС КЕЛЕТІН СӨЙЛЕМДЕРДІ БІР-БІРІМЕН СӘЙКЕСТЕНДІРУ.



Алақай, мен жеңімпаз болдым!


Тұр орныңнан!

Қап, сиямның таусылып қалғаны!



Мына қардың аппағын –ай!

ҮЙГЕ: 199-жаттығу (сурет бойынша әңгіме құрау)73-бет

Бағалау

6 Пәні: математика



Сабақтың тақырыбы: Ауызша қосу және азайту тәсілдері. (ІІ кезең)

Теңдеуді шешу



Сабақтың мақсаты:

Теңдеу ұғымын танып біледі. Теңдеу - белгісіз саны бар теңдік екенін, белгісіз санның мәні теңдеудің түбірі екенін яғни теңдеудің шешуі болатынын меңгереді.

1) Мазмұнына байланысты: Теңдеу шешу тәсілін меңгереді. Теңдеу шешу -теңдеуді дұрыс сандық теңдеуге айналдыратындай белгісіз санның мәнін табу екенін ұғынады.

2) Оқушылар өз бетінше теңдеу шешуге дағдыланады, ауызша тұжырым жасауға жаттығады.

3) Оқушылардың іскерлік дағдылары қалыптасып, математикалық тілде сөйлеп, дәлелдеуге жаттығады.
Көрнекілік: ауызша есептеуге арналған дидактикалық материалдар, суреттер

Қолданылатын технология: дамыта оқыту технологиясы.

Әдісі: ойын, көрнекілік, сұрақ - жауап.

Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі,Психологиялық бағыт беру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

№ 3 тапсырма 92-бет



ІІІ. Жаңа сабақ:

Ә) «Математикалық сөзжұмбақ шешу»

64 - 44=Т

72 - 12= Е

32+18 =Ң

48 - 8 = Д

27+40=Е

98 - 10=У



46+10 = Ш

27+3 =Е


35 - 2 =Ш

50+20 =У


20

60

50

40

67

88

56

30

33

70

Т

Е

Ң

Д

Е

У

Ш

Е

Ш

У

II. Мағынаны тану: Теңдеу шешу:

Сұрақтар: Теңдеу дегеніміз не?

- Белгісіз саны бар теңдікті теңдеу дейміз.

- Белгісіз сан немен белгіленеді?

- Теңдеуде белгісіз сан латын әріптерімен белгіленеді.

- Теңдеу шешу дегеніміз не?

- Теңдеу шешу дегеніміз - теңдеуді дұрыс сандық теңдікке айналдыратындай белгісіз санның мәнін табу.

- Олай болса, мына суретке назар аударайық:

- Бұл не? - Таразы.

- Ол қайда қолданылады, не үшін?

- Бұл дүкендерде заттың массасын өлшеу үшін қолданылады.



Сурет бойынша сабақ түсіндіріледі:

- Бұл таразы. Таразының сол жағында ұн х кг, 2 кг, оң жағында 5 кг тастар бар. Таразының екі жағына қарап не айтуға болады?

- Бұлар тең. х+2=5

- Бұл теңдеу.

- Бұл теңдеуді қалай шешуге болады?

Ол үшін не істейміз?

х+2=5

х=5-2


х=3

---------------

3+2=5

5=5


ҚОРЫТЫНДЫ: Теңдеуді шешу үшін, оның екі бөлігіннен де 2-ні азайттық.
СЕРГІТУ СӘТІ:

Біз кішкентай баламыз,

Өніп өсіп толамыз.

Көкке карап талпынып,

Күнге қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай қалықтап.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір тынығып, аламыз.

ТОППЕН ЖҰМЫС:
1-топ №3 тапсырма -102-бет







2-топ №4 тапсырма -105-бет ЕСЕПТІ ШЫҒАРУ
Бояу-60 теңге

Түсті қарындаш-? 30 теңге арзан ? теңге

30

Ш: 60+ (60-30)=90 (теңге)



ЖАУАБЫ: 90 теңге
3-топ №5тапсырма Өрнектің мәнін табу

50+(4+2)=56

а+(5+3) а=40 40+(5+3)=48

30+(а+6) а=2 30+(2+6)=38


ЖЕКЕ ЖҰМЫС

+=11


+=17
*ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМА

Балапанға көмектесу


(7 4) =1
(7+4)-10=1 (7-4)-2=1
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

ҮЙГЕ: №7 тапсырма 105-бет



Қосымша тапсырма:

Мен бір сан ойладым, оған 20 қоссаң елу шығады, мен қандай сан ойладым?

Мен бір сан ойладым, оған 15 қоссаң 35 шығады, мен қандай сан ойладым?

Мен бір сан ойладым, одан 20ны азайтсаң 25 шығады, мен қандай сан ойладым?


Бағалау

7 Пәні: математика



Сабақтың тақырыбы: Теңдеуді шешу

Сабақтың мақсаты:

Теңдеуді шешудің қарапайым әдістерін үйрену; Әртүрлі тапсырамаларды шешу арқылы олардың

ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушыларды шапшаңдыққа, логикалық ойлау жылдамдығына тәрбиелеу;

Көрнекілік: ауызша есептеуге арналған дидактикалық материалдар, суреттер

Сабақтың типі: ойын сабақ.



Қолданылатын технология: дамыта оқыту технологиясы.

Әдісі: ойын, көрнекілік, сұрақ - жауап.

Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі,Психологиялық бағыт беру

«Мен бәрін жасай аламын»

Бүгінгі күн тамаша,

Мен өзімді жақсы сезінудемін.

Менің көңіл күйім керемет жақсы.

Мен жұмыс істеуге дайынмын.

Мен өзіме сенімдімін.

Мен барлығы қолымнан келетініне сенемін.

Мен жігерлілікпен мақсатыма қол жеткіземін

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

№7 тапсырма 105-бет



9+7=16 16-7=9

19+7=26 26-7=19

29+7=36 36-7=29

ІІІ. Жаңа сабақ:

Теңдеуді шешу

А)ДӘПТЕРМЕН ЖҰМЫС

Көркем жазу

9 9 9

19

Ойын: «Поездға вагондарды тіркейік»



  • Теңдікті жаз: 6 мен 2 сандарының айырмасы 4-ке тең. Азайтуды қосумен тексер, ҚОРЫТЫНДЫ ЖАСА.

  • Сынап көру тәсілімен х-30=7 теңдеуін шешіп көр.

  • Теңдеуді шеш.

х пен 40 санының айырмасы 9-ға тең.

Ойын: «Аққала құрастыру»

№3-тапсырма

Сатылды-30кг

Қалды-?, 7 кг артық болды?

Ш: 1) 30+7=37 (кг) 2)30+37=67 (кг) ЖАУАБЫ: 67кг
немесе 30+ (30+7)=67 (кг) ЖАУАБЫ: 67 кг болды

СЕРГІТУ СӘТІ: 1,2,3

Жадыраймыз жинап күш

Бестік баға аламыз

Қуанып үйге қайтамыз
ТОППЕН ЖҰМЫС:

1-топ №3 тапсырма (Б)

Қағаздан -25 ойыншық

Матадан-? 10 ойыншық кем ? ойыншық
Ш: 1)25-10=15 (ойыншық) 2) 25+15=40 (ойыншық)

ЖАУАБЫ: 40 ойыншық

Немесе 25+(25-10)=40 (ойыншық) ЖАУАБЫ: 40ойыншық

2-топ №4 тапсырма 105-бет

38+ (40+20)=98

а+(30+10) а=56 56+(30+10)=96

45+(20+а) а=30 45+(20+30)=95



3-топ №6 тапсырма 105-бет (1-2 бағанын)

(57-7)+40=90 (20+60)-10=70 (60+9)-40=29

20+(45-5)=60 60-(39-9)=30 70+(16-6)=80

*ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМА

1)Екі балада 10 алмұрт болды. Біреуі 1 алмұрт, екіншісі 3 алмұрт жегенде,

олардың қалған алмұрттарының саны бірдей болды. Әуелде әр балада неше алмұрт болды?








2)Бұтақтардан шиелерді үзіп алмай, барлық шиелерді үш балаға қалай тең бөліп беруге болады?














+ =7






+ =7





+ =7


3)Әріпті ребусты шеш:

АЗ 52 74 86



+ АЗ + 52 + 74 + 86

КӨП 104 148 162


ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

Үйге: 7тапсырма-105бет

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет