Сабақ: Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: 10 Т1 Қатысқан оқушылар саны



бет1/3
Дата05.11.2023
өлшемі117.79 Kb.
#482385
түріСабақ
  1   2   3
Аңызбен өрілген көркем сөз 10 с


Пән: қазақ әдебиеті

Мектеп:

Сабақ:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлімнің тақырыбы

Аңызбен өрілген көркем сөз. Ұ.Есдәулет «Біз -түркілерміз»

Сабақтың тақырыбы

«Біз -түркілерміз»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.1.1.1 - әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну;

Күтілетін нәтижелер

Оқушылардың бәрі:

Оқушылардың көбі:

  • Әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау;

Оқушылардың кейбірі:

  • Шығарманың идеялық мазмұнын терең түсіну.

Бағалау критерийлері

  • әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысына талдайды;

  • Сол арқылы идеялық мазмұнын терең түсінеді.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: Біз - түркілерміз... Көк бөрі, Көк тәңір, көк байрақ, тірсегіміз тілінген,т,б
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:
Менің ойымша..., Өз пікірімді білдірсем..., Менің көзқарасым...

Мектеп құндылықтары

  • Құрмет;

  • Ашықтық;

  • Өмір бойы білім алу;

  • Еңбек және шығармашылық.

Осыған дейін меңгерілген білім

Алдыңғы оқыған тақырыптарын қайталау.

Жоспар

Жоспарлана
тын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы
10 минут

С. «Миға шабуыл»
Арыстандай айбаттым,
Жолбарыстай қайраттым,

Аспандаған байрақтым,

Қанша жұлдыз жайнаттың,

Қанша бұлбұл сайраттың,

Қазақстан, ардақтым!

Оқушылар өлеңнің авторын табуға жұмыстанады. (Бірден табуы да мүмкін, Мағжанның «Мен жастарға сенемін» өлеңімен шатастырып, авторын М.Жұмабаев деуі де мүмкін.)
Тақтадан ақын суретін көріп, оқушылар ойларын ортаға салады.
Тақтадан ББ кестесін толтыру.

Білемін

Білдім

-Ақын
-Жазушы
- кітап авторы



- бірнеше сыйлықтың иегері



  • Сабақтың тақырыбы, мақсаты және жетістік критерийлері таныстырылады.



МЖ = Мұғалім жасаған

Ұлықбек Есдәулет



Сабақтың ортасы
8 минут
8 минут

2 минут
2 минут


7 минут
5 минут





Мағынаны тану

Ақын Ұлықбек Есдәулет туралы (0.30-2.10 минут аралығы) «Сыр-сұхбат» хабарынан бейнебаян көргеннен кейін кестенің білдім бөлімін толықтырады. Ақын туралы 2 ойлы пікірлерін білдіреді.


https://www.youtube.com/watch?v=UXxvRFj0mL4

Оқушылар кері байланыс береді.
- Ақын туралы оның өмірі жайлы деректер алдығын;
- Шығармашылығы өздерін қызықтыратынын;
- Іздеп оқуға ниеттері барын білдіреді.
С. Оқушыларға «Біз -түркілерміз» өлеңін таратылып беріледі.
Тапсырма.1. Ақын өлеңін оқып танысу.
Әр топтан 1 оқушы шығып, «Біз -түркілерміз» өлеңін дауыстап мәнерлеп оқиды.
Біз - түркілерміз... 
Біз - түркілерміз! 
Көк аспандай жарқылдап, күркірерміз, 
Көк аспанның бұлтындай сілкінерміз, 
Көк бөріден туғанымыз рас болса, 
Көк тәңірден қуат ап, бір түлерміз. 
Кеудемізді билеген асқақ арман, 
Тарихымыз дастан боп таста қалған
Тірсегіміз тілінген кездерде де 
Жан жүректі жерім жоқ жасқа малған. 
Жұтып қойған ғасырлар өктем үнін, 
Айға қарап ұлыған көк бөрімін. 
Атқа мінсем кетемін аруақтанып, 
Арасында желік бар ет-терінің. 
Атқа мінсем кетемін айбаттанып, 
Қылыш көрсем кетемін қайраттанып. 
Ғасырлардың бетіне қалқып шыққан, 
Біздің халық - бұ да бір қаймақ халық! 
Намысымдай ешкімге таптатпаған
Түркістанның күмбезі асқақтаған. 
Бабаларым жатыр ғой бата беріп, 
Аруақтар аманатын ақтап бағам. 
Көк тәңірден көңілге нұр тілерміз, 
Көк аспандай әлі де күркірерміз. 
Көк бөрілі көк байрақ көкке шықса, 
Қай дұшпанның алдында іркілерміз? 
Біз - түркілерміз! 
Біз - түркілерміз!! 
Біз - түркілерміз!!!




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет