Сабақ мақсаттары



бет1/3
Дата19.07.2023
өлшемі457.53 Kb.
#475720
түріСабақ
  1   2   3
Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері (3)



Қысқа мерзімді жоспар



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Екі айнымалысы бар теңдеулер, теңсіздіктер, және олардың жүйелері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.4.2.1 мәтін есептерді теңдеулер жүйесінің көмегімен шешу



Сабақ мақсаттары

Оқушыларды шынайы жағдаяттардың математикалық моделі ретінде теңдеулер жүйесінің көмегімен шешуді үйрету.

Бағалау критерийлері

  • Мәтін есептерді шешудің алгоритмін біледі;

  • Есептің математикалық моделін құрады;

  • Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін құра алады;

  • Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін шешу тәсілін біледі;

  • Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін шеше алады;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:
-мәтін есептерді түсінеді және сөздерді математикалық өрнектерге айналдырады.

  • бөлімнің пәндік лексикасы мен терминологиясын есеп шешуде қолданады;

- мәтін есептерді шешуде сызықты емес теңдеулер жүйесін математикалық моделді құруға түсініктеме береді;
- теңдеулер мен теңсіздіктер жүйелерінің шешімдерін түсіндіреді
-есепті шешудің жолдарына түсініктеме береді.

Құндылықтарды дарыту

Ашықтық, бірлестік, академиялық адалдық.

Пәнаралық байланыстар

Тапсырмаларды қазақ және ағылшын тілінде шығару

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивтік құралдарды, интернет ресурстарын пайдалану

Бастапқы білім



Санның ондық жазылуы, санның қалдығы, уақыт пен жылдамдық арқылы қашықтық формуласы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
2 мин
7 мин



1. Оқушылармен амандасу.
2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын, бағалау критерийлерін анықтау
3. Өткен білімді жаңғырту
1.Берілген түрдегі жүйенің неше шешімі болуы мүмкін:



2. Теңдеулер жүйесін шешіңіздер:





Сабақтың ортасы
13 мин

16 мин




4. Жаңа сабақты зерттеу
Тапсырманы шешуде екі айнымалыны енгізуге болады, тапсырма шарты бойынша теңдеу құру және теңдеулер жүйесін шешу. Мысалды қарастырып, мәтін есептерді теңдеулер жүйесі көмегімен шешудің алгоритмін қарастыру.
Тапсырма.
В және С жағалауларынан төмен өзен бойымен сәйкесінше 30 км және 45 км қашықтықта А жағалауы орналасқан. Моторлы қайық А жағалауынан шығып, С жағалауына дейін жетеді және бірден артқа айналып, В жағалауына келеді. Барлық жолға 7 сағат жұмсайды. Қайықтың меншікті жылдамдығы мен өзен ағысының жылдамдығын есептеңіздер.
Шешуі:
Бірінші кезең. Математикалық моделін құру
Екі айнымалы енгіземіз:
х км/сағ. – қайықтың меншікті жылдамдығы
у км/сағ – өзен ағысының жылдамдығы
Онда х+у км/сағ.– қайықтың өзен ағысының бойымен қозғалысының жылдамдығы, х-у км/сағ. – қайықтың өзен ағысына қарсы қозғалысының жылдамдығы.
Қайықтың бірінші рейсін қарастырайық. Ол ағыс бойымен 45 км және ағысқа қарсы 15 км жүзді. Демек:
сағ –қайықтың А –дан до С-ға дейінгі қозғалыс уақыты (бірінші рейсте),
сағ– қайықтың С –дан до В-ға дейінгі қозғалыс уақыты (бірінші рейсте).
Қайық барлығы бірінші рейсте 4 сағ 40 мин, я сағ. жұмсады.
Осылайша, мына теңдеуді аламыз:
Қайықтың екінші рейсін қарастырайық. Ол ағысқа қарсы 45 км және ағысқа қарсы 30 км жүзді. Демек:
С-дан А-ға дейінгі қозғалыс уақыты (екінші рейсте).
А-дан В-ға дейінгі қозғалыс уақыты (екінші рейсте).
Қайық екінші рейсте барлығы 7 сағат жұмсады. Осылайшы мына теңдеуді қорытып аламыз:

Есептің математикалық моделін құра отырып, мына түрдегі екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін аламыз:

Екінші кезең. Құрылған моделмен жұмыс жасау
Теңдеулер жүйесін шешу үшін жаңа айнымалы енгізу әдісін қолданамыз. Енгізейік:

Жаңа айнымалының мәндерін табамыз және

аламыз. шешеміз.
Үшінші кезең. Тапсырма бойынша сқрақтарға жауап береміз.
Есептің шарты бойынша қайықтың меншікті жылдамдығы мен өзен ағысының жылдамдығын анықтауды талап етіп тұр.
Бірінші жылдамдықты біз деп белгілеп алдық және анықтадық. Демек қайықтың меншікті жылдамдығы 12 км/сағ. Өзен ағысының жылдамдығын белгілеп алдық және оның екенін анықтадық. Демек өзен ағысының жылдамдығы 3 км/сағ.


Жауабы: 12 км/сағ; 3 км/сағ.

Мәтін есепті шешу алгоритмі.



  • Есептің шартына талдау жасау

  • Айнымалыларды енгіземіз

  • Екі жағдаятты қарастыру

  • Есептің шарты мен белгісіз арасындағы тәуелділікті орнату

  • Теңдеу құру

  • Теңдеулер жүйесін шешу

  • Жауапты негіздеу.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет