Сабақ: қазақ тілі
|
Мектеп:
Мұғалімнің аты – жөні: Рахымжан Алия Пархатқызы
|
Тақырыбы:
|
Жол ережесін сақтаймыз
|
Күні: 15.02.2024
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Сынып: 5
|
|
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
5.О5.Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.
5. О7. Энциклопедиялар, балаларға арналған газет- журналдан қажетті ақпаратты ала білу
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады: Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады.
|
Көптеген оқушылар орындай алады: Мәтін мазмұнын түсінеді.Нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады.Негізгі ақпараттарды сақтай отырып,жинақы мәтін жазады.
|
Кейбір оқушылар орындай алады: Мәтін мазмұнын түсініп,нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазуда өз пікірін өмірмен байланыстырады.
|
Бағалау критерийлері
|
Мәтін мазмұнын түсінеді.
Нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады.
Негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазады..
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар орындай алады: Мәтін мазмұнын түсінеді, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыра алады. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазуда өз пікірін өмірмен байланыстырады.
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: қиылыс, бұрылыс,қауіп, ескерту, тыйым.
Қиылыс па, бұрылыс па алдыңда,
Темір жолға таяп әлде калдың ба?
|
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: жол белгілері, қатаң тиым, абай бол, жол сақшысы, автокөліктер, қозғалып, белгіні,жолда жүру ережелерінің талаптары.
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
Жол белгілері неше топқа бөлінеді?(жеті)
Жолда жүру ережелерінің тарихы туралы не білесің?
ҚР жолда жүру ережесі қашан қабылданған?
Жол белгілерін «халықаралық тіл»деп атауға бола ма?Неге?
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
Жол белгілерімен таныс. Оларды ажырата алады.
|
Жоспар
|
Жоспарланған
уақыт
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақ басы
10 минут
|
Автобус билеттері бойынша оқушыларды топтарға бөлу.
Үй тапсырмасын сұрау.
Ескерту, тыйым, қиылыс, бұрылыс,қауіп. Осы сөздерді оқыту және мағынасын ашу.
Есте сақта!
Жолға жетіп тоқта!
Жолдан өтпестен бұрын сол жағыңа, сонан соң оң жағыңа және машина келіп қалады-ау деген жақтың бәріне қара!
Егер сен машинаның жоқ екеніне көз жеткізсең ғана жолдан өтуге болады!
Жолдан өтіп шыққанша үнемі жан-жағыңа қарап жүр, себебі жолда жағдай өзгеріп қалуы мүмкін!
Жаяу жүргіншілер жиекжолдың оң жағын бойлап жүріп отыруы тиіс!
Көлік жүріп бара жатқанда секіріп түспеу, толық тоқтағанды күту керек!
Жол – қозғалыс үшін қолданылатын аумақ, көше, бұрылыс.
Жол жиегі – жол мен тратуар аралығын бөліп тұру үшін қаланған арнайы қаптал.
Тротуар – француз тілінен аударғанда «жаяу жүргіншіге арналған жол» дегенді білдіреді.
Қоршаулар – жолаушылардың жүргін бөлікке кенеттен шығып кетуіне бөгет жасайды.
|
Қима қағаз
|
Сабақ ортасы
Сергіту
|
4-тапсырма.
Мәтінді тыңдап, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған 2 сұрақ құрастырыңдар.
Дескриптор:
Мәтінді оқиды.
Сұрақтар құрастырады.
ҚБ. Бағдаршам түстері арқылы жүргізіледі.
5-тапсырма.
Көлік түрлері тақырыбына кластер құру
Дескриптор:
Кластер құрады
Ауыспалы мағынадағы сөздерді қолданады
ҚБ. Бас бармақ арқылы.
Жұмбақтар шешу
Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім
Тапшы мұны оқушым (жол)
Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күзеткен (миллиционер)
Көше бойын аяңдайды,
Адам тасып аяңдайды. (Автобус)
Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)
Көліктің қаншасын жанынан өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (жол)
Жапанда бір жолаушы аузын ашып,
Аяғын келе жатыр жылдам басып,
Жарқырап маңдайында екі көзі,
Ілезде жеткізеді жерге қашық. (автомобиль)
Бір тұлпар, су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. (трамвай)
13-тапсырма
Берілген сөздерден сөз шығару
Дескриптор:
Шатасқан әріптерден сөз құрайды
ҚБ. Мадақтау.
Жағдаяттар
|
Достарыңызбен бөлісу: |