Ақсуат негізгі орта білім беретін мектебі
Тақырыбы:
“Ұл бала мен қыз бала арасындағы достық”
2017жыл
Тәрбие сағатының тақырыбы
|
“Ұл бала мен қыз бала арасындағы достық”
|
Күні: ............2017ж
|
Мұғалімнің есімі: Нурова Нурбеке Куанышовна
|
СЫНЫП: 3,4 сынып
|
Қатысқандар саны: 5 оқушы
|
Қатыспағандар саны: 0
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
|
ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық туралы түсінік қалыптастыру.Оқушылардың өзара сыйластық қарым - қатынастарын арттыру
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
|
оқушыларды қыздың нәзіктігін, ұлдың батылдығын ажырата білуге үйренеді
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
оқушыларды сыртқы сұлулықты дұрыс түсіне біле
|
Кейбір оқушылар:
| |
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
|
Ресурстар
|
Басталуы
|
Мұғалім:
Орнымыздан тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Балалар,мен осындай мейірімді, ақылды, өмірге, білімге құштар оқушыларымды көргеніме өте қуаныштымын.Бүгінгі сабағымыз көңілді әрі жарасымды өтуі үшін өзімізге және келген қонақтарға жақсылық, көтеріңкі көңіл – күй тілейік. Осындай жылы тілектерге толы шеңбер аясында бәріміз бірге қуанышпен ән салайық.
Ұл бала мен қыз бала
Е. Өтетілеуов
Ұл бала мен қыз бала
Бір мектепте оқиды.
Ұлға да ортақ, қызға да
Білімді ойға тоқиды.
Ұл бала мен қыз бала
Үйге бірге қайтады.
Бар сырларын аз ғана
Бір – біріне айтады.
Ұл бала мен қыз бала
Түсіністі, достасты.
Мұғалім: Ал енді балалар сабақтың ережесін еске түсірейік.
Ереже:
1.Уақытты тиімді пайдалану.
2.Тыныштық сақтау.
3.Сөзді бөлмеу,кезектесіп сөйлеу.
4.Өз ойыңды анық жеткізу.
|
|
Ортасы
|
Әңгімелесу.
1.Ұл бала мен қыз баланың бойында қандай қасиеттер болуы керек?
2.Ұл бала мен қыз баланың арасындағы достық дегенді қалай түсінесіңдер?
Жағдаяттарды талдау
Мұғалім оқушыларға сабақ тақырыбын кеңінен түсіндіру үшін жағдаяттарға құрылған суреттерді талдап, шешімін айтады.
1.Санжар мен Самал сыныпта қатар отырады.Сөзге таласып қалған Санжар Самалға дөрекі сөз айтты.Самал жылап жіберді.
-Санжардың әрекеті туралы өз пікірлеріңді білдіріңдер.
2.Сынып жетекшісі оқушыларға сынып бөлмесін жуып, тазалау керектігін айтып, тапсырма берді.Сұлтан: -Бөлмені жуу қыздардың жұмысы емес пе?!Мен бұл тапсырманы орындай алмаймын. – деді.
-Сұлтанның орнында болсаңдар , сендер не істеген болар едіңдер?
3.Әлияны жүгіріп келе жатқан Ғалым байқамай қағып, тоқтамай өте берді.Ыза болған Алия Ғалымды итеріп жіберді де, отыра қалып жылап жіберді.
-Әлия мен Ғалымның орнында болсаңдар, қандай шешім қабылдар едіңдер?
4.Жәния ауыр орындығын әрең дегенде көтеріп келе жатты.Сәкен оған жәрдемдесті.Жәния үндемеген күйі сыныптан шығып кетті.
-Жәнияның орнында болсаңдар, сендер не істер едіңдер?
Мұғалім: Балалар, мен сендердің өз ойларыңды еркін жеткізе алғандарыңа өте қуаныштымын. Сыныптас досыңа, ол ұл болсын, не қыз болсын дөрекі сөз айту, мынау қыздың жұмысы, ұлдың жұмысы деп бөлу, ол қыз ғой немесе ұл ғой деп кешірім сұрамау әдептілікке жатпайды.
«Кімнің жұмысы?»
Оқушылар кезектесе отырып мәтінді оқиды.Бір оқушы мәтіннің мазмұнын өз түсінгені бойынша әңгімелейді. Мұғалім сұрақтар қою арқылы оқушылардың білімін байқайды.
- Қыз бала мен ұл бала өзара сыйластыққа қалай қол жеткізді?
-Осы әңгімеден қандай қорытынды шығаруға болады?
Мұғалім:
-Дұрыс айтасыңдар. Мектепте қыздар да, ұлдар да бірдей білім, тәрбие алады, «оқушы» мәртебесі бәріңе ортақ. Сыныпта тату – тәтті болып, сыйластықта қарым – қатынас жасай білу – әдептіліктің бір белгісі. Тек мектепте ғана емес, аулада да көршілеріңмен ұл, қыз болып сыйласып, дос бола білген жөн.
|
Достарыңызбен бөлісу: |