елді мекендердің атаулары мен табиғат жағдайлары арасындағы байланысты табады.
Кейбір оқушылар:
ғаламтор ресурстарын немесе қосымша әдебиеттерді қолдана отырып, өздері тұратын елді мекеннің қалай және неліктен пайда болғанын және қандай табиғат жағдайлары әсер еткендігін біледі.
Оқушылар: – табиғат жағдайларына байланысты адамдардың қоныстануына талдау жасайды (жер бедері, климат, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, су нысандары).
Пәнге қатысты лексика және терминология: Климат, тау, төбе, өзен, көл, өсімдіктер мен жануарлар әлемі.
Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер:
Адамдар сулы жерлерге – өзендер мен көлдердің жанына қоныстанды. Адамдар таудың етегіне, төбелердің маңына орын тепті.
Еліміздің оңтүстігіндегі көптеген қалалар сауда жолының бойында пайда болды.