Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылы
М.Әуезов атындағы орта мектебі
Тарих пәнінің мұғалімі Ермекбаева Кенжегул Несіптайқызы
«15-18 ғғ. Қазақ хандығының қоғамдық құрылысы»
Сабақ
|
Пәні: Қазақстан тарихы
Сынып: 10 Күні: 3 ақпан
|
Барлық оқушы саны: 20
Қатысқан оқушы: 19
|
Сілтеме:
|
Күнтізбелік жоспар,оқулық. Қазақстан тарихы 10 - сынып.
|
Тақырып:
|
15-18 ғғ. Қазақ хандығының қоғамдық құрылысы
|
Жалпы мақсаты:
|
Білімділік: XV- XVІІІ ғғ. Қазақ хандығының басқару жүйесін, ұлыстық құрылымын, әкімшілік-құқық нормаларының ерекшеліктерін көрсету;
Дамытушылық: оқушылардың өздік ізденістерін арттырып, жаңа білмді өз бетімен меңгеруге бағыттау;
Тәрбиелік : Өз елінің тарихын нақты деректер арқылы білуге, құрметтеуге тәрбиелеу;
|
Ресурстары:
|
оқулық, бор, тақта, флипчарт, түрлі-түсті бояғыштар, стикерлер,
|
Әдіс-тәсілдері:
|
тәсілі: жекелей, жұппен, топпен
|
Әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау, іздендіру, талдау, сызба құру, «ЖИГСО», «Сұрақтар кестесі».
|
Оқыту нәтижелері:
| -
Хронологиялық кесте құрастыра алады;
-
Тарихи оқиғаларға сипаттама беріп, талдау жасай алады;
-
Жұптық, топтық жұмыстар негізінде ынтымақтастыққа үйреніп, шығармашылықпен жұмыс жасайды;
-
Мәтіндегі негізгі ойды айта алады;
-
Оқушылар бірін-бірі оқытуға үйренеді;
-
Қазақ хандығының қоғамдық құрылымы туралы мәліметтер келтіре алады;
-
Терминдер мен ұғымдарға анықтама бере алады.
|
Түйінді идеялар:
|
Хандық үкіметтің басқару жүйесі, ұлыстық құрам, әлеуметтік құрамы, «Жеті Жарғы», Билер кеңесі, меншік мәселесі, салықтар мен міндеткерлік түрлері.
|
Дереккөздер:
|
Оқулық, хрестоматия
|
Сабақтың барысы:
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ұйымдастыру кезеңі:
|
Сәлемдесу, түгендеу
«Аудиториядағы заттар» ойынының жүру ережесімен таныстырады. Топқа бөледі.
|
Жұптас оқушылар бір-біріне аудиториядағы бір затпен байланыстырып тілек айтады.
Топқа бөлу: «Қасым хан», «Жәңгір хан»,»Тәуке хан», «Абылай хан» (оқушылар өздері таңдап алған сұрақтардың қай ханға қатысты екенін айтып, сол топқа отырады)
|
|
Үй тапсырмасы
|
«15-17 ғғ. Қазақ хандығы» тақырыбын қайталау үшін «Сұрақтар кестесі» бойынша сұрақтарын қойғызады.
|
Әр топтағы оқушылар дәптерлеріндегі үйден жазып келген «Сұрақтар кестесінің» сұрақтарын басқа топтарға оқиды.
|
Топтардың бірін-бірі бағалауы.
|
|
Жаңа тақырып
|
Қызығушылығын ояту
Жаңа тақырыппен таныстырып, миға шабуылдау арқылы сабақтың тақырыбын анықтап, мақсатын оқушылармен бірлесе құрады.
|
Әр топ өздеріне берілген «Хан», «Билер кеңесі», «Заң», «Салық» сөздерінің мағынасын 3 сөзбен аудиторияға жасырады.
|
Мұғалімнің мадақтауы
|
|
Мағынаны ажырату
Әр топқа жаңа тақырып бойынша тақырыпшалар бөліп береді:
№1 оқушылар- «Хандық үкіметтің басқару жүйесі»
№2 оқушылар - «Ұлыстық құрам. Әлеуметтік құрамы».
№3 оқушылар –«Жеті Жарғы. Билер кеңесі».
№4 оқушылар -«Меншік мәселесі. Салықтар мен міндеткерліктер»
|
Оқушылар мәтінмен танысып, бастапқы және сарапшы топтарда талдайды.
|
Топ басшыларының бағалауы.
«Бас бармақ» әдісімен тақырыпты түсіну деңгейін бағалайды.
|
|
Сергіту сәтін өткізу: «Ортақ портрет» әдісі.
|
Оқушылар өз тобының ортақ портретін құрастырады. Олар топ құрамындағы оқушылардың арасында дене мүшелерін бөліп, біріктіріп ауызша сипаттайды.
|
|
|
Ой толғаныс
Сабақ барысында меңгерген білімдері негізінде шығармашылық жұмыс ретінде әр топқа тапсырма дайындауға бағыт береді.
|
1топ - «Хандық басқару және ҚР президенттік басқару» /сызба құрастыру/
2 топ-«Жеті Жарғы және Ата Заң»
/постер құру /
3 топ-«Салықтар мен міндеткерліктер»
/сәйкестендіру сызбасы/
4 топ- Бекіту сұрақтарын дайындайды.
|
«Екі жұлдыз, бір тілек»
|
|
Бағалау
|
Бағалау парақшасы:
-
Оқушының аты:
|
Ұпайы
|
1 ұпа
|
2 ұпай
|
3 ұпай
|
Өзін-өзі бағалау (үй тапсырмасы)
|
|
|
|
Топ басшысының бағалауы
(шығармашылық жұмыс)
|
|
|
|
Мұғалімнің бағалауы
|
|
|
|
Жиыны:
|
9 ұпай –«5», 7-8 ұпай –«4», 5-6 ұпай - «3», 3-4 ұпай – «2»
|
рефлексия
|
Сабақ жайлы өз ой пікірлерін А3 форматты бетіне стикер жабыстырады.
|
Үйге тапсырма
|
П. 21 оқуға. «Ойды қорытындылау» әдісі бойынша жазба жұмысын орындау.
|
Достарыңызбен бөлісу: |