Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
Осьтік және центрлік симметрия ұғымдарын сипаттайды.
|
Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып осьтік және центрлік симметрия туралы видеоролик көреді.
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 1-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1-Тапсырма
10 кг бидайдан 8 кг ұн алынады.2 кг
ұннан 3 кг нан алынады. 150 кг бидай-дан неше килограмм нан алынады?
А.170 кг; В.180 кг; С.190 кг; D.200 кг.
Дескриптор:
Жалпы - 3 балл
1. Тапсырманы орындап есептеп шығарады.
|
ДК экраны
6-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 2-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
2-Тапсырма
Координаталық жазықтықтағы
ABCD квадратының А(–2; 1) тө-бесі D төбесіне; В(–2; 5) төбесі С төбесіне ординаталар осіне қатысты симметриялы. ABCD квад-ратының симметрия осьтерінің қиылысу нүктесі болып табыла-тын Енүктесінің координаталарын табыңдар.
|
Дескриптор:
Жалпы - 3 балл
1. Енүктесінің координаталарын табады.
|
ДК экраны
6-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|