Мектеп:Ө.Жолдасбеков №9 IT лицей
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Абайды оқы,таңырқа!
|
Сабақ тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба»
өлеңінің тақырыбы мен идеясы.
|
Күні:
|
Мұғалімнің есімі:
|
Сынып 8ФМК4
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабаққа негізделген оқу мақсаты:
|
6.2.1.1 - шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау
|
Сабақ мақсаттары:
|
Барлық оқушылар: Өлеңнің маңыздылығын түсінеді
Оқушылардың басым бөлігі: Өлеңдегі маңызды деген үзінділерді анықтайды
Кейбір оқушылар: шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына бүгінгі өмірмен байланыстыра, өз пікірін дәлелдейді.
|
Бағалау критерийлері:
|
Өлеңнің композициясындағы үзінділердің біріне негіздеме жасайды.
Анықталған үзінділердің маңыздылығына баға береді.
|
Тілдік мақсаттар
|
Арнайы пәндік лексика мен терминология:
ғибрәтлі , нәфрәтлі, мал шашпақ, қанағат, рақым
|
Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер мен фразалар:
«Ғалым болудың басты шарттары» , «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді», «Абай ғалым болу мен адам болу мәселесін бір-бірімен сабақтастыра айтады, бұл екеуінің тамыры, түбі бір деп санайды»
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
Сіз ақын болсаңыз, қандай асыл істерді дәріптейсіз?
Ақынның «ғалым болмасаң да ұқсап бақ» деуінің сыры неде?
|
Құндылықтарды дарыту
|
Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет: басқа мәдениеттер мен тілдерге, адамгершілік пен пікірлердің әртүрлілігіне құрметі қалыптасады.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Тарих, қазақ тілі
|
АКТ қолдану дағдылары
|
|
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім
|
Абай Құнанбайұлы өлеңдері
|
Саралау: Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?
|
|
Бағалау: Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?
|
|
|