Сабақ тақырыбы 2 (iiа) топ элементтерінің физикалық және химиялық қасиеттері Жалпы мәліметтер



бет1/3
Дата01.03.2024
өлшемі93.73 Kb.
#493422
түріСабақ
  1   2   3
2 топ элементтері сж


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университеті
«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі
« Аграрлық» бөлімшесі


ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ №
(теориялық немесе тәжірибелік оқыту)



Модуль / пән атауы

Химия

Сабақ тақырыбы

2 (IIА) топ элементтерінің физикалық және химиялық қасиеттері

1.Жалпы мәліметтер

Курс

Мерзімі

Тобы

Бөлімше меңгерушінің қолы

1

30.10.2023

ВЕФ-0923




1

31.10.2023

ТКА-0923-2




1

22.11.2023

ДТС-0923-2




1

8.12.2023

ЗҚТ-0923-3




1

8.12.2023

КДН-0923




Сабақ түрі

Аралас сабақ

Мақсаты (оқу нәтижелері)

Сілтілік жер металдардың физикалық және химиялық қасиеттерін оқып, меңгеру.

Міндеттері (бағалау критерийлері)

сілтілік жер металдарының атом құрылысын сипаттау
сілтілік жер металдарының физикалық қасиеттерінің топ бойынша қалай өзгеретіндігін тауып, дәлелді жауап беру;
(ІІА) топ элементтерінің химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіре алу;
сілтілік-жер металдардың маңызды қосылыстарының қолданылу аясын атау

Күтілетін нәтижелер

сілтілік жер металдарының атом құрылысын сипаттайды.
сілтілік жер металдарының физикалық қасиеттерінің топ бойынша қалай өзгеретіндігін тауып, дәлелді жауап береді.
(ІІ) топ элементтерінің химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіре алады.
сілтілік-жер металдардың маңызды қосылыстарының қолданылу аясын атайды.

2. Сабақты жабдықтау

Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

1.М. Оспанова, Қ.Аухадиева, Т.Белоусова Химия: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық, 1-2 бөлім, Алматы: «Мектеп», 2019ж
2.М. Оспанова, Қ.Аухадиева, Т.Белоусова Химия: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық, 1-2 бөлім, Алматы: «Мектеп», 2019ж.
3.http://www.bilimland.kz/ru
4.https://www.tarbie.kz/22892

Техникалық құралдар, материалдар, қажетті ресурстар

Дидактикалық материалдар, оқулықтар, компьютер, интерактивті мультимедиялық проектор, т.б.



3. Сабақтың барысы Уақыт (мин)

Ұйымдастыру кезеңі



  1. Сәлемдесу, студенттерді түгелдеу, сабаққа назарларын аударту

  2. Құрал-жабдықтарды тексеру

  3. Сабақтың тақырыбын хабарлау, оқу нәтижесі және бағалау критерийлерімен таныстыру

5 минут

Үй тапсырмасын тексеру

Тақырыбы: Галогендер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары
1. Суды хлорлау
2. Галогендер және олардың қосылыстарының физиологиялық рөлі Тапсырмалар бойынша жұмыс
«Сұрақ-жауап» әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтаймыз

  1. Топ бойынша элементтер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын айтып беріңіз.

  2. 17-топтың басқа элементтерінің қасиеттерін сипаттап беріңіз.

25 минут

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Жоспар:
1. Сілтілік жер металдар
2. Магний және оның қосылыстары
3. Кальций және оның қосылыстары



    1. минут

4. Жаңа тақырып бойынша тапсырма орындау - 15 минут

БК: 2 (IIА) топ элементтерінің физикалық және химиялық қасиеттері

  1. Тапсырма.

Сөз түрінде берілген химиялық атаулардың химиялық формуласын жазыңдар




Гипс –




Ангидрид –




Алебастр –




Кальций карбиді –




Доломит –




Кальций гидро карбонаты–




Әк сүті –




Кальций гидриді –




Әктас –




Сөндірілмеген әк -






2 тапсырма.
• Неліктен бұл металдар сілтік жер металдары деп аталған? (........................)
• Олар табиғатта бос күйінде кездеседі ме? (....................)
• Сілтілік жер металдарының ХЭПЖ орнына сипаттама беріңдер. (................)
• Сілтілік жер металдарына қандай элементтер жатады? (.............................)
• ІІ топтың негізгі топшасына жататын элементтердің энергетикалық деңгейіндегі ұқсастықтары қандай?(............................)
• Атом құрылысына байланысты химиялық қасиеттеріне сипаттама беріңдер. (........................................)
• Сілтілік жер металдардың физикалық қасиеттері қандай?
• Топ бойынша олар қалай өзгереді?

3- тапсырма. Кестені толтырыңдар.





1.Сілтілік жер металдарының химиялық таңбаларын атомдық массаларының өсу ретімен жазыңдар




2.Кальций нитридінің түзілу реакция теңдеуін жазыңдар




3.Периодтық жүйенің ІІ тобының негізгі топшасының қай элементі сумен реакцияласпайды?




4.Пирометаллургияда қолданылатын сілтілік жер металдарын жазыңдар.




5.Сілтілік жер металдарының қайсысы сумен өте белсенді әрекеттеседі?







5. Сабақты бекіту, кері байланыс
(оқушының білімін, білік-дағдысын пысықтау, бекіту ж/е қорытындылау)10 минут

1. Топ бойынша элементтер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын айтып беріңіз.
2. 2-топтың элементтерінің физикалық және химиялық қасиеттерін сипаттап беріңіз.

6. Бағалау, рефлексия - 5 минут

7. Үйге тапсырма – 3 минут

Мынадай айналымдардың реакция теңдеулерін жазыңдар.
Ca→CaO→Ca(OH)2 →CaCl2 →Ca
Mg →MgO→Mg(OH)2→MgSO4→Mg3(PO4)2 ;



8.Пайдаланған әдебиеттер - 2 минут

Дайындаған педагог

Сабет Жанерке Қуатқызы
(Т.А.Ә.)
__________
(қолы)


Сабақ тақырыбы: 2 (IIА) топ элементтерінің физикалық және химиялық қасиеттері


Жоспар:

  1. Сілтілік жер металдар

  2. Магний және оның қосылыстары

  3. Кальций және оның қосылыстары



Сілтілік-жер металдар
ІІА топша элементтерінің оксидтерін бұрын «жер» деп атаған, олардың судағы ерітінділері сілтілер болғандықтан бұл элементтердің топтық атауы – сілтілік – жер металдары (1 – кесте).
ІІА топша элементтері – бериллий Be, магний Mg, стронций Sr, барий Ba, радий Ra. Бұлардың ішінде радий табиғаты радиоактивті элемент, оны 1898 жылы Мария және Пьер Кюрилер ашқан. Радийдің α- ыдырауы нәтижесінде радон түзіледі:
1 – кесте. Элементтер және жай заттардың сипаттамалары



Элемент

Валенттілік
электрондық формуласы

Элемент

Атом радиусы, нм

Иондану энергиясы, эВ

Электр те-рістілік

Электрон- тартқыш-тық, эВ

Атом көлемі, см3



2s2

1,13

9,32

1,47

0,38

4,85



3s2

1,6

7,65

1,23

-0,22

13,96



4s2

1,9

6,11

1,04

-1,93

26,03



5s2

2,12

5,69

0,99

-1,51

32,82



6s2

2,25

5,21

0,97

-0,48

38,04



7s2



5,28

0,97








Элемент

Жай зат

Түсі

Тығыз-дығы, г/см3

t0C , балқу

t0C , қайнау

Салыстырмалы электрөткізгіш-тік, (Hg=1)

Стандарттық электродтық потенциал, В



қара-сұр

1,85

1287

2450

14,31

-1,847



күміс түсті

1,74

650

1107

20,55

-2,363



күміс түсті

1,54

852

1484

25,42

-2,866



күміс түсті

2,63

770

1380

6,05

-2,888



күміс түсті

3,76

710

1640

4,61

-2,906



жылтыр

5,5

700-900

1140-1500



-2,916

Радийдің қосылыстары емдік қасиеті бар радон алуда қолданалады. Табиғи радон көздері еліміздің шығысында орналасқан «Рахманов қайнарлары» деп аталатын шипажайда кездеседі.


Бериллийдің қасиеті осы топшадағы басқа элементтердікінен өзгеше болып келеді. Ол сілтілік – жер металдарына жатпайды. Бериллийдің оксиді мен гидроксиді екідайлы қасиет көрсетеді. Себебі Be мен Al периодтық жүйеде диагональ бойында орналасқан. Бериллий өте қатты, ашық – сұр түсті металл; құрғақ ауады тұрақты, сумен қыздырғанда ғана әрекеттеседі, Ол атомдық реакторларда нейтрондардың тежегіші ретінде қолданылады. Сол мақсатта көп мөлшерде Өскеменнің Үлбі металлургиялық зауытында өндіріледі. Бериллиймен улану өкпенің қатерлі ісігіне шалдықтырады.
Сілтілік – жер металдар ақсұр түсті, сілтілік металдардан қаттырақ, аллотропиялық түрөзгерістері жоқ элементтер; олар да, сілтілік металдар сияқты тотықсыздандырғыштар.

Оларды тұздарының балқындасын электролиздеп алады. Тұздарының суда ерігіштігі топ бойынша жоғарыдан төмен қарай кемиді (MgSO4–ерімтал, CaSO4 - нашар ериді, BaSO4 - ерімейді), ал негіздерінің ерігіштігі артады. Сілтілік – жер металдарының оттекті қышқылдармен түзген тұздары термиялық ыдырайды. Барийдің сульфатының суспензиясы ас қорыту жолдарын рентгенографиялық тексеруде айтқындағыш зат ретінде қолданылады, себебі ол рентген сәулерін сіңіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет