Сабақ тақырыбы Арифметикалық прогрессияның алғашқы n-мүшесінің қосындысының формуласы



бет2/5
Дата11.06.2024
өлшемі1.41 Mb.
#502510
түріСабақ
1   2   3   4   5
Kozhabergenova Moldir

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ.

Сабақтың типі:

Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі:

– Үш өлшемді оқыту жүйесінің әдіс-тәсілдерін оқу, жазу.
– Жеке, жұптық және топтық әдіс.

Ақпарат көздері:

Алгебра, 9-сынып оқулығы, компьютер, интерактивті тақта, кестелер, тірек сызбалар, BilimLand электронды оқыту кешені:
, , .

Сабақ барысы:

І кезең: Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;
ә) Назарларын сабаққа аудару.
Оқушыларды «Заттар бойынша» үш топқа бөлу:
Әр оқушы өзінің ұсақ затын ортақ себетке салады. Мұғалім бұл заттарды әр партаға бөліп қояды. Кімнің заты қай партада оқушы сол топқа жиналады.
1-топ, 2-топ, 3-топ.
б) Үй тапсырмасын тексеру:
– №215 есепті ауызша сұрау арқылы тексеру
– «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде қайталап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді

«Көпір» тапсырмалары
(Өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары)

Бос орынға қажетті сөзді жаз:

  1. Екінші мүшесінен бастап әрбір мүшесі алдыңғы мүшесіне қандай да бір тұрақты санды қосқанда шығатын сандар тізбегі арифметикалық прогрессия деп аталады.

  2. d әрпімен арифметикалық прогрессияның айырымын белгілейді.

  3. бұл теңдік арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы деп аталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет