14-ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: Интерактивті және инклюзивті оқыту ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты: Интерактивті және инклюзивті сыныпты қалыптастыру әдістері.
Қарастырылатын мәселелер: Оқудағы әлеуметтік өзара іс-қимылдың және оқу үдерісіндегі инклюзивтілік қағидатының маңыздылығын негіздеу.
Әдістемелік нұсқаулар: Инклюзивті және интерактивті сыныптарды қалыптастыру мақсатындағы мұғалімдер пайдалана алатын тәсілдер мен өзгерістерді таңдау бойынша миға шабуыл жүргізу. Тұжырымдамалық карта жасау. Әңгімелесу дағдыларын жетілдіру арқылы инклюзивтілікке қол жеткізу. Интерактивті оқытуда оқу процесі іс жүзінде барлық оқушы таным үрдісіне тартылатындай болып ұйымдастырылуы тиіс, олардың осыған байланысты не біледі, нені ойлайды түсінуге және рефлекстеуге мүмкіндігі болуы тиіс. Таным процесінде оқушылардың біріккен іс-әрекеті, әркім өзінің жеке-дара үлесін қосатын, оқу материалдарын меңгеруді білдіреді, білімдерін, идеяларын, іс-әрекет тәсілдерін алмасу жүргізіледі. Және де бұл мейірімділік пен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында болады, ол тек қана жаңа білім алуға мүмкіндік беріп қоймайды, таным әрекетінің өзін де дамытады, оны қызметтестік пен кооперацияның әлде қайда жоғары нысандарына ауыстырады. Интерактивті әдістердің мәндік ерекшелігі, сипаттамасы – бұл субъектілердің өзара әрекеттестігінің бір бағыттағы белсенділігінің жоғарылығы, қатысушылардың өзара әрекеттестігі, эмоционалдық, рухани бірігуі. Инклюзивті білім беру оқыту процессінде балаға жеке көмек көрсету мен психологиялық-педогогикалық қолдауды қамтамасыз етеді, жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға кедергісіз аймақ құру ғана емес, баланың психофизикалық мүмкіндігін ескере отырып құрылатын оқу-тәрбие процесінің ерекшілігінде ескерген жөн.
Әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
2. ҚР педагог қызметкерлерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасының негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын ЖОО бітіруші курс студенттеріне қосымша білім беру бағдарламасы, НЗМ-2015ж.
3. Білім беру интернационалының VI Дүниежүзілік конгресі, 2011, 22–26 шілде. Кейптаун (Оңтүстік Африка). http://www.ed-union.ru/page.html?region=1&sid=&page=9&doc=9581
4. Barber, М., Mourshed, М. & McKinsey., (2007). Report «Consistently high performance: Lessons from the world’s top performing school systems». [Мектепте орнықты жоғары сапалы оқытуға қалай қол жеткізуге болады].
5. Harris, J. R., (1998). The nurture assumption: Why children turn out the way they do. [Тәрбие туралы ойлар: неліктен балалар бұндай болады]. Free Press.
6. OECD (2000). Literacy in the information age: final report of the international adult literacy. [Ақпараттық дәуірдегі сауаттылық: ересек адамдардың халықаралық сауаттылығы мәселелері бойынша қорытынды баяндама]. Paris: OECD.
7. Vygotsky, L. S., (1978). Mind in Society. [Қоғамдағы сана]. Cambridge, MA: Harvard University Press.
8. Wood, D., (1998). How Children Think and Learn. [Балалар қалай ойлайды және қалай білім алады]. (2nd ed.). Oxford: Blackwell Publishers Ltd
Достарыңызбен бөлісу: |