Сабақ тақырыбы Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар бжб №2



Дата07.02.2024
өлшемі0.65 Mb.
#491008
түріСабақ
Булану және конденсация.


Бөлім

Агрегаттық күйлер

Педагогтың аты-жөні

Даулетханова Айман Кабытаевна

Күні

18.10.23ж

Сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар БЖБ №2

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.3.1.5 – молекула-кинетикалық теория негізінде заттың сұйық күйден газ күйіне және керіайналуын сипаттау;
8.3.2.13 – заттың булану және конденсация үдерісі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау;
8.3.2.14 – су буының мысалы негізінде қанығу күйін сипаттау

Сабақтың мақсаты

Молекула-кинетикалық теория негізінде заттың сұйық күйден газ күйіне және кері айналуын сипаттайды және заттың булану және конденсация үдерісі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдайды. Су буының мысалы негізінде қанығу күйін сипаттайды

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
3 мин



1. Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында қайталау жүргізу. Балқу және қатаю процесі бойынша оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды. Зат бір агрегаттық күйден екінші агрегаттық күйге өткенде болатын процестерді сипаттайды
Температурасы өзгереді
Ішкі энергиясы өзгереді
Күйі өзгереді
Молекулаларының орналасуы өзгереді
Пішіні өзгереді .
Оқушылардың жауаптарын ескере отырып, кері байланыс ұйымдастыруға болады.
2. Ой қозғау. Суреттен қандай процессті байқауға болады? Оқушылардың ойларын тыңдау.

3. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:
булану, қайнау және конденсация құбылысын сипаттау;
заттың булану және конденсация үдерісі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау;
қаныққан бу және қанықпаған бу ұғымдарының физикалық мағынасын түсіну.

Балқу және қатаю процесі бойынша оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды.




Презентация

Сабақтың ортасы
15 мин

20 мин


4. Түсіндіру.
Топтық жұмыс. Кебу( булану) процесі неге тәуелді екенін зерттеу және қорытынды жасау.
1-топ Буланудың сұйық тегіне тәуелділігін зерттеу

2-топ Булану жылдамдығының температураға тәуелділігін зерттеу

3- топ Буланудың сұйықтың еркін бетінің ауданына тәуелділігін зерттеу

4-топ Буланудың желге тәуелділігін зерттеу

Бағалау критерийлері:
1. Кебу процесін біледі;
2. Тәжірибеге талдау жасай алады.
Мұғалім жұмыс нәтижесін ескере отырып кері байланыс үйымдастырады.

БЖБ №2


Буланудың сұйық тегіне тәуелділігін зерттейді
Булану жылдамдығының температураға тәуелділігін зерттейді
Буланудың сұйықтың еркін бетінің ауданына тәелділігін зерттейді
Буланудың желге тәуелділігін зерттейді

ҚБ:
Дескриптор:
-кебу немесе булану процесін сипаттайды;
-кебу немесе булану кезінде неге тәуелді екенін анықтайды;
-градусниктің көрсетуін сипаттайды;
-кебу немесе булану процесіне мысал келтіреді;
-булану жылдамдығы температураға байланысты артуын түсіндіреді;
-температураға байланысты молекулалар қозғалысын сипаттайды;
-булану процесі сұйық тегіне байланысты жүру процесін талдайды;
-буланудың ауданға тәуелді өзгерісін талқылайды;
-булануға желдің қатысын сипаттайды;
-қорытынды жасайды;

Қыздырғыш плитка, термометр, су, спирт, мақта, сорғыш қағаз, лампа, май.
Қосымша 1
http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669b797d-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/2_5.swf

Сабақтың соңы
7 мин

7. Рефлексия
М ұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:
8. Үйге тапсырма:
Булану және конденсация тақырыбын қайталау. Берілген график бойынша сұрақтар құрастыру

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануына болады










Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет