Сабақ тақырыбы: Дауылды жылдардың алдаспан ақыны. (М.Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы) Мақсаты



Дата17.06.2016
өлшемі49.65 Kb.
#143301
түріСабақ
Ақмоншақ Әйіп,

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы,

Қоскөл ЖОББМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі


Сабақ тақырыбы: Дауылды жылдардың алдаспан ақыны.

(М.Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы)

Мақсаты:



  1. Білімділік. Махамбет ақынның өмірі мен шығармашылығын таныту, көтерілістің мақсатын, көтеріліс басшыларының ерлік, батырлық тұлғаларын түсіндіру

  2. Дамытушылық. Қазақтың теңдесі жоқ дара тұлғаларының бірі Махамбеттің киелі есімін, асыл қасиеттерін оқушы бойына сіңіру,дәлелді пікір айтуға үйрету, ізденушілік, ойлау қабілеттерін арттыру

  3. Тәрбиелік. Батырлық, ерлік,елдік, отансүйгіштік, ар-намыс деген ұғымдарды бойларына қалыптастыру

Сабақ түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақ әдісі: Сыни тұрғыдан ойлау мен жазу

Көрнекілігі: Махамбет портреті, кітаптар көрмесі, слайд,аудиотаспа

Пәнаралық байланыс: тарих, музыка

Ұйымдастыру бөлімі:

Үй тапсырмасын сұрау

ХІХ ғасыр қазақ әдебиеті, даму кезеңі

Сұрақтар:



  1. ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда қазақ елінде қандай жағдайлар болды?

  2. Сол кезеңдердегі қандай ірі ұлт-азаттық көтерілістерді білесіңдер?

  3. ХІХ ғасырдың әдебиетінің дарынды өкілдерінен кімдерді білесіңдер?

  4. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің Шығыс, орыс, Еуропа әдебиеттерімен тығыз байланысы болды ма, болса қандай дәрежеде?

Жаңа сабақ.

І. Қызығушылықты ояту.

Ой шақыру.

М.Шаханов «Нарынқұм зауалы»поэмасынан «Махамбеттің соңғы сөзі»монологі.

Баз бір адамдарда болашағын елден ерек сезіну, түйсіну күші болатынын ғылымжоққа шығармайды... Махамбет ақын өлерінен екі күн бұрын айналасындағыларға өзінің жан шошырлық сұмдық түс көргенін, түсінде иығынан үзіліп түскен өз басы өзіне қоштасу айтып тұрғанын әңгімелеген.

Мен түсімде зорлық көрдім, қорлық көрдім ғаламат,

Бір таныс қол соғып өтті әдекімді паналап,

Зұлымдықтың жасырынып келетіні жаман-ақ

Иығымнан ұшқан басым көкірегімнен домалап,

Бара жатты атамекен Ақжайықты жағалап,

Жүрегімнен аққан қанға боялыпты бар алап.
Жә, бұл түсім тегін емес, мына сойқан заманда

Тіршілікпен қоштасар сәт жетті-ау деймін мағанда

Қоштасар сәт жетті-ау деймін, туған елім, еңселім,

Бостандыққа шақырып ем,

Сенің заңғар ақылың ем,

Едім әрі өлшемің

Жан ашырың, жақының ем,

Және қайсар ақының ем мен сенің

Туған елім,

Құдіретімсің аңсаған.

Алдан жарқын күн шыққанша,

Кескініңді көрмейінші шаршаған.

Пасық ойлар тұншыққанша,

Дулығаны қақ жарып гүл шыққанша,

Жер астынан қарап жатам мен саған

Бүгінгі сабағымызда халқының қамын ойлаған,қиын да, сұлу тағдырды басынан кешірген,дауылды жылдардың алдаспан ақыны, жыр иесі, тарихи тұлға Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығына тоқталамыз.

ІІ. Мағынаны тану.

Оның есімін атаған кезде, көз алдымызға көзі өңменіңнен өтетін, сөйлеген кезде сөзі алмас қылыштай өткір әрі мірдің оғындай, тұла бойы батылдық пен жырдан жаратылған тұлға елестейді.

Махамбет ақынның арғы тегінің шығуының халық арасында аңыз болып тараған.

Махамбеттің арғы атасы парсы жұртынан деседі. Парсының Нәдірше деген патшасының баласы екен, дарияда серуендеп жүріп, кемесі суға кетеді.Бала бергі бетке,жағаға шығып қалады.Жас ханзаданы Беріш руының адамдары тауып алып, асырап алады.Құлманияз деген аты Құлмәлі атанады. Осы баладан тараған ұрпақтар өздерін Құлмәлі Берішпіз деп атайды екен. Құлмәлінің бір ұрпағы Өтеміс Жайықтың бергі бетінде Айшуақ хандық құрған кезде беделді би болған.

Өтемістен он бала тараған, Махамбеттің бір өлеңінде:

Өтемістен туған он едік

Онымыз атқа мінгенде,

Жер қайысқан қол едік,- дейді.

Оқушыларға Махамбет ақын өмірін, «Ереуіл атқа ер салмай» атты өлеңін «Жорық жырлары» атты аудиотаспадан тыңдатамын.

Махамбеттің ақындық, шешендік таланты елге ерте танылады.Ол жас кезінен батыр, палуан, күйші, домбырашы, ақын атанады.

Сабақты «Оқушының зерттеу шеберханасы» деп,оқушыларды 6 топқа бөліп,ақынның өмірін зерттейміз.

І. Суреттеу.Махамбет және ХХІ ғасыр.

Махамбет ақын өмірін қазіргі заманмен байланыстыра суреттеу.

ІІ. Дәлелдеу.Махамбет- тағдыры қайталанбас тарихи тұлға.

Көтерілістің шығу себептері,көтеріліс кезіндегі Махамбет бейнесі.

ІІІ. Интервью алу. «Сөзіңді кейінгі ұрпақ өнеге етіп» дегендей сабақ қонақтарына, басқа топ мүшелеріне сұрақтар қояды.

ІҮ. Салыстыру. Халқымыздың аяулы ұлдары Махамбет пен Жәңгір хан арасында ел үшін үлкен қақтығыс,ашу-ыза,кек болды.

Венн диаграммасы.



Махамбет

Ұқсастығы

Жәңгір хан























































Ү.Газет шығару. «Дауылпаз ақын» тақырыбында Махамбет ақын өмір тарихынан газет шығарады.

ҮІ.Көрініс көрсету.Махамбет ақын өмірінен көрініс көрсетеді.

6 топқа уақыт беріліп, қорғауға ақылдасып, ретімен қорғап шығады.Оқушылар ақылдасып,кеңесіп жатқан кезде Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйі тыңдалады.

ІІІ. Ойтолғаныс.

ББҮ стратегиясы.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім























































Бүгінгі сабақтан нені білді, не үйренді,не білгісі келетіндігін кестені толтырып, өз ойларын білдіреді.

Қорытынды сөз.

Махамбет- тағдыры да, поэзиясы да қайталанбас тарихи тұлға.Оның әдебиет пен ел тарихындағы орны сондықтан да ерекше.

Әрі ақын, әрі батыр Махамбет!

Ұрпаққа ұран есімің бұл бүгінде,

Сендей ер жоқ мынау жердің жүзінде.

Ерлігіңді қайталаған Қайраттай

Жас ұрпағың көбейеді түбінде!

Сынып оқушыларын бағалау.

Үй тапсырмасы



  1. М.Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығын оқу

  2. «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін жаттау


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет