Процессор – компьютерді басқару құрылғысы. Ол жадта орналасқан жүйелік программалар арқылы компьютер жұмысын автоматты түрде басқарады. Компьютердің жылдамдығы процессордың бір секунтта орындай алатын қарапайым операция санымен өлшенеді. Компьютерлік жүйелерде компьютер жұмысының жылдамдығы үшін, оған балама етіп, электрондық схемалардың жұмыс ритмін ұйымдастыратын электр импульстерінің тактілік жиілігі алынған (такт-тізбекті берілетін екі сигнал арасындағы уақыт). Импуль көзі – түрлі сигналдар арасындағы үзілістерді ұйымдастыршы микросхнмадан тұратын импульс генераторы (generator - өндіруші). Қазіргі кездегі кәсіби дербес компьютерлерде пайдаланылатын микропроцессорлар, типіне қарай 4-50 Мгц шамасында 100 Мгц-тен асатын тактілік жиелікпен жұмыс істей алады. (1 Мгц=1000000 такт\с).
Дербес компьютердің типі онда орналастырылған микропроцессордың үлгісімен анықталады. Мысалы, алғашқы шығырылған 8080, 8080 нөмірлі IBM PC компьютерлерінде Intel фирмасы дайындаған 16 разрядты микропроцессорлар пайдаланылады. Олардың адрестік шинамен интерфейсі 20 разрядты және осыған сәйкес ОЕСҚ-ның көлемі 1 Мбайт болатын.
ОЕСҚ (оперативтік есте сақтау құрылғысы). Оның басқа түрде аталуы: RAM – арифметикалық – логикалық операцияларды орындау алдында және орныдау процесінде деректер мен программалар уақытша сақталатын ішкі жадтың негізгі бөлімі, оның жедел жад деп те атайды. ОЕСҚ-ның көлемі адрестік шинаның разрядығына байланысты. Атап айтқанда, ол 2 санның адрестік шинаның разрядынан тұратын дәрежесі арқылы анықталады. Сондықтан Intel-8080, (i8080) компьютерінде ОЕСҚ-ның көлемі 2-де 20байтқа тең. Ал, қазіргі кездің 32-64 разрядты Пентиум типті дербес компьютерлердің жад көлемі 4 Гбайттан кем емес. 1-4 Мбайттан артық ОЕСҚ-ны пайдалану үшін арнайы программалар мен қосымша платалар пайдаланылады.
Процессор үлгісінің нұсқалары көп. Мысалы, 80386 процессорының SX-25 DX-33, ал 80386 процессорының DX-40, DX-50, DX2-66, т.б. атауы нұсқалары бар. Мұндағы 80486 DX-50 процессоры -80486 үлгілі процессорының 50 Мгц тактілік жиелікпен жұмыс істейтін Dх жалғауы бар процессордың жұмыс істеу мүмкіндігі жоғары. Мысалы, 80386 SX процессорлы компьютерде 16 разрядты, 80386 DX процессорлы компьютерде 32 разрядты берілгендер шинасы бар (бұл шинаның разрядтығы өскен сайын берілгендер процессорға тезірек енгізіліп-шығарылады).
Достарыңызбен бөлісу: |