Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
|
Мектеп:Б.Оңтаев
|
Күні:02.09
|
Мұғалімнің аты-жөні: Тәтім А.
|
Сынып: 10в
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы:
|
Еңбек нарығы
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
10.3.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндердің (мақала) құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық және тілдік ерекшеліктерін талдау;
10.4.6.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу
|
Сабақ мақсаттары
|
Ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндердің (мақала) құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық және тілдік ерекшеліктерін талдайды.
Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады.
|
Тілдік мақсат
|
Пәнге тән лексика мен терминология: мәтін , мақала
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер еңбек нарығы, мамандық таңдау
|
|
Бағалау критерийлері
|
Ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндердің (мақала) құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық және тілдік ерекшеліктерін талдайды.
Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Рухани құндылықтарға баулу. Адамгершілік ,өзге пікіріне құрметпен қарау құндылығын қалыптастыру,ұлт жанды болуға шақыру, еңбекке баулу.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Тарих тіл, өнер,халық ауыз әдебиеті.
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Ноутбук
|
Бастапқы білім
|
Мәңгілік ел туралы біледі.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы/ сабақтың негізгі бөлімі
Сабақтың соңы
|
Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру.
«Біз өте жақсымыз» әдісі.
Сандар арқылы 3- топқа бөліп аламын.
Бағалау критериімен таныстырамын.
Ширату жаттығуы
Ердің атын еңбек шығарар.
• Кім еңбек етсе, сол тоқ.
• Түйір нан – тамшы тер.
• Ексең егін, ішерсің тегін.
• Екі қолға – бір күрек.
• Жұмыстың жаманы жоқ.
• Қызмет қыл да, міндет қыл
Бүгінгі күні экспорттық тауарлардың сапасы айтарлықтай жақсарды. Шетелге шығарылатын өнімдердің үштен бірі экономиканың шикізаттық емес секторына тиесілі. Кейбір тауарлар үшін жаңа нарықтар ашылды. Бұл туралы индустрияландыру мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы мәселелелеріне қатысты Үкімет отырысында баяндама жасаған ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. «Орталық Азия елдеріне экспортталатын тауар 30%-ға артты. Бұл елдерге экспорттың көлемі 1,5 млрд.АҚШ долларын құрады. Қазақстан негізгі жеткізушілердің бестігіне кіреді және осы елдерге импортталатын тауарлардың 8%-н құрайды. Отандық өндірушілердің фармацевтикалық өнім жеткізу көрсеткіші 34%-ға өсті (19 млн.АҚШ долл. дейін). Фармацевтикалық препараттар мен медициналық бұйымдар негізгі нарықтардан бөлек алғаш рет Моңғолия мен Вьетнамға экспортталды.
|