Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4
Күні: 04.04.2017ж.
Сынып: 7 «В»
|
Мектеп: «Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ
Мұғалімнің аты-жөні: Худашева М. Р.
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Екі шеңбердің өзара орналасуы
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
Екі шеңбердің өзара орналасуын біледі
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:Екі шеңбердің өзара орналасуын біледі
Көптеген оқушылар:Екі шеңбердің өзара орналасуын біледі, сызба арқылы екі шеңбердің өзара орналасуын көрсете алады
Кейбір оқушылар:Күрделі есептер шығара алады
|
Жетістік критерийлері
|
Екі шеңбердің өзара орналасуын біледі, шеңберлердің жанасу жағдайын, қиылысу түрлерін және қиысыспайтын шеңберлерді сызба арқылы көрсете алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Концентрлішеңберлер
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушыларды ойландыруға, ойын жеткізе білуге белсенділігін көтеруге дағдыландыру
|
Пәнаралық байланыстар
|
Физика, Алгебра
|
АКТ қолдану дағдылары
|
|
Бастапқы білім
|
Екі шеңбердің өзара орналасуы
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру. Оқушыларды түгелдеу. Дайындығын тексеру
Үй тапсырмасын сұрау:
Екі шеңбердің өзара орналасуының жағдайлары
2-теорема
3-теорема
|
|
Сабақтың ортасы
|
Өздік жұмыс( кеңейтілген деңгейлік тапсырмалар)
1.Радиустары 9см және 15 см екі шеңбер іштей жанасады. Шеңберлер центрлерінің арақашықтығын тап.
2. а түзуінде А нүктесі берілген. а түзуімен А нүктесінде жанасатындай етіп радиусы 2,5 см тең шеңбер сызыңдар.
3.Егер радиустары 12 см және 15 см болатын екі шеңбердің центрлерінің арақашықтығы 28 см болса, олар қалай орналасады.
4. А және В нүктелері берілген және а түзуі А нүктесінен өтеді. а түзуімен А нүктесінде жанасатын және В нүктесінен өтетін шеңбер сыз.
1-топ.
(О,R) және (О1, R1) шеңберлері берілген.d-екі шеңбердің центрлерінің арақашықтығы. R=4 дм, R1=5 дм, d=9 см болса, шеңберлер өзара қалай орналасады?
Радиустары 6 см және 4 см шеңберлер бір-бірімен жанасады. Шеңберлер сырттай және іштей жанасқанда , олардың центрлерінің арақашықтығы қандай болады.
2-топ.
(О,R) және (О1, R1) шеңберлері берілген.d-екі шеңбердің центрлерінің арақашықтығы. R=110 см, R1=90 см, d=40 см болса, шеңберлер өзара қалай орналасады?
Радиустары 8см және 5 см шеңберлер бір-бірімен қиылысады. Олардың центрлерінің арақашықтығы қандай болады.
3-топ.
(О,R) және (О1, R1) шеңберлері берілген.d-екі шеңбердің центрлерінің арақашықтығы. R=5 см, R1=3 см, d=12 см болса, шеңберлер өзара қалай орналасады?
Егер радиустары 7 см және 8 см болатын екі шеңбердің центрлерінің арақашықтығы 30 см болса, осы екі шеңбер жанаса ма?
Мерсердің «бірлескен ойлау» әдістемесі бойынша ойларын біріктіріп, интербелсенді тақтада топтастырады.
Топтың әрбір мүшесіне әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар беріледі.
Тапсырмалар.
R=3 cм R=42 см D=?
D=80мм D=8,4см R=?
Шеңбердің диаметрі радиустан 18 мм-ге артық. Радиусты тап.
АВ және СД бір шеңбердің хордалары. Хордалардың ұзындығы диаметрден кіші. Шеңбердің центрін тап.
|
|
Сабақтың соңы
|
Оқушыларды бағалау, сабақты қорытындылау
|
|
|