Сабақ тақырыбы:Электромагниттiк индукция, генераторлар
Оқу мақсаты: – электромагниттік индукция құбылысын түсіндіру;
– Қазақстанда және дүние жүзінде электр энергиясын өндірудің мысалдарын келтіру
Теориялық материалhttps://massaget.kz/layfstayl/bilim/referattar/45581/
Токтардың магниттік әсерлесуі, электр тогының магнит өрісін тудыру қабілеті ашылғаннан кейін көп ғалымдар кері процес – магнит өрісі әсерінен электр тогын тудыру мүмкіншілігін іздестірді. Осы мәселені 1831 жылы М.Фарадей алғашқы болып шешті. Ол өткізгіштен жасалған катушканың ішіндегі магнит өрісі өзгергенде, катушкада ток пайда болатынын анықтады. Бұл құбылыс электромагниттік индукция деп аталады. Электромагниттік индукция нәтижесінде пайда болатын электр тогын индукциялық ток деп атайды. Тәжірибелер катушкадағы индукциялық токты әр түрлі әдістермен тудыруға болатынын көрсетті: катушкаға магнитті кіргізуге немесе одан шығаруға болады , катушканы магнитке кигізуге немесе магниттен суырып алуға болады. Индукциялық токтың ешқандай механикалық қозғалыс болмағанда да туындауы мүмкін . Ол үшін жақын тұрған екі катушканың біреуін ток көзімен қосу керек . Егер бірінші катушкадағы токтың магнит өрісі екінші катушканың орамдарын олардың жазықтарынан перпендикулярлы өтетін болса, онда кез келген бірінші катушкадағы ток өзгерісі екінші катушкада индукциялық ток тудырады. Кез келген тұйық контурда электростатистикалық күштердің жұмысы нөлге тең .
Индукциялық ток тұрақты магнит шарғыға қатысты қозғалған кезде пайда болады. Индукциялық токтың бағыты сыртқы магнит өрісінің В векторының бағытына тәуелді.
«Генерация» термині электротехникаға латын тілінен енген. Ол «құру» деген мағынаны білдіреді. Энергетикаға қатысты айтатын болсақ, генератор дегеніміз электр энергиясын өндірумен айналысатын техникалық қондырғы. Сондай-ақ электр тогын энергияның басқа түрлерін түрлендіру есебінен алуға болатынын айта кету керек, мысалы:
химиялық; жарық: жылу және т.б.
Электр энергиясы өндірілу түріне қарай генераторлардың мынадай түрлері бар:
тұрақты ток;
айнымалы ток;
Генератор дегеніміз - механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын машиналарды айтамыз. Генератордың әрекет ету принципі электромагниттік индукция құбылысына негізделген. Демек, мұндай өткізгіш электр энергиясының көзі ретінде қарастырылуы мүмкін. Генераторларда өткізгіштің түзу сызықты емес, айналатын қозғалысы қолданылады. Кез-келген генератордың негізгі бөлігі болып магниттер жүйесі немесе көбінесе магнит өрісін құратын және осы магнит өрісін қиылыстыратын өткізгіштер жүйесі электромагнит болып табылады.