Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.1АФункция,оның қасиеттері және графигі
|
Мектеп:
|
Күні:04.09.20
|
Мұғалімнің аты-жөні:Еркинова Мақпалгул Усенқызы
|
Сынып: 10 В
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Функция және оның берілу тәсілдері.
|
|
Сабақтың мақсаты
|
10.4.1.1. – функция анықтамасын және берілу тәсілдерін білу;
|
Бағалау критерийлері
|
Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар: Функция ұғымының мағынасы мен берілу тәсілдерін түсіндіреді;
Бөлім бойынша лексика мен терминология
Функцияның мәндер облысы;
Функцияның берілу тәсілдері.
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
- Егер берілген D(f) сандар жиынының әрбір Х тиісті D(f) элементтеріне қайсыбір f заңдылығымен жалғыз y саны сәйкес қойылса, онда......
|
Бастапқы білім
|
Функцияның анықталу облысын анықтай білу, функцияның қасиеттерін қолданып есептер шығара білу;
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 мин
|
1. Оқушылармен амандасу және түгелдеу.
2. Тақырыпты, сабақ мақсатын, бағалау критерийлерін анықтау.
|
|
Сабақтың ортасы
5 мин
20 мин
|
3. Алғашқы білімдерін қайталау.
1)Алдынғы сыныптарда өтілген материаодарды қайталау.
4. Жаңа тақырып беру.
Функцияның графигімен жұмыс жасау барысында оқушылар функция ұғымымен танысады.Функцияның берілу тәсілдерімен танысады.
Конспект: Егер х айнымалысының әрбір мәніне, қандай да бір заңдылықпен у айнымалысының тек бір ғана мәні сәйкес қойылса, онда у айнымалысын х аргументіне тәуелді функция деп атайды.
Х жиынындағы х-тің әрбір мәніне Y жиынның нықты бір мәнін сәйкес қоятын ереже немесе заңдылық функция деп аталады. Функцияның y=f(x), y=ϕ(x), y=g(x) және т.с.с. белгілейді, мұндағы х – тәуелсіз айнымалы немесе функцияның аргументі; у – тәуелді айнымалы немесе функция; f, ϕ, g, т.с.с. – ереже немес заңдылық.
Функция үш тәсілмен берілуі мүмкін: аналитикалық; графиктік; кестелік; 1)Егер функция аналитикалық тәсілмен берілсе, онда тәуелді айнымалы(функция) мен тәуелсіз айнымалының (аргументтің) арасындағы тәуелділік формулалар арқылы өрнектеледі. Мысалы, ; т.с.с.
Егер функцяның графигі салынып көрсетілген болса, онда бұл функцяны графиктік тәсілмен берілген деп есептейміз.Функияның графиктік тәсілмен берілуін көрнекілік үшін немесе фукцияны аналитикалық жолмен анықтау мүмкін емес жағдайларды қолданады.
f(x) функциясы белгілі бір мән қабылдайтын тәуелсіз айнымалының нақты мәндер жиынын функцияның анықталу облысы D(f(x)), ал анықталу облысынан алынған әрбір тәуелсіз айнымалыға сәйкес табылған функцияның мәндерін оның мәндер жиыны E(f(x)) деп атайды.
Демек, Х жиыны функцияның анықталу облысы, Y жиыны функцияның мәндер жиныны болады.
Функцияның жоғарыда берілген анықтамасынан сәйкес төмендегі үш жағдайды анықтай білу керек:
1) функияның D(f) анықталу облысын;
2) х пен у мәндері арасындағы ереже немесе заңдылықты;
3) функцияның Е(f) мәндер жиынын. .
|