Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
9.3 С: Үшбұрыштарды шешу
|
Мектеп: Абай атындағы орта мектеп-гимназиясы
|
Күні:04.01.2020 ж
|
Мұғалімнің аты-жөні: Ещанова Мейрамгул Наурызбайкызы
|
Сынып: 9а
|
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Косинустар және синустар теоремасын қолданып есептер шығару
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
9.1.3.7
Косинустар және синустар теоремасын білу және қолдану
|
Сабақ мақсаттары
|
Оқушы:
- Үшбұрыштың белгісіз шамаларын табады;
- Үшбұрыштың белгісіз шамаларын табу үшін теоремаларды дұрыс пайдаланады.
|
Бағалау критерийлері
|
Косинустар теоремасын дәлелдейді;
Синустар теоремасын дәлелдейді;
Үшбұрыштың белгілі үш элементі арқылы үшбұрыштың белгісіз қабырғалары мен бұрыштарын табу үшін косиунстар немесе синустар теоремасын қолданады
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқытудың тілдік мақсаты:
Оқушылар:
косинустар және синустар теоремасын дәлелдейді және қолданады;
Пәндік лексика мен терминология:
үшбұрыштарды шешу;
синустар теоремасы;
косинустар теоремасы;
жарты периметр;
пропорционал кесінділер.
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
үшбұрыштың кез-келген қабырғасының квадраты ... ;
... қарсы жатқан бұрыштардың синустарына пропорционал;
|
Құндылықтарды дарыту
|
- Оқушылар өзара қарым-қатынаста адал және шынайы айқын;
- Өзгенің пікірін құрметтеу;
- Өз бетінше білім алу қабілеттерін дамыту;
- Математикалық ойлауды тереңдету
|
Пәнаралық байланыстар
|
Сызу, алгебра
|
Бастапқы білім
|
Үшбұрышқа іштей сызылған және сырттай сызылған шеңберлерді білу, үшбұрыштардың түрлерін, үшбұрыштың теңсіздігін, үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының арасындағы қатынасты, үшбұрыштың аудан формулаларын білу, тікбұрышты үшбұрыштарды шеше білу.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Басы
«Миға шабуыл»
|
Ұйымдастыру сәті.
Үй жұмысын тексеру.Дайын жауаптары берілген карточка арқылы тексеру.
Еске түсіру сұрақтары:
1) Қарапайым сұрақ: Синустар теоремасы қандай формуламен анықталады?
2) Анықтайтын сұрақ: Косинустар теоремасы қайсы формуламен анықталады? ( Слайдтан тест түрінде көрсетіледі, 5-жауаптың біреуін таңдау керек.)
3) Шығармашылық сұрақ: Үш қабырғасы бойынша үшбұрыштың биіктігін қалай анықтаймыз?
|
|
Негізгі бөлім
Сергіту сәті
Оқулықпен жұмыс
|
Косинустар және синустар теоремасына есептер шығару
Жалпы сыныптық жұмыс
№1.
Үшбұрыштың қабырғалары 5 см, 7 см, ал оның үшінші қабырғасына қарсы жатқан бұрышы . Үшбұрыштың үшінші қабырғасын табыңыздар
Дискриптор:
Есептің шартына байланысты теореманы дұрыс таңдайды;
Формуланы дұрыс жазады;
Белгісіз шаманы табады;
Жауабын жазады.
№2.
Үшбұрыштың екі қабырғасы 6 см және 8 см, ал олардың арасындағы бұрыштың синусы 0,6 – ға тең. Үшбұрыштың қалған бұрыштарының синустары мен үшінші қабырғасын табыңыздар.
Дискрипторы:
Есептің шартына байланысты АС қабырғасын табу үшін теореманы дұрыс таңдайды;
Тригонометриялық тепе-теңдікті пайдаланады;
Белгісіз бұрыштарды табу үшін теореманы дұрыс таңдайды табады;
Белгісіз бұрыштардың шамасын табады;
Жауабын жазады.
№3.
Үшбұрыштың бүйір қабырғасы 16 және табанымен 600 бұрыш жасайды,екінші бүйір қабырғасы 14.Үшбұрыштың табанын табыңдар.
Дескриптор
берілгені бойынша үшбұрыш сызады:
үшбұрышты табанын табу үшін синустар теоремасын қолданады:
үшбұрыштың табанын есептейді
№ 4
.Қабырғасы b-ға тең тең қабырғалы үшбұрыш берілген.Үшбұрыш төбесінен қарама-қарсы қабырғаны 1:2 қатынаста бөлетін арақашықтықты табыңыз.
Дескриптор
берілгені бойынша үшбұрыш сызады:
үшбұрышты табанын табу үшін синустар теоремасын қолданады:
үшбұрыштың табанын есептейді
|