Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін»»
Сабақ тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін»
Мақсаты:
Білімділік: Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты меңгерту. Мен жастарға сенемін өлеңінің маңызы туралы мәлімет бере отырып, өлеңнің мазмұнын, негізгі идеясын түсінуге жағдай жасау.
Дамытушылық: Түсініп оқуға, оқығанды жеткізе білуге дағдыландыру. Ақын шығармашылығына қызығушылықтарын ояту. Оқушылардың дүниетанымы мен ой-өрістерін кеңейту, ауызекі сөздік қорын дамыту, қабылдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Ақынның өлеңдерін өнеге ете отырып, оқушыларды айбаттылыққа, қайсарлыққа, өжеттілікке тәрбиелеу. Ұлтжандылыққа, елін, жерін, отанын сүюге, құрметтеуге баулу. Еңбексүйгіш, адами қасиеттерін тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Слайдтар, портрет
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдістері: СТО стратегиялары, «Миға шабуыл», «INSERT», «БББ», «Автор орындығы»
Сабақтың барысы:
I.Қызығушылықты арттыру кезеңі: Сәлеметсіңдерме!
Психологиялық ахуал: (Оқушыларды шаттық алаңына шақыру)
Көкте-Күнмін, көпке нұрым шашамын,
Көңілге алсам, қазір ғарышқа асамын.
(оқушылар тілек білдіреді)
Оқушыларды топқа бөлу: сурет арқылы топқа бөлінеді.
топ «Ақындар»
топ «Жазушылар»
Оқушылар орындарына отырған соң бағалау парағын таратып беру.
ІІ. Мағынаны тану сатысы
«Кері байланыс» стратегиясы:
Өткен тақырып бойынша сұрақтар қою.
1.Міржақып Дулатұлы қашан туды?
- Міржақып Дулатұлы 1885 жылы туды.
2.Ақын қандай білім алған?
-Ауыл мектебіне оқып, сауат ашқан.
-Торғай қаласындағы орыс-қазақ мектебінде оқыған.
3.Ақынның ең алғаш өлеңі қалай аталады?
-«Жастарға!»
4. «Оян қазақ!» атты өлеңдер жинағы қашан басылды?
- 1909 жылы басылды.
5.Өз өлеңдерінде ақын қандай болуға шақырған?
-Білімді, мәдениетті болуға шақырған.
6. Міржақып Дулатұлынан басқа тағы қандай ақын жазушыларды білесіңдер?
Абай, Шәкәрім, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев. Осы ақындардың ішінде қай ақын жерлесіміз деп ойлайсындар?
-Дұрыс айтасыңдар Мағжан Жұмабаев біздің жерлесіміз.
-Яғни бүгін сабақта біз кім жайында айтамыз?
-Мағжан Жұмабаев.
-Біз бүгін ұлт ақыны Мағжан Жұмабаевтың өмірімен, шығармашылығымен танысамыз. (Сабақ мақсатын оқушылар шығарады)
-Сендер ақын Мағжан Жұмабаев туралы не білгілерің келеді, мүмкін бір білетіндерін бар шығар соңы мына БББ кестесіне толтырып жазыңдар
Достарыңызбен бөлісу: |